Орта мектептегі ерітінділер теориясын оқыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 15:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», – деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Жұмыстың мақсаты: орта мектептегі ерітінділер теориясын оқытудың әдістемелерін зерттеу.
Зерттеу обьектісі: орта мектептің химия курсындағы ерітітінділер теориясын оқыту және оның әдістемелеріне тоқталу.
Құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой 1.docx

— 231.84 Кб (Скачать документ)

1.Модульдік технология.

2.Рейтиндік жүйе.

3.Дамыта оқыту технологиясы.

4.Сын тұрғысынан ойлау.

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс–тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс тәсілдерді оқытушы ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қолданылады. Тиімді пайдалыларын жетілдіре түседі. Көрнекі педагог В.А. Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт[6]. Осыған қол жеткенде ғана оқу орны жас өспірімдер үшін рухани өмірдің түлеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп айтқан. Өйткені жай ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденістері, қолданған әдіс – тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс – тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта–ықыласының, дағды мен ой–өріс, білім–біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. 
1.Балалар бір – біріне талап қояды. 
2.Пәнге деген қызығушылықтары артады. 
II.Негізгі бөлім.

а) Әдіс–тәсілдер оқушы белсенділігін дамытудың негізі. 
Әрбір сабақ мұғалімнің шығармашылық жұмысы. Сондықтан да әр сабақты оқушылардың есінде қалатындай етіп түрлендіріп отырған жөн. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында оқушылардың білім деңгейін тереңдету, ғылыми тұрғыда дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін арттыру, өз беттерімен ізденушіліктерін, ақпараттық құралдарды іздестіру және оны пайдалана білу мақсатында жаңа технология әдістерін тиімді пайдалану ұстаз шеберлігінің белгісі. Қазіргі уақыт бүкіл адамзат қоғамының ғылыми – техникалық үрдіс пен өркениеттің даму кезеңінде бет бұрған уақыт деп есептеймін. Оқушылардың химия пәніне деген қызығуын арттыру, өз–өзіне деген сенімін күшейтіп, таным қабілетін дамыту үшін жаңа иновациялық технологияның маңызы зор. Осы орайда химия сабақтарында үнемі жаңа технологиялық әдістерді қолданып, сабақты тартымды, есте қалатындай етіп түрлендіріп отырамын. Осындай әдістердің бірі – Англиядан шыққан оқытудың интерактивті әдісі. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір – бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді.

Негізгі ережесі:

1.Адамдардың арасындағы  қатынас өмірдің басты қажеттілігі  екенін мойындау.

2.Барлық оқушыға тең  мүмкіндіктер жасау.

3.Әлеуметтік – психологиялық  кезеңдерде тиімді әдіске топтың  даяр болуы.

4.Топпен жұмыс істей  білу, шешім қабылдай алу. 
Осы әдіс негізінде «Ерітінділер» тақырыбына ерітінділердің  физикалық және химиялық қасиеттеріне түсінік беру мақсатында сабақ жоспарын жасадым. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелей отырып, электронды оқулықпен жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі қалыптастыруға, интерактивті әдістер арқылы студенттерді жылдам ойлауға, ойды тез қабылдап, дұрыс шешім шығаруға дағдыландырып, алған білімдерін венн диаграммасы арқылы бекітуді жөн санадым. Сабақта тірек—сызба, кестелер, деңгейлік тапсырмалар.т.б.көрсетілдеді. Сабақ үй тапсырмасынан басталды. Оқушылар тақтадағы нөмірленіп тұрған сұрақтарды алып сұраққа жауап берген соң өз–өздерін тексеру үшін тақтадағы жауабын қарауды ұсынамын.

Сұрақтар.

1.Ерітінді дегеніміз?

2.Ерітінділердің түрлері?

3.Ерітінділердің химиялық  қасиеті?

4.Ерітінділердің физикалық  қасиеті?

III. Жаңа сабақ жоспары.

Жаңа сабақ барысы:

1.Ерітінділер.

Деңгейлік тапсырмалар:

«Болашақ баспалдағы».

