Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың егізгі бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2014 в 20:51, реферат

Краткое описание

Өндірістік шикізатты екі ішкі топқа бөлуге болады:
- минерал тектес шикізат, яғни жер қойнауынан алынған шикізаттар;
- жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынатын шикізаттар мен материалдар.
Әсіресе минерал тектес шикізаттардың табиғи түрлері кең тараған. Ол өнеркәсіптің минералдық-шикізаттық базасын құрап, қара және түсті металлургия, отын, электр энергиясы сияқты негізгі өнеркәсіп салаларының дамуына үлкен ықпалын тигізді.

Содержание

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың егізгі бағыттары
2.2 Отын-энергетикалық кешенді дамыту
2.3 Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Aijan referat.docx

— 27.96 Кб (Скачать документ)

Қазақстанға ірі инвестицияның ағылуы түсті металлургия, химия және жиһаз өнеркәсібінің өнімдеріне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрін мұнай-газды және металдарды өңдеуді ұлғайту есебінен Қазақстанда шығаруға болады әрі болашақта бұл өнім әлемдік нарықта өз орынын табады.

Қазақстан әлемдегі ірі астық өндірушілердің бірі болып табылады. Астық өңдеу үдерісін тереңдету көп салалы ҚҚТ-ны құрудың негізгі базасы болуы мүмкін. Осындай тізбекті дамытудың бағыттары астық өңдеудің технологиялық үдерісін кеңейтуден де, жемшөп өндіру, мал шаруашылығы, ет пен сүт өнімін шығаруды дамытудан да көрінеді. Осы тізбекке сондай-ақ элеватор, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды шығару жөніндегі зауыттар да, табиғи тағам бояғыштарды, фармацевтік бұйымдарды, биотехнологиялар мен т.б. шығару жөніндегі кәсіпорындар да кіреді.

ҚҚТ әдісі бойынша экономиканың басым салаларын айқындау кезінде ҚҚТ-ның одан ары дамуын көздейтін бірлескен өндірістерді ұйымдастыруға байланысты трансұлттық компаниялардың өңірлік өкілдерімен экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету қажет болады.

Шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасау бәсекеге қабілетті өнімді өндіруге, бағалы құрамдас бөліктерді кәдеге жаратуға әрі онымен бір мезгілде қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы

Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету құрылымы деп өңдеу саласындағы өнеркәсіптің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін өңдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін кәсіпорындарының жиынтығын айтамыз.

Шикізат аймағының көлемі және құрамы өндіруші кәсіпорынның қуатына, шикізаттың түріне, оның тасымалдау мүмкіндігіне, шаруашылықтың мамандығына, шығаратын өніміне және т.б. факторларға байланысты.

Шикізат аймағының көрсеткіші көбінесе сатып алу жиілігіне, шаруашылықтардың санына, бір шаруашылықтың сатып алу көлеміне, шикізатты жеткізу қашықтығына, мамандандырудың деңгейіне, ықшамдылығына және т.б. байланысты болады.

Дайын өнімнің өзіндік құнына шикізаттың үлесі 60-80 пайыз болатын өңдеу кәсіпорындарында шикізатқа деген талап төмендегідей болады:

– өндірістің үздіксіз жұмыс істеуін және құрал-жабдықтың толық қуатын пайдалануды қамтамасыз ететін шикізаттың болуы;

– шикізат сапасының өте жоғары болуы, себебі өнімнің шығымы мен сапасы соған байланысты.

Белгілі дәрежеде (пісу дәрежесі, белок пен витаминнің шамасы, бейорганикалық тұздар, қаттылығы және т.б.) шикізатта қажетті қасиеттері болмаса, онда жоғары сапалы өнім алу екіталай.

Тамақ өнеркәсібінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының шикізаттары тірі ағзалар болып саналады, сондықтан оларда биохимиялық процестер жүреді. Осы процестердің жүруіне байланысты шикізатта биохимиялық өзгерістер пайда болып, шикізаттың сапасы төмендейді, соның салдарынан ысырапшылық пайда болады. Өсімдікті пайдаланатын шикізат өндірісі, көбінесе, маусымдық болып келеді, ал олардың көп түрлері тез бұзылады және тасымалдауға жатпайды.

