МАЗМҰНЫ
1.Жоспары
2.Пайдаланылған әдебиеттер
ЖОСПАР
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1.Дүниежүзілік ұйым.
2.Қазақстанның ДСҰ─ға
мүше болу.
3.Қазақстанның ДСҰ─дағы
негізгі міндеттері.
III.Қорытынды.
Қазақстан
республикасы өз дамуында жасайтын
үлкен қадамдарының бірі дүниежүзілік
сауда ұйымына кіру. Қазіргі уақытта әлемдегі
сауда айналымының 95% ДСҰ мүше елдерінің
қанжығасында, Қазақстанның 50%-дан аса
сауда айналымы ДСҰ мүше-мемлекеттеріне
келеді,ал бұл ұйымға Украина мен Ресей
Федерациясы кіргеннен соң, сауда айналымы
90%-ға жетеді деуге болады. Бүгінгі күні
әлемнің 151 мемлекеті- ДСҰ мүшесі. ТМД
елдерінен Қырғыз Республикасы, Грузия
және Украина ДСҰ мүшесі.
Еліміз үшін ДСҰ
муше болу дегеніміз, бұл әлемдік өнеркәсіп,
сауда, білім және ғылым кеңестігіне кіру.
Осы кеңістіктен сырт, дамыған елдерге
қосалқы болып қалмау үшін көптеген істер
қолға алынуда. Стандарттау, білім, сапаны
басқару саласында реформалар енгізілуде,
ғылыми жан-жақты дамытуға үлес қосатын
өңдеу технологиялары және өндірістер
үшін инновациялық даму бағдарламалары
жасалуда.
1996 жылдың 29 қаңтарында
Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік
ұйымына кіру туралы өтініш жасады. Қазақстан
Республикасының территориясында жасалып
және енгізіліп жатқан стандарттардың
барлығы халықаралық талаптар мен нормаларға
сәйкес, «Техникалық реттеу туралы» жаңа
заң қабылданды.
Білім және
ғылым жүйесі Болон конвенциясының
(ДСҰ кіру шарттарының бірі) талаптарына
сәйкестендірілуде - орта мектепте 12 жылдық
білім беру, жоғары мектепте үш деңгейлік
-бакалавриат, магистратура және докторантура,
біліктілігі жоғары қызметкерлердің деңгейін
бағалау жүйесі өзгертілді,білім бағалауда
тестілеу жүйесі жаппай енгізілуде жоғарғы
оқу орындарында кредиттік оқу жүйесі,
2004 жылдың 9 шілдесінде Патенттік заңға
халықаралық талаптарға сәйкестендіру
ушін өзгертулер енгізілді.
Тактикалық
жоспар бойынша ДСҰ мүше болу
Қазақстанға не береді:
- Қазақстан ашық
нарықтық экономикасы бар, дамуына көмектесетін
әлемдік шаруашылықпен құрлымға кіреді,
барлық ДСҰ мүше - мемлекеттермен жақсы
қарым-қатынас режиміне енеді;
- Қазақстан өзінің
тауарларына қосымша және пайдалы транзиттік
жолдар ашады. Бұл Қазақстанның отандық
өңдеу өнеркәсіп тауарларымен сыртқы
сауданы дамытуға үлесін қосады;
- Елімізге болашақта
өңдеу өндірістері мен жоғары технологияларды
дамыту жағынан инвестицияларды тауарға
әкеледі;
- Қазақстан
үшін сауда дамуында, әсіресе, қазақстандық
экспорт тауарларға қатысты антидемпингтік
талқылыуда ДСҰ процедураларымен қарастырылған
сауда- саттық таласта ДСҰ режимі әділеттілік
негізінде жүргізіледі деген сенім береді;
- Қазақстан әлемдік
сауданы реттеуге арналған нормаларды
жасауда ұлт мүддесін қорғағуа құқық алады;
- тиімді сауда
саясатын жүргізуге көмек беретін ДСҰ
мүше мемлекеттерінің сыртқы экономикалық
саясаты және өкіметтерінің емеуріндерін
білуге болатын ақпараттарды алуға мүмкіндік
туады;
- Халыұаралық
сапа стандарттарын енгізу және алдыңғы
қатардағы технологиялар, тауар, қызмет
және инветтицияларды ішкі нарыққа тарту,ұлттық
өнімдердің сапасын көтеру және бәсекелестікке
қабілетін арттыру шараларын жүргізеді;
- Импорттың көбеюі
арқылы тұтынушы тауарды төмен бағаға
және кең ауқымды түрлерін алуға мүмкіндік
алады;
Осы артықшылырықтарды
іске асыруда мына мақсаттарға қол жеткіземіз:
- Экономикамыздың бәсекелестігін көтеру. Шикізатқа бағытталған өндірістен өнім өндіру үлесін жоғарлатуға көшу. Экономиканың өңдеу секторларында шетел инвесторларымен ұзақ уақыттық қарым - қатынасты жолға қою.
