Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 16:13, лекция
Сілтілік металдар ІА топшада орналаскан: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns1 (n = 2-7). Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған .
Сілтілік металдар
Сілтілік металдар ІА топшада орналаскан: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns1 (n = 2-7). Олардың топтық атауы - сілтілік металдар — сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған .
Толығырақ
Сілтілік металдардың кейбір қасиеттері
Атомдық |
Атауы, |
Атом |
Иондық |
Иондалу |
Электртерістіліктері |
p, |
tбулану, |
tқайнау, |
3 |
Литий Li |
0,152 |
0,078 |
5,32 |
0,98 |
0,53 |
181 |
1347 |
11 |
Натрий Na |
0,190 |
0,098 |
5,14 |
0,93 |
0,97 |
98 |
883 |
19 |
Калий K |
0,227 |
0,133 |
4,34 |
0,82 |
0,86 |
64 |
774 |
37 |
Рубидий Rb |
0,248 |
0,149 |
4,18 |
0,82 |
1,53 |
39 |
688 |
55 |
Цезий Cs |
0,265 |
0,165 |
3,89 |
0,79 |
1,87 |
28 |
678 |
Сілтілік металдарда валенттілік электрондары s-деңгейшесінді орналасқан, сондықтан оларды s-элементтері деп те атайды. S элементтері қалыпты жағдайда кристалдық күйде болады, басқа металдарға қарағанда тығыздықтары төмен (27-кесте). Литий, калий және натрий судан жеңіл (0,53 - 0,86 г/см3), сондықтан су бетінде қалқып жүреді. Олардың балқу және қайнау температуралары төмен, бұл олардың кристалдық торларындағы металдық байланыстың әлсіз болуынан. Бұл металдар және олардың қосылыстары жалын түсін төмендегідей өзгертеді: литий — карминс қызыл, натрий - сары, калий - күлгін түске бояйды.
Бұл элементтердің сыртқы
электрондық қабаттарында тек бір
ғана электрондары бар, оларды оңай беріп
жіберіп, өзінің алдында тұрған бекзат
газдардың аяқталған
оксидтері – негіздік оксидтер, ал гидроксидтері суда жақсы еритін сілтілер, олардың қасиеттері жоғарыдан төмен қарай артады.
Литийді 1817 жылы А. Арфведсон, рубидий мен цезийді 1861 жылы Р. Бунзен, натрий мен калийді 1807 жылы Г. Дэви ашқан.
Литий ұшақ құрылысында қолданылатын қорғасынды, алюминийлі құймалар алу үшін пайдаланылады, құймаларға қаттылық қасиет береді.
Рубидий мен цезий фотоэлементтерді жасауда қолданыс табады, өйткені жарық әсерінен ядросымен нашар байланысқан электрондары оңай үзіліп кетеді.
Натрий
Толық мақаласы: Натрий
Сілтілік металдардың ең көп қолданылатын өкілі - натрий. Сондықтан сілтілік металдардың қасиеттерімен осы металдың мысалында танысамыз.
Табиғатта таралуы
Табиғатта таралуы бойынша натрий 6-шы орын алады, ол тек қосылыстар күйінде кездеседі: NaNО3 - чили селитрасы; NaCl - галит, ас тұзы; Na2CО3 • 10Н2О - сода; Na2SО4 • 10Н20 – глаубер тұзы; NaCl*KC1 - сильвинит, т.б. Ең маңызды қосылысы NaCl – ас тұзы, тұзды көлдердің негізгі құраушысы (Арал, Балқаш).
Атом құрылысы
Na - үшінші периодта, бірінші
топтың негізгі топшасында
Физикалық қасиеттері
Натрий пышақпен оңай кесілетін жұмсақ металл (р =0,97, г/см3), жаңа кескен кезде жылтырап тұрады, бірақ ауада оңай тотығып күңгірт тартады, сондықтан ол барлық сілтілік металдар сияқты сусыз керосиннің астында сақталады. Электр тоғы мен жылуды өте жаксы өткізеді.
Натриймен жұмыс істегенде аса сақ болу керек, оның түйірін қолмен ұстауға болмайды, себебі ол терідегі сумен әрекеттесіп, оны күйдіреді. Металдың қалдығын кез келген жерге тастауға болмайды.
Химиялың қасиеттері
Натрий химиялық белсенді элемент, себебі валенттілік электроны ядросымен әлсіз байланысқан, олай болса, валенттілік электронын оңай беріп, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді. Сонда мына үдеріс жүреді:
Na0 - е —> Na+
Натрийдің қосылыстары
Толық мақаласы: Натрий қосылыстары
Натрий гидроксидінің алынуы
Зертханада натрий гидроксидін натрийді және оның оксидін сумен әрекеттестіру арқылы алады:
2Na + 2Н20 = 2NaOH + Н2
Na2O Н2O = 2NaOH
Өндірісте натрий гидроксиді оның тұздарының ерітінділерінің электролизі нәтижесінде түзіледі.
Физикалық қасиеттері
NaOH - ақ түсті қатты
зат, күйдіргіш натр деп
Химиялық қасиеттері
Натрийдің қосылыстарының қолданылуы
Натрий ғылым мен техниканың әр алуан саласында қолданылады: ядролық реакторларда жылу тасымалдаушы ретінде, органикалық реакцияларда өршіткі, медицинада радиоактивті изотоп күйінде қолданылады.
Натрий гидроксиді - қағаз, сабын, дәрі-дөрмек, жасанды талшық өндірістерінде, мұнай өнімдерін тазартуда қолданылады