Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 20:46, реферат
Жасанды композиттік материалдардың даму адамзат дамуы барысында адамдардың жаңа материалдар жасауды игеруі кезеңінен бастау алды. Библияда алғашқы саманды кірпіштер туралы айтылған. Египетте және Месопотамияда кемелерді битуммен сіңірілген қамыстан жасайтын болған. Египетте шайырмен сіңірілген ленталы матаны қолданып мумияны салуы алғашқы мысал бола алады. Ежелгі Үндістанда мылтықтың сыртын шайырмен сіңірілген лианамен ораған, ол атқан кезде дәлдігімен және алыстығымен, тасымалдау кезінде қолайлылығымен ерекшеленген. Орта ғасырларда композиттік материалдардың кең қолданылғандығына Шыңғыс хан әскерлері қолданған екі қабатты садақ мысал бола алады.