Комплексты қосылыстар
Реферат, 28 Апреля 2013, автор: пользователь скрыл имя
Краткое описание
Кейбір иондар өздеріне басқа ионды немесе бейтарап молекулаларды қосып алуға бейім болып, нәтижесінде күрделі комплексті иондар түзеді. Олар өздеріне қарсы таңбалы иондармен әрекеттескенде әр түрлі комплексті қосылыстар түзіледі. Жалпы комплексті косылыстар деп қатты күйде де, ерітінді күйінде де тұрақты болып келетін жоғары ретті қосылыстарды атайды. Комплексті косылыстар швейцария ғалымы Альфред Вернердің 1893 жылы ұсынған координациялық теориясы бойынша түсіндіріледі. Координациялық теория негізі: Кез-келген комплексті қосылыстар – орталық орын алып тұрған ион немесе атом – комплекс түзушіден немесе орталық ионнан тұрады.
Прикрепленные файлы: 1 файл
комплекс косылыстары.docx
— 19.73 Кб (Скачать документ)Комплексті қосылыстар
Кейбір иондар өздеріне басқа ионды немесе бейтарап молекулаларды қосып алуға бейім болып, нәтижесінде күрделі комплексті иондар түзеді. Олар өздеріне қарсы таңбалы иондармен әрекеттескенде әр түрлі комплексті қосылыстар түзіледі. Жалпы комплексті косылыстар деп қатты күйде де, ерітінді күйінде де тұрақты болып келетін жоғары ретті қосылыстарды атайды.
Комплексті косылыстар швейцария ғалымы Альфред Вернердің 1893 жылы ұсынған координациялық теориясы бойынша түсіндіріледі.
Координациялық теория негізі:
- Кез-келген комплексті қосылыстар – орталық орын алып тұрған ион немесе атом – комплекс түзушіден немесе орталық ионнан тұрады.
Мысалы: Nа3[Fe(СN)6] - орталык ион темір.
- Орталық ионның айналасында қарама-қарсы немесе бейтарап зарядталған иондар немесе молекулалар қоршап тұрады. Олар лиганда деп аталады. Жоғарыда келтірілген мысалда лиганда ретінде – СN- - ионы атқарады.
- Орталық ион мен лиганда ішкі сфераны құрайды. Келтірілген мысалдағы ішкі сфера - [Fе(СN)6]3-.
- Ішкі сфераға орналаспай қалған иондар комплекс түзушіден алыс орналасады. Оны сыртқы сфера деп атайды. Сыртқы сфера – Na+ .
- Комплекс түзушінің айналасына координацияланған лиганданың
жалпы саны - комплекс түзушінің координациялык саны деп аталады. Мысалдағы коордияациялық сан – к.с. = 6.
Координациялық сан лиганда табиғатына, оның электрондық қасиетіне, ерітіндінің агрегаттық күйіне, концентрациясына, температураға тәуелді.
Комплекс түзушінің жіктелуі:
Комплекс түзуші:
1. оң зарядты иондар бола алады - К2[Нg+2І4], К3[ҒеҒб];
2. теріс зарядты иондар болады - К[J-1I4];
3. нейтралды атом бола алады - [Ғе°(СO)6]
Лиганданың жіктелуі:
Координациялык сферада лигандалар бір немесе бірнеше орын алу арқылы байланысады. Бұл белгісіне байланысты лиганда:
1. монодентантты – F-; Сl-; ОН- және ди-, полидентантты – NН3, Н2О, С2О42-;
2. теріс зарядты иондар – I-; Сl-; F-;
КОМПЛЕКСТІ ҚОСЫЛЫСТАР
Валенттік жайындағы ілім
химияға әбден орныққаннан
Комплексті қосылыстар туралы
ілімнің негізін жасаған
н+Гғ- ғ- "" Sі4+н+ Іғ+ ғ+
Демек, SіҒ4 құрамындағы кремний НҒ құрамындағы Ғ~ ионын өзіне тартып алады. Осы арадағы теріс зарядты фтор иондары, әрине, кейін тебіседі, бірақ оң зарядты кремнийдің оларды өзіне тартуы басым болғандықтан, оң 4 зарядты бір кремний теріс зарядты алты фтормен бірігіп, өткенде көрсеткендей комплекс түзеді, ол комплекс теріс 2 зарядты ион болып шығады. Комплекс иондары әдетте квадрат жақшаға алып жазылады.