- Алдыңғы қатардағы әлемдік деңгейге сәйкес өндіріс пен қызмет көрсету саласының нормативтік базасын құру. ДСҰ муше болу тілегі Қазақстанды прогрессивтік экономикалық заңдарды қабылдауға жетеледі. Біріншіден, бұл «Техникалық реттеу туралы» заң патенттік заңға енгізілген өзгерістер, салық кодексі, «Темір жол көлігі туралы», «Білім туралы» заңдар, ИСО 9000 сапа жүйесін сертфикаттау, ИСО 14000 экологиялық, OHSAS 18001 денсаулықты қорғау жіне еңбек қауіпсіздігі халықаралық стандарттарын енгізу. Қазақстан сырттан әкелінген өнімдер мен кәсіпорындарға қойылатын экологиялық талаптарды қатайтты. Мысалы, өндірілген жанармай сапасын көтеру, автомобильдер ушін қатаң ережелер – Euro 2, 4, 5.
- Білім және ғылым деңгейін көтеру. ДСҰ кіру шарттарының бірі біздің білім жүйесін Болон конвенциясының талаптарына сәйкестендіру. Орта мектепте 12 жылдық білім беру, жоғарғы оқу орындарында үш деңгейлік білім беру, ғылыми кадрлардың аттестаттаудың жаңа жүйесін енгізу. Мамандарды даярлау жақсартылады және заманауи талаптарға сәйкес жүргізіледі, ғылым мен техникадағы шетел жетістіктерін тез игереміз. Білім саласында Қазақстан Болон конвенциясына қосылды.
- Әлемдік шаруашылық жүйесіне қосылу. ДСҰ мүше- мемлекеттеріне азаматтардың көшіп - қонуы жеңілдейді.
- ДСҰ қаржылық, салықтық есеп беру талаптарын қабылдау біздің экономиканың тиімділігін арттырды және жемқорлық деңгейін төмендетеді.
Қазақстан
Республикасында ДСҰ- ға Ресеймен бірге
кіру қажет. Мұндай қадам екі жаққа да
тиімді, өйткені біздің елдер арасындағы
экономикалық байланыс Еуразиялық экономикалық
қауымдастық (ЕураАзЭС) аумағында бұрыннан
бар. Біздің елдер ДСҰ аумағының бірінші
кезеңінде өздеріне біраз жеңілдіктерге
иек артады, атап айтсақ, энегрия тасымалдаушыларға
өз бағасын қою және елінің ауылшаруашылық
өндірушілерін қорғау. 2009 жылдың маусым
айында Қазақстан, Белорусь және Ресей
Федерациясы арасында Кедендік Одақ құрылды,
осы жағдайда біздің мемлекеттер ДСҰ мушелігіне
бірге өтуге мүдделі.
ДСҰ
муше болу отандық өндіріске,
ауыл шаруашылығына, кәсіпкерлерге
нағыз емтихан болмақ. ДСҰ мүшелігі
барлық мемлекеттерге басқа мемлекеттердің
тауарлары мен қызметтеріне өз
территориясында қандайда болмасын
кедергі тудырмауын жүктейді. Кедендік,
салықтық капиталдың жылжуына және басқада
кедергілерді қоюға рұқсат етпейді. Демпингпен
айналысуға, тауарды төмендетілген бағамен
сатуға болмайды.
