Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 22:16, курсовая работа

Краткое описание

Химия пәнінің жаңа буын оқулықтары «әдістемелік нұсқау», «жұмыс дәптерлері» және есептер жинағымен бірге беріліп отыр. Оқулықтардағы жаттығулар, есептер әр- түрлі деңгейлерде. Бұл тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушы өз білімін шынайы бағалайды. Сонымен бірге химия тілін пайдалана отырып, тақырып бойынша типтік есептер шығару дағдысы қалыптасады.
Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:
• ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру;
• химия тілін меңгеру;
• химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру;
• оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану.doc

— 176.50 Кб (Скачать документ)

Осы  көп жылғы зерттеулерінің нәтижесін И.Нұғыманұлы  өзінің кандидаттық және докторлық диссертацияларында жүйелеп, қорытындылап берді. Докторлық диссертациясына арқау болған орта мектепте химияны оқыту әдістемесі туралы жүргізген зерттеу жұмыстарының негізінде ғалым 1993 жылы «Рауан» баспасынан «Химияны оқыту әдістемесі» деп аталатын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулығын жарыққа шығарды. Химияны оқыту әдістемесіне арналған қазақ тіліндегі бұл тұңғыш оқулықта химияны мектепте оқыту әдістемесінің жалпы және жеке мәселелері, сондай-ақ химияның маңызды ұғымдарын қалыптастыру және дамыту әдістемесі жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін жан-жақты талдау негізінде берілген. Бұл оқулық педагогикалық оқу орындарының студенттеріне ғана емес, орта мектеп мұғалімдеріне де маңызы зор әдістемелік көмекші болды. Мұнда орта мектеп курсында оқылатын химияның барлық ірі тақырыптары бойынша негізгі материалдар, әдістемелік нұсқаулар, тапсырмалар мен бақылау сұрақтары берілген. Химиялық негізгі ұғымдар орта мектептегі курстардың әр түрлі теориялық деңгейлеріне байланысты қарастырылып, кітаптың екінші бөлімінде олар үздіксіз талданған. Ғалым оқулықта химияны оқыту әдістемесінің соңғы жетістіктерін және өзінің көп жылғы зерттеулерін, сабақ берген тәжірибесін пайдаланды.  Негізгі тақырыптар бойынша берілген көп мағлұматтар, тақырыпты оқытар тұстағы әдістемелік кеңестер орта мектеп мұғалімдері үшін аса құнды еді. Сол үшін де ағаның бұл оқулығы оқырмандар тарапынан көп сұранысқа ие болды. Баспа екінші рет қайта басып шығаруды жоспарлаған еді, бірақ 1995-1997 жылдардағы дағдарыс қолбайлау болды. Бірақ бұл оқулық Қазақстанда химияны оқыту әдістемесіне арнайы жазылған қазақ тіліндегі тұңғыш еңбек ретінде өз бағасын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ.  Тұңғыш рет Иманмәлік ағамен  осы кітабының редакторы ретінде жұмыс істедім. Ғалым ағамыздың институт қабырғасында байқамаған көп қасиеттерін кейін білдім. Баспа қызметінде жүріп  Иманмәлік ағаны жаңа қырынан тани  бастадым. Бұрын тек білімі терең, студенттерге дәріс оқу мәнері өзгеше, еңбекқор ұстазымды білсем, енді жазған қолжазбасына қол тигізуге қимайтын, өте сауатты, химияның ауыр терминдерінің өзін оқырманға түсінікті бере білген, тілі жатық, нәрлі жазылған дүниені көріп, үлкен жүректі ұлағатты  ұстазымды қаламының  қарымы кең автор ретінде таныдым. Ол кісімен автор редактор бірлестігінде жұмыс істеу бір ғанибет болатын. Кейін келе ағаның өлеңдері қолыма түскенде «Қазақтың бір асқан ақыны химиктердің арасында көрінбей жүр екен ғой. Химик болмағанда Иманмәлік аға дарынды жазушы әлде талантты ақын болатын кісі екен» дедім.

