Химия және адам ағзасы» қолданбалы курс бағдарламасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Сентября 2013 в 14:56, курсовая работа

Краткое описание

Химиялық қозғалыс заттың химиялық құрамы мен құрылысы өзгере жүретін өзгерісі. Сондықтан зат құрамы мен оның химиялық структурасы қозғалыстың формасының белгілі бір сипат алуына негіз болады.
Белгілі бір заттың химиялық құрамын анықтау үшін, оның қандай элементтерден, атомдар тобынан, иондардан немесе молекулалардан тұратындығын, яғни құрамдас бөліктерін білу керек. Мәселен сынап оксидінің химиялық құрамын балқымайтын шыныдан жасалған пробиркада қатты қыздыру жолымен анықтайды. Сонда сынап оксиді металдық сынап және газ тәрізді оттегі түзе ыдырайды:
2HgO → 2Hg + O2↑
Бұдан сынап оксидінің сынап атомы мен оттегіден тұрады деген қорытынды жасаймыз. Бөлінген сынапты пробирка қабырғасында түзілген күміс тәрізді тамшылар арқылы сапалық түрде анықтаймыз, ал түзілген оттегін – шала жанған шыра арқылы анықтайды. (элементтер химиясын еске түсірейік).
Сандық түрде HgO үлгісінің термиялық ыдырауы кезінде түзілген металдық сынапты өлшеу арқылы, бөлінген оттегін көлемін өлшеу арқылы анықтауға болады.
Сонымен, берілген заттың қарапайым құрамдас бөліктеріне ыдырауына негізделген зерттеу әдісін талдау немесе анализ деп аталады.
Зерттелетін заттың құрамын оны ыдыратпай-ақ анықтау жиі қолданылады. Мысалы, металдардың буының спектрлері бойынша құймалардың құрамын, техникалық күкірт қышқылының құрамындағы күкірт қышқылының пайыздық шамасын оның тығыздығын өлшеу арқылы, әк суының ток өткізгіштігі бойынша Ca(OH)2 шамасын анықтауға болады. Не болмаса темір роданидінің ерітіндісі түсінің қанықтылығымен (интенсивтілігі) эталондық ерітіндіні салыстыру арқылы зерттелетін ерітіндідегі темір иондарының шамасын анықтау.
Яғни, берілген затты зерттеуде оның құрамы мен құрылысын анықтауда әртүрлі әдістер қолданылады.Анализ немесе талдауға химияда қарама-қарсы процесс немесе құбылыс – синтез – яғни қарапайым заттардан күрделі заттар алу. Мәселен, сутегі мен оттегіден – су, азот пен сутегіден – аммиак алу. Анализ сиякты, синтездің де белгісіз қосылыстың құрамын анықтауда ролі зор, мысалы заттарды зерттеуде олардың қасиеттерін жасанды жолмен алынған ұқсас заттармен салыстырады. Сондықтан да болар химиялық құбылыстар, қарапайым және күрделі заттардың құрамы мен қасиеттерін зерттеуде анализ әдістерімен қатар синтез әдістері де қолданылады. Синтез анализді толықтырады, және де алынған нәтижелерге сүйене отырып зерттелетін затты толық зерттеуге болады. Анализ бен синтез табиғаттағы құбылыстарды зерттеуде тиімді әдістер.
H2 және O2 суды синтездеу, судың күрделі зат екендігі дәлелдеді. Дегенмен суды анализдеу арқылы судың белгілі бір қасиеттері бар күрделі зат екендігі дәлелденді. Яғни, синтез бен анализ жолымен судың химиялық құрамын анықтайды.
Заттарды талдау әдістері туралы ғылымды аналитикалық химия деп атайды, ал химиялық анализ тәжірибеде қолданылатын зерттелетін заттардың химиялық құрамын анықтайтын белгілі әдістер. Бұл түсініктерді кейде шатастырады, кейде теңестіреді. Дегенмен, химиялық анализді материяның қозғалысының химиялық формасын өлшеу нәтижесі деп, ал аналитиқалық химияны материяның қозғалысының химиялық формасын өлшеу туралы ғылым деп қарастырады.
Аналитикалық анықтаулар геохимия, геология, минерология, физика, биология, агрохимия т.б. жаратылыстану ғылымдарының, металлургияның, медицинаның дамуына үлкен әсер етеді. Ал химиядағы әрбір ғылыми-зерттеу жұмысы аналитикалық талдау, анықтауларсыз өтпейді. Әсіресе өндірісте бұл талдаулар арқылы бастапқы шикізат, аралық және дайын өнымдерді үнемі қадағалау технологиялық процесс пен өнім сапасын белгілеуге болады.
Химиялық талдаулар арқылы пайдалы қазбалар анықталып, қорғасын рудаларын және метеориттердің изотоптық құрамын анықтау арқылы жер қыртысының (5 * 109 жыл) және күн жүйесінің (› 4 * 109 – 4.5 * 109 жыл) пайда болу уақыты белгіленді.
Өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіне қажетті топырақ пен тыңайтқыш құрамындағы микроэлементтердің адам денсаулығының деңгейін анықтайтын қанның анализі де осыған мысал.
Сонымен қатар қазіргі заманғы анализ әдістері көмегінсіз жаңа химиялық қосылыстардың синтезі мүмкін емес.
Химиялық талдаудың әдістері мен жеке приемдары ерте заманнан дамыды: дәрілік препараттар, маталдар, руда мен минералдарды зерттеу жұмыстары жүргізілген.
Әуелі талдаудың химиялық әдістері рудалық және руда емес қазбалар мен жасанды жолмен алынған заттардың сапалық талдауы түрінде дамыса, кейіннен сандық анализ түрінде дамыды. Әуелі сандық анализ алтын мен күмістің тазалық дәрежесін анықтау үшін қолданылатын пробирлік анализ түрінде, кейін жетілдіріліп тұздар мен қышқылдар, негіздер бен органикалық заттардың құрамын анықтауға қолданыла бастады.
Қазіргі таңда ғылымның жан-жақты дамуына және өндіріс пен техниканың жетілуіне байланысты химиялық анализ де жетілдіріліп, аналитикалық анықтаулардың нақтылығы да артты. Қазіргі құрал-жабдықтардың көмегімен өте аз мөлшердегі (10-6 – 10-12г) және аз көлемдегі (10-3 – 10-6 мл) ерітінділерді анықтауға болады. Техникадағы жоғары тазалықтағы заттар қолданылатындықтан талдау әдістерінің сезгіштігі де жоғарылап қоспалардың миллиардтың үлесіндей пайыздық шамасы анықталатын болды.

