Дисперсті жүйелер: Эмульсиялар мен Көбіктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Мая 2015 в 11:35, практическая работа

Краткое описание

Дисперстік жүйелерді дисперстік фазаның кинетикалық қасиетіне қарай: 1) байланысқан дисперстік жүйелер және 2) бос дисперстік жүйелер деп екі топқа бөлуге болады. Байланысқан дисперстік жүйелерде дисперстік фаза бөлшектері еркін қозғала алмайды, олар бір-бірімен байланысқан. Мұндай жүйелерге негізінен дисперстік ортасы қатты дене болып келетін жүйелер (минералдар, құймалар, бетондар) жатады. Бос дисперстік жүйелерде дисперстік фаза бөлшектері еркін қозғала алады. Бұған дисперстік ортасы сұйық немесе газ күйіндегі жүйелер (эмульсиялар, суспензиялар, көбіктер) жатады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 60.47 Кб (Скачать документ)

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ

«Химия, химиялық технология және экология» бөлімі

 

 

 

 

 «Келісемін»                                                            «Бекітемін»

Әдістемелік  бөлім меңгерушісі                            Директордың  ҒжОӘЖ орынбасары

                       .                                                                            БештенбековаС.У

 “        “                   201  ж.                                       “         “                         201   ж.

 

 

 

 

 

                                               Ашық сабақ

 

Тақырыбы: Дисперсті жүйелер: Эмульсиялар мен Көбіктер

 

 

Дайындаған:

Арнайы пәндер оқытушысы

                                                                                         Асылбек Айгерим 

 

 

Келісілді:

Хаттама №__________

«___»____________ 201 ж.

ПЦК жетекшісі:_______________ Акбарова Б.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана-2015

 

Пәні: «Беттік құбылыстар және дисперсты жұйелер»

Тақырыбы: Дисперсті жүйелер: Эмульсиялар мен Көбіктер

Сабақты өткізу күні, айы, жылы: 09.04.2015

Тобы: ХТОВ-3

Сабақтың мақсаты: «Беттік құбылыстар және дисперсты жұйелер» пәнінен алған білімдерін қортындылап, сандық әдіс туралы түсінікті қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:  Білімділік:. Студентердің мұнайды екінші реттік өңдеу соның термиялық процестері туралы білімді  бекіту.

                                      Дамытушылық.Қызығушылықты ояту, деңгейлік тапсырмалар орындау. Кесте толтыру арқылы алған білімдерін  қортындылап танымдық және  шығармашылық қабілетін дамыту.

                                          Тәрбиелеу. Өзара құрмет сезімін тудыру. Басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын стратегиялар:Деңгейлеп оқыту, тест негізгі идеяны суреттеу, кластер.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық плакаттар, Менделеев кестесі,  маркер, тест, карточка деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың түрі:         Ізденіс сабақ.

Сабақтың әдісі:      Үш Өлшемді оқыту технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы, Шаталовтың тірек сигналдары технологиясы.

Бағалау: Мұғалімнің бақылауы,  лездемелік сұрақтар, деңгейлік тапсырма

1–ұйымдастыру кезеңі(10-15 мин)Өткен  тақырыпты қайталау

1)  Коллоидтық химия фазааралық бөлу беттеріндегі жүретін процестерді зерттейді. Демек, гетерогендік коллоидтық химияның зерттейтін нысандарының маңызды белгісі болып саналады.

2) Коллоидты химия жеке ғылым ретінде тек 20 ғасырдың басында 1906-1910 ж. Дами бастады. А. Энштейн мен М.Смолуховский броундық қозғалыстың теориясын өңдеді. 1913 ж. А.В.Думанскии Россияда 1 ші рет коллоидты химияның лабораториясын  ашты. Коллоидты химияның дамуына Н.П.песков, С.М.Липатов, Б.В.Дерягин, П.А.ребиндер, В.А.Каргин т.б көптеген орыс ғалымдары еңбек сіңірді.?

3) "Коллоидтық химия" пәнінің зерттейтін нысандарының басты екі белгісі бар:

Жауабы: 1) гетерогендігі және 2) дисперстігі.

