Құмырсқа альдегидінің қасиетін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 13:16, практическая работа

Краткое описание

Құрал-жабдықтар: химиялық стакан (50 мл), спиртшам, пробирка ұстағыш, пробирка (4 дана) пипетка (3 дана), құмырсқа альдегидінің сулы ерітіндісі (W=3%), күміс нитратының аммиактағы ерітіндісі, мыстың (ІІ) сульфатының немесе хлоридінің ерітіндісі, натрий немесе калий гилроксиді, күкіртті фуксинқышқылы.
№1 тәжірибе Формальдегидтің күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығу реакциясы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

прак саб.docx

— 23.31 Кб (Скачать документ)

Практикалық жұмыс.№5

Тақырыбы: Құмырсқа альдегидінің қасиетін зерттеу.

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: химиялық стакан (50 мл), спиртшам, пробирка ұстағыш, пробирка (4 дана) пипетка (3 дана), құмырсқа альдегидінің сулы ерітіндісі (W=3%), күміс нитратының аммиактағы ерітіндісі, мыстың (ІІ) сульфатының  немесе хлоридінің ерітіндісі, натрий немесе калий гилроксиді, күкіртті фуксинқышқылы.  

№1 тәжірибе  Формальдегидтің күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығу реакциясы.

Құрғақ пробирканы (вертикал бағытта ұстап) ішіне 5 тамшы формальдегид ерітіндісін, 5 тамшы күміс оксидінің  аммиактағы ерітіндісін тамызып, пробирканы су құйылған стаканға салып, немесе пробирканың  өзін спиртшамда әлсіз жалында қыздырамыз. Күміс айна реакциясы жүрген кезде  тез арада қыздыруды тоқтамыз. Формальдегидтің тотығу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция альдегидтерге  сапалық реакция болып табылады.

№2 тәжірибе  Формальдигидтің мыстың (ІІ) гидроксидімен тотығуы.

Пробиркаға 5 тамшы формальдегид ерітіндісін тамызамыз, үстіне 5 тамшы  мыстың (ІІ) сульфаты немесе хлоридінің ерітіндісін және 7-8 тамшы натрий гидроксидінің ерітіндісін (шайқай отырып) ашық көк түсті    ерітінді  түзілгенше тамызу қажет. (сілті артық  мөлшерде болуы қажет). Қоспаны әлсіз  жалында қыздырыңдар. Не байққалды? Реакциия теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция  альдегидтерге тән сапалық реакция  болып табылады. Мыстың (ІІ) гидроксидімен  жүретін реакциямен күміс оксидінің  аммиактағы ерітіндісімен жүретін  реакцияның  арасында қандай ортақ  қасиет бар. 

№3 тәжірибе Формальдигидтің  фуксинкүкіртті қышқылмен әрекеттесу реакциясы.

Пробиркаға түссіз 1мл фуксинкүкірт қышқылының ерітіндісінің  (Шиффа  реактивін) үстіне үстіне 3  формальдегид ерітіндісін тамызыңдар. Сұйықтық біраз  уақытта қызғылт түске боялады. Альдегидтерге фуксинкүкіртті қышқылмен  жүретін реакция анағұрлым сезімтал реакция болып табылады.

№ 4 тәжірибе  Бензальдегидтің  қасиетін зерттеу. Бензальдегидтің  тотығуы.

Заттың шынының үстіне өзіне тән жағымды иісі  бензальдегидті тамызыңдар. Біраз уақыттан кейін  заттық шынының бетінде бензой қышқылының кристалдары пайда болады. Оны  микроскоп арқылы көруге болады. Тиісті реакция теңдеуін жазыңдар.

№ 5 тәжірибе  Бензальдегидтің  күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен  жүретін реакциясы.

Таза пробиркаға 1-2  тамшы  бензальдегидті тамызып үстіне бензальдегидті тамызып үстіне 3 тамшы күміс оксидінің  аммиактағы ерітіндісін тамызаңыз. Қоспаны араластырып, әлсіз спирт  жалынында қыздырамыз. Пробиркада «Күміс айна реакциясы» жүреді, қара тұнба (коллоидты  күміс) пайда болады. Қажетті реакция  теңдеуін жазыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс.№6

Тақырыбы: Құмырсқа қышқылының, сірке қышқылының, олеин, стерин, салицил қышқылының қасиеттерін зерттеу.

