Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2014 в 14:58, реферат
Ғылыми негізделген азықтандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру мәліметтері негізінде құрылған құрама жемнің маңызы зор.
Жеке азықтар (дән, кебек, күнжара, пішен, сабан, балық ұны және т.б.) немесе біртекті қоспалар (сұлы немесе сұлы ұны, бидай немесе бидай кебегі) малдың қоректік заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл қоспаға кіретін қоректік заттардың құрамы біртекті және организмге қажетті ақуыз, минералды тұздар, витаминдер, аминқышқылдарының толық жиынтығын сақтай алмайды
Құрама жем кәсіпорындары шығаратын өнімдердің жалпы сипаттамасы
Ғылыми негізделген азықтандыруды ұйымдастыруда ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру мәліметтері негізінде құрылған құрама жемнің маңызы зор.
Жеке азықтар (дән, кебек, күнжара, пішен, сабан, балық ұны және т.б.) немесе біртекті қоспалар (сұлы немесе сұлы ұны, бидай немесе бидай кебегі) малдың қоректік заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл қоспаға кіретін қоректік заттардың құрамы біртекті және организмге қажетті ақуыз, минералды тұздар, витаминдер, аминқышқылдарының толық жиынтығын сақтай алмайды. Соның нәтижесінде бұлдай азықпен азықтандырылған малдар өнімділіктің қажетті мөлшерін бере алмай, дамуы тежеліп, өміршеңдігі төмендеп, көп ауырады.
Жеке азықтарды әртүрлі қатынас пен үйлесімде қолдану толық құнды рационды жасауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда бір азықтағы қажетті қоректік заттардың жетіспеген мөлшері басқа азықтар арқылы толықтырылып, соның нәтижесінде құрама жемнің қоректік құндылығы жоғары болады. Құрамалы рационды құрауыштарды алдын ала дайындамай, яғни тазалау, кептіру, ұнтақтау, жылумен өңдеусіз қолдану мүмкін емес.
Сонымен, құрама жем дегеніміз - ғылыми негізделген рецепт бойынша дайындалып, малдың толық құнды азықтандырылуын қамтамасыз ететін әртүрлі жем қоспасы мен микроқосымшаның тазаланған және қажетті ірілікке дейін ұнтақталған біркелкі қоспасы.
Мал азығында қолданылатын өнім жемдік азық деп аталады.
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемдік азықтарға өсімдік және минералтекті азықтар жатады. Сонымен қатар, мал рационына минералды заттар мен ынталандыратын қоспалар енгізіледі. Азық өзінің шығу тегі, консистенциясы мен қоректілігіне байланысты мына топтарға бөлінеді:
-ірі;
- шырынды;
- жасыл;
- құнарлы;
- минералды;
- басқа өндіріс қалдықтары.
Ірі азыққа пішен, сабан, топан, ағаш азықтары, ал шырындыға (қыстық) - сүрлем, пішендеме, тамыржемістілер, картоп, бақшалық дақылдар; жасылға (жаздық шырынды) - шөптер, шөпті және жемісті дақылдар; құнарлыға- әртүрлі дәндік дақылдар, дәнді өңдеуде алынатын қалдықтар мен жанама өнімдер, тамақ өндірісінің әртүрлі саласының қалдықтары мен құрғақ жанама өнімдер; минералдыға - ас тұзы, бор, әктас және т.б. әртүрлі өндіріс қалдықтарына - қант қызылшасы, спирт, сыра және басқа өндірістердің жаңа қалдықтары (кептірілмеген) жатады.
Азықтың қоректік заттарының қолданылуының ең көп тиімділігіне малды азықтың кейбір түрі немесе біртекті азық қоспасымен емес, құрамалы жеммен азықтандыруда қол жеткізеді.
Құрама жем дайындауда
алуан шикізат түрлері
Шикізат- құрама жем зауыттарында құрама жем құрауышын дайындауда қолданылатын жемдік азық.
Микроқосымшалар - бұл малдың өсуі мен өнімділігін ынталандыратын биологиялық белсенді заттар: витаминдер (АВ2, РР және т.б.), микроэлементтер (кобальт, мыс, йод және т.б.), антибиотиктер мен басқа да құрама жем құрамына ең аз мөлшерде (10мг-100г дейін 1 т құрама жемде) кіретін заттар.
Құрама жеммен азықтандырғанда мал, құс, терілі аң мен балықтың өнімділігі әжептәуір жоғарылайды, яғни ол малдан ең көп өсім, жұмыртқалайтын тауықтан ең көп жұмыртқа мөлшері алынады, сүттің сапасы жақсарып, сауылатын сүт мөлшерін көбейтуге ықпал етеді.
