Мұнай өнімдері қасиеттеріне присадкалардың әсерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 20:30, доклад

Краткое описание

Присадкалардың ішінен тиімдісін таңдау өте маңызды болып табылады. Себебі присадка майдың бір қасиетін жақсартса, басқа бір қасиетін төмендетуі мүмкін. Мотор майларына қолданатын присадкалар майдың басқа түрлеріне шығарылмаған, яғни тек мотор майларына арналған. Мотор майларының түрлері көп болғандықтан олар барлығына да бірдей әсер етеді ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін мотор майларын және присадкаларды зерттеу қажет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Презентация Microsoft Office PowerPoint.ppt

— 427.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

   Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті

 

Тақырыбы: Мұнай өнімдері қасиеттеріне присадкалардың әсерін зерттеу

 

      Орындаған:                                            ХТНВ-31

Арыстанова С.Қ.

Ғылыми жетекші:        аға оқытушы Сатаева С.С

 

Орал,  2012

 Жұмыс тақырыбының өзектілігі:

 Присадкалардың ішінен тиімдісін таңдау өте маңызды болып табылады. Себебі присадка майдың бір қасиетін жақсартса, басқа бір қасиетін төмендетуі мүмкін. Мотор майларына қолданатын присадкалар майдың басқа түрлеріне шығарылмаған, яғни тек мотор майларына арналған. Мотор майларының түрлері көп болғандықтан олар барлығына да бірдей әсер етеді ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін мотор майларын және присадкаларды зерттеу қажет.

Жұмыстың мақсаты – мұнайөнімдері сипаттамасына присадкалардың әсерін зерттеу.

 

 

 

Қойылған мақсат келесі міндеттерді анықтады:

- мотор майларын және олардың түрлерін зерттеу;

- мотор майларына қосылатын присадкаларды анықтау;

- присадкалардың түрлерін қарастыру;

- мотор майына присадканың әсерін зерттеу болып табылады.

Зерттеу объектісі: SAE 10W-30, SAE 15W, SAE 30 маркалы мотор майлары, SMT 2514 маркалы көпкомпонентті присадка.

 

 

Присадкалар - мұнайөнімдерінің көптеген сапалық көрсеткіштері мен тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға қабілетті қосылыстар. Қазіргі уақытта присадкалардың түрлері өте көп. Присадкалардың классификациясы 1 – ші суретте көрсетілген .

 

 

 

 

 

 

 

Cурет 1 – Присадкалардың классификациясы

 

 

Присадкалар

 

Майды қорғайтын

 

Маймен жағылған бетті қорғайтын

 

Майдың қасиетін жақсартатын

 

Жуғыш,Тозуға,

қарсы

 

Депрессатор

Тұтқырлықты

 

 

Көбікке,Тотығуға қарсы

 

 

Mотор майы – карбюраторлы, автотракторлы, дизельді және авиациялық қозғалтқыштарына арналған майлағыш майдың маңызды түрлерінің бірі.

Mотор майлары бірнеше түрлерге бөлінеді. Мотор майларының түрлері     2 – ші суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 - Мотор майларының түрлері 

 

Мотор майы

 

Температуралық шегіне қарай

 

Майдың құрамына қарай

 

Қолданылуына  қарай

 

Дизель қозғалтқышы

Бензин қозғалтқышы

Әмбебап

 

Жазғы

Қысқы

Барлық жыл мезгіліне арналған

 

Синтетикалық

Минералды

Жартылай синтетикалық

SAE 10W-30, SAE 15W, SAE 30 маркалы мотор майларын зерттеу әдістері

Тығыздықты анықтау

 

Тығыздық – жанармай және майдың эксплуатациялық қасиеттерін анықтайтын ең негізгі химмотологиялық көрсеткіш. Мұнай өндірісіндегі ең алғаш анықталған көрсеткіш болып саналады. Тығыздық мұнай және мұнай өнімдерінің химиялық және фракциялық құрамын басқа константалар жиынтығымен  ұйғарынды бағалауға мүмкіндік беретін қасиет.