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: Құмырсқа қышқылының, сірке қышқылының, олеин, стерин, салицил қышқылдары, магний ұнтағы, спиртшам, натрий карбонаты, калий перманганаты, бром суы, темірдің (ІІІ) хлориді, натрий гидроксиді, лакмус, калий перманганаты, этил спиртінің ерітінділері, күміс нитраты, аммиак ерітіндісі,  пробиркалар. 

 

№1 тәжірибе  Құмырсқа қышқылының  күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығу реакциясы.

Құрғақ пробирканы (вертикал бағытта ұстап) ішіне 5 тамшы құмырсқа қышқылының ерітіндісін, 5 тамшы күміс  оксидінің аммиактағы ерітіндісін  тамызып, пробирканы су құйылған стаканға салып немесе пробирканың өзін спиртшамда әлсіз жалында қыздырамыз. Күміс  айна реакциясы жүрген кезде тез  арада қыздыруды тоқтамыз. Құмырсқа қышқылының тотығу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция құмырсқа қышқылына  тән сапалық реакция болып  табылады.

№2 тәжірибе  Құмырсқа қышқылының  және сірке қышқылының  химиялық қасиеттерін зерттеу.  

2 пробирканың әрқайсысына  2 мл  құмырсқа және сірке қышқылының  ерітіндісінен тамызып, үстіне 1-2  тамшы  лакмус ерітіндісін  тамызыңдар. Пробирканың үстіне 3 мл  натрий гидроксидінің ерітіндісін  тамызыңдар. Не байқалды? Тиісті  химиялық реакцияның теңдеуін  молекулалық және иондық теңдеу  түрінде жазыңдар.

№3 тәжірибе  Құмырсқа қышқылының  және сірке қышқылының химиялық қасиеттерін зерттеу.  

2 пробирканың әрқайсысына  3 мл  құмырсқа және сірке қышқылының  ерітіндісінен тамызып, үстіне 2 мл натрий карбонатының ерітіндісін  құйыңдар. Не байқалды? Тиісті химиялық  реакцияның теңдеуін молекулалық  және иондық теңдеу түрінде  жазыңдар.

 

№4 тәжірибе  Құмырсқа қышқылының  және сірке қышқылының  химиялық қасиеттерін зерттеу.  

2 пробирканың әрқайсысына  3 мл  құмырсқа және сірке қышқылының  ерітіндісінен тамызып, үстіне 1 г магний ұнтағын салыңдар. Не  байқалды? Тиісті химиялық реакцияның  теңдеуін молекулалық және иондық  теңдеу түрінде жазыңдар.

 

№5  тәжірибе  Олеин және стеарин  қышқылдарының  қасиеттерін зерттеу.

2 пробирканың әрқайсысына  5  тамшыдан олеин  және стерин  қышқылдарының ерітінділерін тамызып,  үстіне 2 тамшы бром суын тамызыңдар. Не байқалды? Тиісті химиялық  реакцияның теңдеуін жазыңдар.

№6  тәжірибе  Олеин және стеарин  қышқылдарының  қасиеттерін зерттеу.

2 пробирканың әрқайсысына  5  тамшыдан олеин  және стерин  қышқылдарының ерітінділерін тамызып,  үстіне 2 тамшы калий перманганатының  ерітіндісін тамызыңдар. Не байқалды? Тиісті химиялық реакцияның теңдеуін  жазыңдар.

№7  тәжірибе Cалицил қышқылының қасиеттерін  зерттеу.

Пробиркаға 0,5 мл салицил  қышқылының ерітіндісін тамызып  үстіне 1-2 тамшы темірдің (ІІІ) хлориді  ерітіндісін тамызыңдар. Ерітінді күлгін ашық түске боялады, бұл салицил  қышқылының құрамында фенол тобының  бар екенін көрсетеді.  

 

 

 

 

 

Практикалық жұмыс.№5

Тақырыбы: Құмырсқа альдегидінің қасиетін зерттеу.

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: химиялық стакан (50 мл), спиртшам, пробирка ұстағыш, пробирка (4 дана) пипетка (3 дана), құмырсқа альдегидінің сулы ерітіндісі (W=3%), күміс нитратының аммиактағы ерітіндісі, мыстың (ІІ) сульфатының  немесе хлоридінің ерітіндісі, натрий немесе калий гилроксиді, күкіртті фуксинқышқылы.  

№1 тәжірибе  Формальдегидтің күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығу реакциясы.

Құрғақ пробирканы (вертикал бағытта ұстап) ішіне 5 тамшы формальдегид ерітіндісін, 5 тамшы күміс оксидінің  аммиактағы ерітіндісін тамызып, пробирканы су құйылған стаканға салып, немесе пробирканың  өзін спиртшамда әлсіз жалында қыздырамыз. Күміс айна реакциясы жүрген кезде  тез арада қыздыруды тоқтамыз. Формальдегидтің тотығу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция альдегидтерге  сапалық реакция болып табылады.

