Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 21:10, реферат
Аминқышқылдар - молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар:H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин)). Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы — SH, екі карбоксил тобы болады.
Дәрумендер, организмде атқаратын ролі, жіктелуі. Авитаминоз. Гипо- және гипервитаминоз.Дәрумендер дегеніміз – барлық тағам мен азық- түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін аса қажетті төменгі молекулалы органикалық заттар. Ағзаға тағамдар арқылы келетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін ұолданылатын заттар деп қарастыру қате. Бұларды тағам деп қарауымыз керек, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады. Азық –түлікте, жем – шөпте ұзақ уақыт витаминдер болмаса, ағзханың витаминді сіңіруі қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Авитаминоз ауруларын витаминдер беру арқылы емдейді.
Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі, мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитоминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс( нормадан ) төмендеп кетуінен болады. Әдетте гиповитоминоз сырқаты қыстың аяғына қарай, азық – түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері азайған кезде байқалады.
Витаминдер- әр түрлі химиялық жаратылыстың органикалық қосылуы, тағамның басқа ештеңемен алмастыруға болмайтын заттары.
Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, немесе физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады.
Информация о работе Гетерофункционалды қосылыстардың биологиялық маңызы