Ресейдің химия өндірісіне жалпы сипаттама
Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2014 в 19:16, реферат
Краткое описание
Ресей— Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады.
Содержание
Негізгі бөлім
2.1Ресейдің химия өндірісіне жалпы сипаттама
2.2 Химия өндірісінің басқа да салалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Прикрепленные файлы: 1 файл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі
бөлім
2.1Ресейдің
химия өндірісіне жалпы сипаттама
2.2 Химия
өндірісінің басқа да салалары
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Кіріспе
Ресей— Азия мен Еуропа құрлықтарында
орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан
дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен
Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі
ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ
Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты
мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа
есеппен 7% жылдамдықпен өсуде бұл дүние
жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының
бірі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік
Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста
— Украинамен, батыста
— Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.Ресейдің
ауа райы оның үлкен аумағына байланысты
әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе
қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен
және қысқа ыстық емес.Ресей Федерациясы
Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан,
аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын,
жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде
бірінші орын алатын аса ірі мемлекет.
Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың
км-ге (Калининград
облысын есептемегенде),
солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге
созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді
қамтиды.Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан.
Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып
жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының
жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде
теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.
Негізгі
бөлім
2.1Ресейдің
химия өндірісіне жалпы сипаттама
Ресей
Федерациясы — өтпелі экономика тән
индустриялы-аграрлы ел.Кеңес
Одағыныңыдырауына байланысты ел экономикасы
терең дағдарысқа ұшырады.
Біртұтас мемлекет құрамында
болған елдер тәуелсіздігін алған соң,
олардың арасындағы тығыз экономикалық
байланыс үзілді. Мұның өзі жаңа экономикалық одақ құруға
түрткі болғанын білесіңдер. Ресей экономикасында
жүрген экономикалық қайта құрулардың
басты бағыттары мынадай
болды: 1) экономикалық әрекетке еркіндік берілуі;
2) экономиканы басқаруда және реттеуде
мемлекет үлесінің азаюы; 3) мемлекет меншігінің
акционерлік ұжымдар мен
жеке адамдар меншігіне
өтуі. Жүргізілген қайта құрулар нәтижесінде экономиканы
басқару сипаты ғана емес, оның салалық
құрылымына, қаржыландыру жүйесіне, басқа
елдермен экономикалық байланыстарына
да өзгерістер енгізілді.
1990 жылдардан
бастап жүргізілген нарықтық
қайта құруларға қарамастан, шаруашылықтың салалық
құрылымында ала-құлалық сақталуда. Қазіргі
кезге дейін ел экономикасында ресурстық салалар басым, өндірістің шоғырлану
және монополиялану деңгейі жоғары.
Ресей экономикасы басым түрде шикізат пен
материалдарды шетке сатуға негізделіп
отыр. Шаруашылық дамуында Ресей өз аумағындағы
табиғи, материалдық және еңбек ресурстарына
сүйенеді. Шетел инвестициясы, негізінен, қаржы саласы
мен сауданы дамытуға
бағытталған, өндіріс салаларын дамытуға
әлдеқайда аз жұмсалады. Қазіргі кезде
мемлекет аса маңызды шаруашылық салаларын
бақылауды өз қолына алу үшін бірқатар жұмыс жүргізуде.
Ресей
шаруашылығының аумақтық орналасуы
әркелкі. Табиғат ресурстарының басым
бөлігі азиялық бөлікте өндірілгенімен,
негізгі тұтынушылар, өндірістік-техникалық
және ғылыми әлеует еуропалық белікте
шоғырланған. Енді шаруашылықтың жеке
салаларының орналасуымен және құрылымдық ерекшеліктерімен танысайық.
Отын-энергетика кешені
Ресей
экономикасында отын-энергетика кешенінің
(ОЭК) маңызы өте зор, өйткені ел экспортының 40%-ын
отын-энергетикалық шикізат құрайды. Кешен
отынның барлық түрлерін (мұнай, газ, көмір, шымтезек және тақтатас) өндіру,
тасымалдау және бастапқы өңдеу, электр
энергиясын өндіру мен тасымалдауды қамтиды
(қосымшадағы "Ресейдің отын-энергетикалық
кешені" картасын қараңдар).