1997 жылы  И.Нұғыманұлы  қызы Роза Мулькинамен бірге  «Химия оқу кітабы» деп аталатын  еңбегін жарыққа шығарды. «Рауан» баспасынан жарық көрген бұл кітапта  химияның даму кезеңдері, заңдары мен теорияларының ашылу тарихы туралы баяндалған. Оларды ашқан әйгілі ғалымдар өмірінен қызықты деректер келтірілген. Химияның жалпы тарихы түпсіз шежіре. Бірнеше томдық баяндауға жетеді. Сол шежіреден орта және жоғары мектепте өтілетін химия заңдары мен теорияларының ашылу тарихына ғана тоқталған ғалымның бұл еңбегі де жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп мұғалімдері арасында кең қолдау тапты. Бұл еңбектің мектеп оқушылары үшін танымдық әрі анықтамалық қызметінің өзі құнды болды Зерттеу жұмыстарын ары қарай жалғастырған ғалым бұл салаға  шәкірттерін де баулыды. Химиялық тіл мен номенклатураға және орта мектепте химияны оқыту әдістемесіне байланысты тақырыптарға ғалымның жетекшілігімен қаншама кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды. И.Нұғыманұлы шәкірттерін де өзі сияқты тақырыпты терең бойлап зерттеуге, жай теориялық материалдармен шектеліп қалмай міндетті түрде педагогикалық тәжірибеге сүйенуге баулыды. Ғалым бірінші орынға үнемі мектептің іс-тәжірибесін қоятын. Мектеппен байланыссыз ешқандай оқыту әдістемесі болмайтынын шәкірттерінің жүрегіне құя білді. Сондықтан да ол кісінің аспиранттары үнемі мектепте өздері сабақ беріп, әріптестерінің сабақтарына кіріп алашапқын болып жүретін. Ағаның өзі де аспиранттарының сабақтарына қатысып, талқылап отыратын. Әрбір жұмысқа аса жауапкершілікпен қарайтын бұл мінезі кейде «ылдым-жылдым» аспиранттарға ұнамай да жататын. Бірақ «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген нақылға сүйенсек, ғалымның зерттеу жұмыстарының шалағай болмай, әбден иуін қандырып барып ортаға ұсынуы  ғылым үшін аса бағалы. Мұндай тас түйіндей әбден зерттелген дүниелер телегей теңіз ғылымды селк еткізетін бір тегеурінді толқындай десе де болады. Себебі, қазір бір-екі жылдың ішінде апай-топай қорғалып жатқан дүниелер өте көп. Ғылымның дамуына үлес болып қосылмайтын жаттаурын тақырыптар, бір мазмұнды диссертациялар ғылымның тоқырауына әкеледі. Ал ғылым алға жылжып даму үшін жарқ еткен жаңалықтары бар зерттеулер, онымен айналысатын марқұм Иманмәлік Нұғыманұлы сынды білімі биік, өресі кең, шыдамды, еңбекқор, үлкен жүректі азаматтар керек-ақ. Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген Иманмәлік Нұғыманұлының шәкірттерінің арасында, оның жазған оқулықтарымен, оқу құралдарымен білім алып жатқан қаншама жас ұрпақтардың арасында Ұстаз ғалым ағамыз армандағандай ел ғылымын биік дәрежеге көтеретін азаматтар бар екеніне сенімім мол.

