Металлдар мен бейметалдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 17:14, реферат

Краткое описание

Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

Прикрепленные файлы: 1 файл

vg.docx

— 19.80 Кб (Скачать документ)

                                              The history of canada

             Aboriginal peoples are thought to have arrived from Asia thousands of years

ago by way of a land bridge between Siberia and Alaska. Some of them settled

in Canada, while others chose to continue to the south. When the European

explorers arrived, Canada was populated by a diverse range of Aboriginal

peoples who, depending on the environment, lived nomadic or settled lifestyles,

were hunters, fishers or farmers.

             On July 1, 1867, Canada East (Quebec), Canada West (Ontario), Nova Scotia and New Brunswick joined together under

the terms of the British North America Act to become the Dominion of Canada.

           In the early 1900's Canada had its own government elected by the people. The government collected and spent its own taxes, made its own laws but its powers were still very limited. Canada could not sign treaties with other countries, had no representatives at international meetings, and had no foreign embassies. This situation changed shortly after World War I. Canada was given a membership in the League of Nations and in 1920, it established its first treaty with a foreign country. Finally the Statue of Westminster in 1931 made Canada an independent nation.

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                        Металдар мен бейметалдар

         Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.

         Металдардың қаттылығы, температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады. Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.

          Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.

Кейбір металдар

Осмий Алюминий

 Сілтілік  металдар:

 Литий  Натрий Калий Рубидий Цезий  Франций

Сітілік-жер  металдар:

 Магний  Кальций Стронций Барий  Радий

 Амфотерлі  (екідайлы) металдар:

 АлюминийГаллийҚорғасын  ҚалайыБериллий Мырыш

 Бағалы  металдар:

Рутений Роди Палладий Осмий Иридий Платина

Табиғатта көп  кездесетін металдар қатарына жатады:

    Al (8,1%) Fe (4,65%) Ca (3,6%) Na (2,64%) K (2,5%) Mg (2,1%) Tі (0,57%) Mn (0,1%) Ba (0,05%) Sr (0,03%)Қалғандары (0,1365%)

Металдардың химиялық қасиеттері

Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай және күрделі заттармен әрекеттеседі:

Жай заттармен:

2Mg + 02 = 2MgO + Q жану реакциясы

  Fe + S = FeS темір (II) сульфиді

 Са + Сl2 = СаСl2 кальций хлориді

 

Металл гидридтері тұз сияқты қатты заттар. Металл гидридтерінде ғана сутегінің тотығу дәрежесі - 1 болады, себебі металдар электрондарын  сутектің атомдык радиусы кіші болғандықтан оңай береді.

Күрделі заттармен:

Сілтілік  және сілтілік жер металдар сумен  куатты әрекеттесіп, судағы сутекті ығыстырып шығарады.

2Na + 2Н2O = 2NaOH + Н2↑

Металдар  қышқылдармен әрекеттеседі. Реакция  нәтижесінде түзілетін өнімнің  табиғаты металдың белсенділігіне жөне қышқылдардың концентрациясына тәуелді

    Zn + H2SO4 (сұйык) = ZnSO4 + Н2

    Zn + 2H2SO4(конц.) = ZnSO4 + SO2↑ + 2H2O

    4Mg + 10HNO3 (сұйық) = 4Mg(NO3)2+ NH4NO3 + 3H2O

    Ag + 2HNO3 (конц.) = AgNO3 + NO2↑ + H2O

Металдар  тұздармен әрекеттеседі. Белсендірек  металдар (химиялық белсенді металл) белсенділігі темен металды оның қосылыстарынан ығыстырып шығарады.

   Cu + Hg (NO3)2 = Cu (NO3)2+Hg

    Zn + CuSO4 = ZnSO4 + Cu

    2Mg + TiCl4 = 2MgCl2 + Ti

Металдар оксидтермен әрекеттеседі

2Al + Fe2O3 = Al2O3 + 2Fe

Mg + CO2=MgO + CO

Металдар  органикалық қосылыстармен де әрекеттеседі:

     Na + C2H5OH = C2H5ONa + 0,5H2

    2Na + CH3Cl = C2H6 + 2NaCl

Металдарды  алу әдістері

Құрамында металл қосылыстары бар минералдар мен  тау жыныстарынан металды өнеркөсіптік жолмен беліп алу экономикалық тиімді болса, олар кен деп аталады.Металдар табиғи кендерден алынады. Кендегі  металды бос жынысынан айыру  арқылы байыту жүргізіледі — олардың  бірі флотацияәдісі. Алу әдістері металдардың  химиялық белсенділіктеріне негізделген.

Қазақстандагы металл кендері және металл өндірісі аймақтарда төмендегідей болып шоғырланған.

