Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Января 2014 в 10:34, курсовая работа
Карно еңбектерінің алғашқы мақсаты – бу машиналарының пайдалы әсер козффициентін көбейту, демек қайтседе аз отыннан көп энергия алу жолдарын болды. Сади Карно мынадай ойша тәжірибе жүргізді. Мысалы. Екі машина берілді делік, олардың біреуі – идеал, екіншісі – реал машина. Бүл машиналар бірдей жағдайда жұмыс істесін, яғни олардың пайдаланатын жылу көздері (қыздырғыштары жане суытқыштары) бірдей дейік. Сонда қандай себептердің әсерінен идеал машинаның өндіретін жұмысы реал машинаға қарағанда көп болады? Осы сұраққа жауап іздеуде Сади Карно өте маңызды қорытындыларға келеді.
КІРІСПЕ 5
1 ӘДЕБИ ШОЛУ 7
1.1 Карно циклі жане ПӘК 7
1.2 Тоңазытқыш машинасы 15
1.3 Карно-Клаузиус тәсілі және теоремасы 20
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ 24
2.1 Карно циклінің 1, 2, 3, 4-ші стадиялардағы жұмысын есептеу 24
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 28
теңдеуінен
Q1/T1
= Q2/T2=0
теңдеуі шығады. Мұндағы Q/T қатынасы келтірілген жылу деп аталады. Карно айналым процесіндегі келтірілген жылудың қосындысы нөлге тең [6].
Клаузиус бірінші теореманы ұсынарда мынадай жорамалдау жасады. Екі машинаның ПӘК бірдей емес (h1>h’), онда А1>А’, демек, бірінші машинада жылудың көбірек мөлшері жұмысқа айналады, суытқышқа азырақ мөлшері ауысады (Q2<Q’2). Енді бірінші машинада жасалған жұмысты кері циклмен жұмыс істейтін екінші машинаға жұмсайық. Бұл жағдайда екінші машинаның жұмыскер денесі Т2 температурада көлемін ұлғайтып суытқыштан Q2 жылуды алады, ал Т1 температурада керісінше көлемі сығылып жылу көзіне Q1 жылуды береді. Сөйтіп бірінші машина қыздырғыш ретінде, ал екінші машина мұздатқыш ретінде жұмыс істейді. Мұздатқыш машинасы әрбір циклде А’ жұмысты пайдаланып Q’ жылуды суық денеден ыстық денеге ауыстырады. Бұл ыстық дене бірінші машина үшін жылу көзі болады да, оған Q2 жылудың үстіне тағы да қосымша жылу береді. Толық бір циклде оның жылуы Q’1=Q1 болады.
Жұмыскер дене ретінде идеал газды қолданатын жылу машинасымен қатар тағы бір машина қарастырайық. Бұл машинада жұмыскер дене ретінде идеал газ емес, басқа бір зат, мысалы, бу не сұйық зат алынсын. Екі машинаның да жылу көзі мен суытқышы ортақ және температура аралығы бірдей: Т1 –ден Т2 дейін өзгереді.
Карно – Клаузиус теоремасы:
Бұл теорема бойынша Карно айналым проесінің пайдалы әсер коэффициенті жұмыс атқаратын заттың (дененің) табиғатына тәуелсіз болады.
Карно айналым процесі бойынша жұмыс істейтін қыздырғыштың температурасы-Т1, ал тоңазытқыштың температурасы -Т2; /T1 >T2/ болатын екі машинаны қарастырайық. Бірінші машинаның жұмыс атқаратын денесі – идеал газ, ал екінші машинаның жұмыс атқаратын денесі–идеал газдан басқа кез-келген зат (сурет 5).
T1
Q1 Q1̍
A A̍
Q2 Q2̍
T2
Сурет 5 – Карно-Клаузиус теоремасын дәлелдейтін сызба
Қарастырылып отырылған жағдайда Q1=Q1 болсын. Бірінші машина екіншіге қарағанда тиімді деп есептейік, яғни η1=η2, ондай жағдайда A>A1 және Q2<Q2 болады.
