Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 22:50, реферат
Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (гр. πολύ- — көп, μέρος — бөлік, бөлігі) — молекула құрамында өзара химикалық немесе координаттық байланыстармен қосылған жүздеген, мыңдаған атомдары бар және өздеріне ғана тән қасиеттермен ерекшеленетін заттар тобы. Жоғары молекулалы қосылыстар көбіне молекулалары көп қайталанып отыратынмономерлер тізбегінен тұрады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы — полиэтилен, оның мономері — этилен.
Полимерлер
Жоғары молекулалы қосылыстар немесе полимерлер (
Жоғары молекулалы қосылыстар Биосинтез барысында тірі организм клеткаларында түзіледі. Синтетикалық Жоғары молекулалы қосылыстар мономерлерді поликонденсациялау, полимерлеу арқылы алынады. Олардың тізбектері ашық, бірінен соң бірі түзу сызық бойымен орналасқан мономер бөліктерінен, тарамдалған немесе тор тәрізді Жоғары молекулалардан құралған (қ. Полимерлер). Жоғары молекулалы қосылыстар машина жасауда, құрылыста, ауыл шаруашылығында, электртехникада, медицинада, т.б. көптеген салаларда кеңінен қолданылады.
Жоғары молекулалы қосылыстарды қысқаша ЖМҚ деп стандартты атауға немесе "полимерлер" деуге болады. Полимерлер ондаған және жүздеген мың, кейде миллиондаған атомдардан тұратын үлкен молекулалар.
Жоғары молекулалы қосылыстардың құрылымы
Атомдар санының өзгеруіне қарай макромолекулалардың сапалық қасиеттерінде де ерекшеліктері болады. Химиялық таза полимерлердің макромолекулалары қайталанып отыратын құрылым буындарынан құралады.
Құрылым буындарының саны полимерлену дәрежесі – n деп аталады, оның сан мәні 1000-нан 1 млн-ға жуық болуы мүмкін. Іс жүзінде кез келген полимерлер — құрамы және химиялық құрылысы бірдей, тек құрылым буын саны әр түрлі бірнеше макромолекуланың қоспасы. Егер құрылым буындары әр түрлі болса, онда сополимер деп атайды.
Полимер синтезделетін кіші молекулалы зат мономер деп аталады. ЖМҚ кұрамының күрделілігі оның молекулалық массасының да өте үлкен болуын қамтамасыз етеді. "Үлкен", "кіші" деген сөздер салыстырмалы шартты түрде қолданылады. Сондықтан Мr < 500 болса, кіші молекулалы, Мг >5000 болса, жоғары молекулалы қосылыс деп саналады. Ал 500 < Мг<5000 болса, онда олигомер (грек. "олигос" — "көп емес, шамалы" деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Бұлай бөлудің негізі молекула шектен тыс көп атомнан тұратын жағдайда олардың сандарының шамалы өзгеруі қасиеттеріне аса көп әсерін тигізбейді, кейде тіпті өзгермейді.
Полимерлердің осындай ірі
Полимерлер атаулының
Қазіргі кезде полимерлер өндіру қарқынды дамуда. Машина жасау, радио және электротехника, құрылыс, сонымен катар кеме, авто, ұшақ, ракета жасау өндірісін, жеңіл өнеркәсіпті, тұрмысты полимерсіз көзге елестету мүмкін емес. Полимерлердің осындай көп түрлі болуы олардың химиялық құрамына, макромолекулаларында жеке бөліктерінің бір-бірімен қалай байланысқанына және олардың кеңістіктегі геометриялық орналасуына байланысты.
Полимер бұйымдарының бұрын байқалмаған қасиеттері анықталып, өндіріске енгізілуде. Сондықтан полимер бұйымдары адамзат игілігіне айналып, техникалық өнердің, ғылымның жаңа қырынан дамуына өзіндік үлесін қосуда.
Қазіргі кезде адамзат ғарыштық биіктер мен өте терең бүрғылау ұңғымаларын бағындыра отырып, күрделі электронды есептегіш машиналардың микроскопиялық тетіктерінен бастап, үлкен каналдар мен су қоймаларының гидрооқшаулағыштарын жасауға дейінгі барлық жағдайда полимер бұйымдарымен жұмыс істейді. Сондықтан қолданылатын орнына, мақсатына, жұмыстың түріне қарай полимер материалдарын қасиеттеріне сай пайдалану қажет. Қазіргі кезде қолданылып жүрген полимер бұйымдарын жалпы қасиеттері мен олардан жасалатын заттардың түріне, сондай-ақ өндіру әдісіне қарай төрт типке бөледі:
Полимер материалдарының осы негізгі төрт типінен басқа да қосымша түрлері бар. Мысалы, желімдеу, тығыздау үшін құйылатын қоспалар, газ толтырылған материалдар, т.б. Олардың барлығының да өзінің қолданылатын жері бар.
Құрылым буындарына қарай ЖМҚ екіге бөлінеді: құрылым буындары бірдей болса, полимер, әр түрлі болса,сополимер деп аталады.
Полимерлер мономерлерден синтезделеді, полимердің қайталанып отыратын ең кіші бөлігін құрылым буыны, ал олардың санын полимерлену дәрежесі деп атайды.
