1950-ші жылдардың ортасынан
бастап 1970-ші жылдарға дейінгі кезеңді
батыс мамандары логистиканың қалыптасу
кезеңі (концептуализация) деп атайды.
Бұл кезең, ең алдымен, АҚШ-тағы логистиканың
теориясы мен практикасының тез дамуымен
сипатталды. Сол кезеңде дистрибьюцияны
жақсарту мүмкіндігін, ең алдымен шығындарды
төмендету тұрғысынан, елемеуге болмайды.
Белгілі американ жазушысы және менеджмент
бойынша кеңесші Питер Друкер дистрибьюцияны
''көбінесе еленбейтін және американ бизнесінің
ең сенімді саласы '' деп атаған.
Логистиканың батыс бизнесінде
тез етек жаюының маңызды фактілерінің
бірі - жеке бөлудегі жалпы шығындар концепциясының
пайда болуы болды. Бұл концепцияның мәні,
дистрибьюцияда шығындарды тауарды өндірушіден
тұтынушыға жылжытуға кеткен шығындардың
жалпы деңгейі азаятындай етіп қайта топтауға
болатындығына келіп саяды. Мысалы, тауарлар
тасымалын автомобиль көлігінен әуе көлігіне
алмастыра отырып, аралық қоймаларды құру
қажеттілігінен қашуға болады, яғни қорларды
қоймалауға, сақтауға және басқаруға кететін
шығындарды шығаруға болады. Бұл жерде
тасымалдау шығындары өскенмен, өткізу
торындағы шығындардың жалпы деңгейі
төмендейді. Бұл мысал, екі маңызды логистикалық
қызметтер (қор мен тасымалдау) арасындағы
ішкі өзара қатынасқа ерекше көңіл бөледі.
Жалпы шығындар концепциясы логистикалық
шешімдерді қабылдау әдістемесін дамыту
үшін негіз болып табылады.
Сонымен бірге, осы кезеңде логистиканың
тез дамуын түсіндіретін бірқатар объективті
экономикалық және технологиялық факторлар
болған. Олардың негізгілеріне төмендегілерді
жатқызуға болады:
- тұтынушы сұранысының модельдеріндегі және қатынас-тарындағы өзгерістер (олигополиялық рыноктардың дамуы)
- өндіріске жұмсалатын шығындарды қысу;
- компьютерлі технологиялардағы прогресс;
- қорларды қалыптастыру стратегияларындағы өзгерістер;
- әскери тәжірибенің әсері.
Бұл факторлар 60-шы жылдары АҚШ-та
айқын көрінді. Рыноктағы негізгі
тенденциялар сатып алушыларға көңіл
бөлудің күшеюі (соның ішінде, қызмет
көрсету үлесінің өсуі) және бірдей
қажеттіліктерді қанағаттандыратын
(бәсекелес тауарлардың) түрлі тауарлардың
көп болуы болды. Олигополистік рыноктық
құрылымдардың тез дамуы бизнес ұйымдарын
сұраныс пен ұсынысты үйлестірудің, тұтынушыларға
жақсы қызмет көрсетудің жаңа жолдарын
іздеуге мәжбүр етті. Тапсырыс циклдарын
қысқартуға және өнім өндірісіне жаңа
кинетикалық көзқарастар пайда болды.
Тауарлар түрлерінің көбеюі дистрибьюция
жүйелерінде қорлардың құрылуы мен сақтауына
кететін шығындардың өсуіне алып келді.
Бұл өз кезегінде тауар өткізуші құрылымдарды
жетілдірудің және жеке бөлу процестеріндегі
шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын
іздеуді талап етті [4].
Екінші дүниежүзілік соғыстан соңғы
белсенді экономикалық өсуден кейін, 60-шы
жылдардың ортасында өндірушілердің
ұзартылған пайдасының едәуір құлдырауы
және оның тарылу кезеңі байқалды.
Рыноктық жағдайдың өзгеруі,
олигополистік бәсекелестіктің өсуі өнім
өндірушілерге шығын факторларының қысымын
күшейтті, менеджерлерді еңбек өнімділігін
жоғарылатудың, өндіріс пен дистрибьюциядағы
шығындарды төмендетудің жаңа жолдарын
іздеуге мәжбүр етті. Жаңа логистикалық
концепциялар оларға сондай мүмкіндік
берді. Бұдан басқа, менеджерлердің логистикалық
шығындардың көп мөлшерге дейін жете алатына
көзі жетті.
Логистикалық ойлаудың дамуына
әсер еткен маңызды факторлардың
бірі — бизнестегі есептеу техникасының
және ақпараттық технологиялардың
қолданылуы болып табылды.
Дамыған капиталистік елдер экономикасындағы
ғылыми-техникалық прогресс көп альтернативті
және оңтайландыру мәселелерін шешу
қажеттілігіне алып келді, мысалы, ондай
мәселелерге көлік түрін таңдау,
өндіріс пен қоймалардың орналасуын
оңтайландыру, оңтайлы маршрутизация,
өнімнің көп ассортиментті қорларын басқару,
ресурстар қажеттілігі мен сұранысын
болжамдау және т.б. жатады. Бұл мәселе
дамушы компьютерлік технологиялардың
қатысуынсыз қалмады, олар белсенді түрде
бизнеске 50-шы жылдардың ортасында ене
бастады. Компьютер кез келген ірі фирманың
айырылмас бөлігіне айналды. Сонымен қатар,
олармен бірге қазіргі экономикалы-математикалық
әдістер мен оңтайлы жоспарлау теориясының
әдістері, жаппай қызмет көрсету теориялары,
қорларды басқару теориялары және операцияларды
зерттеудің басқа әдістері қолданыла
бастады. Әсіресе, математикалық статистика,
сызықтық бағдарлау және болжау әдістері
кеңінен қолданыла бастады. Шығындарды
төмендету және оңтайлы басқарушылық
шешімдерді алу құралы ретіндегі ақпараттық-компьютерлік
технологияларды бизнеске енгізуге менеджер-лердің
қызығушылығы өсті.
