Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2015 в 08:29, реферат
Бүгін кәсіпорынның көп салалы өндірістік және сынақ базасы, дамыған аспаптық өндірісі, жоғары білікті кадрлары бар, бұл тұтынушылардың талаптарына ескеріп, өндіретін өнімдердің номенклатурасын үнемі кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын құрамында 6 негізге өндірістік бөлімшелер бар, онда жабдықтардың 1237 бірлігі пайдаланылған: металлкескіш, плазмалық кесу, пісіру, термиялық, гальваникалық, ұсталық-баспақтау, құю, ағаш өңдеу, пластмасса және резеңкені өңдеуге арналған жабдықтар, жүк көтеру құралдары.
Техникалық қайта жарақтану

«ПЗТМ» АҚ техникалық қайта жарақтанудың бірінші сатысының концепциясы жүзеге асырылған. Оған сәйкес дайындау, механикалық өңдеу, пісіру және аспаптық өндіріске арналған заманауи өнімділігі жоғары жабдықтардың 58 бірлігі сатып алынған. Сатып алу өз қаражаты есебінен де, сонымен қатар, «БРК-Лизинг» АҚ қаражатының көмегімен де жасалған. Озық жабдықтарды енгізу кәсіпорынның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жаңа технологиялық үдерістерді меңгеруге мүмкіндік берді, соның ішінде:
Жоғары өнімді кесу аспабын пайдаланып, заманауи өңдеу орталықтарында байытылған өңдеуді пайдалану, әзірлемелерді таспалы-аралау білдектерінде кесу және металлды плазмалық пішу кешенінде ақырғы өлшемдеріне дейін немесе механикалық өңдеуге ең аз әдіптермен пішу өндіріс циклін қысқартуға, бөлшектер мен жинақтау бірліктерін өндірудің қиындығын төмендетуге мүмкіндік берді.
Өндірісті жаңғыртудың екінші сатысын өткізу мақсатында екі жобаның қаржылық-экономикалық негіздері әзірленген. Жобаларды қаржыландыруды кәсіпорынның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен бюджеттік инвестициялар есебінен өткізу жоспарланып отыр.