 

 

Практикалық жұмыс.№6

Тақырыбы: Құмырсқа қышқылының, сірке қышқылының, олеин, стерин, салицил қышқылдарының қасиеттерін зерттеу.

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: Құмырсқа қышқылының, сірке қышқылының, олеин, стерин, салицил қышқылдары, магний ұнтағы, спиртшам, натрий карбонаты, калий перманганаты, бром суы, темірдің (ІІІ) хлориді, натрий гидроксиді, лакмус, калий перманганаты, этил спиртінің ерітінділері, күміс нитраты, аммиак ерітіндісі,  пробиркалар. 

 

№1 тәжірибе  Құмырсқа қышқылының  күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотығу реакциясы.

Құрғақ пробирканы (вертикал бағытта ұстап) ішіне 5 тамшы құмырсқа қышқылының ерітіндісін, 5 тамшы күміс  оксидінің аммиактағы ерітіндісін  тамызып, пробирканы су құйылған стаканға салып немесе пробирканың өзін спиртшамда әлсіз жалында қыздырамыз. Күміс  айна реакциясы жүрген кезде тез  арада қыздыруды тоқтамыз. Құмырсқа қышқылының тотығу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Бұл реакция құмырсқа қышқылына  тән сапалық реакция болып  табылады.

№2 тәжірибе  Құмырсқа қышқылының  және сірке қышқылының  химиялық қасиеттерін зерттеу.  

2 пробирканың әрқайсысына  2 мл  құмырсқа және сірке қышқылының  ерітіндісінен тамызып, үстіне 1-2  тамшы  лакмус ерітіндісін  тамызыңдар. Пробирканың үстіне 3 мл  натрий гидроксидінің ерітіндісін  тамызыңдар. Не байқалды? Тиісті  химиялық реакцияның теңдеуін  молекулалық және иондық теңдеу  түрінде жазыңдар.

№3 тәжірибе  Құмырсқа қышқылының  және сірке қышқылының химиялық қасиеттерін зерттеу.  

2 пробирканың әрқайсысына  3 мл  құмырсқа және сірке қышқылының  ерітіндісінен тамызып, үстіне 2 мл натрий карбонатының ерітіндісін  құйыңдар. Не байқалды? Тиісті химиялық  реакцияның теңдеуін молекулалық  және иондық теңдеу түрінде  жазыңдар.

 

№4 тәжірибе  Құмырсқа қышқылының  және сірке қышқылының  химиялық қасиеттерін зерттеу.  

2 пробирканың әрқайсысына  3 мл  құмырсқа және сірке қышқылының  ерітіндісінен тамызып, үстіне 1 г магний ұнтағын салыңдар. Не  байқалды? Тиісті химиялық реакцияның  теңдеуін молекулалық және иондық  теңдеу түрінде жазыңдар.

 

№5  тәжірибе  Олеин және стеарин  қышқылдарының  қасиеттерін зерттеу.

2 пробирканың әрқайсысына  5  тамшыдан олеин  және стерин  қышқылдарының ерітінділерін тамызып,  үстіне 2 тамшы бром суын тамызыңдар. Не байқалды? Тиісті химиялық  реакцияның теңдеуін жазыңдар.

№6  тәжірибе  Олеин және стеарин  қышқылдарының  қасиеттерін зерттеу.

2 пробирканың әрқайсысына  5  тамшыдан олеин  және стерин  қышқылдарының ерітінділерін тамызып,  үстіне 2 тамшы калий перманганатының  ерітіндісін тамызыңдар. Не байқалды? Тиісті химиялық реакцияның теңдеуін  жазыңдар.

№7  тәжірибе Cалицил қышқылының қасиеттерін  зерттеу.

Пробиркаға 0,5 мл салицил  қышқылының ерітіндісін тамызып  үстіне 1-2 тамшы темірдің (ІІІ) хлориді  ерітіндісін тамызыңдар. Ерітінді күлгін ашық түске боялады, бұл салицил  қышқылының құрамында фенол тобының  бар екенін көрсетеді.  

 

 

Практикалық жұмыс.№4

№1 тәжірибе  Глицериннің физикалық қасиетін анықтау.

Глицеринді  2мл пробиркаға құйып алып, пробирканы әртүрлі жаққа  қарай шайқап, глицириннің тұтқырлығына, түсіне, иісіне назар аударыңдар. Глицериннің  түсі, тұтқырлығы, иісі  жайлы не айтуға болады?