Экономикалық
дамудың заманауи доктринасы
отандық өнім өндірушілерге ерекше
жағдай жасауды қаламайды, теңдей
және адал бәсекелестік болуы
қажет. Бұл күрестің негізгі биі - тұтынушы,
кімнің тауары немесе қызмет іоны қанағаттандырса,
ол соны таңдайды. Бірақ бір айта кететін
жағдай, ДСҰ мүшесі болу ережесінде өз
өнім өндірушілердің қолдаудың шаралары
мен ережелері қарастырылған, нақты бір
өнім нарқында отандық өндірушілер үлесі
нормативтік түрде анықталады, кейбір
тауар және қызмет бойынша жағдайлар әрбір
ДСҰ мүше- мемлекетпен жеке анықталады.
Бұл үлес нормативтік шамадан түссе, ДСҰ
үлес мәнін нормативтік шамаға дейін көтеруге
шара қолданады.
Республикамыздың
ДСҰ- ға кіру жұмыстарын орындау үшін 1997
ж. 7 тамызындағы № 1229 «Стандарттарды4
Мемлекеттік қорын қалыптастыру және
дамыту туралы концепциясы» ҚР Өкіметі
Қаулысы, 1998 ж. 2 қазанындағы № 991 «1998-2000
жылдары ҚР мемлекеттік стандарттау және
сетификаттау жүйесін жетілдіру бағдарламасын
бекіту туралы» ҚР Өкіметі Қаулысы және
«ДСҰ саудасындағы техникалық кедергілер
бойынша келісімінің » 10 бабына сәйкес,
Стандарттау, метрология және сертификаттау
комитетімен «Қазақстандық стандарттау
және сертификаттау институты» Республикалық
мемлекеттік кәсіпорын негізінде ДСҰ-
мен өзара байланыс Орталығы құрылды.
ДСҰ ынтымақтастығы
ақпараттық Орталығы техникалық
реттеу және метрология бойынша
Комитеттің базалық торабы болып
келеді және өзінің іс- әрекетін Мемлекеттік
стандарттар қорымен байланыстырады.
Ақпараттық орталықтың ДСҰ қарым- қатынас
байланысты Қазақстанның ДСҰ кірудегі
саудадағы техникалық кедергілер бойынша
Келісімі (ТБТ) мен санитарлық және фитосанитарлық
шараларды қолдану бойынша Келісімі (СФС)
талаптарын толық көлеме орындауға бағытталған.
ДСҰ ынтымықтастығы
орталығы, ДСҰ Секретариаты және
қатысушы мемлекеттер ұлттық
ақпараттар орталықтары саудадағы
техникалық кедергілер бойынша,
Келісім мен санитарлық және
фитисанитарлық шаралар қолдану бойынша
Келісімдермен анықталған процедуралары
аумағында ақпаратты бағыттайды.
Дүниежүзілік
сауда ұйымына мүше болу Қазақстанның
экономикалық өрлеуі, жаңғыруы мен
бәсекеге жарамдылығы үшін маңызды.
Қазақстан халықарылық стандарттарға
сәйкес болуы және халықаралық
сауда жүйесіне барынша қатысуы
тиіс. ДСҰ- на мүшелік - бұл сонымен қатар
серіктестік және ынтымақтасу туралы
келісімге (осы қатынастарды реттейтін
негізгі келісім) және ЕО-тың Жаңа тәсіл
директиваларына сәйкес Қазақстан мен
Еуропалық одақ арасындағы экономикалық
ынтымақтастықтың негізгі құрамдас бөлігі.