Кейбір зауыттарда құрама жемге енгізу үшін ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) мен премикс жасалынады.
Ақуызды-витаминді қосымша (АВҚ) - қажетті дәрежеге дейін ұнтақталған жоғары ақуызды жемдік азық пен микроқосымшалардың біркелкі қоспасы. Ол құрама жем өндіру үшін қолданылады.
Премикс - биологиялық белсенді заттардан (антибиотик, витаминдер, микроэлементтер және т.б.) тұратын микроқосымшалар мен толықтырғыштың біркелкі ұнтақталған қоспасы. Ол құрама жем немесе ақуызды - витаминді қосымшаны байыту үшін қолданылады.
Премикс толықтырғышы - микроқосымшалардың дұрыс таралуына қажетті орта ретінде қолданылып, премикстің құрама жемде араласуының ең жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін құрама жем құрауышы. Негізінен премикс толықтырғышы ретінде бидай кебегі көп қолданылады.
Физикалық күйіне байланысты құрама жемнің келесі түрлері болады: шашыранды, түйіршіктелген, брикеттелген және галет күйінде.
Шашыранды құрама жем - біркелкі ұнтақталған өнім күйінде болады. Шашыранды құрама жем дайындағанда шикізатты бөтен қоспалардан тазалап, қауыздайды (қауызды дақылды) және ұнтақтайды. Осылай дайындалған құрауыштар мөлшерленіп, араластырылады.
Брикеттелген құрама жем - бұл биологиялық дүрыс пішіндегі және белгілі өлшемдегі тақта күйіндегі өнім. Мысалы, сегізбұрыш пішіндегі брикеттер, ұзындығы - 160-170 мм, ені - 70-80 мм, қалыңдығы (биіктігі) - 30-60 мм болады. Оны дайындау үшін ұнтақталған құрауыштардың қоспасын дайындайды, алынған сусымалы масса арнайы араластырғышқа түседі, оған бір мезгілде мөлшерленген меласса да түседі. Ұнтақталған құрауыштар мен мелассадан тұратын қоспа сығымдағышта брикеттеледі. Кейбір брикеттелген құрама жемге ұнтақталған пішен мен сабан қосылады.
Түйіршіктелген құрама жем - белгілі пішін мен өлшемдегі тығыз түйірлерден тұратын сусымалы масса. Әдетте: белгілі диаметр мен биіктіктегі кішкене цилиндр күйінде болады. Түйіршік жасау үшін екі әдіс - құрғақ және сулы қолданылады. Түйіршіктелген құрама жем көбінесе тоған балықтары мен терілі аңдар үшін пайдалы.
Түйіршіктелген жемді ұнтақтау арқылы тағы бір дайын өнім құрама жем қиыршыгын алады. Оны жас балапандарға, балықтарға арнап дайындайды. Түйіршіктелген және брикеттелген құрама жемдер тасымалдау, сақтау мен азықтандыруда қолайлы болып саналады.
Өзінің құрамы мен жемдік құндылығы бойынша құрама жем екі негізгі топқа: толық құнарлы құрама жем мен құрама жем концентратына бөлінеді.
Толық құнарлы құрама жем - малдың қоректік, минералдық және биологиялық белсенді заттарға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ететін өнім. Тәуліктік жемдік рацион мөлшерінде толық құнарлы құрама жеммен құсты азықтандыруда оған қосымша басқа азық беру қажет емес. Бұл құрама жемді негізінен құсқа арнап шығарады.
Құрама жем концентраты - протеин, минералды заттар мен микроқосымшаны көп сақтайды, мал (құс) рационына қосымша енгізіліп, оны толық құнарлы азықтандыруға арналған азық. Оған ірі, шырынды азықтар жэне әртүрлі өндірістердің (қант қызылшасы, сыра, спирт және т.б.) қалдықтары қосылады.
Құрама жем концентраты да шашыранды, брикеттелген және түйіршіктелген түрде дайындалады. Оны негізінен ірі қара малға, шошқаға, қояндарға және басқа малдарға арнап шығарады.
Құрама жем өндірісінде ақуыздың тапшылығына байланысты карбамидті концентрат қолданылуда.
Карбамидті концентрат - карбамид, ұнтақталған дән мен бентониттің біркелкі қоспасын экструдерде өңдеу арқылы алынатын қиыршық күйіндегі өнім. Карбамидті концентратты күйісті малға арналған құрама жем, АВҚ және жем қоспасында қолданады.
Қазіргі уақытта құрама жем ауылшаруашылығы малдары мен құстарының барлық түрлеріне, терілі аңдар мен балықтарға, иттерге арнап шығарылуда.
Ірі қара, жылқы, құс, қоян, тоғандық тұқы балықтарына арнап және сонымен қатар мал мен құстың жасы, қолданылу бағытын есепке алып құрама жемнің алуан түрлері шығарылады.
