Орта мектептегі ерітінділер теориясын оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 15:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Жұмыстың мақсаты: орта мектептегі ерітінділер теориясын оқытудың әдістемелерін зерттеу.
Зерттеу обьектісі: орта мектептің химия курсындағы ерітітінділер теориясын оқыту және оның әдістемелеріне тоқталу.
Құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой 1.docx

— 231.84 Кб (Скачать документ)

 

XIV. Астана қаласы

Валенттіліктер бойынша формула құру

 

1. LiO,  NO,  CH,  PH.

2. BaO,  CrCl.  SnO,   MnO.

3. PO,  CO,  KO,   FeO.

 

Қорытынды: Оқушылар бағаланып, медальдармен марапатталды[14, 16] .

        

 

 

2.3 Ерітінділер  теориясын оқытудың әдістемесі

 Ерітінділер туралы  алғашқы ұғым қоспалар мен ерітінділердің қасиеттерін салыстыратын тәжірибе арқылы қалыптастырылады. Оқушылар өздеріне үлестіріліп берілген немесе  көрнекті дисперстік жүйелерді  зерттеп, кесте түрінде жазады.

Еру құбылысымен байланысты негізгі ұғымдардың бірі -  ерігіштік.  Сапалық жағынан түсіндіргенде  ерігіштік дегеніміз – еритін заттың  еріткіште  біркелкі таралуы. Осы қасиетке  байланысты заттар жақсы еритін, нашар еритін, іс жүзінде  ерімейтін  деп жіктеледі. Сан жағынан алғанда  ери алатын заттардың еру қабілеті ерігіштік  коэффициенті  арқылы белгіленеді. Ерігіштік коэффициентін анықтау үшін температура, еріткіштің көлемі (1000 мл), осы көлемде  ери алатын заттың ең көп массасы  ескеріледі және г/л көрсетіледі. Мысалы, 200 С  температурада  1 л суда 2000 г қант, 2 г ғаныш, 0,0015 г күміс хлориді ериді. Оқушылардың түсінігін нақтылау үшін осы  заттарды суда ерітіп көрсетеді. 200 С-де 100 г суда 20г қант ериді, қант одан артық алынса ерімейді, тұнбаға түседі.ғаныш және тәжірибеге алынған басқа заттар ерігіштік коэффициентіне сәйкес ериді. Бақылаулар  нәтижесінде қанық, қанықпаған, сұйық және қою ерітінділер жөнінде  түсінік беріледі.

Ерітінді – зат және химиялық реакция ұғымдарынан кейінгі ең маңызды ұғым. Заттардың көпшілігі ерітінді күйінде реакцияға түседі. Өнеркәсіпте, табиғатта және  күнделікті тұрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор. Ерітінділерді  білу көптеген заттардың  ( сілтілер,  қышқылдар, оксидтер, тұздар) қасиеттерін терең түсінуге , алмасу және тотығу- тотықсыздану  реакцияларының мәнін айқындауға, химиялық реакциялардың  қайтымдылығы және химиялық тепе- теңдік  жөнінде білімді дамытуға  жәрдемдеседі. Сондықтан  деректі және теориялық  материалдардан  оқушылардың әзірлігі жеткілікті деңгейге  көтерілген соң электролиттік  диссоциациялану тақырыбы өтіледі.

         Химия пәнінен «Ерітінділер теориясын» оқыту негізінде оқушы төмендегідей білім мен білікті игеруге тиіс: Ерітінділер теориясы, ерітінділердің коллигативтік қасиеттері. Ерітінділердегі тепе-теңдік константасы. Гидролиз. Сутектік көрсеткіш, ерігіштік көбейтіндісі. Электролиттердің диссоциациялану дәрежесі, константасы, сұйылту заңы ұғымдарын түсініп, есеп шығаруда, лабораториялық жұмысты орындауда пайдалана білу. Практикалық еп-дағдыларға ие болу: Химиялық эксперимент жасау барысында химиялық лабораторияда жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін (таразыға өлшеу, қыздыру, сүзу, тұздарды қайта кристалдандыру, сұйықтарды айдау, шынымен жұмыс, температураны өлшеу, электрлік қыздырғыш және кейбір өлшегіш аспаптарды пайдалану, вакуумде, құрғақ камерада, т.б. жұмыс істеу) игеру. Қиындығы әртүрлі тәжірибелер жасау үшін қондырғыларды дұрыс жинауға үйреніп, белгілі әдіс бойынша бейорганикалық қосылыстарды синтездеуде еп-дағдыларға ие болу.

