Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2013 в 15:46, реферат
Металдар– Электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты.
Металдардың (сынаптан басқа) кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Сондықтан олардың жиынтығын электрон газы деп те атайды. Су ерітінділеріндегі реакциялар үшін металдың активтілігі оның активті қатардағы орнына байланысты.
Әдетте металдардың балқу температурасы 800°-тан кем болса, оңай балқитындар 800°-тан жоғары болса, қиын балқитындар деп бөледі. Бу күйіне ауысқанда металдар жеке-жеке атомдардан тұрады.
Металдардың сынаптан басқасы қатты болғанымен, қаттылығы әр түрлі, мысалы, хромға алмаздан басқа еш қатты зат батпайды, ал калийді саз балшықтай саусақпен илеуге болады.
Меншікті салмақ жағынан да металдардың айырмашылығы үлкен; жер бетінде белгілі қатты заттардың ең ауыры осмий, ең жеңілі литий, екеуі де металл, бірінен бірі 40 есе ауыр.
Металдарды ауыр, жеңіл деп бөледі, шартты келісім бойынша 5-ке тең меншікті салмақ шекаралық меншікті салмақ деп алынады.
Металдарды тегіне сай, химиялық ұқсастығьша, табиғатта таралуына қарай мынадай топтарға бөледі:
Қара металдар — бұған темір және оның қүймалары жатады; тусті металдар — бүған темірден басқа барлық металл кіреді; асыл металдар: Ag, Аи, Pt, Ir; сілтілік металдар: Li, Na, К, Rb, Cs, Fr. Сілтшк-жер металдар: Ca, Sr, Ba, Ra; сирек кездесетін металдар: V, Mo, Be,In, Zr, La, Nb, Re, Ge,* (Сирек металл деген үғым металдың табиғаттағы қорының молаюына қарай, әрі оларды таза күйінде алу өдісініңжеңілдеуіне сәйкес өзгеруі де мүмкін, онда ол сирек металдар қатарынан шығып қалуы ықтимал.