Отын өнеркәсібі отын
түрлерін өндірумен және алғашқы өңдеумен
айналысады. Бұл салаға өнеркәсіпте жұмыс
істейтіндердің 6%-ы және елдегі өндірілетін
өнеркәсіп өнімінің 20%-ға жуығы тиесілі.
Қазіргі кезде бастапқы энергия көзі
ретінде газдың үлесі (48%) артып келеді.
Керісінше мұнайдың үлесі 1970 жылмен салыстырғанда
50%-дан 33%-ға дейін қысқарған. Көмірді пайлалану
да соңғы 30 жылда азайған.
Ресей
табиғи газдың барланған қоры жөнінен
1-орын алады, оның үлесіне әлемдік
газ қорының 1/3 бөлігі тиесілі. Табиғи
газдың ең ірі алабы — Батыс Сібір, бұл
алап Ресейде өндірілетін газдың 90%-ын
береді. Негізгі газ кен орындары Ямал-Ненец
автономиялық округінде орналасқан. Батыс
Сібірдің мұнай кәсіпшіліктерінде қосалқы
газды өндіру де қолға алынған. Табиғи
газ өндірілетін басты орталықтар — Жаңа Уренгой мен Надым. Ресейде
газ тасымалдау мақсатында біртұтас
газ құбыры жүйесі
жасалған. Басты газ құбырлары Ямал-Ненец
AO мен елдің орталық аудандарын байланыстырады.
Бұл ауданнан газдың 1/3-і құбырлармен Беларусь және Украина аумақтары
арқылы баска елдерге тасымалданады.
Мұнайдың
барланған қоры жөнінен Ресей дүниежүзінде
7-орын (әлемдік қордың 6,5%-ы) алады. Ең ірі
мұнай алабы — Батыс Сібір, оның үлесіне
елде өндірілетін мұнайдың 2/3 бөлігі тиесілі.
Басты мұнай кәсіпшіліктері: Сургут, Нижневартовск
және Нефтеюганск, Ямал-Ненец AO. Маңызы
жөнінен екінші орынды Волга-Орал алабы
алады, мұнда ел мұнайының 1/4 бөлігі өндіріледі.
Солтүстік Кавказдағы, Сахалиндегі мұнай
кәсіпшіліктерінің жергілікті маңызы
бар. Мұнай Баренц және Охот теңіздерінің
қайраңдарында, Шығыс Сібірде табылған.
Табиғат жағдайлары қатал болғандықтан
бұл кен орындарын игеру үшін мол қаржы
қажет.
Мұнай
құбырлары арқылы өндірілген мұнайдың
95%-ы тасымалданады. Ресей мұнайын батыстағы
бұрынғы социалистік елдерге ("Достық"
мұнай құбыры), теңіз порттары
мен елдегі тұтыну аудандарына жеткізетін
мұнай құбырларының аса ірі жүйесі жасалған.
Қазіргі кезде Ресей мұнай өндіруден дүниежүзінде
1-орын алады. Елде өндірілетін мұнайдың
40%-ы экспортқа жөнелтіледі.
Елде
жыл сайын 200 миллион тонна шамасында мұнай
өнделеді. Мұнай өндеудің көлемі жөнінен
ел әлемде АҚШ пен Жапониядан соң
3-орын алады. Мұнай өңдеу зауыттары бастапқы
кезде өндіру аудандарында орналасса,
қазіргі кезде тұтыну аудандарында да
салына бастады.
Көмір
өндіру жөнінен Ресей дүниежүзінде 5-орын
алады. Өндірілген көмірдің басым бөлігі
ішкі тұтынуға жұмсалады.
Электр
энергиясын өндіру жөнінен 4-орын алады.
Электр энергиясын өндіруде
жылу электрстансыларының үлесі (65%) жоғары. Еуропалық бөлікте
олар, негізінен, газ бен мазутты, ал
азиялық бөлікте көмірді пайдаланады.