        Ерітінділер— кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің конценрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады. Кей заттар ерігенде олардың молекулалары иондарға ыдырайды, яғни диссоциацияланады. Электр тогын өткізетін болғандықтан, ондай заттардың ерітінділерін электролит ерітінділері деп атайды. Оған көптеген қышқылдар мен негіздердің, әсіресе, тұздардың ерітінділері жатады. Керісінше, ерігенде молекулалары иондарға ыдырамайтын, сондықтан электр тогын өткізбейтін заттардың ерітінділері бейэлектролиттердің ерітінділері деп аталады. Полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды. Ерітінділердің бетіндегі бу қысымы және оның қату температурасы таза еріткіштікке қарағанда төмендеу, ал қайнау температурасы жоғарылау болады. Сонымен қатар ерітінділерде осмос қысымы байқалады. Ерітінділердің бұл қасиеттерінің барлығы тек еріген заттың молекулалар санына ғана тәуелді. Олардың өзгерістері Вант-Гофф және Рауль заңдарымен сипатталады. Мысалы, ацетонның, кез келген эфирдің немесе спирттің судағы концентрациялары бірдей ерітінділерінің осмос және бу қысымдарының салыстырмалы төмендеулері, қату температураларының төмендеуі, ал қайнау температураларының жоғарылауы бірдей болады. Бұдан кейбір ғалымдар ерітінді түзілгенде еріткіш пен еріген зат арасында ешқандай әрекеттесулер болмайды, олар тек араласады деген қорытындыға келген. Сондықтан бұл қасиеттер ерітінділердің физикалық теориясына тәжірибелік негіз болған. Идеал газдар сияқты молекулаларының арасында ешқандай әсерлесулер болмайтын, дәлірек айтқанда, мейлінше аз болатын ерітінділер идеал ерітінділер, ал қалғандарын реал ерітінділер деп атайды. Күшті электролиттердің ерітінділерінің кейбір қасиеттері сұйылтылған ерітінділердің қасиеттерін сипаттайтын заңдылықтарға бағынбайды. Олардың біраз қасиеттері Дебай мен Гюккельдің “күшті электролиттер теориясымен” сипатталады. Сонымен қатар ерітінділер түзілгенде жылу бөлінуі, жүйе түсінің құрамдас ебөліктер түсінен өзгешелігі және ерітінділер көлемінің құрамдас бөліктер көлемінің қосындысына қарағанда кемуі еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттесулер болатынын көрсетеді. Кейде олардың арасындағы байланыстың беріктігі соншалық, ерітінділерді суытқанда еріткіштің біраз мөлшері еріген затпен бірге кристалданады. Оларды жалпы сольваттар, ал еріткіш су болғанда кристаллогидраттар деп атайды. Бұл қасиеттер ерітінділердің химиялық теориясына тәжірибелік негіз болды.

        Екі немесе одан да көп заттардың біркелкі араласу нәтижесінде түзілген өн бойында қасиеті бірдей жүйелер ерітінділер деп аталады. Заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділер былай бөлінеді: Газ күйіндегі ерітінділер қатарына газдар қоспасы – ауа, тұман, мұнай бетіндегі газ күйіндегі көмірсутектер қоспасын жатқызуға болады.  Сұйық ерітінділер – сұйық бойында еріген қатты, сұйық, газ заттары, теңіз, мұхит сулары, бензин, керосин, бояулар және т.б. дүниеліктер. Қатты ерітінділер түрі – құймалар (болат, шойын) түрлі минералдар. Табиғатта таза зат өте сирек кездеседі, көбісі қоспа, ерітінді түрінде ұшырасады. Жан – жануарлар, өсімдік дүниеліктерінде орын алатын биохимиялық, физикалық және химиялық құбылыстар сұйық ерітінді түрінде өтеді. Сұйық ерітінділер – еріткіш бір немесе бірнеше затты еріту арқылы алынатын болғандықтан, бұлардың түзілу табиғатын талдау барысында екі түрлі көзқарас бар – физикалық және химиялық.

        Ерітінділердің физикалық теориясы. ХІХғ – ң соңында ерітінді физикалық түзіліс, онда еріткіш пен еріген зат арасында ешбір әрекеттесу жоқ деп есептелді. Ерітіндінің түзілуін еріткіштің енжар ортасында еріген зат бөлшектерінің таралуымен түсіндірген. Кейін келе бұл теория тек идеалды ерітіндінің тәртібін ғана сипаттайтыны белгілі болады (мысалы, көптеген газ ерітінділері), онда еріген зат бөлшектерімен еріткіш бөлшектері өзара ешбір әрекеттеспейді. Бұл теорияны Я.Вант – Гофф, С.Аррениус, Оствальд т.б. ғалымдар жақтады.