 

 
 
Kесте 1 –Tығыздықтың температураға байланысты сандық мәндері 

 

Мотор майы

 

Тығыздық, кг/м3

 

Присадка қосқаннан кейінгі  тығыздық, кг/м3

 

20°C

 

50°C

 

20°C

 

50°C

 

SAE 10W-30

 

0,898

 

0,884

 

0,905

 

0,898

 

SAE 15W

 

0,900

 

0,884

 

0,910

 

0,900

 

SAE 30

 

0,883

 

0,863

 

0,897

 

0,885

 

 

 

Tұтқырлықты анықтау

 

Тұтқырлық – сұйықтар мен газдардың әртүрлі қабаттарының өзара салыстырмалы қозғалысы кезінде бір-бірінің ағысына кедергі жасау қабілеті.

Тұтқырлық – мұнайөнімдерінің маңызды сапалық көрсеткіштерінің бірі. Тұтқырлықты білу арқылы мұнайөнімдерінің (отын, жанармай, майлар, битум) майлау қабілеттілігін, энергия жұмсалуы мен тасымалдануын анықтайды.

 

 

 

 
 
 
Kесте 2 – Зерттеуден кейінгі анықталған тұтқырлықтың сандық көрсеткіштері 
  

 

Мотор майы

 

Тұтқырлық, мм2

 

Присадка қосқаннан кейінгі  тұтқырлық, мм2

 

20°C

 

50°C

 

20°C

 

50°C

 

SAE 10W-30

 

27,4

 

24,2

 

28,4

 

24,9

 

SAE 15W

 

40,29

 

28,5

 

41,2

 

29,2

 

SAE 30

 

33,2

 

20,5

 

34,2

 

21,14

 
 
Кесте 3 – Зерттеуден кейінгі анықталған қату температурасының мәндері 

 

Мотор майы

 

Қату температурасы, °C

 

Присадка қоқаннан кейінгі қату  температурасы

 

SAE 10W-30

 

- 30,5

 

 

-31,2

 

SAE 15W

 

- 34,5

 

 

-34

 

SAE 30

 

- 21

 

 

-22

Механикалық қоспаларды анықтау

 

Мұнай майларына механикалық қоспалар – мұнайды өндіру процесі кезіндекоррозиялы аппараттың және құбырөткізгіштіктің өнімдерінен, катализді шаңнан, шинадағы ұсақ бөлшектерден, минералды тұздардан түсуі мүмкін. Мұнай және мұнайөнімдерінің ластануы сонымен қатар тасымалдануы мен сақтау кезінде болуы мүмкін. Металдардың бетін жоятын механикалық қосылыстар ішіндегі ең қауіптісі құм және басқа да қатты бөлшектер.

 

 
Кесте 4 - Мотор майларының құрамындағы механикалық қоспалар мәні 

 

Мотор майы

 

Механикалық қоспа үлесі, %

 

Присадка қосқаннан кейінгі  механикалық қоспа үлесі, %

 

SAE 10W-30

 

0,24

 

0,20

 

SAE 15W

 

0,15

 

0,08

 

SAE 30

 

0,11

 

0,10

Қышқылдылықты және қышқыл санын анықтау

 

Қышқылдылық – мұнай өнімдерінің құрамындағы органикалық қышқылдардың сандық мөлшерін сілті қатысында бейтараптау арқылы анықталатын көрсеткіш.

Қышқылдылық және қышқыл саны мұнай өнімдерінің сақтау кезіндегі және эксплуатация кезіндегі коррозиялық тұрақтылығын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі.

 

 

 

 
Кесте 5 – Қышқыл санының мәндері 

 

Мотор майы

 

Қышқыл саны

 

Присадка қосқаннан кейінгі  қышқыл саны

 

SAE 10W-30

 

0,0500

 

0,0400

 

SAE 15W

 

0,0706

 

0,0650

 

SAE 30

 

0,0323

 

0,0283

Ашық тигельде жарқылдау температурасын анықтау

 

Жарқылдау температурасы деп стандартты жағдайда қыздырылған мұнай өнімдерінің бетінде қоршаған орта ауасымен әрекеттесіп жанғыш қоспа түзетін, қасына от жақындатқанда жарқылдайтын будың түзілу температурасы.      Бұл температура арқылы мұнай өнімдерінің өрт қауіпсіздік қасиетінің сипаттамасын анықтап, мұнай өңдеу обьектілерінің өрт қауіпсіздігі бойынша қандай санатқа жататындығын белгілейді.