Бірінші машинаның істеген А жұмысы арқылы екінші машинаны кері бағытта жұмыс істей аламыз. Сонда бірінші машинаның істеген жұмысынан алынған жылу екінші істеген жұмысқа берілген жылуға тең, ол – Q1. Төменгі температурадағы тоңазытқыш жылуын жоғалтады Q1>Q2. Осы жылудың салдарынан алынған жұмыс ұтымдылығы (A > A1) болады.
Алайда мұндай қорытынды термодинамиканың екінші заңына қайшы келеді. Ендеше η1 η2-ден үлкен болуы мүмкін емес. Дәл η2 η1-ден үлкен болмайтынын да дәлелдей аламыз.
Карно-Клаузиустың бірінші теоремасы бойынша жылу машиналарының ПӘК қыздырғыш пен суытқыш температураларының айырмасынан ғана анықталады.
Екінші теорема бойынша берілген температураларда басқа циклдермен салыстырып қарағанда, Карно циклі – ең тиімді цикл.
Денеге берілген жылудың температураға қатынасы келтірілген жылу деп аталады. Цикл адиабаталар мен изотермалар арқылы өте көп Карно циклдеріне бөлінген.
Жұмыскер дененің жылу көзінен алатын жалпы жылуы:
Q1= Q'1+ Q'2+ Q'3+...+ Q'n (50)
Бұдан η1=η2 деген қорытындыға келеміз, яғни Карно айналым процесіне кері жұмыс істейтін машинаның пайдалы әсер коэффциенті жұмыс атқаратын дененің қасиетіне тәуелсіз, тек Т1 мен Т2-ге ғана байланысты болады.
Айтылған қорытындылар жұмыс атқаратын дене идеал газ болғанда ғана пайдаланылады [7].
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
2.1 Карно циклінің 1, 2, 3, 4-ші стадиялардағы жұмысын есептеу
1. Алғашқы 373 К температурада 1 моль оттегінің Карноның идеалдық машинасында бір цикл (айналым) жасап шығады. Бірінші ол изотермиялық түрде екі еселей көлемге үлкейеді. Онан соң адиабатикалық түрде үш есе көлемге кеңейеді (алғашқысымен салыстырғанда). Сөйтіп кейінгі адиабатикалық қосымшаның нәтижесінде алғашқы түрде қайтып оралу үшін. Изотермиялық түрде сондай көлеміне қысылып жиылады. φ=Cp/Cv=1.4 қабылдап, газбен жіктелген әрбір циклдің әрбір бөлімінің жұмысын есептеп алыңыз. Циклде және ПӘК (циклдің)-де жылудың әсерімен шыққан жұмысты есептеңіздер.
Шешуі: циклдің бірінші стадиясы үшін, изотермиялық процестің жұмысынмына теңдеумен анықтаймыз:
WT=nRTln(V2/V1)=QT
осыдан:
W1=8.314 * 373*2.3*lg(2V2/V1)=2146.06Дж
2. Адиабатикалық процестің екінші стадиясы үшін жұмысын мына теңдеумен анықтайды:
W2=nR1T-T2/φ-1
Т2-температураны мына теңдеумен анықтаймыз:
T2=T1(2V1/3V1)φ-1
T2=373(2/3)0.4=317.2K
Сондықтан:
W2=8.314*373-317.2/0.4=1159.8 Дж
3. Циклдің бірінші стадиясы үшін жұмыс керісінше, өйткені газдың қысымы жүреді W3=-nRTln(V3/V4)
Мына шарт бойынша V3=3V1 ,ал көлемі V4 мына шарт бойынша алыну керек, яғни адиабатиялық қысымнан мынадай теңесушілік шығады.
(V4/V1)φ-1=T1/T2
Сөйтіп, W3=-8.314*317.2*2.3*lg(3V1/1.