1997 жылы  И.Нұғыманұлы  қызы Роза Мулькинамен бірге  «Химия оқу кітабы» деп аталатын  еңбегін жарыққа шығарды. «Рауан»  баспасынан жарық көрген бұл  кітапта  химияның даму кезеңдері, заңдары мен теорияларының ашылу  тарихы туралы баяндалған. Оларды ашқан әйгілі ғалымдар өмірінен қызықты деректер келтірілген. Химияның жалпы тарихы түпсіз шежіре. Бірнеше томдық баяндауға жетеді. Сол шежіреден орта және жоғары мектепте өтілетін химия заңдары мен теорияларының ашылу тарихына ғана тоқталған ғалымның бұл еңбегі де жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп мұғалімдері арасында кең қолдау тапты. Бұл еңбектің мектеп оқушылары үшін танымдық әрі анықтамалық қызметінің өзі құнды болды Зерттеу жұмыстарын ары қарай жалғастырған ғалым бұл салаға  шәкірттерін де баулыды. Химиялық тіл мен номенклатураға және орта мектепте химияны оқыту әдістемесіне байланысты тақырыптарға ғалымның жетекшілігімен қаншама кандидаттық және докторлық диссертация қорғалды. И.Нұғыманұлы шәкірттерін де өзі сияқты тақырыпты терең бойлап зерттеуге, жай теориялық материалдармен шектеліп қалмай міндетті түрде педагогикалық тәжірибеге сүйенуге баулыды. Ғалым бірінші орынға үнемі мектептің іс-тәжірибесін қоятын. Мектеппен байланыссыз ешқандай оқыту әдістемесі болмайтынын шәкірттерінің жүрегіне құя білді.

 

  1. Химия тілі химияны оқытудағы таным құралы ретінде

С.И.Ожегов бойынша, тіл – ойлау жұмысын обьективтейтін дыбыстық сөздік және грамматикалық құралдар жиынтығы және қоғамдағы адамдар арасындағы түсінісу, ой алмасу мен қарым-қатынас құралы болып табылады.

Орта мектептегі химияны зерттеу ғылым тілін белсенді пайдалануды қамтиды. Әр ғылым білімдерді сипаттау үшін қолайлы тілдегі таным нәтижелерін ұсынады. Сөздер мен сөйлемдердің табиғи тілінен басқа, химиялық ғылым тілінің құрамына мыналар жатады: химиялық терминология, номенклатура және символика, немесе «химиялық тіл». Бұл түсінік химия ғылымында нақты бекітілді және ғылымда кеңінен пайдаланылады.

Химия тілі – химиялық терминологияның, символика мен номенклатураның, оларды құрудың, түрлендіру мен талқылаулардың жиынтығы.

 

 

 


 


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сызба. Химия тілінің  құрылымы.

 

Бұл ерекшеліктер оған алынған білімдерді жалпылама, үнемді және кеңінен жеткізуге мүмкіндік береді. Ол химияны танудың, оның нәтижелерін сипаттаудың химиядағы маңызды және сипатты белгілерді және обьективті байланыстарды бейнелеудің белсенді құралына айналды.

Химия тілінің ерекшелігі мен оның әдіснамалық бағытталуы химияны танудың алуан түрлі функцияларына жол ашады:

  • химиялық нысадарды қорғау және олардағы ақпарат тасымалдаушы болу;
  • оларды шартты белгілермен және терминдермен қысқа, әрі біржақты білдіру;
  • химияны тану нәтижелерін сапалық және сандық бейнелеу;
  • түсініктерді қалыптастыру мен олардың мәнін ашып көрсету;
  • білімдерді жалпылау және жүйелеу;
  • жаңа қосылыстарды модельдеу, болжау, олардың негізінде жатқан синтездеу мен реакцияластыру жолдарын анықтау;
  • ойлауды, мақсатты ізденісті, ашуды ұйымдастыру, коммуникация.

Мектептегі химия тілі оқытудың мазмұнына сәйкес дидактикалық өңделген химия тілін бейнелейді. Ол мектептегі химия курсын меңгеруге, оқушыларды дамыту мен тәрбиелеуге бағытталған. Осыған байланысты мектептегі химия тіліне мынадай талаптар қойылады:

  • оқушылардың түсінуі үшін қол жетімді және қарапайым болуы;
  • күрделі тілдік конструкциялармен және математикалық ақпаратпен жүктелмегендігі.

Химия тілі химияны оқытудың барлық сатысында әртүрлі қызметтер атқарады:

  • бағдарламалық білімдерді беру және меңгерту құралы болып табылады;
  • іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдерін жүзеге асырады;
  • ішкі және пәнаралық байланыстарды орнатады;
  • оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниеге көзқарасын қалыптастырады.