үшбұрышты тапсырмалар бағасы -3.

төртбұрышты тапсырмалар бағасы -4.

жұлдызшадағы тапсырмалар бағасы -5.

Үшбұрыш I – деңгей тапсырмасы.

Реакция теңдеуін аяқтап, коэффициенттерін қойып теңестір. 
а)AI + HCI

б)H2 + CI2

в)Na + CI

г)Mg + HCI

Төртбұрышты II- деңгей тапсырмасы.

Мына заттардың Mr тауып,қай топқа жататынын көрсетіп, неше валентті екенін көрсетіңіз.

HCI, AICI2, NaCI, AgCI, AgNO3,CaO, HNO3,MgCI2

Жұлдызша III- деңгей тапсырмалары.

А) 15г. ас тұзы 250г.суда ерітілді. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қандай?

Б) Оқулық 10- есеп. 197-бет.

Массасы 58,5г.ас тұзын консентрлі H2SO4- ның артық мөлшерімен әрекеттестіруден алынған HCI 146г. Суда ерітілген. Осы ерітіндідегі ω HCI % көрсетіңіз.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

Венн диаграммасы.

Осындай әдістерді пайдалану нәтижесінде мынадай нәтижелерге жеттім:

-Оқушыға жан – жақты  әсер етіп, сезімдерін оятты:

-Оқушының белсенділігі, қызығушылығы артты:

-Сабақ жоғары дәрежеде  ұғыңқы болды.

в) Әдіс тәсілдердің нәтижесі:

Осы әдіс–тәсілдерді пайдалануда оқушылар өз пікірлерін дәлелдеуге, қорытынды жасау, өз ойларын қысқаша, дәл және нақты жасауға көмектеседі. Осы әдіс–тәсілдерді пайдалануда оқушылар төмендегідей нәтижеге жетеді:

1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады.

2. Оқушылар өз бетімен  іздену жолдарын үйренеді.

3. Өз ойын схема, кесте, суреттер, химиялық тәжірибелерді  пайдалану арқылы еркін жеткізеді.

4. Химиялық тілде сөйлеу  мәдениетін дамытады.

5.Ізденуі іс – әрекеті  қалыптасады.

6.Оқушылардың өз бетімен  жұмыс жасау ынтасы оянады.

7. Зертханалық және сарамандық  жұмыстарды өз бетінше жасауға  дағдыланады.

III. Қорытынды.

Оқыту мен тәрбие берудің мақсаттарын, ұстамдарын меңгерту және өз бетімен оқу білім алуы арқылы белгілі бір нәтижеге жетеді. Ол нәтиже сапалы болса:

1.Білім сапасын арттырады.

2.Білімділік деңгейін  арттырады.

3.Өз бетімен білім алады.

4.Өз деңгейі арқылы  нәтижеге жетеді.

5.Білу қабілетін арттырады.

6.Олимпиядаға қатысады.

7.Байқауларға қатысады.

Осыдан барып дамыған жеке тұлға қалыптасады. Болашақ ұрпақ ұлтжанды, білімді болса ғана тәуелсіз мемлекетіміздің тірегіне айналары сөзсіз, сондықтан ұлттық санасы оянған мәдениетті, ойлау дәрежесі биік, елін сүйетін және заңдарды орындайтын азаматтарды оқыту және тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті десек, оқушыларға жүйелі білім, сапалы тәрбие беру ісіне жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз[9, 10].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 «Ерітінділер»  тақырыбын оқытуға негізделген сабақ үлгілері

 

