IX сыныпта химия пәнінен «Металдар
тарауын қорытындылау» тақырыбында өткізген
ашық сабағымның мақсаты:
Металдар тарауындағы маңызды ұғымдарды
толық меңгерту арқылы оқушылардың білімін
толықтырып,пысықтап бекіте түсу және
сабаққа ойын элементтерін пайдалану
арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
ояту болды.
Сабақтың дайындық кезеңінде сынып оқушыларын
ойын-сайыстың өту бағдарламасымен таныстырғаннан
кейін оқушыларды «Алтын»және «Күміс»
деген екі командаға бөліп , үлгерімі жақсы
бір оқушыны әділ қазы ретінде тағайындадым.
Қолданылған көрнекіліктер: Металдардың
активтік қатары көрсетілген сызба , түрлі
түсті таратпалар , зертханалық жұмыс
жүргізуге қажетті құралдар, металдардың
қасиеттеріне байланысты мақал-мәтел
жазылған көрнекіліктер.
I.кезең . Мақал-мәтелдер сайысы.
Оқушылар өздері алдын-ала дайындаған
мақал-мәтелдерін айтқанда қарсылас команда
мүшелері айтылған мақал-мәтелде металдың
қандай қасиеті негізге алынғанын топ
ішінде талқылап жауап берулері керек.Әр
дұрыс жауап 3ұпаймен бағаланады. Мысалы:
«Алтын » командасының дайындаған мақал-мәтелдері
:
1.ײТемірді қызған кезінде соқ״
( Металдарды қыздырған кезде ішкі электрондарының
қозғалысы артып оңай созылғыш ,иілгіш
қасиетке ие болады.)
2. “Алтынмен аптап , күміспен күптеп ....”
(Химиялық белсенділігі төмен асыл металдармен
арзан және оңай жемірілгіш металдарды
қаптап жасалған зат адамның игілігіне
ұзақ қызмет етеді,және қымбат бағаланады.)
«Күміс»командасының дайындаған мақал-мәтелдері:
1.” Ақыл арымас , алтын шірімес„
«Алтын»командасының берген жауабы:
(Алтынның химиялық белсенділігінің төмендігі
мақалдың теңеуіне негіз болған)
2.“Батыр майданда шынығады, болат қайнауда
шынығады.”
(Сапалы болат алу үшін темірді басқа да
қоспалармен араластырып жоғары температурада
балқытады. Себебі жогоры температурада
темір атомдары қоспа элементтерінің
атомдарымен кірігіп мықты байланыс түзеді.)
ΙΙ.кезең .Графикалық диктант. Адамның
күнделікті тұрмыс тіршілігінде көп кездесетін
кальции және мыс элементтеріне сипаттама
беру.Тақтаға әр командадан бір оқушы
шығып тапсырманы орындайды.Оқылатын
сұрақтарды әр оқушы өзіне тиісілі затына
байланыстырып жауап береді.Сұрақпен
келіссе «--» деп, қате деп тапса «ٮ »деп әр санның астына белгілейді.Дұрыс
жауап 2ұпаймен бағаланады.
1.Бұл элемент ІY период ІІ топтың негізгі
топшасының элементі .
2.Қышқылмен әрекеттесіп сутегін бөліп
тотықсызданады.
3.Электр тоғын жақсы өткізетіндіктен
электротехникада кеңінен қолданылады.
4.Сумен әрекеттесіп негіз түзеді.
5.Магний осы элементті тұзынан ығыстырып
тотықсызданады.
6.Ақ түсті , бордың құрамына кіреді.
7.Кристалгидратын зиянкестерді жоюға
қолданады.
8.Тұрақты ІІ валенттілік көрсетеді.
9.Гидроксиді суда ерімейді.
10.Белсенділігі жоғары жер сілтілік металл.
ІІІ. Кезең.«Сиқырлы сандықша» ойынында
қағаз сандықша сұрақ-тапсырмалармен
толтырылған. Әр топтан бір оқушы шығып
сандықшадан сұрақтарды алып дауыстап
оқиды.Топтың мүшелері білім деңгейлеріне
байланысты сұрақты таңдап жауап берулеріне
болады.Қызыл түсті таратпаға А деңгейінің
,көк түсті таратпаға Ә деңгейінің ,жасыл
түсті таратпаға Б деңгейінің тапсырмалары
берілген.Қызыл таратпа5ұпай ,көк таратпа
3ұпай , жасыл таратпалар 2 балмен бағаланады.
А деңгейінің тапсырмалары:
1.Массасы 0,89г мырыш пен магний қоспасына
сұйылтылған күкірт қышқылымен әсер еткенде
0,448л сутегі бөлінсе қоспаның құрамы қандай
.
2.Көлемі 250мл массалық үлесі 20 % ,тығыздығы
1,23мл NaOH ерітіндісіне қорғасын нитраты
ерітіндісінің жеткілікті мөлшерімен
әсер еткенде қанша қорғасын гидроксиді
тұңбаға түседі.
Ә. Деңгейінің тапсырмалары:
Мына химиялық реакция теңдеуін электрондық
баланс тәсілімен теңестір.
1.FeCl3 + KI → Fe + I2 + KCl
2. H2S + HNO3 → H2SO4 + NO2 + H2O
Б.деңгейінің тапсырмалары:
.Реакция теңдеуін аяқта :
1. Na + H2O → FeO + CO → Fe + CO2
2 Fe + O2 → Fe(OH)2 →FeO + H2O
IVкезен .«Сырлы сөз» ойын-сайыс
бөлімінде оқушыларға химиялық элементтерінің
электрондық құрылыстарының формуласы
арқылы химиялық элементтерінің атомдарын
атап тор көзге орналастыру арқылы металға
байланысты жасырылған сырлы сөзді табу.
V кезең. «Құбылыс әлемі» . Әр
топтан бір оқушы шығып зертханалық жұмыс
орындайды.Реакцияның молекулалық, толық
және қысқартылған иондық теңдеулерін
жазу .
1 топтың жүргізген зерханалық жұмысы:
Zn + CuSO4→ ZnSO4 + Cu
ертінді баяу реакция нәтижесінде мырыш
атомның тотықсыздануы мыс иондарының
әсерінен жүреді
2 топтың жүргізген зерханалық жұмысы:
2H2SO4 + Cu → Cu SO4 + SO2 + 2H2O
Концентрациялық күкірт қышқылын мыспен
әрекеттестіріп қыздырды. Өткір иісті
газ бөлінді. Ертінді көк түске боялады.
Күкірт қышқылы тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
VI. кезең. «Химиялық эстафета» Команда
мүшелері кезекпен тақтаға шығып химиялық
реакция теңдеулерін орындайды.Әр реакция
теңдеуін дұрыс жазса 1 ұпайдан алады.
1-ші команда тапсырмалары:
Fe → FeO → FeSO4→Fe(OH)2→Fe(OH)3→ Fe2O3
2-ші команда тапсырмалары:
Ca→CaO→ Ca(OH)2→ CaCO3→ CaO→CaSO4
Сабақты қортындылау.Металдар тарауын
қайталауға арналған ойын-сайыс сабағын
қорытындылағанда жеңімпаз топ ретінде
«Алтын»командасы танылды.Ойын-сайыс
сабағында білімділігімен, тапқырлығымен
танылған оқушылардың білімдері бағаланып
, мадақтау қағазына ие болды. |