Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2015 в 19:03, лекция
Краткое описание
Химиялық технологияның негізгі заңдылықтары мен әдістемелері және бейорганикалық заттар технологиясы. Байлағыш заттар мен органикалық заттар технологиясы.
атмосфералық азоты байлау
әдістері қалай орындалады?
аммиак синтезі қандай сатылардан
тұрады?
аммиак синтезінің технологиялық
процесін сипатта;
азот қышқылын алу технологиясын
сипатта;
азоты минералды тыңайтқыш
түрлеріне не жатады? Және оларды алу технологиясына
анықтама бер.
Силлабус соңындағы
негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді
пайдалану ұсынылады.
7 – тақырып: Минералды
тыңайтқыш және улы химикаттар
технологиясы
Дәріс мақсаты: фосфатты шикізат түрлері,
оны химиялық әдістермен өңдеу, минералды
тыңайтқыштар, оның түрлері, жіктелуі,
оларға қойылатын талаптар, жәй және қос
суперфосфат тыңайтқышын және фосфор
қышқылын алу технологиясын қарастыру.
1. Фосфатты шикізат
түрлері және негізгі кен орындары.
2. Табиғи фосфаттарды
қышқылдық, термиялық және гидротермиялық
өңдеу
3. Фосфорды электротермиялық
әдіспен алу.
4. Минералды тыңайтқыштар
және олардың жіктелуі.
5. Қос суперфосфат
және аммоний фосфатын алу технологиясы.
6. карбамид синтезі.
Фосфор тірі ағза
және өсімдік үшін маңызы зор элементтер
тобына жатады. Оның жер қыртысындағы
мөлшері әрбір өніммен бірге кетіп отыратындықтан
фосфорлы тыңайтқыштар ауыл шаруашылығында
кеңінен қолданылады. Фосфатты шикізат
түрлері және негізгі кен орындары Қазақстанда
көптеп кездеседі. Табиғи фосфаттардың
қышқылдық, термиялық және гидротермиялық
өңдеу әдістері кеңінен қолданылады. Фосфорды
электротермиялық әдіспен алу кең жолға
қойылған. Онда әр түрлі пеш түрлері қолданылады.
Фосфор фосфор және полифосфор қышқылдарына
өңделінеді.
Фосфорлы тыңайтқыштар
құрамына байланысты топырақта әр түрлі
дәрежеде ериді. Сондықтан өсімдік оны
әр түрлі сіңіреді. Фосфорлы тыңайтқыштар
алу үшін фосфорит пен апатит кені қолданылады.
Олар жай және қос суперфосфатқа өңделінеді.
Бұл процестің принципиалды негізі фосфоритті
немесе апатитті минералды қышқылдармен
өңдеу болып табылады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
фосфорлы шикізаттардың қандай
түрлері бар және Қазақстанда фосфориттердің
кен орындары қай облыстарда орналасқан?
табиғи фосфаттарды термиялық
жолмен өңдеу әдістері қалай жүзеге асады?
фосфор қышқылын алу технологиясын
сипатта.
фосфорлы тыңайтқыштар қалай
жіктеледі?
фосфорлы тыңайтқыштарға қандай
талаптар қойылады?
жәй және қос суперфосфат қалай
алынады?
Силлабус соңындағы
негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді
пайдалану ұсынылады.
2-БӨЛІМ.
БАЙЛАҒЫШ ЗАТТАР МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАР
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Глоссарий (анықтама, сөздік)
Термопластикалық
полимерлер – құрылымы сызықты полимер
немесе сополимер.
Полимеризация
реакциясы – мономер молекулаларының
қосылып, құрамы бастапқы мономерге сәйкес
полимер молекуласының түзілу процесі.
Целлюлоза – құрылысы талшықты
болып келетін өсімдік жасушасының қабырға
бөлігін құрайтын клетчатка.
Гемицеллюлоза – целлюлозадан тұратын
бірақ одан тізбек ұзындығының аздығымен
және химиялық тұрақтылығының төмен болуымен
ерекшеленетін полисахарид.
Лигнин – жасуша қабырғасына
қаттылық және серпімділік қасиет беретін
целлюлозамен салыстырғанда көміртегі
саны аз болып келетін ароматикалық сипаттағы
күрделі органикалық зат қоспасы.
Жоғары молекулалық
қосылыстар – барлық компонентті
біріктіретін қоспаға иілгіштік, қалыпқа
келу, электроизоляция, антикоррозиялық
қасиетін беретін маңызды қосылыс.