Бірінші сабақ үлгісі

Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділер» тарауын қайталау. 
Сабақтың мақсаты: 
а) оқушыларға ерітінді массалық үлесі, негіз, гидроксотоп, бейтараптану реакция ұғымдарын бекіту, ерітінділердің химиялық қасиеті туралы білімін қорыту, реакция теңдеулерін біліктіліктерін жетілдіру. 
б) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. 
в) Оқушыларды табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге үйрету. 
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ 
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қорыту, іскерлік ойындар. 
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточка, схемалар. 
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 
Сынып оқушыларын 2 - топқа бөліп, «Ерітінділер» тарауынан судың физикалық қасиеті, оның еріткіш екені, химиялық қасиеті, құрамы жөнінде алған білімдерін жүйелеу. 
Орындалатын тапсырмалар: 
1. Теориялық тапсырмалар жарысы 
2. Дидактикалық тапсырмалар жарысы 
3. «Кім жылдам» ойыны жарысы 
4. Заттарды ажырата білесіз бе? 
5. Су туралы мақал – мәтелдер жарысы 
I команда судың физикалық қасиетіне тоқталады. 
1. Су - түссіз сұйықтық, иісі және дәмі жоқ, 1000 С кезінде қайнайды, 00 кезінде қатады. 
2. Судың ерекше қасиеті – булануы. Булану дегеніміз - сұйық не қатты заттардың газға ауысуы. Қатты заттарды қыздырудан сұйық күйге айналмай бірден булануы сублимация деп аталады. Будың қайтадан сұйыққа айналуы конденсация деп аталады. Өсімдіктердің сыртқы беттері арқылы суды буландыруы транспирация деп аталады. Мысалы, жапырақтың суды буландыруы - транспирация. 
3. Судың ерекше қасиеттеріне - дыбысты жылдам өткізуі, жарық сәулесін жақсы көрсетуі, әр түрлі заттарды жақсы ерітуі жатады. Су - мәңгі қозғалыста, айналыстағы сұйық. 
II команда судың химиялық қасиеттерін сипаттайды. Тәжірибе жасап, реакция теңдеулерін жазады. Су металдармен металл оксиді және бейметалл оксидімен әрекеттеседі. 
1 - тәжірибе: мырыштың 3 - 4 түйірін, сынауыққа салып, аздаған мөлшерде су құйылады, осы уақытта газ көпіршігін байқаймыз. 
Реакция теңдеуін жазамыз. 
Zn + H2O = Zn О + H2 
C+ 2H2O = CO2 + 2H2 
2 - тәжірибе: Кальций оксидінің сумен әрекеттесуін тұрмыста жиі тәжірибе жасау арқылы көріп жүрміз. 
Реакция теңдеуін жазамыз. 
Са+ H2O = Са (OH) 2 
II. сұрақ - жауап жарысы. 
2 - і команда алдын - ала сынып тақтасына ілінген сұрақтарды шешеді. 
1. Неліктен су жанбайды? 
2. Қандай металдар судан жеңіл? 
3. Қандай су дем шығарудан лайланады? 
4. Мұз неліктен суға батпайды? 
II Дидактикалық тапсырмалар жарысы. 
І команда 
Төмендегі берілген заттарды класқа бөліп, әрбір бағанаға сәйкес формулаларды жазыңыздар: 
SO, Ca(OH), H SO, KOH, HCI, CuO, NaCI, CaCI 
Оксидтер ---------- Қышқылдар --------- Негіздер ----------- Тұздар 
ІІ команда 
Берілген заттардың ішінен а) негіздер, ә) оксидтер (бейметалдық), б) қышқылдар, в) металдық оксидтер кластарына жататын заттардың формулаларын бөліп жазыңдар: 
CO, Mg (OH), CaO, P O, HCI, BaO, Ca(OH), HNO, Fe (OH), AI O 
Танымдық ойындар сайысы 
І команда 
«Құпия сөздің құлпын аш». Бұл ойын химиялық реакциялардың теңдеуі бойынша құбылысты түсіндіруге негізделген 
Фосфор жақсаң будақтап, 
Ақ түтінін түзеді. 
Ол түтінді су сорып, 
Қандай қосылыс түзеді? 
Жауабы: 
ІІ команда 
Жоқ формуланың орнына қой. Нүктелер қойылған жерлерге жоқ затты тауып жазып, теңдеудің дұрыстығын дәлелде 
а)..... +..... = H SO; 
ә)..... +.....= Ca(OH); 
б)... +.... =2 КOH 
ІІІ тапсырма 
Екі команда «Кім жылдам» ойынын ойнайды 
Қай команда негіздердің формуласын көп біледі? Тақтаға 2 командадан екі оқушы шығып, біріне - бірі қарамай өздері білетін негіздердің формуласын жазып шықты. 
IV тапсырма 
Заттарды ажырата білесіз бе? Оқушыларды берілген заттарды ажырата білуге баулитын тапсырмалар[16, 12, 27, 28]

