Химиялық реакциялардың жылдамдығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2015 в 15:48, реферат

Краткое описание

Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады.

Содержание

1.Альдегидтер дегеніміз не?
2.Альдегидтердің құрамы қандай?
3.Альдегидтердің физикалық қасиеті?
4.Маңызды альдегидтер?
5.Альдегидтердің қолданылуы?
6.Альдегидтердің алынуы?
7.Кетондар дегеніміз не?
8.Кетондардың құрамы қандай?

Прикрепленные файлы: 1 файл

Альдегидтер.docx

— 773.37 Кб (Скачать документ)

 

                                 

 

 

          Жоспар:

1.Альдегидтер дегеніміз не?

2.Альдегидтердің құрамы қандай?

3.Альдегидтердің физикалық қасиеті?

4.Маңызды альдегидтер?

5.Альдегидтердің қолданылуы?

6.Альдегидтердің алынуы?

7.Кетондар дегеніміз не?

8.Кетондардың құрамы қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Альдегидтер (лат. al(cohol) dehyd(rogenatum) — сутексiз спирт) - органикалық қосылыс. Молекула құрамында карбонил немесе оксо топшасы бар көмірсутек туындыларын альдегидтер және кетондар деп атайды.

Физикалық қасиеттері

Құмырсқа альдегиді — өткір иісті газ, сірке альдегидінен бастап келесі мүшелері — сұйық, ал жоғарғылары — қатты заттар. Альдегидтердің физикалық қасиеттері бұдан бұрынғы қарастырылған заңдылықтарға сәйкес келеді. Молекулалық массалары өскен сайын балқу және қайнау температурасы артады. Спирттерден өзгешелігі — альдегидтерде молекулааралық сутектік байланыс түзілмейді, сондықтан сәйкес спирттермен салыстырғанда қайнау температуралары төмен болады.

"Альдегидтер"

Барлық альдегидтер органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Химиялық қасиеттері. Құрамында еселі байланыс болғандық- тан, карбонилді қосылыстарға қосылу реакциясы тән. Қосылатын реагенттің теріс зарядталған бөлігі көміртек атомына, ал оң зарядталған бөлігі оттек атомына қосылады. Басқа органикалык косылыстармен салыстырғанда, альдегидтерде карбонилді топпен байланысқан С — Н байланысының белсенділігі жоғары және реакцияға жеңіл түседі.[1]

 

 

 

 

 

Маңызды альдегидтер

Аты

Формула

Балқу температурасы

Қайнау температурасы

Формальдегид

HCHO

−92 °C

−19 °C

Ацетальдегид

CH3CHO

−123 °C

20,8 °C

Пропаналь

CH3CH2CHO

−81 °C

48,8 °C

Бутаналь

CH3CH2CH2CHO

−97 °C

75 °C

Акролеин

CH2=CH-CHO

−88 °C

52,5 °C

Кротонды альдегид

CH3-CH=CH-CHO

−76,5 °C

104 °C

Бензальдегид

C6H5-CHO

−56 °C

179 °C

Салицилді альдегид

1,6 °C

197 °C

Фурфурол

−36.5 °C

161.7 °C


 

Құрылысы. Альдегидтер класының қарапайым өкілі — құмырсқа алльдегиді (формальдегид) СН2О — өткір иісті, түссіз газ. Оның судағы концентрациялы ерітіндісі формалин деген атпен белгілі. Құмырсқа альдегидін бір ғана құрылымдық формуламен жазуға болады: 
 
Н 
С = 0 
Н 
 
Егер формальдегид молекуласындағы сутегінің бір атомьга көмірсутек радикалымен алмастырса, онда осы альдегидтер класы-ның келесі өкілдеріне ауысуға болады

 

 

 

 

 

 

Кетондар. Кетондар дегеніміз – карбонил тобы арқылы байланысқан екі көмірсутек радикалынан тұратын органикалық заттар.Оларды құрамына кіретін радикалдар атына кетон сөзін қосып атайды,ал халықаралық атау бойынша құрамындағы көміртек атомына сәйкес алканның атына – он жұрнағын жалғау арқылы айтылады. Кетондардың ең қарапайым өкілі ацетон. Ол өткір иісті, түссіз сұйықтық, судан жеңіл, бірақ суда жақсы ериді, ұшқыш. Көптеген органикалық заттарды жақсы ерітеді. Мысалы, лакты, нитроцеллюлозаны, т.б. Ацетонды агашты құрғақ айдау арқылы, сондай-ак сірке қышқылы мен оның тұздарынан да алады:


 

 
 

Құрамында карбонил С=0 тобы бар қосылыстарды екі топқа бөледі: алъдегидтер және кетондар. Бұлардың бір- бірінен айырмашылығы альдегидтерде карбонил тобы радикалмен және сутек атомымен байланысқан, ал кетондар екі радикалмен байланысқан. Альдегидтер мен кетондарға қосылу реакциясы тән, қосылу реакциясы С=0 қос байланысты үзу арқылы жүреді.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Химия  Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова

 

 

 


Информация о работе Химиялық реакциялардың жылдамдығы