ЖМҚ молекулалық массаларына байланысты кіші молекулалы Мг<500, олигомерлер (500<Мг<5000), үлкен молекулалы М >5000 деп шартты түрде бөлінеді.
Жоғарымолекулалы қосылыстарға (ЖМҚ) молекулалық массасы (М) 1000–нан жоғары заттар жатады. Массасы мыңнан төмендегілерін олигомерлер, мономерлер дейді. Олар кішімолекулалы қосылыстар. Жоғарымолекулалы қосылыстардың табиғи және жасанды (синтетикалық) түрлері бар. Табиғи ЖМҚ: ақуыздар, биополимерлер, крахмал, клетчатка, полипептидтер, каучуктер т.б. Синтетикалық ЖМҚ: полиэтилен, полистирол, полиоксиэтилен, полиамидтер т.б. Егер ЖМҚ макромолекуласы біркелкі бөлшектерден мындап–миллиондап кайталануынан тұрса ол полимер. Полиэтилен (ПЭ) формуласы:
[–СН2–СН2–]n ,
Мұндағы –СН2–СН2– полимер буыны, мономер қалдығынан тұрады, n–буынның қайталану саны, полимерлер дәрежесі.
Наноқұрылым – нанометр
(нм = 10-9м) дәрежесіндегі құрылым. Полимер
құрылымы екі түрде болады: молекулалық
және топмолекулалық. Молекулалық құрылымның
да екі түрі бар: макромолекулала конфигурациясы
Сурет. Полимерлердің топмолекулалық құрылымдарының түрлері:
а–кристаллит; б–фибрилла; в–радиалды сферолиттер; г–сақиналар сферолиттер [1,2].
Ұлыбританиядағы электрон–микроскоптың затты үлкейтуы 2,5 миллион рет. Бұл рекордты шама. Көріну шамасы ангстремум (А0=10-10 м) болса да ешкім молекула – атомдарды көре алған жоқ. Тек наноқұрылымдар (ТМҚ) байқалып жүр. Наноқұрылымдарды зерттеудің себебі–заттын физика–химиялық (жалпы) қасиеті тікелей наноқұрылымға байланысты. XXI ғасыр нанотехнология, биотехнология заманы болуы осыдан.
Өткен ғасырдың елуінші жылдарына дейін (жарты ғасыр өтті) ЖМҚ құрылымсыз деген пікір болды. Крик (АҚШ) пен Уотсон (Ұлыбритания) дезоксирибонуклеин қышқылының (ДНҚ) «Қос спираль» құрылымын ашқаннан кейін (ДНҚ – ның – құрылымы) және Циглер (Алмания) мен Наттаның (Италия) стереоретті полимерлер синтізінен бері ЖМҚ құрылымдарын зерттеу бум ретінде басталып кетті. 1962 жылдан бері табиғи және синтетикалық ЖМҚ құрылымдары мен қасиеттерін зерттеулері үшін әлемде отыздай ғылымдарға химия, медицина, биология саласында Нобель силықтары берілді. Бұл полимерлердің наноқұрылымың зерттеудің маңызын өте жоғары көтеріп тұр.
Полиэтилен
Полиэтилен — [—CH2——CH2—]n, ақ түсті термопластикалық полимер. Полиэтиленді алғаш AlBr3 катализаторын қолданып, Г.Г. Густавсон алған (1884). 1933 — 36 ж 100 мПа қысым мен 200С температурада Англия мен КСРО-да, кейінірек Германия мен АҚШ-та өндіріле бастады. Өнеркәсіп жағдайында жоғары қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,913 — 0,934 г/см3, балқу t 102 — 105С) және төмен немесе орташа қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,919 — 0,973 г/см3, балқу t 125 — 137С) этиленнің полимерленуі нәтижесінде алады.
Полиэтилен қасиеттері
Полиэтиленнің физ.-химиялық
қасиеттері температураға өте тәуелді. Температура өзгергенде кристалдану
дәрежесі, тығыздығы, т.б. көрсеткіштері
өзгереді. Тығыздығы төмен Полиэтилен
20С-та айына 0,04% су сіңіреді, ал тығыздығы
жоғары Полиэтилен үшін бұл көрсеткіш
0,01 — 0,04%. Бөлме температурасында органикалық е
Қолданылуы
Полиэтилен — халық
шаруашылығында өте кең қолданылатын
полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат
бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар,
т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс
пен жеміс өсіру ісінде қолданылады. Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті
Полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын
шикізатпен қамтамасыз етуде. Полиэтилен радиотехника мен те
Жоспар
1. Полимерлер
2. Жоғары молекулалы қосылыстардың құрылымы
3. Полиэтилен
4. Полиэтилен қасиеттері
5. Қолданылуы
6. Пайдаланылған әдебиеттер
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.
2. “Қазақ Энциклопедиясы”, VII-том
3. Асаубеков М. А. Полимер құрылымы (оқу құралы) – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999.
4. Ерғожин Е.Е., Құрманәлиев М.М. Жоғары молекулалы қосылыстар (оқулық) – Алматы: Print–s, 2008.