Химиялық қауіпті объектілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 20:53, доклад

Краткое описание

Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)).

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химиялық қауіпті объектілер.docx

— 19.97 Кб (Скачать документ)

                                                    Кіріспе

  «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы № 1298

қаулысына өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1387 қаулысына сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі  комиссияның міндеттерді тиімді шешуі үшін технологиялық үрдістерінде химиялық қауіпті заттарды пайдаланатын күшті әсер етуші улы заттармен  техногендік сипаттағы авариялар  мен апаттар кезінде халықты  қорғау бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мен болжауға бағытталған  мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны әзірлеу көзделген.

Химиялық, мұнай өндіруші, мұнайхимиялық, тағамдық, ет-сүт, тоқымашылық, қағаз және бір қатар өнеркәсіп  салаларының   кәсіпорындарында     күшті әсер етуші улы заттар бастапқы материал немесе түпкiлiктi нәтиже не жанама өнім болып табылады.

Қазіргі таңда өнеркәсіпте  және ауыл шаруашылығында адам он мыңдаған түрлі химиялық қоспаларды пайдаланса да, жыл сайын бұл сан 200-1000 жаңа заттарға көбейеді.

 Өнеркәсіпте, ауыл  шаруашылығында және тұрмыста  қолданылатын химиялық заттар  ассортименті үздіксіз өсіп келеді. Бұның барлығы  төтенше жағдайлардың  өте жиі    туындауына ықпал  етеді. Бұл жарылыстар, өрттер, опырулар, теміржол, автомобиль және авиациялық  оқиғалар, түрлі химиялық заттардың,  оның ішінде авариялық химиялық  қауіпті        лақтырындылар  мен төгілулер.

Олардың айтарлықтай қорлары  тағамдық, ет-сүт өнеркәсібінің объектілерінде, сауда базасының тоңазытқыштарында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарында  жұмылдырылған. Осылайша, мысалы көкөніс  базаларында хладагент ретінде  пайдаланылатын 100 т. аммиак, су құбырлары  станцияларында  - 10-нан 30 т. дейін  хлор бар. Бұл объектілер тұрғын үйлер  мен аудандарға тікелей жақын  жерде орналасқан.

Көп келеңсіздікті темір  жол әкеледі. Бұнда вагонның рельстен шығуы және аударылуы жиі болады. Жерге хлор, аммиак, бензол, бутадиен, формалин, түрлі қышқылдар, бензин, керосин, дизель отыны, мотор майы   және тағы басқалары төгіледі. Жерлер, су тоғандары, ауа және барлық қоршаған орта зақымданады. Сол кәсіпорындарда да жағдай жақсы емес.

Біздің елімізде және шет  елдерде улы заттардың төгілуімен (лақтырындыларымен)  химиялық қауіпті  кәсіпорындарда болған әр түрлі аварияларды  талдау тек соғыс уақытында ғана емес, сондай-ақ бейбіт уақытта да өндірістік персоналдар мен халықты қорғауды ұйымдастыру қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік  береді. Қоршаған ортаны зақымдауды бақылау  радиациялық бақылау сияқты қоршаған ортаның жалпы жағдайын бақылаудың құрама бөлімі болып табылады. Ол оның мониторингін – химиялық жағдайды нақты болжау, анықтау және бағалау, бақылау деректерімен  мониторингтің  ауыспалы деректерін салыстыру негізінде -  халықты қорғау және химиялық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі шараларды  әзірлеу қажеттілігін анықтау болып  табылады.

Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс  істеуі үшін әдеттегідей орта есеппен                      3 тәулікке, ал өндіріс бойынша кәсіпорындарға минералды тыңайтқыштар – 10-15 тәулікке дейін есептелген химиялық заттардың  азайтылмайтын запасы құрылады.  Нәтижесінде ірі кәсіпорындарда, сондай-ақ қоймаларда және кейбір порттарда бір уақытта өндіріс ауқымына байланысты мың, сондай-ақ ондаған мың осындай заттар сақталады. Жеке көкөніс (сауда) базаларында хладагент ретінде қолданылатын 150 тоннаға дейінгі сұйылтылған аммиак, су дайындау станцияларында 100-ден 400 тоннаға дейін сұйылтылған хлор бар.

Күшті әсер ететін улы заттардың  запасы базалық және шығындық қоймалар резервуарларында сақталады, технологиялық  желілерде, көліктік құралдарда (өнім құбырында, темір жол цистерналарында, контейналарда,  баллондарда, танкерларда) бар. Зымыран отыны компоненттері  қоймалар резервуарларында сақталады, темір жол цистерналарында және жанар-жағар май құюшымен тасымалданады.

Темір жол цистерналарының  жүк көтергіштігі: хлор үшін 47,6 тоннаны, 55,8 тоннаны немесе 57 тоннаны; аммиак үшін 30,7 және 45,3 тоннаны; тұз қышқылы  үшін 52,2 және 59,4 тоннаны құрайды. Автомобиль цистерналарының жүк көтергіштігі 2-6 тонна. Контейнерлердің (бөшкелердің) сыйымдылығы 0,4-2,5 м3, баллондар 0,005-тен 0,08 м3 құрайды.

 

                                        Терминдер мен анықтамалар

          Химиялық қауіпті объектінің қирауы күштіәсер ететін улы заттары бар барлық сыйымдылығының толық ашылуына алып келетін дүлей зілзаладан кейінгі жағдайды түсіну екенін ұғыну керек.