Орташа үлгі алу.
Техникалық өнімдердің химиялық құрамы бірдей бірқалыпты болмайды. Дұрыс нәтижелерді алу үшін орташа үлгі – химиялық құрамы барлық материалдың химиялық құрамына сәйкес зерттелетін заттың аз мөлшерін талдайды.
Үлгі алу әдістері заттың агрегаттық күйі мен біртектілігіне байланысты. Маңызды өнімдерге арнайы үлгі алудың ГОСТ-ы б

Прикрепленные файлы: 1 файл

2.docx

— 19.25 Кб (Скачать документ)

«Химия және адам ағзасы» қолданбалы курс бағдарламасы

31-05-2013 17:28

 

Түсініктеме

 

«Химия және адам ағзасы» бағдарлы курс бағдарламасы Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде жасалынған.

 

 Курстын құрылымы оқушылардың өздігінен іскерлігін дамытуға арналған. Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат.

 

 Арнайы курста Д.И.Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық ролі, ағзасындағы осы элементтердің тепе-тендігін бұзылуынан туындайтын аурулар, химиялық қосылыстардан жасалатын дәрілік препараттар, химия және салауаттық өмір салты туралы мәселелер қарастырылады. Тақыптарға сәйкес сарамандық жұмыстар мен таным  жорықтарға жеке сағаттар бөлінген.

 

Курстың мақсаты:  оқушылардың химия ғылымына деген құштарлығын арттыру, танымдық белсенділігін терентету. Химия пәні бойынша алғыртыққа , ізденуге, терең білімділікке баулу.

 

Курстың міндеттері:

 

-         курста алған білімдерін медициналық оқу орындарында одан әрі терендетуге мүмкіндік тудыру;

 

-         оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге ыңталандыру;

 

-         оқушылардың өз бетінше зертханалық, сарамандық жұмыстар жүргізуге үйрету;

 

-         химиядан алған білімдерін пайдаланып, оқушыларға қәсіптік бағдар беру, сұраныс тудыратын мамандыққа баулу;

 

-         тақырыптарға сәйкес есептер шығаруға үйрету;

 

-         жаңа ақпараттық технология әдістерін ( электрондық оқулық, интерактивті тақта) қолдану арқылы терең білім беру, пәнге қызығушылықтарын арттыру

 

Күтілетін нәтижені тексеру әдісі:а) тестік бақылау;  ә) бақылау жұмысы;  б) зертханалық жұмыс; в) сарамандық  жұмыс.

 

                          Бағдарламаның мазмұны

 

Кіріспе. Адам ағзасындағы  химиялық элементтердің жиынтығы (1сағ)

 

І. Адам ағзасындағы химиялық элементтердің құрамы және таралуы. (3сағ) .

 

 Макроэлементтер, олардың ағзадағы мөлшері. Микро және ультрамикроэлементтер олардың ағзадағы мөлшері, мүшелер мен ұлпаларда таралуы. Химиялық элементтердің тіршілік маңызына қарай жіктелуі.