Пробиркаға 1мл су құйып алып, үстіне 4-5 тамшы глицерин тамызыңдар. Алынған ерітіндіні шайқаңдар. Үстіне тағы да, бір, екі тамшы глицерин тамызып шайқаңдар. Глицериннің  суда ерігіштігі жайлы не айтуға болады?

 

№2 тәжірибе  Глицериннің мыстың (ІІ) гидроксидімен әрекеттесуі.

Бірінші тәжірибеде алынған  пробиркадағы глицерин ерітіндісіне 2 тамшы мыс тұздарының ерітіндісін  тамызып, үстіне ашық көк түсті мыстың (ІІ) глицераты пайда болғанша  натрий гидроксидінің ерітіндісін  тамызыңдар. Бұл глицериннің сапалық  қасиеті болып табылады.

Практикалық жұмыс.№5

Тақырыбы:Фенолдың қасиетін зерттеу.

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: пробирка  (3 дана), фенолдың ерітіндісі, натрий гидроксиді, темірдің (ІІІ) хлориді ерітіндісі, фенолфталеин.

№1 тәжірибе  Фенолдың қышқылдық қасиеттері.

Пробиркаға 5 тамшы натрий гидроксидінің ерітіндісін тамызып, үстіне 1 тамшы фенолфталеин ерітіндісін  тамызамыз. Ерітінді әлсіз қызғылт  түске боялады. Боялған ерітіндінің  үстіне бояу түсі жойылғанша жәйлап фенол  ерітіндісін тамызамыз. Әрбір фенол  тамшысын тамызған сайын пробирканы шайқап отыру қажет. Жасаған жұмыстарыңыздан  қорытынды шығарып, қажетті реакция  теңдеуін жазыңдар.

№2 тәжірибе  Фенолдың темірдің (ІІІ) хлоридімен әрекеттесуі.

Пробиркаға 1 тамшы фенол  ерітіндісін тамызып, үстіне 5 тамшы  су тамызамыз. Алынған ерітіндіге 1-2 тамшы темірдің (ІІІ) хлориді ерітіндісін  тамызамыз. Ерітінді күлгін түске боялады. Есте сақтаңдар: бұл фенолға сапалық  реакция болып табылады. Реакция  нәтижесінде күрделі комплекс түзілетін  болғандықтан реакция теңдеуін жазудың  қажеті жоқ. Жұмыс жасап болған соң, пробиркадағыз ерітіндіні  қалдық құятын ыдысқа құю қажет.  Фенол  өте улы зат болғандықтан раковинаға құюға мүлдем болмайды.

№3 тәжірибе  Фенолдың  бром суымен әрекеттесуі.

Пробиркаға 3-4 тамшы фенол  тамызып үстіне тамшылата отырып бром суын тамызамыз, ақ түсті тұнба  пайда болғанша тамыза береміз. Біршама  уақытта біртендеп отырып ақ түсті  тұнба пайда болады. Есте сақтаңдар: бұл реакция фенолға тән сапалық  реакция болып табылады.

 

 

 

 

 

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық  жұмыс. Спирттердің қасиеттерімен  танысу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бір атомды қаныққан спирттердің (этил, бутил, изоамил спиртінің, глицерин, фенол) қасиеттерімен таныстыру. Теориялық білімді практикада қолдана білу.

Міндеттері:

А) білімділік: Оқушыларға спирттердің физикалық және қасиеттері жайында мағлұмат беріп,  сапалық реакциялар жасау арқылы құрылысының қасиеттеріне байланысты екенін ұғындыру.

Б) дамытушылық: Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу қабілетін дамыту.

В) тәрбиелілік:сандық қасиетінің сапалық қасиетке ауысуын көрсету,  қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың формасы: практикалық сабақ

Сабақтағы тәсілдер мен әдістер: түсіндіру, сұрау, есептер шығару.

Құрал-жабдықтар: жұмысқа қажетті құралдар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.(1-мин)

ІІ Жаңа сабақты түсіндіру:

Практикалық жұмыс дәптерлеріне жұмысты рәсімдей отырып,  орындайды.

Практикалық жұмыс.№3

Тақырыбы: Біратомды спирттердің кейбір қасиеттерін зерттеу.

Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: пробирка (6 дана), пробирканың аузын бекітетін  пробка,  шпатель, этил спирті, сусыз  мыс сульфаты, қызыл лакмус, бутил, изоамил спирттері.

Информация о работе Құмырсқа альдегидінің қасиетін зерттеу