Химия тілінің эмпирикалық танудағы, оның нәтижелерін жүйелеу мен жалпылаудағы, сонымен бірге химияны теориялық танудағы оқушылардың білімдерін теориялық жалпылау мен жүй елеудегі ролі өте үлкен.

Химия тілі оқытудың тәрбиелеуші қызметтерін жүзеге асыруда үлкен мүмкіндіктерге ие. Егер оқыту процесінде химия тілінің таңбалар жүйесінің мәні мен мазмұнын түсіну қамтамасыз етілетін болса, онда химия тілін дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырудың әсерлі құралы ретінде пайдалануға болады. Формальды (таңбалардың жазылуы) және мазмұндық жақтарының (олардың шынайы нысандармен байланысының мәнін түсіндіру) бөлінуі кезінде оқушылардың танымы екіге бөлінеді: бір жағынан шынайы заттар мен процестерден тұратын әлем, екінші жағынан формальды ережелерге негізделген операцияларды қажет ететін абстрактілі таңбалар әлемі. Мұндай даму табиғаттың суреттемесін бұзады, оқушылардың дүниеге көзқарасына зиянын тигізеді. Дұрыс қалыптастырылған химия тілі әлемнің тұтастығын, көптүрлілігі мен материалдылығын, оның диалектикасын дәлелдеудің тиімді және қолайлы құралы болып табылады. Химия тілі оқушыларға қоршаған әлемді танудағы теорияның болжау мүмкіндіктерінің мағынасын түсінуге жол ашады. Олардың операцияларды өздері жүргізуі көптеген жеке сапа қасиеттерін қалыптастырады: тануға қызығушылық, ойлаудың дәлдігі, еңбексүйгіштік.

Осылайша, химия тілі оқушыларды тәрбиелеу мен дамытуға жағдай жасай отырып, химияны оқытудың маңызды құралы болып табылады.

 

  1. Оқыту құралдары жүйесіндегі химия тілінің орны мен қызметтері

Химия тілі оқытудың тілдік-логикалық құралдарына жатады. Оның кейбір түрлік элементтерін (құрылымдық формулалар, символдық схемалар және т.б.) ұғымдар мен түсініктер қалыптастыру үшін маңызды абстрактілі көрнекілікке жатқызады. Белгіленетін обьектілер құрылымының кең көлемдегі олардың көрнекілігінің басту критериі болып табылады. Химия тілінің барлық элементтері көрнекілік бола алмайтындықтан, танымның логикалық формалдарын қолданбай, оның қызметтерін жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл критерий оқыту құралдарынң тілдік-логикалық топтарын бөлу үшін негіз болып табылады.

Химияны зерттеу әдісі секілді химия тілі де сабақтардың мазмұнына тәуелді түрде әртүрлі құралдар мен үйлесімде пайдаланылады және жекелеген қызметтерді жүзеге асырады. Мысалы, заттардың қасиеттерін, реакциялардың белгілері мен жүру жағдайларын зерттеу кезінде ол химиялық экспериментпен үйлесімде қолданылады. Химия тілін қолдану оқулықтар мен оқу құралдарының мәтінін оқу және түсінумен тығыз байланысты. Химиялық символика мен терминология мәтіндегі барды бөліп көрсетуге жағдай жасайды және оның бөліктері арасындағы мағыналық байланысты қамтамасыз етеді. Химия тілі алуан түрлі пәндік әрекеттерді қамтамасыз етеді. Басқа оқу құралдарымен бір кешенде ол білім алуға, оны практикада қолдана білуге бағытталған.

 

  1. Химияны дамыта оқытуда химия тілін қалыптастырудың әдістемелік негіздері

Химия тілін қалыптастырудың дәстүрлі әдістемесін пайдалану кезінде оқыту мен оқушылардың білімінің жай-күйі қазіргі оқытудың міндеттерін есепке ала отырып, жетілдіруді қажет етеді. Химия тілін зерттеудің мазмұндық және мотивациялық жақтарын арттыру маңызды, ғылымның шартты белгілері негізінде оқушылардың шығармашылық әрекетіне басымдық берген дұрыс.