 

ІІ.Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық ролі   (16 сағат)

 

 Теориялық сағат -14, практикалық сағат – 2 сағат

 

 Ітоп А топшасы (Li, Na, K, Rb, Cs, Fr) сілтілік металдары. ІІ топ А топшасы (Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Ra) сілтілік жер металдары биологиялық ролі. Алюминий және бордың биологиялық роліқосылыстарының емдік қасиеті туралы түсінік беру.

 

 ІV топ А топшасы элеменменттерінің ағзада ролі туралы түсінік беру (C,Si,Ge, Sn, Pb) . Азолт және фосфор  - макроэлемент  -органогендер.

 

V А топшпсы элементтері (N,P,As, Sb,Bi) .Азот элементі ағза үшін өте қажетті аминқышқылдары, ақуыз, дәрумен, гормондардың негізгі құрам бөлігі екендңгін түсіндіру. VI А топшасы элементтері ( О,S, Se, Te,Po) халькогендер. Оттек өмір сүруге қажетті макроэлемент. Күкірт ағзадағы макро ал селен микроэлемент.VII А топшасы элементтері. ( F,CI, Br, I) галогендер. Ағзада йод жетіспеушілігінен туындайтын аурулар. І топ Б топшасы элементтері . ІІ топ Б топшасы элементтері (Zn, Cd, Hg). Темір және кобальттың биологиялық ролі. Марганец қосылыстарының биологиялық маңызы. Хром, молибден, вольфрам элементтерінің ағза үшін маңызы.

 

 №1 практикалық жұмыс  Хлорлы натрийдің еріт-н дайындауға үйрету.

 

 №2 прак-қ жұмыс Әртүрлі конц-лы тұз қышқылы еріт-н әзірлеуді жүзеге асыру.

 

ІІІ. Дәрумендер (5 сағат)Дәрумендердің жіктелуі, олардың биологиялық маңызы. Дәрумендер жетіспеушілігінен туындайтын аурулар, олардың алдын алу. Дәрумендерді тағамда сақтау. Тестік бақылау. Танымжорық.

 

IV. Типтік тізімдегі қосылыстар спирт, темекі, есірткі заттар, радиоактивтілік Э.М.С. шығаратын құралдар        (8 сағат)

 

 Типтік тізімдегі бейорганикалық қосылыстардың ағзаға әсері. Органикалық қосылыстардың ағзаға әсері. Еліміздегі радиациялық ахаул, адам экологиясы. Иондалған радиациянның тәнге әсері .Есірткі заттар олардың ағзаға зиянды әсері. Күнделікті тұрмыста қолданылатын Э.М.С.құралдар. Спирт өнерқәсібі қажет пе? Дебат сабақ. Темекі – наркотик. Темекі түтініндегі зиянды заттар.

 

Қорытынды конференция сабағы. (1сағат)      

 

Оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптар

 

Білу :

 

-         адам ағзасында кездесетін химиялық элементтері

 

-         адамның  күнделікті іс- әрекетіне пайдаланатын қажетті химиялық заттарды,

 

-         тұрмыста, өндірісте қолданылатын химия ғылымының маңызды зандылықарын,

 

-         тамақ, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия және басқа химиялық өнімдерді дұрыс және қауіпсіз қолдануды,

 

Сипаттау:

 

-         ағзадағы химиялық заттар мен қосылыстардың биологиялық ролін,

 

-         адам ағзасының және қоршаған ортаның өзара байланысын,

 

-         еліміздегі радиациялық ахуалдың адам денсаулығынв әсерін,

 

-         жағымсыз әдет – қылықтардың қоғамға, адамға зиянды әсерін,

 

Түсіндіру:

 

-         химиялық элементтердің мөдшері мен адам денсаулығының өзара  байланысын,

 

-         күнделікті тіршілікте және техниканың әртүрлі салаларында қолданатын қажетті химиялық заттарды және олардвң қасиеттерін,

 

-         адам ағзасына қолайсыз экологияның әсерін,

 

Қолдана білу;

 

-         химиядан алған білім мен білікті адамның іс-әрекетінде пайдаланылатын химиялық заттармен жұмыс істегенде,

 

Жасай алу:

 

-         белгілі концентрацияға сай ерітінді әзірлеу,

 

-         дұрыс тамақтану нормасын,

 

-         қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып  зертханалық тәжірибелерді

 

       Әдебиеттер

 

1.     Аханбаев К . Химия.- Алматы. «Ана тілі» , 1993

 

2.     «Химия мектепте» журналы №6, 2003; №4, 2004; №3, 2005: №2, 2006; №2,№3 2008.

 

3.     Мырзабаев А. Элементтер – химия негізі. – Алматы. «Рауан», 1990

 

4.     «Денсаулық журналы»№4,2005;  №11, 2006; №5, 2007.

 

 


Информация о работе Химия және адам ағзасы» қолданбалы курс бағдарламасы