Құрама жем түрлері мен шикізаттар сипаттамасы
Қажетті дәрежеге дейін тазаланып,
ұсталынған жем түрлерінің біркелкі
күрделі қоспасын құрама жем деп
атайды. Ғылыми негізделген рецепт
бойынша жасалынған құрама жем бөліктері,
азықтық қоспалардың аса тиімді
сіңімділігін қамтамасыз етуі қажет. Жем
тағамдылығының өлшем бірлігі немесе
жемдік бірлдік ретінде – көлемдік
массасы 450-480 г/л, ылғалдылығы 13%1 кг сапалы
сұлының тағамдылығы
Құрама жем өндірісінде қолданылатын негізгі шикізаттардың азықтық және минералдық құрамы
Келтірілген негізгі көрсеткіштермен нәруызды құрайтын өлшем қышқылдары минералды жемдердегі бөлек элементтер мысалы: Ca. P.Na т.б. құрама жем нәруызды витаминді қосымшалар, премикстер және басқа құрама жем өндірісі өнімдерін шығару үшін өсімдік, жануар және минерал типтес шикізаттардың жүзден астам түрлері қолданылады.
1-топқа дәнді-дақылдар: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары т.б. Басқа дәнді-дақылдарға қарағанда жүгеріде жем бірлігі мөлшері көп, ал шикі клетчаткасы аз болады. Төрт түлік малға, құстарға арпа азық-түлік түрінде беріледі. Оның қабығы ядромен беттесе өседі. Сондықтан 9,6% құрайтын қабықты ажырату қиын. Құрама жемге қосылатын қара бидайдан крахмалы мал асқазанында қатты ісініп, ас қорыту жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан жемге қосатын қара бидайдың мөлшерін шектеу қажет. Сұлының азықтық құндылығы аса жоғары, оның дәні 30% құрайтын оңай ажырайтын қабықпен қапталған. Жас малмен құсқа сұлыны қабықсыз берген дұрыс.
2-топ Диірмен және жарма өндіретін жанама өнімдер. Оған: ұн және жарма алу кезінде түзілген жем, ұншық және жемдік ұнтақпен, кебек жатады.
3-топ арпа мен сұлының жемдік құны.
4-топ май өндіретін зауыттардың жанама өнімдері. Оған: күнжара мен шұлық (шрот).
5-топ қант кәсіпорнының қалдықтары, кептірілген қызылша жоны және жемдік сірне жатады. Қантын бөліп алып, кептірген қызылша жаңқаларын жом деп атайды. Қызылша жомы мен сірнесі қант кәсіпорындарының негізгі қалдықтары. Жем патокасы – құрамында 50% -ға дейін қанты бар қалыпты температурада сұйық зат. Жом мен сірне дән шикізатын алмастыра алады.
6-топ. Крахмал кәсіпорындарының жем өнімдері: экстракциялы және экстракциясыз жүгері мен бидай езінді жемдері, гидрол.
7-топ ашыту (арақ, шарап, сыра, т.б) кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы, кептірілген сыра бытыршақтары.
8-топ Гидролиз кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы.
9-топ жануар тектес жем ұндары: ет-сүйек, қан-жын, гидролизденген қауырсын ұндары, балық, теңіз сүт қоректілері мен шаян тәріздес жәндіктердің жемдік ұны. Жануар тектес жем ұндарының құндылығы жоғары. Өйткені, олардың құрамында тиімді амин қышқылды нәруыз көп (50-60%). Ет – сүйек, сүйек ұндары кальций мен фосфорға аса бай.
10-топ шөп және көк бұтақшалардың витаминді ұны. Шөп ұнын орылған шөпті кептіргіште кептіріп, оны балғалы ұсатқыштарда ұнтақтау арқылы алады. Құрамындағы протеинді дәнді-дақылдар мен шамалас және каротин А провитаминге бай шөп ұнын шашпа және гранулденген түрде шығарады.
11-топ минерал тектес шикізаттар: бор, әк, ас тұзы, бетонитті ұнтақ, жемдік фосфат, фосфат декальциі т.б. минерал тектес шикізаттар құрама жемнің дәмін жақсарту, сондай-ақ кальций мен фосфор, натрий мен кальцийдің қажетті қатынастарын түзетуге арналған.
12-топ. Химия микробиология (медицина) кәсіпорындарының өнімдері: карбамид және басқа синтетикалық азотты заттар, микроэлемент тұздары, витаминдер, антибиотиктер, амин қышқылдары және т.б.
Жоспар
Информация о работе Құрама жем кәсіпорындары шығаратын өнімдердің жалпы сипаттамасы