Химиялық талдау, химия әдісі ретінде. Медико-биологиялық, токсикологиялық, Фармацевтикалық, биохимиялық, санитарлы – химиялық, ауылшаруа

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 16:41, курсовая работа

Краткое описание

Аналитикалық химия (грек. аnalysіs – талдау, жіктеу) – заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым. Аналитикалық химияның мақсаты талдаудың, аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін жан-жақты және кеңінен зерттеу, әр түрлі ортада элементтер мен олардың қосылыстарының тұрақтылығын және құрылысын, құрамын анықтау, заттардың термиялық, оптикалық, электрохимиялық, магниттік және т.б. сипаттамалырын зерттеу болып табылады. Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия' (ІV – XVI ғ.ғ.), 'иатрохимия (XVI - XVII ғ.ғ.), флогистондық (XVII - XVIII ғ.ғ.) және ғылыми (XIX-XX ғ.ғ.) болып бөлінеді.

Содержание

І. Кіріспе
Аналитикалық химия
ІІ. Негізгі бөлім

А) Химиялық талдау әдістері
Б) Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері

ІІІ. Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

jansaya soj.doc

— 56.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министирлігі

Оңтүстүк Қазақстан Мемлекеттік  Фармацевтика Академиясы

ФГЗ және химия кафедрасы

С ӨЖ

Тақырыбы:

Химиялық  талдау, химия әдісі ретінде. Медико-биологиялық, токсикологиялық, Фармацевтикалық, биохимиялық, санитарлы – химиялық, ауылшаруашылық, техникалық т.б. химиялық талдаудың қолданбалы түрлері.

 

 

 

 

Қабылдаған:Серімбетова Қ

Орындаған:Ағабек Ж

Тобы: 201 фк Б

 

 

Шымкент – 2012

Жоспар:

І. Кіріспе

   Аналитикалық химия

ІІ. Негізгі бөлім

 

А) Химиялық талдау әдістері

Б) Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері

 

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            І. Кіріспе

Аналитикалық  химия (грек. аnalysіs – талдау, жіктеу) – заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым. Аналитикалық  химияның мақсаты талдаудың, аналитикалық әдістердің теориялық негіздерін жан-жақты және кеңінен зерттеу, әр түрлі ортада элементтер мен олардың қосылыстарының тұрақтылығын және құрылысын, құрамын анықтау, заттардың термиялық, оптикалық, электрохимиялық, магниттік және т.б. сипаттамалырын зерттеу болып табылады.   Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия' (ІV – XVI ғ.ғ.), 'иатрохимия (XVI - XVII ғ.ғ.), флогистондық (XVII - XVIII ғ.ғ.) және ғылыми (XIX-XX ғ.ғ.) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері – талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.   Химиялық талдаудың көптеген әдістері ертеден белгілі: кеннен металл өндірген, әр түрлі құймалар алған, шыны балқытқан, қағаз дайындаған, дәрілер, бояулар, хош иісті заттар алған.

 

 

 

 

 

 

 

 

                               ІІ. Негізгі бөлім 

А) Химиялық талдау әдістері

Аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.                        Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Химиялық талдау белгілі бір тәртіппен жүреді, яғни  алдымен заттардың сапалық құрамы, содан соң сол заттардың сандық мөлшері анықталады. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық (классик.), физикалық, физика – химиялық, аспаптық, биологиялық әдістері бар. Химиялық әдістер (гравиметрлік, титриметрлік)-химиялық реакциялар арқылы жүргізіледі.Химиялық әдістерде химиялық әрекеттесулерді пайдаланады, олардың нәтижесінде сыртқы әсер жүзеге асады, мысалы, тұнбаға түсу, түсті ерітінділердің пайда болуы немесе газ тәріздес  ұшқыш өнімдердің бөлінуі.Аспаптық әдістер - физикалық құбылыстар мен процестердегі және химиялық реакциялардағы құбылыстарды физика әдістермен өлшеуге сүйенеді.Физикалық әдістерде химиялық реакция жүзеге аспайды. Бұл әдісте талданатын заттың  физикалық параметрлері өлшенеді, мысалы, балқу, қайнау температурасы, поляризация, электромагниттік қасиеттері, жарық сынуы, жарық жұтуы, электр және жылу өткізгіштігі.    Физика – химиялық әдістер заттың  қандай да  болмасын химиялық әрекеттесу кезіндегі физикалық қасиетін өлшеуге негізделген. Оларға спектроскопия, электрохимия және басқа әдістерді жатқызуға болады.Физикалық және физика – химиялық әдістердің химиялықтан айырмашылығы олар аспап және құралдармен орындалады, себебі олар қандай да бір болмасын концентрацияға байланысты  тіркеуді аналитикалық құралдармен қондығылардың көмегімен іске асырады, олар бұл тіркеуді, яғни талданатын заттың физикалық параметрлерін өлшейді.     Биологиялық әдістер - тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген және дәрі-дәрмектер  мен олардың шикізаттарына талдау жасауда кеңінен қолданылады.  Биологиялық әдістер дәрілік препараттардың биологиялық активтілігін анықтау үшін қолданылады. Мысалы, қанның құрамындағы қанның мөлшерін төмендете  алатын инсулиннің қасиеті, антибиотиктердің ағзадағы микроорганизмдердің өсу процесін тежеу қасиетін анықтауда қолданылады. Химиялық реакциялардың орындалу тәсілдеріне байланысты:

1. Құрғақ түрде  талдау        2. Ерітінді түрде талдау        Құрғақ түрдегі талдауды қатты заттармен жүргізеді. Бұл тәсілдің бірнеше түрі бар: біріншісі – пиротехникалық. Бұл әдісте затты от жалынында қыздырады, яғни жалынның түстерге боялуы жатады. Мысалы, натрий тұздары жалынды сары түске, барий тұздары – жасыфл түске, калий тұздары – күлгін түске бояйды. Екіншісі – ұнтақтау әдісі. Бұл әдісті 1898 жылы Ф.М.Фловинский ұсынған. Зерттелінетін затты және реагентті келіге салып ұнтақтайды. Реакция нәтижесінде түсті қосылыс түзіледі, оның түсіне қараай қорытынды жасайды.        Ерітінді түріндегі  талдауды ерітінділерде жүргізеді: бұл әдісте зерттелетін зат та, реагент те ерітінділер түрінде пайдаланылады.           Тамшылық әдісті  1920 жылы Н.А.Танаев ұсынған. Бұл әдіс зерттелетін заттың ең аз мөлшеріне арналған, оны жүргізу үшін сезгіштігі жоғары реагенттер қолданылады. Сүзгіш қағазға зерттелетін ерітіндінің бір тамшысын тамызып оның үстіне реагент қосады, байқалатын өзгерісті жай көзбен шолып байқайды. Талдауға алынған заттың мөлшеріне қарай  әдістерді келесі түрде жіктейді: макро -, жартылай микро-, микро-, ультрамикро-, субмикро-, субультрамикро- талдау.

 

Ескіше атауы

Жаңаша атауы

Массасы, г

Көлемі, см3

Макроанализ

Грамды әдіс

1-10

10-100

Жартылай микроанализ

Сантиграмды әдіс

0,005 – 0,5

1-10

Микроанализ

Милиграмды  әдіс

10*10-3 – 1*10-6

1*10-4 -0,1

Ультрамикроанализ

Микрограмдыәдіс

1*10-6 -1*10-9

1*10-4 -1*10-6

Субмикроанализ

Нанограмдыәдіс

1*10-9 – 1*10-12

1*10-7 - 1*10-10

СУбультрамикроанаиз

Пикограмды  әдіс

<10-12

<10


 

Б) Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері

Қазіргі кезде  кез – келген шикізаттың және өнімнің  сапасын анықтау үшін қолданбалы аналитикалық қызметтің маңызы жоғары. Химиялық талдаудың қолданбалы түрлеріне: техникалық талдау – кен, техникалық шикізат, металдар; ауыл - шаруашылық талдауы – топырақ, тыңайтқыштар, жем-шөп т.б.; азық түлік талдауы – ас-тағамдары; биохимиялық талдау – қан, зәр; тазалық – химиялық талдау – қоршаған ортаның тазалығы (ауа, су, топырақ); дәрі-дәрмектік талдау – дәрі-дәрмектік шикізат, дәрілер; заттардың улылығын талдау – өсімдік және жануарлар құрамындағы улы заттарды анықтау; сот-химиялық талдау – адам дене мүшелері (улар) тіршілік қалдықтары.        Фармацевтер үшін ең маңызды қолданбалы сала – фармацевтикалық талдау болып табылады. Оның  мақсаты медициналық өндіріс және дәріханалар дайындайтын дәрілердің сапасын анықтау. Фармацевтикалық талдауды фармацевтикалық химия қарастырады. Ол дәрілік препараттардың қасиеттерін және химиялық талдаудың әдістерін зерттейді:  дәрілік шикізаттың талдауын фармакогнозия; дәрілер технологиясы, дәрілер өндірісін  сатылы бақылауды қарастырады. Заттардың улылығын тексеру  және соттық химиялық талдаумен токсикологиялық химия айналысады.            Фармацевтикалық талдау химия – фармацевтикалық заводта, фабрикалар мен дәріханалық басқармаларда, аналитикалық бақылау  зертханаларында  жүргізіледі.      

 

                          ІІІ. Қорытынды

Талдау жасалатын  материалдардың химиялық анализі химиялық, фазалық немесе физико-химиялық әдістер  көмегімен анықталады. Химиялық әдістер өз негізінде тек химиялық әрекеттесулерді пайдаланады, олардың нәтижесінде көрінетін сыртқы эффекттер жүзеге асады, мысалы, тұнбаға түсу, оны тиісті операциялардан кейін өлшеуге болады(гравиметрия әдісі) немесе газ тәріздес не  ұшқыш өнімдер бөліп шығару (айдау әдәсі) немесе ерітінділердің түсінің өзгеруі (титриметрия әдісі).     Сонымен химиялық талдауға қойылатын мақсаттарына байланысты сапалық және сандық болып екі таруға бөлінеді. САндық талдау заттың сапасын анықтауға пайдаланылады, себебі ол оның сапалық құрамына тәуелді. Мысалы, дәрі ретінде қолданылатын аскарбин қышқылы препаратында оның массалық үлесі 99% болуы керек, бұл шамадан төмен болса оны пайдаланбайды.           Аналитикалық химия тұрмыста, тіршілік барысында кең қолданыс табатын ғылым саласы.  

 

 

 

 

 

 

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ә.Қ.Патсаев, Ш.С.Шыназбекова «Аналитикалық химия»

Шымкент 2007

  1. Б.Т.Өтелбаев «Химия 3» Шымкент 2000
  2. Қ.С.Құлажано«Аналитикалық химия»Алматы «Білім» 1994
  3. Ә.Қ.Патсаев, Ш.С.Шыназбекова «Аналитикалық химия пәні бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік қолданба»Шымкент 2005
  4. Интернет «Google.kz»

 


Информация о работе Химиялық талдау, химия әдісі ретінде. Медико-биологиялық, токсикологиялық, Фармацевтикалық, биохимиялық, санитарлы – химиялық, ауылшаруа