Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Января 2014 в 21:44, научная работа
Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар (127J), бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит, дитцент минералдарында, мұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште (спирт, эфир, күкірткөміртек, хлороформ) жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Жер қыртысындағы йодтың массасы бойынша үлесі 4*10-5%.
КІРІСПЕ 4
1 ЙОДТЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 6
1.1 Йодтың ашылуы 6
1.2 Элементтің сипаттамасы 7
1.3 Йодтың химиялық қасиеттері 8
2 ЙОД ӨНІМДЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 12
2.1 Йодтың таралуы 12
2.2 Йодтың медициналық маңызы 15
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 20
Йодтың антисептикалық қасиеттерін хирургияда алғаш болып дәрігер Буанэ қолданды. Йодтың ең қарапайым дәрілік өнімдері – сулы және спирттік ерітінділері – көп уақыт бойы хирургияда қолданысын таба алмады, бірақ 1865 – 1866 жж. ұлы орыс хирургы Н.И.Пирогов йодты тұнбаны жарақаттарды зарарсыздандыру үшін қолданған [8].
Құрамында йод бар өнімдер
Диагностикалық мақсатта құрамында йоды бар рентгеноконтрастылы заттар қолданылады. Йод өнідерін ұзақ уақыт бойы қолданғанда, оған деген сезімталдылық күшті болса, онда йодизм пайда болуы мүмкін. Оның клиникалық белгілері: жөтелу, крапивница, квиноктың ағуы, жас ағу, жыланбалық тәрізді бөртпе (Йододерма). Йод өнімдерін өкпе туберкулезі кезінде, жүктілік кезінде, бүйректердің ауыруы мен ұзақ мерзімді Йодермия, геморрагиялық диатез, крапивнице аурулары кезінде пайдалануға болмайды.
Йод – теңдесі жоқ дәрілік
зат. Ол дәрілік заттардың жоғарғы
биологиялық белсенділігін және
олардың жан-жақты
Йод өнімдерін төрт топқа бөліп қарастыруға болады:
Құрамында йоды бар заттар әр түрлі қасиеттерге ие.
Йод өнімдерін сырттай және іштей қабылдайды: сырттай жарақатты зарарсыздандыру, тітіркендіру, тері аурулары үшін қолданса, ал іштей атеросклерозда, ұзақ уақытқа созылатын тыныс алу жолдарының суықтау ауруларында, үштік сифилисте, эндемикалық жемсауды алдын алу мен емдеу үшін, қорғасын мен сынаппен уланғанда қолданылады. Тәжірибелерде йодтың жоғарғы дозалары полиомиелитті, вирустық ауруларды және кейбір жүйке жүйесінің ауруларын емдеу үшін қолданылған.
Әйелдің гормоналды бұзылыстарында көп мөлшерде йод өнімдерінің дозалары пайдаланылады, мұндай ауруларға фиброздық-кистоздық мастопатия (сүт безінің ауруы), эндометриоз (жатыр денесінің мөлдір қабықшасының әр түрлі ұлпалар мен ағзаларға енгізілуі) және жатыр фибромасы (зарарсыз ісік). Минералдың емдік қасиеті эстрадиолдың рак ауруының экстрогенін тудырушы түрін эстриолға айналдыруына негізделген.
Йодты көп мөлшерде қолдану немесе оған өте күшті сезімталдылықтың болуы йодизмге алып келеді.
Йод өнімдері арзан және қолжетімді дәрілік-емдеуші зат болып табылады.
I2 – галоген. Металдық жылтырлығы бар қара-сұр кристалдар, ұшқыш. Суда нашар ериді, органикалық еріткіштерде жақсы ериді (ерітіндінің күлгін немесе қоңыр түске боялуымен) немесе суға Йодид тұздарын қосқан кезде ериді. Әлсіз тотықтырғыш және қалпына келтіргіш. Концентрлі күкірт қышқылымен, металдармен, бейметалдармен, негіздермен, күкіртті сутегімен әрекеттеседі. Басқа галогендермен қосылыстар түзеді.
Химиялық тұрғыдан Йод белсенді, бірақ хлор мен броммен салыстырғанда азырақ белсенді. Металдармен Йод кішкене қыздырғанда белсене әрекеттесіп, Йодидтер түзеді. Сутегімен йод тек қыздырғанда және толығымен емес әсер етіп, йодты сутегі түзеді.