4. Циклдің төртінші
стадиясы үшін адиабатиялық
W4=-nRT1-T2/φ-1=1159.8 Дж
Барлық циклдегі жұмыс жиынтығы:
W=W1+W2+W3+W4
W=2146.06-1824.86=321.2 Дж
ПӘК циклі: η=W/Q1, мұнда Q1=A1
η=321.2/2146.06=14.36%
егер (2.1) теңдеумен анықтасақ осының нәтижесінен
η=T1-T2/T1=373-317.2/373=14.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытып айтқанда Карно циклі жылудың жұмысқа айналуы ешқандай компенсациясыз жүреді. Осыдан Карно машинасының жұбы екінші текті перпетуум-мобиле беретінін көреміз. Демек h1>h2 деген жорамалымыз дұрыс емес, ол термодинамиканың екінші заңына қайшы келеді. Егер, керісінше h1<h’ деп жорамалдасақ, онда жоғарыдағыдай қос машинадан тұратын жүйені құрып, идеал газбен жұмыс істейтін машинаны суытқыш ретінде алсақ, тағы да екінші заңға қайшы келетін қорытынды шығады. Осыдан Клаузиустың бірінші теоремасы шығады: қайтымды Карно машинасының ПӘК жұмыскер дененің табиғатына тәуелсіз.
Карно циклінде
жұмыскер дене ретінде идеал газ қарастырылға
Мәңгі қозғалтқышты жасау мүмкін болмайтындықтан мынадай қорытындыға келеміз: екі машинаның бір-бірінен артықшылығы жоқ, жылу көздері мен суытқыштары ортақ машиналардың тиімділіктері бірдей. Жалпы алғанда, қандай да қайтымсыз циклда болғандықтан, жылудинамикалық ПӘК-тің ішкі және сыртқы қайтымсыздығы қайтымсыз циклда да, қайтымдының ПӘК кем болады. Мұны былай түсіндіреді, қайтымсыз циклдағы өтетін жылулық, қайтымдыға қарағанда аз түрінде жұмысқа айналады.
Карно-Клаузиустың бірінші теоремасы бойынша жылу машиналарының ПӘК қыздырғыш пен суытқыш температураларының айырмасынан ғана анықталады.
Бұл курстық
жұмыстан Карно айналым процесінде
ПӘК-тің тек қыздырғыш пен
Сади Карноның айналым процесін талдай отырып, мынадай қорытындылар жасадым,оның біріншісі тіпті идеал машинаның өзінде де жылудың барлығын жұмысқа айналдыру болмайды, жылудың біраз бөлігі міндетті түрде жылу қабылдағышқа ауысып тұрадыдығы болса, екінщшісі, жұмысқа арналған жылудың үлесі жылубергіш пен жылу қабылдағыштың температураларына тәуелді екендігін анық байқалды.
Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес эксперименттік бөлімде қарастырылған Карно циклінің 1, 2, 3, 4-ші кезеңдеріндегі есептерді шығару барысында ерекше назар аударарлық жағдай олардың қарама-қарсы циклдерінде жасалынған жұмыс бірдей болды, оның себебі адиабатиялық кеңеюдің нәтижесінде газ қарама-қарсы температураға сайма-сай келеді.
Цикл орындалғаннан кейін жүйе алғашқы күйіне қайта келеді. Сондықтан күйдің кез келген функциясының, атап айтқанда, ішкі энергияның мәндері циклдің басында және соңына бірдей болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
1 Оспанов Х.Қ., Қамысбаев Д.Х., Абланова Е.Х., Шәбікова Г.Х., Физикалық химия. – Алматы: Қазақ Университеті, 2002 ж. -44-55 бб.
2 Құлбекұлы М., Молекулалық физика және термодинамика. -Алматы: Қарасай баспасы, 2005 ж. -69-73 бб.
3 Арызханов Б.С., Физика. –Алматы: Рауан баспасы, 1994 ж. -92-95 бб.
4 Савельев И.В., Механика, тербелістер мен толқындар молекулалық физика. –Алматы: Мектеп баспасы, 1977 ж. -450-462 бб.
5 Ғаламтор желісі –www.google.kz
6 Герасимова Я.И., Курс физической химии. –Москва: Химия, 1973 ж. -60-65 бб.
7 Абулаев Ж., Физика курсы. –Алматы: Білім баспасы, 1994 ж. -96-99 бб.
8 Иманғалиев Т.А., Физикалық химия. –Шымкент: 2005 ж. М.Әуезов Университеті -29-31 бб.
Информация о работе Карно циклі және пайдалы әсер коэффициенті