Қазақстан
ДСҰ-на мүше болу туралы өтінішті
1996 жылы берді. Осы үрдісті
басқару үшін Индустрия және
сауда министрлігі жанынан Жұмыс
тобы және Ведомствоаралық комиссия
құрылды, сонымен қатар ДСҰ-на
кіру жөніндегі іс-шаралар жоспары
бекітіліп, Сыртқы саудалық режим
туралы меморандум әзірленген
болатын. Көп тарапты келіссөздер
(Қазақстанға деген елеулі экономикалық
мүдделер бойынша он сегіз
мемлекетпен) 1997 жылы Женевада басталды.
Қазақстанның қалыпты сауда серіктестері
(Ресей Федерациясы сияқты) де ДСҰ-ның
мүшесі болуын көздегендіктен, бұл процесс
қолайлы жағдайда өтуде. Мүшелік негізгі
ұлттық басымдық ретінде қарастырылуда
және ол Үкімет әрекеттерінің ресми бағдарламасына
енгізілген.
Дүниежүзілік
сауда ұйымына кіру ұлттық
заңнама, қолданыстағы өнім стандарттары,
техникалық регламенттер мен
сәйкестілікті растау рәсімдерінің
арасындағы үйлесімділікті күшейту
жөніндегі шараларды қажет етеді.
Бұл Саудадағы техникалық тосқауылдарға
және Фитосанитарлық шараларға
енгізілген. Осыған қол жеткізу
үшін Қазақстан түрлі мақсаттарға
бағытталған реттеудің бұрынғы
жүйесін жаңа заңдар, түрлі өнім
стандарттарын қабылдау арқылы
сәйкестендіруі және сәйкестілікті
растау рәсімдерін қайтадан қарастыруы
тиіс.
Қазіргі таңда дүниежүзілік сауда
ұйымына кіру алдында және
халықаралық қатынастарда өнім
сапасын жеткілікті деңгейде
бәсекеге қабілетті етіп шығару
үшін стандарттау, метрология
және сертификаттау салаларының
қызметтерінің маңызы өте зор.
Стандарт
қолданылмайтын бірде бір экономикалық
және көпшілік қызмет сферасы
жоқ. Стандарттар қауіпсіздік
және сақтандыру қызметтерінде,
өнімді шығарғанда, эксплуатациялағанда,
медицинада, білімде, жылжымалы нарықта,
есеп және аудит жүйесінде,
банктік жүйеде, қауіпсіздік қызметінде,
өнімді индентификациялауда және
кодтауда, ақпараттық қызмет құпия
объектіге және тағы басқа
қызметтік органдарда қолданылады.
Халықаралық
стандартты қолданбай және білмей
дүниежүзілік нарыққа шығу мүмкін
емес. Өнім сапасын растайтын
және стандарттың барлық талабын
орындау үшін, тәуелсіз объектіде
сапаны бағалау жүргізу қажет.
Бұл мәселені сертификаттау шешеді.
Стандарттау
мен сертификаттаумен бірге өлшеу
ғылымы метрологияның мағынасы
артады. Бірде бір өлшеуді қолданбайтын
практикалық қызмет жоқ, материалдық
және басқа да ресурстарды
үнемді шешуге метрологиялық
қамтамасыздандыру үлкен роль
атқарады.
Өндірістің
тиімділігін, өнімнің техникалық
деңгейі мен сапасын көтеруде
метрологияның маңызы арта түседі.
Сондықтан метрологияны дамыту,
метрологиялық ұйымдардың қызметін
жетілдіру мәселелеріне өндіріс
кәсіпорындардың, ғылыми бірлестіктер
мен ғылыми-зерттеу институтының
басшылары ерекше көңіл бөлуі
керек. Метрологиялық қамтамасыз
ету мәселелерін шешу жаңа
өнім құрудың бастапқы кезеңдерінде,
технологиялық процесті жасау
мен енгізу кезінде көбірек
тиімді болады және шығынды
азайтады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Т.М. Мендебаев, Е.С. АСҚАРОВ, Ә.Ө. ЕРМЕКБАЕВА, И.Ж. Жаханова «Стандарттау, метрология және сертификаттау»
- Ж.Ж. Махамбетова «Стандарттау, сертификатту және метрология негіздері»