Мұнайды физикалық өңдеу процесстері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 23:30, реферат

Краткое описание

Ұңғымадан алынған мұнай – қара-қоңыр түсті, өткір исісті, тез оталантын май тәрізді сұйықтық.
Әдетте, жер қойнауынан өндірілген мұнайдың құрамында:
- Серіктес газдар,
- Қаттық (жер қыртысы) сулары,
- Минералды тұздар
- Әр түрлі механикалық қоспалар(құм, топырақ және т.б.).

Содержание

I. Мұнайды өңдеуге дайындау
a. Шикі мұнайдың құрамы
b. Мұнайды тұрақтандыру
c. Мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру
II. Мұайды өңдеу
III. Мұнайды біріншілік өңдеу
a. Мұнайды атмосфералық айдау
b. Мұнайды вакуумдық айдау
IV. Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тотов.docx

— 1.39 Мб (Скачать документ)

Лигроин (ауыр бензин, құрамы С814) ьтракторлар үшін жанармай ретінде қолданылады.

Керосинді фракция (С1016) – тракторлар, реактивті самолеттар және ракеталар үшін жанармай ретінде қолданылады.

Газойль фракциясы (С1825) автомобильдерде, тракторларда, тепловоздарда, теңіз және өзен кемелерінде орнатылған дизель двигательдерінің жанармайы ретінде қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген  фракциялар ақшыл мұнай өнімдері болып табылады.

Мазут – мұнайды атмосфералық қысымда айдағанда түзілетін  қалдық. Каталитикалық крекинг пен  гидрокрекингтің шикізаты ретінде  қолданылады. Кейде вакуумдық газойль  деп атайды.

АВТ қондырғыларының екінші сатысында айдауға мазут ұшырайды, нәтижесінде майлаушы майлар және гудрон түзіледі. Ол кейін битум, пек және мұнай коксына дейін өңделеді.  3-суретте АВТ қондырғысының жанармайлы-майлы  нұсқада жұмыс істеп тұрған технологиялық  сұлбасын көрсетілген.

ЭЛОУ-дан шыққан мұнай  кезектеп 4-жылу алмастырғыш арқылы өтеді, вакуумды және атмосфералық айдаудың дистиляттары есебінен қызып, 1,5-2,0*105Па қысымда насоспен 1-пешке жіберіледі. Бұл жерде ол 350оС-қа дейін қызады. Пештен шыққан бу сұйық қоспасы 1 сатылы 3-ректификалық мұнараға жіберіледі, осында оның қысымы 0,1 МПа –дейін төмендеп, мұнайдың ұшқыш фракцияларының булануы мен олардың мазут буынан бөлу жүреді. Колоннанң биіктігі бойынша нақты берілген температура аралықтарында дистиляттар бөлініп отырады,кейін олар ұшқыш көмірсутектердің қосымша бөлінуі жүретін 6-колоннаға түседі, олар кейін су буымен бірге 3-мұнараға қайтарылып отырады. Бөлініп алынған дистиляттар 4-ЖА арқылы өтіп, 5-тоңазытқышта салқындатылғаннан кейін қондырғыан тауарлы өнім ретінде шығарылып отырады. Бензинді дистиллят 4-ЖА арқылы 2-газ сепараторын аөтеді, газ бөлініп алынғаннан кейін тауарлы өнім ретінде шығарылады, ал бір бөлігі шашырату үшін мұнараға қайтарылып отырады. 55%-ға дейін түзілген мазут 3-мұнараның төменгі жағынан 8-пешке, одан әрі қарай 0,005-0,008 МПа қысымда жұмыс істейтін 2 сатылы 9-мұнараға жіберіледі, дистиляттарға бөлінеді. 3 пен 9-мұнараның төменгі жағына қайнау температурасын төмендететін және жеңіл фракциялардың толығырақ бөлінуіне әсер ететін өткір бу беріліп отырады.

 

 

 

3-сурет. 1-мұнай  қыздыру пеші, 2-газ сепараторы, 3-атмосфералық  қысымдағы ректификациялық мұнара, 4-жылуалмастырғыш-конденсаторлар,5-тоңазытқыштар, 6,7-бу бөлгіш колонналар, 8-мазутты  қыздыру пеші, 9-вакуумды ректификациялық  мұнара.

І-бензин, ІІ-лигроин, ІІ-керосин, IV-дизель отыны, V-газойль, VI-мазут, VII-бу, VIII-ұйыршық майы, IX-машина майы, X-жеңіл цилиндр майы, XI-ауыр цилинд майы, XII-гудрон, XIII-газдар.

 

Мұнайды тікелей айдауда және мұнай өңдеудің басқа процестерінде қолданылатын қондырғылар процесс жеткілікті жылдамдықпен жүретін және алынатын өнімдердің нақты бөлінуін қамтамасыз ететін  шикізатты жоғары емператураға дейін қыздыру керек. Осы процестің негізі қондырғылары құбырлы пештер мен мұнаралар болып табылады.

Тікелей айдаудың өнімінің құрамы мен мөлшері процесс типіне және айдалатын мұнай құрамына тәуелді.

 

Вакуумдық айдау өнімдері

Өнім

Қайнау температурасы, оС

Шығым, %

Үйіршік майы

230-255

10-12

Машиналық май

260-305

5

Жеңіл цилиндр майы

315-325

3

Ауыр цилиндр майы

350-370

7

Гудрон

370-тен жоғары

27-30


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

  1. Соколов Р.С. химическая технология: Учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений: В 2 т. – гуманит.изд.центр ВЛАДОС, 2000. – Т.2: Металлургические процессы. Переработка химического топлива. Производство органических веществ и полимерных материало. – 448с. , 123-129с.
  2. Бишімбаев Г.Қ., Букетова А.Е. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы: Оку құралы . – Алматы: «Бастау», 2007.242 б., 146-163б

Информация о работе Мұнайды физикалық өңдеу процесстері