Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2015 в 13:04, курсовая работа
Бұрынғы заманнан бастап адамдар заттардың түсіне,дәміне,түріне,қаттылығына қарай олардың қасиеттерін саралап, фильтрлік әдіспен оларға әртүрлі талдау жасай білген.9-10 ғасырларға қарай Орыс патшалығында кейбір металдардың, мысалы, күміс, тазарта білген. Ал 17-18 ғасырларда приборлық анализ кеңінен етек алды.Ол туралы тәжірибелер І Петрдің жазған деректерінен білуге болады.
Негізінен, Химиялық анализ терминін белгілі ағылшын ғалымы Бойль 17 ғасырдың І –жартысында енгізген.
1.Кіріспе.................................................................................................................4
2.Жалпы сипаттама...............................................................................................7
2.1 Аналитикалық химия……..............................................................................7
3.Негізгі бөлім......................................................................................................10
3.1 Электрогравиметриялық талдау әдісі.........................................................10
4.Қорытынды........................................................................................................17
5.Қолданылған әдебиеттер..................................................................................17
Аналитикалық химия пәні – анализ және синтез, сандық және сапалық талдау, қайтымды және қайтымсыз реакциялар. Қазіргі заманғы Аналитикалық химияның дамуы өнеркәсіптің жедел дамуымен және оның әртүрлі салаларында аралық ғылыми зерттеу лабараторияларында инструменталды талдау анализдеріне жүйелендірілген химико-аналитикалық бақылау кезінде құрылғыларды физика, химиялық аспаптарды , электрондық есептеуіш машиналарды пайдаланады.Аналитикалық химия пәні және оның талдау әдістері қазіргі заманда өте маңызды роль атқарады.
5.Қолданылған әдебиеттер:
1. Цитович И.К. «Курсы Аналитической Химии».- Москва: «Высшая школа», 2004.
2. Құлажанов К.С. «Аналитикалық Химия».- Алматы: «Санат», 2000.
3. Логинов Н.Я. , Воскресеньский А.Г. , Солодкин И.С. «Аналитическая Химия».- Москва: «Просвешение»,2000.
Аналитикалық химия – заттардың химиялық құрамын анықтау туралы ғылым.
Негізгі міндеттері:
1)Талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау;
2)Түрлі заттардың құрамын анықтау әдістерін жетілдіру;
3)Жаңа әдістемелер ұсыну.
Сапалық және сандық талдау жүзеге асады.
Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын немесе массалық үлесін анықтайды
Талдау әдістері: Физикалық, Химиялық және Физика-Химиялық
Физикалық-Химиялық талдау әдістері белгілі бір химиялық реакция нәтижесінде талданатын жүйедегі өзгерістердің: жарық сіңіру, жарықтың сыңуы, электр өткізгіштік, жылу өткізгіштік сияқтылардың физикалық сипатын бақылауға негізделген.
Спектрлік, электр-химиялык, хромотографиялык,, радиометрлік, масс-спектрометрлік, термиялык топтар жатады.
Электрохимиялық талдау әдістері зерттелетін жүйенің электрлік және химиялық қасиетін өлшеуге, дәлірек айтқанда, электродтарда немесе электродтар арасындағы кеңістікте өтетін процестерді анықтайды.
1.Электродты электрохимиялық
реакцияның жүруімен
2.Электродта электрохимиялық
реакциялардың жүруіне
Электрогравиметрия
Электрогравиметриялық әдіс жұмыс кезіндегі электродта электролит құрамынан металл күйінде, не оның тотығы мен тұзы түрінде электрохимиялық шөгінді бөлінуіне, электродты электролизге дейін және одан кейін өлшеуге, бөлінген шөгіндіні массасы бойынша зерттелетін үлгіде талдауға, қажетті құрамды есептеп, анықтауға негізделген. Аналитикалық мақсат үшін кейбір металдардың катодтық бөлінуі көне электр-аналитикалық әдіске жатады. Ол арқылы кендегі, балқымадағы, әр түрлі ерітінділердегі металдарды, тіпті радиоактивті заттарды анықтайды. Бұл әдістің басты артықшылығы - онда қолданылатын құрылғының карапайымдылығы, жоғарғы дәлдігі мен кайталанымпаздылығы. Негізгі тетік - электрод мына шарттарға сәйкес болуы керек: олар электролиз процесі кезінде қосылыстармен химиялық реакцияға түспеуі, ауадағы оттекпен тотықпауы керек; электролиз кезінде бөлінетін шөгінді электродқа тығыз жабыса орналасуы қажет. Бұл талапқа платина электроды сай келеді.
Электрогравиметрия сыртқы немесе ішкі потенциал әсерінен жұмыс істеп тұрған электродтың беткі қабатына электродтың немесе еритін тұздардың шөгуіне негізделген.