Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2013 в 04:20, реферат
Кен байыту — бос тау жыныстарынан пайдалы минералдарды бөліп алу мақсатында минералдық шикізаттарды алдын ала өңдеу процестерінің жиынтығы.Кен байыту нәтижесінде екі түрлі өнім түзіледі: пайдалы құраушыларының негізгі массасы топтасқан концентрат және қалдық. Табиғи жағдайда кездесетін минералдық шикізаттың құрамындағы пайдалы құраушылары мардымсыз аз болды. Сондықтан оны өндіріске тікелей пайдалану тиімсіз. Мыс., кентастағы қорғасынның мөлш. 1,5 – 2%-тен аспайды, ал металлургиялық балқыту шарты бойынша оның мөлш. 20 – 30%-тен кем болмауға тиіс. Сондықтан кентас алдын ала байыту процесінен өтеді. Концентратқа ауысатын шикізаттың пайдалы құраушылары мен олардың концентрат құрамындағы шамасы Кен байыту процесінің маңызды технологиялық көрсеткіші болып табылады.
1.Минералы шикізаттардың қазіргі кездегі кешенді өңдеудің бағыттары 2.Қазақстанның минералды шикізатты кешенді оңдеуі