Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Апреля 2013 в 17:17, лекция
Тірі ағзадағы химиялық реакциялардың жүруіне қатысатын ерекше ақуыздарды фермент немесе энзим деп атайды. Ферменттердің қасиетін, құрылысын, қызметін зерттейтін ғылымды энзимология деп атайды. Ферменттер барлық мушелерде, клеткаларда, субклеткалық құрылымдарда кездеседі. Кейбір фермент клетка ішінде синтезделіп өзінің әсерін клеткадан тыс жүргізеді. Мысалы: пепсин, трипсин, липаза сияқты ас қорыту ферменттері. Олар асқазанның кілегейлі қабаттарында синтезделеді.