         Ерітінділердің химиялық теориясы. Д.И.Менделеев ерітінділерді зерттеуге 40 жылдай ғылыми жұмысын арнаған оның ерітінділердің химиялық теориясы 1887ж жасалды және экспериментпен бекітілді.  
Бұл теорияның негізгі шарты: 1. Еру – ол, физика – химиялық күрделі процесс, оған энергияны жұмсауды талап ететін (∆H>0), бөлінуімен (∆H2<0) байланысқан, еріген заттың молекуласы мен еріткіш молекуласының әрекеттесуі енеді. 2. Еру процесі экзотермиялық (мысалы, суда NaOH H2SO4 ерігенде), эндотермиялық (мысалы, суда NH4NO3 ерігенде) болуы мүмкін. Зат ерігенде бөлінетін жылуды еру жылуы деп атайды[33].


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мектеп химия курсындағы ерітінділермен алғашқы таныстыру

 

Оқушылар судың еріткіш қасиеті және ерітінділер туралы қарапайым түсінікті табиғаттану курсынан және күнделікті тұрмыстан алады. Ерітіндіден туындайтын ерігіш, еріткіш, ерігіштік, ерігіштік коэффициенті, ерітіндінің қанықпасы, қанық ерітінді, қанықпаған ерітінді, сұйық, қою ерітінді ұғымдарын нақтылы қалыптастыру, ерітінділердің өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, табиғат және тұрмыстағы маңызын ашып көрсету.

Ерітінділер туралы алғашқы ұғым қоспалар мен ерітінділердің қасиеттерін салыстыратын тәжірибе арқылы қалыптастырылады. Оқушылар өздеріне үлестіріліп берілген немесе көрнекі көрсетілген дисперстік жүйелерді зерттеп, кесте түрінде жазады.

Дисперстік жүйенің аты

Құрамы

Көріну шегі

Тұрақтылығы

1. Суспензия

Саз, су

әр текті

Тұрақсыз

2. Эмульсия

Өсімдік майы

әр текті

Тұрақсыз

3. Ерітінді

Су, темір гидроксиді

Бір текті

Тұрақты

4. Ерітінді

Қант, су

Бір текті

 тұрақты


Ерітінді - зат және химиялық реакция ұғымдарынан кейінгі ең маңызды ұғым. Заттардың көпшілігі ерітінді күйінде реакцияға түседі. Өнеркәсіпте, табиғатта және күнделікті тұрмыста ерітінділердің маңызы орасан зор. Ерітінділерді білу көптеген заттардың қасиеттерін терең түсінуге, алмасу және тотығу-тотықсыздану реакцияларының мәнін айқындауға, химиялық реакциялардың қайтымдылығы және химиялық тепе-теңдік жөнінде білімді дамытуға жәрдемдеседі. Сондықтан деректі және теориялық материалдардан оқушылардың әзірлігі жеткілікті деңгейге көтерілген соң электролиттік диссоциациялану тақырыбы өтіледі.

Электролиттік диссоциация теориясының негіздерін оқыту. Бұл тақырыпты өту кезінде оқушылардың 8-сыныпта алған еру және ерітінділер туралы түсініктері одан әрі дамытылады. Қышқылдар, негіздер мен тұздардың иондық құрылысы және олардың ерітінділерінің электрөткізгіштігіне сүйене отырып, оқушылар электролиттік диссоциация теориясымен танысады.

“Электролиттік диссоциация теориясы”  тақырыбында мынадай мәселелер: қышқылдардың гидроксоний иондары, тұздардың гидролизі, бейорганикалық қосылыстар электрондық-иондық ұғымдар тұрғысынан қарастырылады.

Электролиттік диссоциация теориясын қарастырудың алғашқы кезеңінде оқушыларға теорияның негізгі жағдайларымен таныстырады:

  • Су ерітіндісіндегі қышқыл, негіз және тұздар олардың жеке моекула қалпында емес, гидраттанған иондар түрінде болады.
  • Иондардың атомдар мен молекулалардан айырмашылығы олардың не оң не теріс заряды және атомдардан өзгеше қасиеттері бар.
  • Ерітіндідегі иондар молекулалар сияқты ретсіз қозғалыста болады.