Элементті Йод – тотықтырғыш, хлор мен бромнан әлсіз. Күкірттісутегі H2S, натрий тиосульфаты Na2S2O3 мен басқа тотықсыздандырғыштар оны I- дейін тотығады.
Хлор мен басқа күшті
Йод тиосульфатпен жақсы әрекеттеседі:
2Na2S2O3 + I2 = Na2S4O6 + 2NaI
Оның бұл қасиеті аналитикалық химияда қолданылады.
Крахмалда адсорбциялана отырып, йод оны қара-көк түске бояды; бұл Йодометрияда және йодты сапалық анықтау үшін қолданылады.
Йодтың булары улы және мөлдір қабықшаларды зақымдайды. Теріге Йод күйдіруші және залалсыздандырушы әсер береді. Йодтан қалған дақтар соданың ерітінділерімен немесе натрий тиосульфатымен жуылады.
Жер қыртысындағы йодтың массасы бойынша үлесі 4*10-5%. Мантия мен магмаларда және олардың жыныстарындағы (граниттерде, базальталарда) йодтың қосылыстары шашырап таралған; йодтың тереңдегі минералдары белгісіз. Жер қыртысындағы йодтың таралуы тірі заттармен және биогенді миграциямен байланысты.
Йод – адамдар мен жануарларға қажетті микроэлемент. Топырақтарда, орманды қара топырақты емес, құрғақ далалы, шөлді, таулы биогеохимиялық аудандарда йод жеткіліксіз түрде кезедеседі немесе кейбір миркоэлементтермен (Са, Mn, Cu) балансталмаған; осы аудандардағы эндемиялық жемсау аурының таралуы осымен байланысты. Топырақтардағы йодтың орташа құрамы 3*10-4% аралығында болса, өсімдіктерде 2*10-5%. Беттік ішілетін суларда Йод аз (от 10-7 до 10-9%). Теңіздік аудандардағы йодтың саны ауаның 1 м3 50 мкг жетеді, ал континенталдық және таулы жерлерде – 1 немесе 0,2 мкг құрайды.
Адамның ағзасына йод көп көлемде болуымен қатар, қандағы йодтың тұрақты концентрациясын сақтайды (10-5 – 10-6 %). Ағзадағы йодтың жалпы көлемінен жуықтап алғанда 25 мг, жартысынан көбі қалқанша безінде кездеседі. Мұндағы барлық йод әр түрлі тирозиннің туындыларының құрамына кіреді – қалқанша безінің гормонында, тек аз бөлшегі ғана 1% неорганикалық йод I- түрінде болады.
Йодтың көп мөлшердегі дозалары қауіпті: доза 2 – 3 г өлімге алып келеді. Сол кезде Йодид түрінде ішке қабылдауға рұқсат етіледі.
Егер ағзаға тамақпен бірге Йодтың неорганикалық қосылыстарын енгізсе, оның қанындағ йодтың концентрациясы 1000 есе арта түседі, бірақ 24 сағат өткеннен кейін ол ішкі ағзаның қалыпты жағдайдағы мөлшеріне теңеседі және ол тәжірибенің жағдайларына тәуелді емес.
Медициналық практикада йодорганикалық қосылыстар рентгенодиагностикада қолданылады. Йодтың атомдарының ауыр ядролары рентген сәулелерін жұтып алады. Ағзаның ішіне осындай диагностикалық затты енгізгенде, нақты рентген суреттерін алады.
Құрамында йоды бар заттар әр түрлі қасиеттерге ие.
Йод өнімдерін сырттай және іштей қабылдайды: сырттай жарақатты зарарсыздандыру, тітіркендіру, тері аурулары үшін қолданса, ал іштей атеросклерозда, ұзақ уақытқа созылатын тыныс алу жолдарының суықтау ауруларында, үштік сифилисте, эндемикалық жемсауды алдын алу мен емдеу үшін, қорғасын мен сынаппен уланғанда қолданылады. Тәжірибелерде йодтың жоғарғы дозалары полиомиелитті, вирустық ауруларды және кейбір жүйке жүйесінің ауруларын емдеу үшін қолданылған.
1811 жылы Бернар Куртуамен ашылған
химиялық элемент біздің
Йодтың қасиеттерін зертей отырып, биологиялық белсенді қоспалар ойлап табылды. Ал оны әрі қарай зерттеуде жаңа ғылыми жетістіктерге жол ашамыз. Бұл барлық әлемдегі адамдарға қатерлі аурулардан құтылуға мүмкіндік береді.