    Pb, Zn - Текелі, Малеевск, Ащысай;Mg, Ti, Zn, In, Be, Ta, Nb - Өскеменде өндіріледі (Қорғасын-мырыш, Титан-магний комбинаттары, Қазмырыш АҚ);Мn - Қаражал, Жезді;Сr - Хромтау (Кемпірсайда), Ақтөбе облысы Cu - Жезқазған, Ақтоғай, Айдарлы; Fe - Қарағанды, Орал, Рудный, Соколов-Сарыбай, Лисаковск;W, Мо - Ағадыр, Катонқарағайда (Шығыс Қазақстан облысы); Sn - Көкшетау (Сырымбет), Қорғалжын;Аu - Бақыршық, Майқайың, Жітіқара.

Бұл өндірістерде сәйкес жылу, су және электр куаты пайдаланылады.

Металл беріктігі  – металдардың белгілі бір  жағдайлар мен шектерде қандай да бір әсерлерді (түскен жүктемелер, әр түрлі температуралық, магниттік, электрлік, т.б. өрістер, әркелкі кебу немесе ісіну, физикалық-химиялық процестердің дененің  әр түрлі бөлігінде әркелкі өтуі, т.б.) бұзылмай қабылдау қасиеті.

Металдар  коррозиясы

Металдардың басым көпшілігі қоршаған орта (су, ауа) әсерінен жемірілуге (коррозияға) ұшырайды. Металдарды жемірілуден қорғау - қазіргі заманның ең негізгі мәселесі болып отыр. Жемірілуден қорғаудың негізгі әдістері:

лактау, бояумен  бояу

Электрохимиялық қорғау

Катодтық, анодтық  қорғау

Электр қорғау, т.б.

          Бейметалдар - металл еместер қатарына: сутек, бор, көміртек, кремний, фосфор, мышьяк, оттек, күкірт, селен, теллур, галогендер, асыл газдар жататын химиялық элементтер тобы; оларды металдардан бөліп топтауға қолданылатын атау.[1]Табиғаттағы белгілі бейметалдар саны металдарға қарағанда аса көп емес. Периодтық жүйедегі бейметалдардың орнын анықтау үшін бор элементінен астатка дейін көлденең сызық жүргізсе, кестенің жоғарғы оң жақ бұрышын ала негізгі топшаларда бейметалдардың орналасқаны байқалады. Периодта бейметалл әлемент атомының ядро заряды біртіндеп өседі де, атом мөлшері кішірейеді. Сондықтан электрон қосып алуға бейімділігі жоғары және тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Ал бейметалл орналасқан негізгі топшаларда (IV—VII) атомның радиусы неғұрлым кіші болса, ол ең сыртқы электрондарды күшті тартады. Демек, тотықтырғыштық қасиеті басым болады. Мысалы, фтор мен хлор атомын салыстырсақ, ең күшті тотықтырғыш — фтор. Бейметалдардың тотықтырғыш қабілеті электртерістіктің сан мәніне байланысты. Тотықтырғыш қасиеттердің өзгеруіндегі осы заңдылық сол бейметалдар түзетін жай заттарға да тән.

        Нағыз бейметалдар негізгі топшалардың элементтері болады, сыртқы электрондық қабаттары аяқталуға жақын жөне атомдық радиустары кіші болып келеді. Сондықтан олар сыртқы қабатына электрон қабылдауға бейім келеді. Бұл қасиеттері периодтарда солдан оңға қарай, ал топтарда төменнен жоғары қарай артады. Электрондарды оңай қосып алып, олар негізінен тотықтырғыштық (т-т-ш) қасиет көрсетеді.

       Бейметалдар өр түрлі агрегаттық күйде кездеседі. Күкірт, фосфор, кеміртек қатты күйде болады. Олардың кристалдық торларының түйіндерінде атомдар орналасқан.

       Ал молекулалық кристалдық торлы заттар газ күйінде жүреді, мысалы, 02, Н2, N2, Сl2, т.б. Бейметалдар жылу мен токты өткізбейді, суда нашар ериді. Олардың кейбіреулері бос күйінде кездеседі (S, 02, Н2, т. б.), ал көпшілігі қосылыстар күйінде жүреді.

       Көміртек байланысқан күйінде мұнайда, тас көмірде, табиғи жәнө мұнайға серік газдардың құрамында болады. Оның бос күйіндегі жай заттары алмаз, графит жөнө карбин. Көмірдің қоры Екібастұз, Қарағанды көмір бассейндерінде көптеп кездеседі, сол жерлерде өндірістік көлемде алынады.


Информация о работе Металлдар мен бейметалдар