Бастапқы тозаң– күштіәсер ететін улы зат қираған кезде, барлық көлемінің немесе сыйымдылықтағы бір бөлігі бір уақытта ауаға тарауы нәтижесінде қалыптасатын зақымдалған аудағы бұлт.

Туынды тозаң– төгілген улы сұйықтықтың жер үстіне ұшуы нәтижесінде қалыптасқан зақымдалған ауадағы бұлт.

 Инверсия – төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан төмен болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақты жағдайы).

Изотермия – төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурамен бірдей болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның бейтарап жағдайы).

Конвекция - төменгі ауа температурасы жоғары қабаттағы температурасынан төмен болған кездегі ауаның жерге жақын қабатының жағдайы (атмосфераның тұрақсыз жағдайы).

Улы доза – алғашқы зақымдану белгілерін тудыратын жұтылатын доза.

Ықтимал зақымдану  аймағының алаңы – адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті концентрациядағы улы заттардың буымен (аэрозольмен) зақымданған ауаның жерге жақын қабаты аумағының алаңы.

Зақымдану тереңдігі авария ауданының шегінен зақымданудың тиісті алаңының барынша ұзақтығы дегенді білдіреді, ал зақымдану тереңдігі – бастапқы және туынды бұлттың таралу аймағының барынша ұзақтығы.

Таралу аймағы күштіәсер ететін улы заттар бұлттарының желдің бағыты бойынша таралуы нәтижесінде қалыптасатын авария ауданы шегінен тыс ауаның химиялық зақымдану алаңы дегенді білдіреді. 

  Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)).

  Химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде, ХҚО жақын орналасқан объектілерге және тұрғындарға дабылды қосу арқылы, бірыңғай «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналы беріліп, құлақтандырылады. Осы сигнал бойынша барлық жергілікті радиоларды, телеарналарды қосып, ТЖ туралы хабарламаны және өзін қалай ұстау керектігін тыңдау керек.

  Ақпаратта баяндалады:

- авария қай объектіде болғандығы жөнінде;

- күшті әсер ететін улы заттармен зақымдалған бұлттың таралу бағыты мен ауқымы;

- зақымданған аймақтан қай жаққа қарай (қай ауданға) шығу керектігі айтылады.

Ақпаратты тыңдап, зақымданған аймақта қалып қойған адамдардың іс-әрекеті:

- тыныс алу органдарын қорғауды қамтамасыз ету – қолдағы қорғаныс құралдарымен (суланған орамал, қолғап, мойынорағыш, ескі-құсқы заттар);

- терезені жабу, газды, электржылытқышты және тұрмыстық аспаптарды сөндіру, пештегі отты сөндіру;

- балаларды киіндіріп, қажетті жылы киімдерді және азық-түлікті, дәріқорапты алу, көршілерді ескерту;

- тез және дүрлікпей көрсетілген бағытпен ұйымнан, үйден шығу керек;

- егер Сіз «БАРШАНЫҢ НАЗАРЫНА!» сигналын далада жүргенде естісеңіз, мұндай жағдайда құқық қорғау органдарының – қоғамдық тәртіпті қорғау қызметінің нұсқауына сәйкес әрекет ету керек.

Зақымданған жерде жүрген кезде келесі ережені сақтау керек:

- бұрынғы орнынан 1,5 км кем емес ара қашықтыққа жақсы желдетілетін желдің бағытына перпендикуляр бағытқа қарай (өсімдік өспейтін биік жерге) тез қимылдап, АҚ және ТЖ қызметтерінен әрі қарай нұсқау алғанша болу керек;

- жабық аулалардан, төмен жерлерден, тығыз салынған учаскелерден аулақ болу керек;

- теріде, аяқ киімде, киім-кешекте күшті әсер ететін улы заттың тамшысын байқап қалсаңыз, оны қағаз, ескі-құсқы затпен немесе орамалмен сүртіп тастау керек;

- қажет болған жағдайда балаларға, қарттарға немесе өздері жүре алмайтындарға көмек көрсету қажет;

- зақымданған аймақтан шыққаннан кейін міндетті түрде санитарлық тексерістен өту керек.

КӘУЗ-бен уланған жағдайда:

хлормен – кеуде аурады, көз ашиды, жасаурайды, құрғақ жөтел пайда болады, құсады, жүрісінің бұзылуы, алқыну;

аммиак – тұмаурата бастайды, жөтел пайда болады, тыныс алу қиындайды, тұншығу, тамырдың соғу жиілігі бұзылады, терінің беті зақымданады (күйдіреді, тері қышиды, қызарады, көз ашиды, жасаурайды).

  Алғашқы көмек көрсету:

- зардап шеккен адамды зақымданған аймақтан таза ауаға шығарып, жылы жерге жатқызып тыныштықта қалдыру керек және терісін, кілегей қабықты сумен жуу қажет;

- хлормен уланған кезде – 15 минут ас содасының 2% ертіндісімен (бір стақан суға –1,5-2 шай қасық ас содасымен), судың буына демалдырып және ыстық сүт ішкізу керек;

- аммиакпен уланған кезде – 15 минут бор қышқылының 5% ерітіндісімен, жылы сүт беріп, көзіне таза су, мұрнына жылы сұйық май тамызады.


Информация о работе Химиялық қауіпті объектілер