Электролиттік диссоциациялану теориясының ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларды электролиттік диссоциациялану теориясымен таныстырудың сарамандықта қалыптасқан екі әдістемелік тәсілі бар: Бірінші тәсіл- ерітінділердің электрөткізгіштігін сынаудан бастап диссоциацияланудың механизмін түсіндіру, екінші тәсіл - алмасу реакцияларының ерекшелігін қарастырғаннан кейін ерітінділердің электр өткізгіштігін сынау. Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары түсіндіріледі.

Осы айтылған екі тәсілді жүеге асырғанда қойылған көрнекі көрсету және зертханалық тәжірибелерді бақылаудан оқушыларда кейбір ерітінділердің электр тогын өткізіп, енді біреулерінің өткізбейтіні, химиялық реакциялардың еріген заттар арасында ғана жүретіні неліктен деген сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін мына ұғымдар қалыптастырылады: ерітіндіде иондар түзілу механизмі; диссоциациялану дәрежесі және оған сұйытылудың әсері; күшті және әлсіз электролиттер, элемент атомы мен ионның айырмашылығы, электролиттер арасындағы алмасу реакциялары және олардың ақырына дейін жүру жағдайлары; тұздар шидролизі, бейорганикалық қосылыстар қасиеттерінің иондық құрамына тәуелділігі.

Сондай-ақ электролиттік диссоциациялану теориясының негізгі қағидалары түсіндіріледі.

  • Электролиттер ерігенде оң және теріс зарядталған иондарға ыдырайды, оң иондар зарядтарының қосындысы теріс иондар зарядтарының қосындысына тең болады.
  • “Ион” гректің “кезеген” деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Иондар-заряды бар атомдар немесе атомдар тобы. Иондар ерітіндіде ретсіз қозғалып жүреді. Тұрақты электр тогын жібергенде оң зарядталған иондар катодқа тартылады, сондықтан катиондар деп аталады, теріс зарядты иондар анодқа тартылатындықтан аниондар делінеді.
  • Катодта және анодта электр тогының әсерінен тотығу және тотықсыздану әрекеттері жүзеге асады.
  • Электролиттік диссоциациялану-қайтымды әрекет. Иондардың концентрациясы артқанда иондануға кері әрекет-мольдену жүзеге асады. Электролит ерітінділеріне химиялық тепе-теңдіктің заңдылықтарын қолдануға болады[11, 12, 13, 14, 15] .