Қоспалар
– пластикалық массаға
белгілі бір физикалық қасиет беретін
қатты заттар.
8 – тақырып: Силикаттар
технологиясы
Дәріс мақсаты: Силикат өнімдерінің
түрлері, силикат технологиясында жүретін
процестер, гипстік байлағыш заттарды
алу, портландцемент өндірісін қарастыру.
Силикат өнімдерінің түрлері
мен қолданылуы;
Силикаттар технологиясында
жүретін процестер. Гипстік байлағыш заттарды
алу;.
Байлағыш заттардың қату теориясы.
Портландцемент: құрамы, қасиеті
және өндірісі. Цементтің қату теориясы.
Силикаттар технологиясында
жасанды жолмен әр түрлі минералды заттарды
немесе олардың қоспасын және шыны алу
қарастырылады. Көптеген силикаттарға:
химиялық тұрақтылық, отқа төзімділік,
шикізаттың арзандығы тән.
Силикатты шикізаттар
табиғатта: саз, мергель, ізбестас, бор,
доломит, кварцты құм, табиғи шпат, нефелин,
гипс, т.б. түрде кездесетін тау жыныстары
түрінде болады. Силикат өнеркәсібінің
маңызды салаларына: керамика, отқа төзімді
материалдар алу, байлағыш заттар, шыны,
ситалдар өндірістері жатады.
Байлағыш заттар деп
– ұнтақ тәрізді минералды заттардың
сумен араластырғанда пластикалық затқа
ауысып, біраз уақыт өткеннен кейін тас
тәрізді денеге айналуын атайды. Пайдалануына
байланысты байлағыш заттар: ауада қататын,
гидравликалық, қышқылға төзімділер болып
бөлінеді. Гипс ірі немесе ұсақ кристалдан
тұратын тау жынысына жатады. Гипстің
байлағыштық қабілетін алу үшін термиялық
өңдеу арқылы оны жартылау сусыз және
сусыз формаға ауыстыру қажет.
Байлағыш заттардың
қату теориясы Ле-Шателье зерттеуіне,
яғни қату барысында гидролиз және гидратация
процесінің жүруіне сүйенеді. Артынан
Байков теориясы шығып, қату процесі 3
кезеңнен тұратындығы: оның суда еріп,
ертіндіні қанықтыруы, жартылай гидраттың
ұсақ кристалдары дигидраттың ұсақ кристалдарына
айналып, ертіндіні аса қаныққа ауыстыруы,
ұсақ кристалды коллоидты жүйе қайта кристалданып,
ірі кристалдарға ауысып, тұнбаға түсуі
анықталды.
Портландцемент –
ұнтақталған клинкерді гипспен немесе
басқа қоспамен араластыру арқылы алатын
гидравликалық байлағыш зат. Клинкерді
– құрамына ізбестас, саз, мергель, домналық
шлак т.б. компоненттер кіретін ұсақ дисперсті
шламды қыздыру арқылы алады. Портландцемент
қасиеті клинкер құрамымен анықталады.
Портландцемент өндірісі клинкер алу,
гипс және т.б. қоспаны қосып, оны ұнтақ
күйге ауыстыру процесінен тұрады. Цемент
алудың 3: құрғақ, ылғалды, және комбинирленген
әдістері бар.
Цементтің қатуы 3 сатыдан:
сумен араласқан цементтің еруі, коллоидация
– цемент компоненті сұйық фазада ұсақ
бөлшек түрінде таралуы, ұсақ бөлшектердің
пластикалық массаға ауысып, кристалдарға
айналуы.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
силикат өнімдерінің қолданылуы
мен түрлерін сипатта;
байлағыш заттар деген не?
қату теориясын сипатта;
портландцемент алу технологиясы
қандай?.
Силлабус соңындағы
негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді
пайдалану ұсынылады.
9 – тақырып: Хлор
және сілті өндірісі
Дәріс мақсаты: электрохимиялық әдіс
негізін, электролиз әдісімен хлор және
күйдіргіш натр алу технологиясын қарастыру.
1. Тұз ерітінділері
мен балқымалары электролизінің теориялық
негіздері.
2. Хлор және күйдіргіш
натр өндірісі.
3. Кальцинирленген
сода алу технологиясы.
Электрохимиялық процесс
деп – химиялық процестің электр тоғы
көмегімен жүруін атайды. Сулы ертінділердің
электролизі металды бөлмей немесе олардың
катодта бөлінуі арқылы жүреді. Натрий
хлоридінің сулы ертіндісінің электролизі
нәтижесінде хлор, сутегі және күйдіргіш
натр (каустикалық сода) алынады. Процесс
фильтрлік диафрагмасы бар ванналарда
іске асады.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
электролиз процесі деген не?