Дистрибьюцияға қатысты логистикалық
әдісті күшейткен маңызды фактор
— қор қалыптастыру стратегиясының
өзгеруі болды. Көптеген тауар өндірушілер
өз өндірістерінде дайын өнімнің көп
мөлшердегі қорын құрғысы келмеді, керісінше,
оларды дистрибьюция арналарына ығыстыруға
тырысты. Сондықтан да көтерме, бөлшек
саудагерлер және басқа да сауда делдалдары
тауар өткізуші торлардағы қорлар деңгейін
басқару, бақылау, тасымалдау, қоймаларды
орналастыру мәселелерін өз бетінше шешуге
мәжбүр болды. Әрине, осы логистикалық
функциялармен байланысты дистрибьюторлар
шығындарының өсуі өндірушілерге қорларды
қайтарудың кері реакциясына алып келді.
Қайшылықты жағдайлар тек логистикалық
үйлестіру арқылы шешілуі мүмкін болды.
Менеджмент әскери логистиканың тәжірибесін
біртіндеп логистикалық іс-әрекеттерді
үйлестіру үшін және басқару үшін
қолдана бастады. Бұған АҚШ-тағы
бірқатар алдыңғы қатарлы университеттер
мен ғылыми-зерттеу фирмаларының
жасаған логистикалық іс-әрекеттеріне
әскерлердің демеушілік етуі өз әсерін
тигізді [2].
60-жылдардың соңында Батыста
(негізінен АҚШ-та) менеджменттің
интегралды құралы ретіндегі
бизнес-логистиканың концепциясы
қалыптасты. Концепцияның негізгі
мазмұны мынадай болды: “Логистика –
бұл белгілі бір уақытта және белгілі
бір жерде тауарлардың сұранысы мен ұсынысын
үйлестіруге және жылжытуға әсер ететін
барлық қызметтерді басқару”.
70-шы жылдардың басында бизнес-логистиканың
негізгі принциптері құрылды
және көптеген батыс фирмалары оларды
практикада табысты қолдана бастады. Бірақ
пайданы өсіруге қызығушылық білдірген
көптеген фирмалар үшін шығындарды азайту
және бақылауға қатысты логистикалық
әдіс айқын болмады. Бұдан басқа, логистикалық
үйлестіруді енгізу әрекеттері көптеген
батыс фирмаларында орта және тіпті жоғарғы
менеджменттің қарама-қарсы әрекеттеріне
алып келді. Ұзақ уақыт бойы дәстүрлі функцияларды
орындауға үйренген менеджерлер, мысалы,
сатып алу, тасымалдау, жүкті өңдеу қызметтерін
атқара отырып, жалпы шығындарды төмендету
концепциясының негізінде материалды
ағымдарды іштей бақылау үшін қажетті
ұйымдық өзгерістерді енгізуге кедергі
жасап отырған. Қосымша қиындықты логистикалық
шығындардың құраушыларын бөлуге және
бақылауға ыңғайланбаған бухгалтерлік
есеп жүйелері және фирмалардың логистикалық
белсенділігінің қаржы нәтижелерін бағалау
жүйелері тудырды.
70-ші жылдардың ерекше сипаты-жоғары
сапалы шикізат ресурстарының
жетіспеушілігі кезіндегі бәсекелестіктің
өсуі болды. Көптеген елдердегі
өндіріс құралдарына салынатын
инвестициялардың өсуі салыстырмалы тұрақтандырумен
ауысты.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
- Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие на казахском языке. Алматы: Қазақ университеті, 2004
- Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие. Издатмаркет62004Логистика: Учебник / Под ред. Б. А. Аникина. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Инфра • М, 2000.
- Неруш Ю. М. Логистика: Учебник для вузов. 2-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ: ДАНА, 1998.
- Голиков Е. А. Маркетинг и логистика. - М.: ИД "Дашков и КӘ", 1999.
- Смехов А.А. Введение в логистику. - М.: Транспорт,1993.
- Сергеев В.И. Логистика в бизнесе. - М.: ИНФРА-М, 2001.
- Сергеев В.И. Логистика: аналитический обзор. СПб.: Организация об-ва «Знаниең, 1996.
- Семененко А.И. Предпринимательская логистика - СПб: Политехника, 1997.
- Сухова Л.Ф. «Қазақстандағы математикалық-техникалық құралдарының қозғалысы» - М.: ИНФРА-М, 2001.
- Сухова Л.Ф., Сариев К.С. «Материалдық өндірістің инфрақұрылымы» М.: ИНФРА-М, 2002.
- Айгуль Тулембаева: «Экономика не прощает эмоций» статья. «Начнем с понедельника», № 10 (724), 7 - 13 марта 2008
- Логистика: Учебное пособие/Под ред. Б.А. Аникина. — М.: ИНФРА-М, 1997.
- Бауэрсокс Дональд Дж., Клосс Дейвид Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок / Пер. с англ. - М.: ЗАО "Олимп—Бизнес". 2001
- Берталанфи Л. Общая теория систем - обзор проблем и результатов. - М.: Наука, 1969.
- Гаджинский А.М. Логистика. - М.: Маркетинг, 2001.