Қортынды

Жаңарған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты мақсаттарының бірі ретінде әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену бағыттары адамды жоғары маңызды құндылық деп танып, қоғамның дамуының өзегі болып табылатын болашақ мамандарды кәсіби даярлау сапасын жетілдіруді басты бағдар тұтады. Тұғырлы білімдері мен кәсіби біліктерін оңтайлы сабақтастыра отырып, кәсіби міндеттерін шығармашылықпен шеше білетін жаңа тұрпатты маман даярлау үрдісін студенттердің дербес іс-әрекетінсіз елестету және оны жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан мектепте оқушыларды  кәсіби даярлау үрдісін жаңаша сипатта қарастырып, олардың шығармашылық дербестік сапаларын дамыту негізінде меңгерген білімдері мен білік, дағдыларын өзгермелі өмір жағдайында, болашақ кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен қолдана білуге үйрету маңызды міндет. Көрсетілген мәселенің өзекті тұстары Қазақстан Республикасы-2030 жылдарға дейін стратегиялық дамуын жүзеге асыру бағдарламасы мазмұнында, «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы «Білім» бағдарламасында, Қазақстанда білім беруді дамытудың 2015-жылдарға дейінгі мемлекеттік бағдарлама талаптарымен үндеседі. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, әлемдік ортада алдыңғы шептен орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына, қазіргі таңдағы оқытудың дидактикалық жаңа сипаты – жаңа оқыту технологияларын, оқу ақпараттарын ұтымды қолдану, шығармашылық оқыту түрлерін кеңінен пайдалануға байланысты. Қазіргі заманғы жоғары мектеп дидактикасы кәсіби құзыретті, ойлау белсенділігі жоғары, ізденімпаз, дербес, шығармашыл болып қалыптасуын әдіснамалық тұрғыда, қазіргі қоғам талаптарына сәйкес жаңаша негіздеуді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі еліміздің күннен – күнге гүлденіп дамуы, жаңа саяси – экономикалық өрлеу, болашақ дамуға бағдарланған өзгермелі өмір жағдайлары адамнан ақыл – ой белсенділігін, өзекті мәселелерді шығармашылықпен шешу, оны оңтайлы пайдалануды талап етеді. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда көрсетілген міндеттерді шешудің басты тұғыры ретінде оқушыларды құзыреттілікке икемдеудің маңызы зор. Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен білім берудің маңызды мақсаттарымен, оқу курсының ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, оқушылардың мүмкіндігімен, қолда бар оқу құралдары және уақытпен, мұғалімді мойындауымен, олар пайдаланатын дидактикалық жүйенің ерекшеліктерімен анықталады. Оқыту әдістері оқыту процесінде маңызды қызметтер атқарады. Әдістердің көмегімен оқытылатын материалдардың тиісті мазмұнымен оқушыларға берілуі, оқушылардың интеллектуалды дамуы және қажетті жеке қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар әдістер оқу процесінің қалыпты қызметіне қажетті жағдай жасаушы. Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға маңызы арта түсті.  
Тиімді әдәс-тәсілдерді пайдалану барысында мынадай мақсаттарға жетуге болады: Оқушыны химия пәні арқылы мамандыққа баулу; Оқушының білім – білік дағдыларын қалыптастыру; Білім алуға деген ынтасын арттыру; Оқушының белсенділігі мен іскерлігін арттырып, шығармашылыққа баулу; Химиялық тілді, теориялық білімді практикамен ұштастыру; Мамандығына байланысты химиялық үрдісті түсіндіре алатын жеке тұлға қалыптастыру. 
            Осы мақсаттарымды жүзеге асыру үшін атқарған іс – тәжірибемді ұсынғым келеді. Соған байланысты «Ерітінділер» тақырыбына ерекше мән бердім. Химияны меңгертуде формулалардың маңызы зор, сондықтан сабақ барысында формуланың жалғасын табатын перфокарталардың да алатын орны ерекше. Сонымен қатар оқушыларға әр түрлі тақырыптарда жеке жұмыстар тапсыруда сабақты тереңдете түседі, осы зерттеген тақырыптарын ортаға салуға мүмкіндік беремін. Осындай әдіс - тәсілдер арқылы әр сабақта жұмыс істеу барысында оқушылардың білімдері тереңдейді, есте сақтау, химиялық тілмен сөйлеу қабілеттері дамиды және олар ізденімпаздыққа, үнемділікке тәрбиеленеді. Химия сабақтарында оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыруда төмендегідей жұмыс түрлерін ұйымдастырамын: Дидактикалық ойындар(ойлан тап,химиялық лото, химиялық «лабиринг»), Топпен жарыстыру (берілген уақытта тапсырманы топпен орындау түрлері),т.б. Оқушыларды әдебиетті іріктеуге, аннотация жасауға, конспектілеуге, кортетекалар жасауға, жоспар жасауға, материалдар жинауға, оның жоспарын жасауға үйрету. Курстық зерттеу жұмысымды жаза келе химиялық білімнің кәсіби мамандыққа бағытталуы дағды мен іс әрекет негізінде өздігінен ізденетін, өздігінен шешім қабылдайтын, нарық заманында өмір сүріп, адал еңбектенетін, бәсекелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізеді деп сенемін.

Сонымен қорыта келсек, сабақтағы ең басты және оны анықтаушы көрсеткіші оның мазмұны, дүниетанымдық бағыттылығы, мұғалімдердің педагогтық шеберлігін арттыру жөніндегі, істі ұйымдастырудың әдістемелік жағы болып табылады. Химияны оқытуды ұйымдастырудың барлық формаларында оқушылар ғылым негіздері бойынша белсенділік пен берікбілім меңгеруін, оқу еңбегінде және алған білімін іс-жүзінде қолдануда икемділік пен дағдылар алуын, сол сияқты оқушылар өздерінде дүниетану көзқарасын қалыптастыруын қамтамасыз ету - мұғалімнің парызы болып саналады.

Ерітінділер туралы ілімнің дәрігерлер мен фармацевттер үшін ерекше мәні бар, себебі негізгі биологиялық сұйықтықтар, қан плазмасы жұлын сұйықтығы – лимфа сұйық т.б. тірі ағзада ерітінділер күйінде болады.