Шикізаттың сапасын экономикалық бағалаудың маңызды көрсеткіші ондағы пайдалы заттардың шамасы болып саналады. Мал өнімінен алынатын шикізатта адам өмірі үшін маңызы бар В тобындағы витаминдер, минералды заттар (калий, фосфор, темір), белок және т.б. болады. Өсімдік шикізатына: астықтағы – белок, қант қызылшасындағы – қант, май дақылдарының дәндеріндегі – май, картоптағы – крахмал және т.б. жатады. Осы факторлармен өнімнің сатылған көлемі, баға деңгейі, өңделетін өнімнің материал сыйымдылығы, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, өндіріс қуатын және негізгі қорларды пайдалану, сонымен қатар өндірістің тиімділігін көрсететін басқа да көрсеткіштер байланысты болады.

Өз кезегінде, пайдалы заттың көлеміне, соның ішінде өсімдік шикізатына оның сорттық құрамы, климаттық жағдайы, өсіруді қамтамасыз ететін агрономиялық технологиясы әсер етеді. Осыдан барып пайдалы заттың көлемі айтарлықтай өзгеруі мүмкін, сондықтан шикізаттың бірлігінен шығатын өнім көлемі, өнімнің өзіндік құны және т.б. көрсеткіштері осыған байланысты болады. Шикізаттың келіп түсу уақытының ұзақтығы мен тасымалдау арақашықтығының маңызы өте зор. Тамақ өнеркәсібіндегі көп операциялардың механикаландырылғанына байланысты шикізат өңдеу технологиясына белгілі талаптар қойылады. Мысалы, тұмшалар жасау үшін қажетті көкөністердің үлкендігі, пісу дәрежесі, қоюлығы бірдей болуы керек.

Шикізаттың сапасы жоғары болған жағдайда өнімнің бірлігіне кететін шикізат азайып, сапасы жоғарылайды, өнімнің еңбек сыйымдылығы, энергетикалық ресурстардың шығыны, тасымалдауға кететін қаражаттар да азаяды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазақстанда жылдан жылға көбейіп келе жатқан мұнай-газ өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып саналады.

Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негізгі қозғаушы «локомотивтерінің» бірі және алдын ала бағалау бойынша ондағы көмірсутегілердің жалпы қоры 8,0 млрд тоннаны құрайды. Сондықтан ол күтіліп отырғандай, Қазақстанда көмірсутгілер өндіру дің неғұрлым елеулі өсімін қамтамасыз етеді.

Минералды және ауыл шаруашылық ресурстардың сандық және территориялық шектеулілігіне байланысты шикізат базасын кеңейту қажеттілігі жасанды және синтетикалық материалдар өндірісін құруды және интенсивті дамвтуды талап етті. Осыған байланысты кейбіреуінің қасиеті табиғи түрде жоқ, жаңа материалдар алуға мүмкіндік туды. Олардың ішінде неғұрлым құндылары – шағын салмағы, жылу ұстағыштығы, жылуға төзімділігі, қарапайымдылығы,т.б. Сонымен қатар жасанды және синтетикалық материалдарды алуға бірдей қасиеттегі натуралды материалдарға қарағанда аз шығын шығады.

Ресурс-энергия сақтау технологиясын белсенді түрде енгізу, қалдықтарды қайта өңдеу және пайдалану жөніндегі қызметті ынталандыру қажет.

Өнімді пайдалану кезеңін экологиялық сертификаттау және төлемдерді жетілдіру бағдарламаларын түзу мен іске асыру қажет.

Шикізат пен қалдықтарды кешенді пайдаланудың тұйық технологиялық циклін жасау бәсекеге қабілетті өнімді өндіруге, бағалы құрамдас бөліктерді кәдеге жаратуға әрі онымен бір мезгілде қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Р. Қ. Ниязбекова, Б. А. Рахметов, П. Т. Байнеева Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2008 ж
  2. А. Қ. Мейірбеков, Қ. Ә. Әлімбетов Кәсіпорын экономикасы. Алматы 2003 ж
  3. http://www.e-gov.kz
  4. Жалғасбаева А.А. Қазақстанның мұнай газ кешенін тиімді дамыту бағыттарын экономикалық дәлелдеу. Алматы,2006.

 

 

 

 


Информация о работе Шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдаланудың егізгі бағыттары