 

 

 
Кесте 6 – Мотор майларының жарқылдау температурасының мәндері 

 

Мотор майы

 

Ашық тигельдегі жарқылдау температурасы, °C

 

Присадка қосқаннан кейінгі  жарқылдау температурасы, °C

 

SAE 10W-30

 

205

 

212

 

SAE 15W

 

195

 

199

 

SAE 30

 

200

 

205

Cу мөлшерін анықтау 

 

Мұнаймен салыстырғанда мұнай өнімдерінің құрамында су мөлшері аз кездеседі. Мұнай өнімдерінің суға қарағанда еріткіштік қасиеті өте төмен. Сонымен қатар, мұнайлы дистилятты отын мұнайға қарағанда эмульгирлеуші қабілетке ие, өйткені  шайырлы заттардың, нафтен қышқылдары мен тұздары, күкіртқұрамдас қосылыстардың  эмульгаторлар рөлін ойнағандықтан, оларды өңдеу кезінде жойылады.

 

 

 
Кесте 7 – Мотор майларының құрамындағы су мөлшері 

 

Мотор майы

 

Майдағы судың үлесі, %

 

Присадка қосқаннан кейінгі  майдағы судың үлесі, %

 

SAE 10W-30

 

жоқ

 

жоқ

 

SAE 15W

 

жоқ

 

жоқ

 

SAE 30

 

жоқ

 

жоқ

ҚОРЫТЫНДЫ

Жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер орындалды:

1. Мотор майлары және олардың түрлері зерттелді. Мотор майларының ішіндегі автокөлік қозғалтқыштары үшін тиімдісі, қолайлысы таңдалды. Бұл барлық жыл мезгілдеріне арналған мотор майы.

2. Мотор майларына қосылатын присадкалар анықталды. Қазіргі таңдағы май қасиетін жақсартудың кең қолданылатын әдісі присадкалар қосу. Присадкалар майдың қасиетін жақсартатыны анықталды.

 

3. Присадкалардың түрлері қарастырылды. Қазіргі кезде присадкалар көп тұтынылады. Солардың ішіндегі көпкомпонентті присадкалар тиімді. Себебі май тығыздығы, тұтқырлығы, қату температурасы жақсарды. SAE 10W-30 мотор майының қату температурасы Tорт = - 30,5°С - ден - 31,2°C-ге дейін,

SAE 15W мотор майы T орт = - 34,5°C- ден - 35°C- ге дейін, SAE 30 мотор майы T орт = - 21°C -ден - 22°C- ге дейін жақсарды. Нәтижелерді салыстырсақ барлық жыл мезгіліне арналған мотор майына присадка тиімді екені көрінеді.

 

4. Мотор майына присадканың әсері зерттелді. Кей жағдайларда присадка майдың бір қасиетін жақсартса, бір жағынан басқа бір қасиетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан присадка қосар алдында майдың және присадканың қасиетін зерттеу қажет. Сонда ғана майдың қасиеті жақсарып қоймай, сонымен қатар автокөлік қозғалтқыштарының жұмысын ұзартуға мүмкіндік береді. Зертханалық жағдайда присадканың майдың қасиетін төмендететін жағдай орын алған жоқ.

 

 

 

Зерттелген майларға присадка бірдей әсер еткен жоқ, яғни физикалық химиялық параметрлер жоғарлағанымен, барлығында бірдей емес. Майлардың ішінде барлық жыл мезгілдеріне арналған мотор майларының қасиеттері максималды түрде жақсарды. Бұл зерттелген присадка түрі барлық жыл мезгіліне арналған мотор майы үшін тиімді екені анықталды. Зерттеу нәтижелеріне статистикалық өңдеу жүргізілді.

 

 

 

НАЗАР  
 
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА  
 
РАХМЕТ!!! 


Информация о работе Мұнай өнімдері қасиеттеріне присадкалардың әсерін зерттеу