өндірісте хлор алудың технологиясын
сипатта;
натрий хлоридінің сулы ерітіндісінің
электролизі қандай талаптарды сақтау
арқылы жүреді?
Силлабус соңындағы
негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді
пайдалану ұсынылады.
10 – тақырып: Отын. Отынды өңдеу
Дәріс мақсаты: отын анықтамасы, жіктелуі,
түрлері және өңдеу технологиясымен таныстыру.
1. Отын туралы ұғым.
Отынның жіктелуі.
2. Қатты отынды өңдеу
әдістері.
Отын деп – жылу энергиясының
негізгі көзі және химия өнеркәсібі үшін
шикізат болып табылатын табиғи немесе
жасанды жанғыш органикалық заттарды
атайды. Отын агрегаттық күйіне байланысты
қатты, сұйық және газ болып бөлінеді.
Қатты отын жанғыш органикалық массадан
және жанбайтын минералдық бөлікпен ылғалдан
тұрады. Қатты отынды өңдеу үшін оны ауасыз
кеңістікте жоғары температурада ұстайды.
Бұл процесс кокстеу деп аталады. Кокстеу
процесі кезінде кокс газы, тас көмір смоласы,
шикі бензол және шайыр асты суы түзіледі.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Отын деген не? Және оның түрлеріне
сипаттама бер;
қатты отынды өңдеу қандай сатылардан
тұрады?
пиролиз деген не?
кокстеу технологиясын сипатта.
Силлабус соңындағы
негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді
пайдалану ұсынылады.
11 – тақырып: Мұнай және мұнай өнімдерін
өңдеу
Дәріс мақсаты: мұнай, оны өндіру және
өңдеу технологиясын қарастыру.
1. Қазақстан Республикасының
мұнай қоры.
2. Мұнайдың құрамы
және қасиеті.
3. Мұнайды өңдеудің
физикалық және химиялық әдістері.
Мұнай 83-87% көміртегіден
және 12-14 % сутегіден тұратын күрделі қосылыс.
Мұнай отын және шикізат ретінде кеңінен
қолданылатындықтан кез келген мемлекет
үшін оның маңызы өте зор. Қазақстан Республикасы
мұнай қорына бай. Оның негізгі бөлігі
Батыс Қазақстанда шоғырланған. Республикада
мұнай өңдейтін үш зауыт жұмыс жасайды.
Мұнайды өңдеуге дайындауда оның құрамынан
еріген газдар, минералды тұздар, су және
механикалық қоспаларды бөліп алады. Мұнайды
өңдеу әдістері алынатын өнім түріне байланысты:
отындық – мотор отынын алу, отынды-майлы
– отын және майлағыш заттар алынатын
және мұнайхимиялық процесс нәтижесінде
отын мен майдан басқа химия өнеркәсібіне
шикізат ретінде қолданылатын олефин,
ароматикалық және қаныққан көмірсутектер
алынатын болып жіктеледі.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:
Қазақстанда қандай ірі мұнай
Кен орындары бар?
мұнайдың құрамы менг қасиеттеріне
сипаттама бер;
мұнайды өңдеудің қандай әдістері
бар?
мұнай өңдеу технологияларына
сипаттама Бер.
Силлабус соңындағы
негізгі әдебиеттер тізімінен 1-9 әдебиеттерді
пайдалану ұсынылады.
12 – тақырып: Органикалық
қосылыстар технологиясы
Дәріс мақсаты: органикалық синтез
өкілдерінің алу технологиясын қарастыру.
Өндірістік органикалық синтез.
Органикалық синтездің негізгі
өкілдерін алу технологиясы.
Өндірістік органикалық
синтез. Оның дамуы және маңызы. Синтез
– газ өндірісі. Метанол синтезі, ондағы
физико-химиялық процестер, қолданылатын
катализаторлар. Метанол негізінде жүретін
синтез. Формальдегид алу, оның физико-химиялық
негізі, қолданылатын катализатор, технологиялық
кестесі. Этил спиртін тікелей және күкірт
қышқылды гидратация әдісімен алу. Процестің
физико-химиялық негізі және технологиялық
кестесі. Ацетилен алу және оны өңдеу.
Процестің физико-химиялық негізі, шикізаты,
технологиялық кестесі. Ацетиленді гидратациялау
арқылы және этиленді тікелей тотықтыру
арқылы ацетоальдегид алу. Карбон қышқылы
өндірісі.