Гетерогендік жүйеде фазааралық бөлу беті бар, яғни жүйе гетерогенді екендігін көрсетеді. Гетерогендік белгісі фазааралық бөлу бетінде өтелмеген күш өрісінің болу шарты болып саналады. Бұл күш өрісі фазааралық керілудің шамасы арқылы сипатталады. Фазааралық керілу азайған сайын екі фазаның өзара әрекеттесуі күшейеді. Беттік керілудің бет ауданына көбейтіндісі беттің еркін энергиясына тең болады:

                       (1)

мұндағы - беттік керілу, Дж/м2; S - беттің ауданы,м2.

Дисперстік (ұсақтық) - дененің кеңістіктегі (үш бағыттағы) өлшемімен анықталады. Зат әртүрлі пішінде (дисперсияда): шар, цилиндр, тік төртбұрышты, ал көбінесе бұрыс пішінде болуы мүмкін. Әртүрлі дисперсиялардың түзілуін дененің өлшемін үш бағытта өзгерте отырып қарастыруға болады

4) Кез келген екі компонентті жүйеде компоненттердің біреуі екіншісінде бөлшектеніп, біркелкі таралған күйде болса, онда оны дисперсионды жүйе деп атайды. Дисперсионды жүйе дисперсионды ортадан және дисперсті фазадан тұрады.  Дисперсті фаза дисперсионды ортада біркелкі таралады

5) Дисперстік жүйе бөлшектерінң  шамасына қарай 

а) Нағыз ерітінді <10-9

б) коллоидты ерітінді 10-7- 10-9

в) жүзгін ерітінді >10-7 

6) Дисперстік фаза мен дисперстік ортаның агрегаттық күйлеріне қарай жіктелуі

Дисперстік орта

Дисперстік фаза

Жүйенің аталуы және мысалдар

Қатты дене

Газ

Қуыс (ұнтақ) денелер: ауадағы және газды ортадағы адсорбенттер мен катализаторлар

Сұйық

Капиллярлық жүйелер: топырақ, балшық, сұйық ортадағы адсорбенттер.

Қатты дене

Қатты гетерогенді жүйелер: минералдар, құймалар, бетондар

Сұйық

Газ

Газдық эмульсиялар мен көбіктер: флотациялық және сабынды судағы көбіктер.

Сұйық

Эмульсиялар: табиғи мұнай, сүт, кремдер.

Қатты дене

Суспензиялар мен зольдер: өндірістік суспензиялар, пульпалар, пасталар.

Газ

Газ

Коллоидтық жүйелер түзілмейді, фазааралық бөлу беті жоқ.

Сұйық

Аэрозольдер: тұман, бұлттар.

Қатты дене

Аэрозольдер: шаң-тозаң, ұнтақтар, түтін.


 

7)Дисперстік жүйелерді дисперстік фазаның кинетикалық қасиетіне қарай: 1) байланысқан дисперстік жүйелер және 2) бос дисперстік жүйелер деп екі топқа бөлуге болады. Байланысқан дисперстік жүйелерде дисперстік фаза бөлшектері еркін қозғала алмайды, олар бір-бірімен байланысқан. Мұндай жүйелерге негізінен дисперстік ортасы қатты дене болып келетін жүйелер (минералдар, құймалар, бетондар) жатады. Бос дисперстік жүйелерде дисперстік фаза бөлшектері еркін қозғала алады. Бұған дисперстік ортасы сұйық немесе газ күйіндегі жүйелер (эмульсиялар, суспензиялар, көбіктер) жатады.

8) Термодинамикалық тұрақтылығына қарай дисперстік жүйелерді үлкен екі топқа - лиофилъдік және лиофобтық жүйелерге бөледі. Лиофилъдік жүйелер термодинамикалық тұрақты жүйелер. Лиофобтық жүйелерге термодинамикалық тұрақсыз дисперстік жүйелер жатады. Мұндай жүйелер ұзақ өмір сүре алмайды. Мұндай жүйелерге эмульсиялар, кейбір суспензиялар, көбіктер жатады.

9) Дисперстік жүйелер дисперстік жүйелерді екі жолмен алады: 1) денені диспертік өлшемге дейін ұсақтау - диспергацияық (ұнтақтау, ұсақтау) әдісі  2) шын ерітінділердегі еріген заттың молекулаларын біріктіріп алу конденсациялық әдіс деп атайды.

10)Суреттегі сызбаны түсіндіріп беріңіз

Коллоидтық ерітіндіні диализ (а) жэне электродиализ (б)



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытнды: студенттерді б ағалау (2-3мин)


Информация о работе Дисперсті жүйелер: Эмульсиялар мен Көбіктер