Мұнай өндіретін аудандарда қосалқы газбен жұмыс істейтін
стансылар да бар. Ірі қалалар маңында
орналасатын жылу-электр орталықтары
электр энергиясын өндірумен қатар, қалаларды
жылумен де қамтамасыз етеді. Сургут, Рефтинск және Кострома электрстансылары
елдегі аса ірілерінің қатарына жатады.
Елдегі
өндірілетін электр энергиясының 20%-ға
жуығын су электрстансылары береді. Жалпы,
Ресейдің су-энергетикалық қоры
аса мол болғанымен, оның 4/5 бөлігі аз игерілген
аудандарда шоғырланған. Қазіргі кезде
осы қордың тек 20%-ы ғана пайдаланылады.
Аса ірі Саян, Краснояр (Енисейде), Братск, Усть-Илим (Ангарада) су
электрстансылары елдегі ең қуатты (22
миллион кВт) Ангара — Енисей каскадын
құрайды.
Атoм электрстансылары
елде өндірілетін электр энергиясының
15%-ын береді. Олар жергілікті шикізатты
пайдаланып жұмыс істейді.
Ресейдегі алғашқы АЭС 1954 жылы іске қосылған
болатын, қазір олардың саны 11-ге жетті.
Ең ірілері — Ленинград, Курск және Балаков стансылары,
олардың әрқайсысының қуаты 4 миллион
кВт-ты құрайды.
Металлургия
Металлургия кешені
металл кендерін өндіру мен байытуды,
металдарды балқыту мен прокат өндірісін
қамтиды.
Қара металлургия
Қара
металлургия темір, марганец, хром сияқты
қара металл кендерін өндірумен және оларды
өңдеумен айналысады. Бұл металдарды өндіру көлемі жөнінен
Ресей әлемде Жапония, Қытай және
АҚШ-тан соң 4-орын алады. Қазіргі кезде
Ресей жыл сайын 83 млн т темір кенін, 45
млн т шойын, 70,6 млн т болат өндіреді, 47
млн т шамасында қара металдардың дайын
прокаты, 5,4 млн т болат құбырлар жасалады.
Елдің
қара металлургиясы жоғары деңгейде шоғырланған.
Кеннің басым бөлігі аса ірі кеніштерде
өндірілсе, дайын металдың жартысынан
астамын толық циклді 8 комбинат береді.
Темір қоры, негізінен, еуропалық бөлікте
(Курск магнит аномалиясы,
Орал, Мурман облысы
мен Карелияда) шоғырланған. Батыс және
Шығыс Сібірдегі, Қиыр Шығыстағы кен орындарының
да болашағы зор.
Темірмен салыстырғанда қоры мардымсыз марганец Кемерово және
Свердлов облыстарында, ал хром Пермь
облысында өндіріледі.
Түсті металлургия
Түсті
металлургия елдегі өнеркәсіп өнімінің
8,5%-ын береді. Түсті металдарды өндіру
жөнінен Ресей АҚШ-тан кейін 2-орын алады.
Елде 70-тен астам түсті металл түрлері
өндіріледі. Олар ерекшеліктеріне қарай
негізгі (алюминий, титан, магний, мыс, никель, қорғасын, мырыш және
т.б.), легирлеуші (сапалы болат алу үшін
қара металдарға қосылатын вольфрам, молибден және
т.б.), бағалы (алтын, күміс, платина) және
сирек металдар (цирконий, германий және
т.б.) деп бөлінеді. Түсті металлургияда
алюминий өндірісінің үлес салмағы жоғары,
жылына Ресей металл күйінде 3 млн т алюминий
өндіреді. Негізгі шикізат қоры Ленинград,
Свердлов, Челябі облыстарында, еуропалық
бөліктің солтүстік- батысында, Краснояр өлкесінде
шоғырланған. Алюминий өндірісі электр
энергиясын көп қажет ететіндіктен, арзан
электр энергиясын беретін СЭС маңдарында
орналасады. Краснояр және Братск алюминий
зауыттары бұл саладағы аса ірі кәсіпорындар
болып саналады.