Екінші сабақ үлгісі

Тақырыбы: Судың маңызы, ерітінділер 8-класс

Мақсаты:  Тарау бойынша оқушылардың алған білімін тексеріп,         

қорытындылау

Сабақтың типі: қайталау сабағы

Сабақтың барысы: 15 тапсырма берілген, әр қаладағы сұрақтарға оқушылар  

жауап береді.

 

 

 
I.Алматы қаласы (сұраққа-жауап)

 

1.Судың адам өміріндегі  маңызы

2.Табиғаттағы  су

3.Суды тазалау әдістері  қандай?

4.Дистилденген су деген  не?

5.Судың ластану түрлері

6.Судың  физикалық қасиеттері

7.Судың химиялық қасиеттері

8.Су  туралы мақал-мәтел  айт?

9.Негіздер деген не,мысал  келтір?

10.Сілтілер деген не,мысал  келтір?

11.Бейтараптану реакциясы  деген не?

12.Сілті мен қышқылдың  әсерінен индикатор түсінің өзгеруі  қалай жүреді?

 

ІІ.Тараз қаласы

Еріген заттардың массалық үлесіне есептер шығару

№1.Тұздың массасы 100г судағы ерітіндісін суалтқанда ыдыста

15г тұз қалды .Ерітіндідегі  тұздың массалық үлесін тап.

№2.Массалық үлесі 10% массасы 250г ерітіндідегі  еріген зат пен

еріткіштіңмассаларын табыңдар.

№3.Массалық үлесі 10% ерітінді дайындау үшін 100г қантты неше грамм

суда еріту керек

 

III.Шымкент  қаласы

Негіздердің формулаларын жаз:

1.Литий гидроксиді,магний  гидроксиді, мыс (ІІ) гидроксиді,темір (ІІ) гидроксиді,мырыш гидроксиді.

2.Натрий гидроксиді , калий  гидроксиді,темір (ІІІ) гидроксиді,рубидий  гидроксиді,алюминий гидроксиді

3.Барий гидроксиді,цезий  гидроксиді,мыс (І) гидроксиді,хром  гидроксиді 

 

ІV. Қызылорда қаласы

Теңдеуді аяқта

1.NaOH + HCl          

   Ca(OH)2     

2.Cu(OH)

   Ca + HCl

3.CaO +H2O

   Cu(OH)2 + HCl

 

V.Ақтау  қаласы

Негіздерді теріп жаз

1.CaO , KOH , P2O5 , NaOH , Ca(OH)2 , HCl, NaCl ,  CuO, Fe (OH)3 , H2SO4

2.Na2O , Cu(OH)2,BaO,BaSO4,Al(OH)3 ,Cu(OH)2, H2SO4,LiOH,P2O5,HCl.

3.Fe2O3, Fe(OH)2,Fe(OH)3,NaOH,CuSO4,CuSО4,HNO3,RbOH, Zn(OH)2,Hg(OH)2

 

VI.Атырау  қаласы

(Деңгейлік  тапсырма)

І деңгей.Элементтердің валенттілігін тап және атын жаз

NaOH, KOH, Ba(OH)2, Ca(OH)2,Al(OH)3,Cr(OH)3,Zn(OH)2,Cu(OH)2

 

II деңгей.Айналымды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жаз

LiOH         Li           Li2O          LiOH             Li2SO4

IIІ деңгей.

10г натрий гидроксидін  бейтараптауға жұмсалатын күкірт  қышқылының массасын есептеңіз.

VII.Орал қаласы

Химиялық диктант

1.Суды тазарту әдістері...

