Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 22:17, лекция
Білімділік: химияның негізгі түсініктері мен заңдары, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы, бейорганикалық заттардың кластары және олардың арасындағы генетикалық байланыс бойынша алған білімдерін тереңдету.
Сабақтың тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері. Химияның негізгі заңдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: химияның негізгі түсініктері мен заңдары, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы, бейорганикалық заттардың кластары және олардың арасындағы генетикалық байланыс бойынша алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын, есеп шығару химиялық тәжірибе жасау біліктерін дамыту. Осының бәрін атом – молекулалық ілім тұрғысынан дәлелдеу.
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа, өздігінен жауап беруге және оқушылар алдыңда сабақ айтқанда сенімділікпен, химиялық сөйлеуге жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілдері: деңгейлік тапсырмалар.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың оқу құралдарын тексеру, түгелдеу, сабаққа назарларын аудару.
Химия заттардың қасиеттері мен олардың құрамы мен құрылысын өзгерте жүретін үдерістерді зерттейді.
Химияның негізгі түсініктері: атом, ион, молекула, радикал, дисперстік күй коллоидты ерітінді және кристалдық, полимерлік, координациялық, т.б. заттар (1-сызбанұсқа).
Химия ғылымының өзіндік шартты тілі бар. Оны күнделікті сөйлесуде қолданылатын түсініктермен салыстырсық: химиялық таңба-әріптерге, химиялық формулалар – сөздерге, ал химиялық теңдеулер – сөйлемдерге сәйкес келеді.
Химияның негізгі түсініктері мен олардың арасындағы байланыстар 1-сызбанұсқада көрсетілген (9-бет).
Сергіту сұрақтары (Дұрыс жауап берген оқушыға фишка беріледі, сол бойынша бағаланады).
1.Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? (Зат)
2. Құрамына кіретін заттардың бөлшектері микрос коп арқылы да көрінбейтін қоспа қалай аталады? (Біртекті)
3.Шынының балқуы қай құбылысқа жатады? (Физ.)
4. Бөлінбейтін ең кішкентай бөлшектер. (Атомдар)
5.Атомдарының әр түрінен түзілген заттар...(күрделі)
6.Оттектің салыстырмалы атомдық массасы.(16)
7.Мыстың латынша атауы. (купрум)
8.Плюмбум – (қорғасын)
9. О әрпімен белгіленетін элемент (оттегі)
10.Таңбалар және формулалар арқылы шартты түрде жазылған реакциялар (Химиялық теңдеулер)
11. Заттардың агрегаттық күйлері.(Қатты,сұйық,газ)
12. Құрамына кіретін заттардң бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар қалай аталады?(Әр текті)
13. Темірдің тот басуы қандай құбылысқа жатады?(хим.)
14. Атом-молекулалық ілімді жасаған орыс ғалым.(Ломоносов)
15. «Эн» таңбасы (Азот)
16. Кремнийдің латынша аты?(силициум)
17. Сутегінің таңбасы.(Н)
18. Химиялық теңдеуді теңестіру үшін қойылатын сандар?(Коэфф-р)
19. Феррум...(темір)
20. Азоттың салыстырмалы атомдық массасы.(14)
Деңгейлік есептер шығару. Тапсырма жауаптары тақтаға жазылады.
І-деңгей.
1. Мына заттардың формулалары
бойынша салыстырмалы
2. Төменде берілген газдардың
сутегімен және ауамен
ІІ-деңгей.
1. Элементтердің валенттіктерін ескеріп, мына сызба бойынша реакция теңдеуін құр және коэффициенттерін қой:
Al + Cl2 →
Li + O2 →
2. Бір ғана зат түзілетінін біле отырып, реакция теңдеулерін аяқтаңдар:
а) барий+оттек(O2) =
б) натрий+ хлор( Cl2)=
в) мыс + оттек =
г) калий + күкірт =
д) литий + оттек =
3. Күкірт қышқылдарындағы күкірттің массалық үлестерін (%) табыңдар: H2S, H2SO3, H2SO4.
ІІІ-деңгей.
1. 36 г судың зат мөлшерін есептеңдер?
2. 11,1 г кальций хлориді
түзілу үшін неге грамм
3. Төмендегі теңдеулерде
қажетті заттың формуласын
b) …+ … = AlCl3
c) Au2O3 = Au + …
d) … + N2 = NH3
e) HI = … + I2
4. Сутегімен салыстырғандағы тығыздығы 32 болатын газдың 80 литрінің (қ.ж.) массасын, зат мөлшерін табыңдар.
Үйге тапсырма: Қайталау
Бағалау. әр оқушыға сұраққа және тапсырмаларды орындауда(толық жауап қызыл, толық емес жауап көк, қате жауап жасыл түсті карточка) жинаған карточкасының санын қосып неше карточка жинады соған сәйкес баға қойылады.