Ресей
жылына 130 т алтын өндіреді, оның басты
орталығы Қиыр Шығыс болып табылады. Алтын
өндірісі жөнінен ел әлемде 5-орын алады.
Сирек металдар Оңтүстік Сібірде, Оралда және
Кола түбегінде өндіріледі, өнімнің 80%-ы
экспортталады. Түсті металлургия саласына,
әдетте, алмас өндірісін де жаткызады.
Ресейдегі алмастың 99%-ы Саха республикасында
өндіріледі. Жалпы алғанда, түсті металлургияның
негізгі дамыған аудандары Орал, Шығыс
Сібір, Қиыр Шығыс болып табылады. Мұндағы
кәсіпорындар өз шикізатымен қатар, Қазақстаннан
әкелінетін алюминий шикізатын (глинозем), қорғасын
мен мырыш концентраттарын пайдаланады.
Химия өнеркәсібі
Ресей
өнеркәсіп құрылымында химия, орман, тамақ
және жеңіл өнеркәсіптерінің маңызы зор.
Елдің химия өнеркәсібінің құрамына мыңдаған
түрлі өнім шығаратын
кәсіпорындар енеді. Кейбір химия өнімдерін
шығаруда Ресей әлемде алдыңғы
орынды алады. Мысалы, күкірт қышқылын
өндіруден — екінші, минералды тыңайтқыш
бойынша бесінші орынды иеленеді. Химия
өнеркәсібінде табиғатта жоқ, бірақ қасиеттері өзінің
табиғи баламасымен салыстырғанда асып
түсетін жаңа материалдар жасалады. Химия
өнеркәсібі шексіз шикізат базасына
ие болғандықтан, кәсіпорындарын барлық
жерде бірдей орналастыруға болар еді.
Бірақ қазіргі кезде олардың басым бөлігі мұнай және
газ өндеудің өшмдеріне негізделген. Сол
себепті мұндай кәсіпорындар көбінесе
шикізатты өндіретін және өңдейтін аудандарда
(Поволжье, Орталық)
орналасады. Химиялық технологиялар алуан
түрлі және күрделі болады. Кейде бір шикізаттан
ондаған түрлі өнім алынады.
Мұның өзі әртүрлі комбинаттардың қалыптасуына әсер етеді.
Қазіргі кезде қоршаған ортаны ластайтын химиялық кәсіпорындарға
қатысты экологиялық талаптар күшейтіліп
келеді.
Қорытынды
1997 ж. Ресейде 71 млн. т. темір
рудасы өндіріліп, 37 млн. т. шойын, 48
млн. т. болат балқытылды. 1997 ж. 8 млн. т.
темір рудасы, 2,5 млн. т. шойын, 20 млн. т.
астам болат, сонымен қатар зор көлемде
ферроқорытпа, қара металл бұйымдары,
трубалар, қалдық пен қара металдар ломы
экспортталды.Темір рудасының қоры жөнінен
Ресей дүние жүзінде алдыңғы орындардың
бірінде – баланстық қорлар 56 млрд. т.
құрайды. Темір рудаларының таралу ерекшелігі
– баланстық қордың жартысынан астамының
европалық бөлікте орналасуы. Ресей Федерациясының
макроэкономикалық көрсеткіштерінің
қалыптасуында маңызды рөл ойнайтын және
экономиканың базалық салаларының бірі
болып табылатын, ресейлік металлургияның
даму шаралары туралы мәселе бұл саладағы
өндіріс қарқындылығының кемуіне байланысты
аса өзекті болып отыр. Атап айтқанда,
2001 ж металлургияның Ресейдің өнеркәсіптік
өнімнің жалпы көлеміндегі үлесі 16,5%, өнеркәсіпте
жұмыс істеушілердің 11,8% — ін құраған.
Пайдаланылған
әдебиеттер
- http://www.yandex.kz/
- https://ru.wikipedia.org
- https://www.google.ru
Информация о работе Ресейдің химия өндірісіне жалпы сипаттама