2.Дистилденген су деп...

3.Судың ластану түрлері...

4.Су туралы мақал-мәтел...

5.Негіздер деп..

    6.Ерітінділер  дегеніміз...

7.Сілтілер дегеніміз...

8.Cu(OH)2… түсті...суда...негіз

9.Бейтараптану реакциясы  деп...

10.Индикатор түсінің сілті  мен қышқылдың  әсерінен өзгеруі...

VIIІ.Ақтөбе  қаласы 

Сәйкестендіру тесті

 

1. Суда еритін  негіздер қалай аталады.

2. Қандай әдіс  арқылы судың кермектілігін жоюға  болады

3.Қышқыл мен негіз  арасындағы су мен тұз түзетін  реакция

4.Судың неше күйі  бар???

5. Жаңбырдан кейін  ауада пайда болатын газ

6.Дүние жүзінде  неше мұхит бар???

Бейтараптану

Үш

 

Сілтілер

 

Айдау

4

озон


ІХ.Қостанай қаласы (тест)

1.Гидросфера –грек тілінен  аударғанда қандай мағына береді???

А)жер            Б)ауа               В)Су             Г)дене

2.Су дердің қанша пайызын  алып жатыр???

А)97%      Б)87%          В)67%           Г)98%

3.Неше мұхит бар?

А)3        Б)2         В)4              Г)5

4.Арасан деген не???

А)өзен бастау       Б) емді бұлақ    В)жер асты суы         Г) көл

5.  Гидросфера құрамына  кіреді:

А)дүниежүзілік мұхит,атмосфера сулары

Б)дүние жүзілік мұхит,құрлық сулары

В)Дүние жүзілік мұхит,құрлық сулары,атмосфера сулары,жер асты суы

 

Х.Петропавловск қаласы (карточкамен жұмыс)

№1.

1.Тұзды су мен таза  судың айырмашылығы қандай?

2.Көктемде қай жерде  қар ерте ериді,жазық дала ма , орманды далама?Себебін түсіндір

3.Өзен суы жыл бойы  ағып жатса да, неге азаймайды???

№2

1.Теңізге жан-жағынан  көп өзен суы ағып келсе  де,теңіз толып,құрлықты баспайды???

2.Судың үш күйін ата?

3.Судың ластануының түрлері  қандай???

№3

1.Минералды су деген  не?біздің елімізде қаай жерлерде  минералды су көздері бар.

2.Су неше градуста қайнайды???

3.Су қайнағанда тасып  төгіледі.Себебін түсіндір

 

XI. Көкшетау қаласы.(Графикалық диктант) 
КОН, NаОН, CuОН заттары берілген. Төмендегі сұрақтарға “иә” немесе “жоқ” жоқ деп жауап беріңіз. 
1. Бұл қоспа 
2. Үш заттан тұрады 
3. Заттың құрамына оттегінің бір молекуласы кіреді 
4. Бұл күрделі зат 
5.Берілген затты жай заттарға тек физикалық әдіспен бөліп алуға болады 
6. Берілген затты жай заттарға тек химиялық әдіспен бөліп алуға болады 
7. Заттың бір молінде 6,02 ۰10 ⅔ молекула бар 
8. Қандай әдіспен алынғанына қарамастан заттың құрамы бірдей болады 
9. Заттың айқын молекулалық массасы жоқ 
10. Бұлар суда жақсы ериді

 

XII. Павлодар қаласы 

Негіздерді, оксидтерді, қышқылдарды бөліп жаз

P2O5,KCl, NaOH, SO3, H3PO4, Ba(OH)2, HNO3, HCl, H2SO4, Fe(OH)2, Fe(OH)3, Na2O,HBr, Cu(OH)2,Ca(OH)2

 

XIII. Талдықорған  қаласы 

Негіздердің құрылымдық формуласы

 

Кальций гидроксиді, алюминий гидроксиді, марганец гидроксидінің құрылымдық формуласын жазындар. 

Информация о работе Орта мектептегі ерітінділер теориясын оқыту