            Дәрілік заттар тек ерітінді  немесе ағзада еріген күйге  көшкен кезде ғана пайдалы. Тағам  құрамындағы қоректік заттар  ағзаға сіңуі үшін ерітіндіге  айналуы керек. Тірі ағзадағы  биохимиялық реакциялар ерітінділерде  өтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қуанышева Жанар Қадыржанқызы, Химияны оқыту әдістемесінің ғылыми педагогикалық негіздерінің кейбір мәселелері, Академик Т.Т. Тәжібаевтың туғанына 100 толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары – Алматы-2010 ж.
  2. Қуанышева Жанар Қадыржанқызы, Электронды оқулықтарды химия сабағында пайдаланудың ерекшеліктері мен тиімділіктері, Абай ат. ҚҰПУ Хабаршы, “Жаратылыстану-география ғылымдары” сериясы №4 (30), – Алматы, 2011 ж. б. 58-61
  3. И. Нұғыманов. Химияны оқыту әдістемесі // Алматы:Print- S 2005
  4. А.Салихова. Оқушылардың шығармашылығын дамыту// Ғылыми-әдістемелік журнал, № 5 – 2009 ж.
  5. Л.С.Омарова. Химияны оқыту әдістемесі. //[Электрондық ресурс]:- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2007
  6. А.А.Елизаров. Методика преподавания химии в школе.//Издательство « БИНОМ. Лаборатория знании» 2010
  7. И. Нұғыманов, Ж.Ә. Шоқыбаев, З.О. Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі. А. 2005ж
  8. Нұғыманов И. Химияны оқыту әдістемесі А., Рауан 1993
  9. Мырзабайұлы А. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері А. Білім, 2004.
  10. Ж.Ә. Шоқыбаев, З.О. Өнербаева. Химияны оқыту әдістемесі практикумы. А., 2006ж
  11. 8-9 сынып оқулығы. Бағдарламалар. Ы. Алтынсарин ат. Қаз. Білім акад. 2004ж.
  12. Нұрахметов Н. Және т.б. Химия . 8 сынып оқулығы А., Мектеп, 2004ж.
  13. Нұрахметов Н. Және т.б. Химия . 9 сынып оқулығы А., Мектеп, 2005ж.
  14. Нұрахметов Н. Және т.б. Химия .  10 сынып оқулығы А., мектеп, 2006ж.
  15. Мансуров Б.А. Органическая химия. 10-11 сынып оқулығы. А., Атамұра, 2004ж.
  16. Габриелян О.С. Химия. 8, 9, 10, 11 сыныптарға арналған оқулығы. А., Кітап, 2006ж.
  17. Амилова Ч. М, Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі : педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты, Алматы, 2008, 26 б.
  18. Орта мектепте жаңа программа бойынша химиядан сабақ беру : Мұғалімдердің жұмыс тәжірибесінен, Алматы: Мектеп, 1977, 280 б.
  19. Чернобельская Г. М. Основы методики обучения химии: Учеб. пособие для пед. ин-тов.- М.: Просвещение, 1987.
  20. Т.С. Антонова, А.Л. Харитонов Концепция мультимедийного учебника, Мультимеда – издательство «Клио Софт», Москва , Россия -1999.
  21. Христочевский С.А., Мультимедиа в образовании. Проблемы разработки и использования. Системы и средства информатики. Вып.8. М.: Наука. Физматлит, 1996, стр.176.
  22. Антонова Т.С., Батаева Т.В. Первый компьютерный учебник «История России ХХ век». Преподавание истории в школе. –1998.
  23. А.С. Рыбин, Д.А. Невесенко, Ю.В. Васальков, Особенности построения мультимедийного электронного учебника, Ярославский государственный технический университет – 2003.
  24. www.alhimik.ru
  25. www.ecsocman.edu.ru
  26. www.drofa.ru
  27. www.humanities.edu.ru
  28. www.subscribe.ru10. www.uchkollektor.perm.ru
  29. Патсаев Ә.Қ., Шитыбаев С.А., Төребекова Г.А. «Физикалық және каллоидтық химия» Шымкент 2010ж.
  30. Жайлау С.Ж., Құлажанов Қ.С. «Физикалық каллоидтық химия»  Алматы, 1999ж.
  31. Өтелбаев Б.Т. «Химия» II том, Шымкент 2000ж.
  32. www.google.kz
  33. Гидратация теориясы және электролит ерітінділерінің қасиеттері: оқу құралы / М. И. Бакеев ; Қарағанды мемлекеттік ун-ті . - Қарағанды : ҚарМУ басп. , 2012. - 228 б. - Библиогр.: 221-228 б. . - ISBN 9965-686-75-0 : Б. ц.

Информация о работе Орта мектептегі ерітінділер теориясын оқыту