Даралап оқыту жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 13:23, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы

Прикрепленные файлы: 1 файл

қоғам.doc

— 49.00 Кб (Скачать документ)

                      Қазақстандағы саяси партиялар

 

1.ҚР-дағы саяси партиялардың  қазіргі жағдайы 
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі 
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы 
4 Ңүр отан партиясы

5 Ақ жол партиясы 

6 Асар партиясы  
Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
1.ҚР-дағы саяси партиялардың  қазіргі жағдайы.

Қазақстанның  партиялық жүйесі қазіргі кезде  өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің  нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша  айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды. 
 
2. ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі 
 
«НҰР ОТАН» Халықтық-Демократиялық партиясы 
 
Төрағасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның бірінші орынбасары – Бахытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрайды. «Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар. Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді (зейнетақы көлемін ұлғайту, ең төменгі жалақы көлемін ұлғайту, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру) шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады 
 
Қазақстан коммунистік партиясы 
 
Партияның бірінші хатшысы – Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998 жылғы 27 тамызда тіркелген, 2003 жылғы 20 наурызда қайта тіркеуден өтті. ҚКП-ның мүшелерінің саны 54 246 адамды құрайды. Партияның бөлімшелері республиканың барлық облыстарында бар. Партия республикада ғылыми социализм қағидаларына негізделген еркіндік және әлеуметтік әділетті қоғам құруға жағдай жасауды; коммун...

Нұр Отан

Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.

Төрағаның бірінші орынбасары – Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.

«Нұр  Отан» партиясының бөлімшелері  Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.

Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие.

2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды

Ақ жол Демократиялық  Партиясы

«Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық партиясы» қоғамдық бiрлестiгi — Қазақстанның саяси партиясы.

Партия  төрағасы – Азат Перуашев. Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия мүшелерінің саны 175 862 адамды құрайды. Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік, әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады. Мәжілістің үшінші шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды. 2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3.09% дауыс алып, Парламентке өтпеді. Қазақстан фермерлер одағы, ауған ардагерлерінің Жауынгерлік бауырластар одағы, Каспий табиғаты, т.б. қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді. Қазақстанның 14 облысында және Астана мен Алматы қалаларында өкілдіктері бар. Қазақстан Республикасының 2002 жылы 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» Заңына сәйкес 2002 жылы 12 желтоқсанда Әділет министрлігінде қайта тіркеуден өтті.[1]

«Асар» партиясы

«Асар» партиясының парламентте жаңадан құрылған фракциясының жетекшісі сенатор Рәшит Ахметовтың айтуынша фракция қатарына «Асар» партиясының мақсат-мүддесімен ой-пікірі ортақ 10 депутат енген. Олардың 7-і сенатор және 3-і мәжіліс депутаты. Партия жетекшісі Д.Назарбаеваның айтуынша фракция қатарындағылардың барлығы бірдей «Асар» партиясының мүшесі емес. Әйтсе де олардың бәрі осы фракцияға кіруге өз келісімін берген.  
 
«Асар» партиясының фракция мүшелерінің бірі, Қазақстан парламент мәжілісінің депутаты Валериан Землянов осы парламентке сайланған кезде коммунистік партияның мүшесі болған еді. Бірақ, кейіннен ол коммунистер қатарынан шығып қалған соң, былтыр маусым айында Астанада журналистерді жинап алып, өзінің «Қазақстанның әлеуметтік қорғау партиясы» атты жаңа партия құратынын мәлімдеген болатын. Енді бұл жолы В.Землянов мырза парламентте «Асар» партиясының мүддесін қорғайтындардың біріне айналды. Әйтсе де ол өз сенім-көзқарасымен коммунист боп қалатынын бұл жолы да айтып отыр. 
 
Фракцияның алдағы жұмыс міндеттері жайлы сөзінде Д.Назарбаева алғашқы кезекте парламентте қаралып жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Сайлау туралы» заң жобаларына қатысты талқылауларға фракцияның белсене араласатынын айтты. «Асар» партиясының жетекшісі «БАҚ туралы» заңға өз тараптарынан ұсынған ұсыныс-тілектердің ескерілмей қалғанына қанағаттанбай отырғандарын жеткізді. 


Информация о работе Даралап оқыту жүйесі