Химия тілін қалыптастыру оның теорияларының дәлелденуімен тығыз байланысты. Химияның тарихы мен әдіснамасында химия тілінің қалыптасуы мен даму тенденцияларының тарихи кезеңдері бөліп көрсетілген және сипатталған, бұл оны зерттеуді әдістемелік негіздеуге көмектеседі.

Мектептегі химия тілінің қалыптасу әдістемесінің құрылуы ұлы орыс химиктері Г.И.Гесс, Д.И.Менделеев және А.М.Бутлеровтың есімдерімен тығыз байланысты. Әдіскер-химиктер В.Н.Верховский, С.Р.Шповаленко және Н.Е.Кузнецова негізін қалаған. Қазіргі заманғы әдістеме педагогиканың бай тәжірибесі мен теориялық концепцияларын қамтиды.

Оқытуды тиімді ұйымдастыру үшін химия тілін зерттеу мен қолдануға қажетті әдістерді бөліп көрсеткен маңызды. Химияны оқытудың тарихы, әдіснамасы мен әдістемесі оны зерттеудің тарихи тәсілін дәлелдеді. Меңгерілген соң химия тілі химиялық түсініктерді қалыптастырудың маңызды құралы ретінде қолданылады.

Химияны танудың логикасы мен мектепте химияны оқытудың обьективті заңдылықтары оны зерттеу мен қолданудың мынадай принциптерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

  • химия тілін оқытудың тарихы;
  • оың барлық компоненттерінің өзара байланысы;
  • зерттеу мақсаттарын өзгерту және әртүрлі теориялық деңгейлерді есепке алу арқылы кезеңдік дамыту;
  • шынайылықты химия тілімен сипаттаудағы сандық мен сапалықтың, жалпылық пен тұлғалықтың тұтастығы;
  • химия тілін қолданудағы мазмұндық және формальдық элементтердің өзара байланысы;
  • химия ғылымының таңбаларымен операциялау процесінде оқушыларды дамыту.

 

  1. Қабілет – дамыта оқытудың компоненті ретінде

Қабілет-оқушы тарапынан меңгерілген және жеке қасиетіне айналған болса, онда әрекетті орындау тәсілі болып табылады. Бұл іс-әрекеттің маңызды нәтижесі болып табылады. Н.Е.Кузнецова ұсынған жіктеудің негізіне мынадай іс-әрекеттер сипаты алынған:

  • ұйымдық-пәндік: жоспарлай білу, эксперимент, есепті шешудің жолы, кітаппен өзіндік жұмыс, кабинеттегі жұмыс орнын дайындау;
  • мазмұндық-интеллектуалдық: ішкі және пәнаралық байланыстарды орната отырып, теориялық білімдер мен таным әдістерін қолдану, түрлендіру және меңгерумен байланысты біліктер;
  • ақпараттық-коммуникативтік; химиялық мәтіндерді таңдау және оқу кезінде, химия бойынша анықтамалармен, кестелермен және сызбалармен жұмыс істеу кезінде оқу ақпаратын бөліп ала білу;
  • практикалық біліктер: лабораториялық тәжірибелер мен операцияларды орындау, приборларды жинау және бөлу, эксперимент пен теориялық таным нәтижелерін графиктердің көмегімен бейнелеу;
  • есептік біліктер: есептік операцияларды орындау, химиядан есептік тапсырмалар;
  • бағалау біліктері: таным әдістеріне, мәндеріне баға беру, өз жауаптарын аргументтеу, өз пікірлерін қорғау.

Химия тілін пәндік пайдалана білу химиялық терминологиямен, символикамен және номенклатурамен талқылау, операциялау, түрлендіру мен құруды қажет етеді. Химия тілінде операциялауды және әртүрлі жағдайларда қолдануды білу химия негіздерін меңгертудің ғана емес, оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың да сапа критериі болып табылады. Аталған біліктерді қалыптастыру оқу-танымдық іс-әрекетті, оқушылардың ойлау қабілеті мен шығармашылық әрекетін белсенді етеді.

Информация о работе Химия пәнінен жаңа оқулықтар бойынша есеп шығаруда химия тілін пайдалану