Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2013 в 17:01, реферат
Мұнай өндірудің ілеспе газдары мұнай-химиясының бағалы шикізаты болып табылады, өйткені олардың құрамында әжептеуір мөлшерде С2-С5 көмірсутектері болады. Дегенмен суаттарда мұнайды сепарациялау жеңіл көмірсутектердің толық бөлінуін қамтамасыз ете бермейді, мұнайда С1-С4 көмірсутектері қалады. Бұл көмірсутектер мұнайды сақтағанда және тасымалдағанда бөлінуі мүмкін. Мұнайдың жоғалуын төмендету, сондай-ақ С3-С5 көмірсутектерінің қосымша мөлшерін алу мақсатында мұнайды тұрақтандыру процесін қолданады. Бұл жағдайда 2,2-3,2 мас.% С3-С5 көмірсутектерін іріктеп болған соң, одан әрі қажетті бензин сапасын қамтамасыз ететіндей мұнайда С4-С5 көмірсутектерінің жеткілікті мөлшерін сақтап қалуға болады.