Биополимерлер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Сентября 2013 в 07:44, курсовая работа

Краткое описание

БИОПОЛИМЕРЛЕР - ерітінділері тірі ағзалардың негізгі құрылымы болып саналатын жоғары молекулалы қосылыс.
Биологиялық полимерлер, немесе макромолекулалар, молекулалары көп мәрте қайталанып отыратын буындардан

Содержание

І. Кіріспе
1.1. Биополимерлер
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Биополимерлердің маңызы
2.2. Биополимердің түрлері
2.2.1. Ақсылдар
2.2.2. Нуклеин қышқылдары
2.2.3. Көмірсулар
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Презентация1.pptx

— 1.32 Мб (Скачать документ)

 

Реакцияға бір, екі, үш гидроксил топтары қатысуы  мүмкін. Реакцияны жүргізу жағдайына  байланысты целлюлозаның әр түрлі нитраттары алынады:  

 

    • Целлюлозаның нитраттары өте жанғыш және қопарылғыш заттар. Целлюлозадан толық емес нитрлеп, нитросырлар және лак алады. Толық нитрлеп, қопарылғыш зат (түтінсіз дәрі) өндіріледі.
    • Целлюлозаға сірке кышқылымен (немесе сірке ангидридімен) күкірт қышқылы қатысында әсер етіп, целлюлозаның диацетатын немесе триацетатын алуға болады:

 

Крахмал мен целлюлозаның айырмашылығы  

 

    • Полисахаридтерге крахмал мен целлюлоза жатады. Олардың молекулалық формулалары — (С6Н10О5)n. Бұл полисахаридтердің бір-бірінен айырмашылығы:
    • а) крахмал молекуласы α-глюкоза, ал целлюлоза молекуласы β-глюкоза қалдығынан тұрады;
    • ә) құрамындағы буындар саны да (n) әр түрлі, крахмалда бірнеше мыңнан, целлюлозада бірнеше миллионға дейін жетеді;
    • б) крахмал молекуласы құрылымы — түзу сызықты және тармақты, ал целлюлоза молекуласы — тек түзу сызықты. Сондықтан олардың қасиеттері өзгеше. Крахмалдың қоректік зат ретінде алатын орны ерекше. Крахмалды адам мен барлық жануарлар азық ретінде қабылдап, қорыта алады, ал целлюлозаны тек күйіс қайыратын малдар, ұлулар және микроорганизмдер ғана қорытады. Фотосинтез процесі нәтижесінде жұтылған күн энергиясы көмірсуларда қор болып жинақталады. Тыныс алғанда жұтылған оттекпен тотығып, көмірсулар жинақталған энергияны организмге береді. Табиғатта кең таралуына байланысты көмірсулар маңызды өнеркәсіптік шикізат болып табылады. Көмірсулардан этил спиртін, қопарылғыш заттар, дәрі-дәрмектер, қағаз, жасанды талшықтар өндіреді.[2]

 

Хитин  

 

Хитин — омыртқасыз жануарлардың тіректік полисахариді (буынаяқтылардың сыртқы қаңқасының негізін құрайды) және саңырауқұлақтар мен кейбір жасыл балдырлардың клетка қабырғаларының құрамдас бөлігі. Хитиннің түзу сызықты (тармақталмаған) полимерлері N-ацетил-D-глюкозамин қалдықтарымен, Ґ-1,4-гликозидті байланыстарымен жалғанған.

 

Бұлар буынаяқтылардың кутикуласында белоктар, пигменттер және кальций тұздарымен қосылып, күрделі кешендер түзеді. Омыртқасыз жануарлардың тек кутикуласында ғана емес, сондай-ақ өзге қаңқалық құрылымдарында да кездесе береді. Хитин молекулалары, целлюлоза молекулалары тәрізді молекуладан жоғары (жоғары дәрежеде реттелген) құрылымдар түзеді, сондықтан суда ерімейді. Хитиназа және лизоцим ферменттерінің әсерінен ыдырайды. Организмдердің Хитинді биолгиялық синтездеуге қабілеттілігі — маңызды биохимиялық белгі болып саналады.

 

Целлюлоза

 

    • Целлюлоза (лат. cellula — клетка), полиглюкопираноза, (C6H10O5)n — негізгі құрам бөліктері өсімдіктер клеткаларының қабығын түзетін үлкен молекулалы көмірсу (полисахарид). Целлюлоза өсімдік тіндеріне мех. беріктік, серпімділік қасиет береді. Ол өсімдіктерде қарапайым көмірсулардан күрделі биохим. синтез нәтижесінде түзіледі. Целлюлоза макромолекуласының қарапайым бунақтары C6H10O5 — глюкоза ангидриді (глюкопираноза) болып саналады. Целлюлоза негізінен кейбір өсімдіктер талшықтарының құрамында болады, мыс., мақта талшығында (97 — 98), ағашта (40 — 50), тінді дақыл талшықтарында (зығырда және талшықты көп жылдық өсімдік — қытай қалақайында 80 — 90), бір жылдық өсімдік сабақтарында (қамыс, жүгері, астық тұқымдастарда 30 — 40), т.б. көп. Целлюлозаның молекулалық массасы қай өсімдіктен алынғанына байланысты бірнеше миллиондаған көміртектік бірлікке дейін барады. Оның молекуласының құрылымы сызықты тармақталған, сондықтан мақта, зығыр, кендір, т.б. талшықты материалдардың Целлюлозадан түзілетіндігі осыған байланысты.

 

    • Табиғи талшықтарда Целлюлоза макромолекулалары бір бағытта түзу орналасқандықтан талшықтары механикалық берік болады. Тоқу кезінде мақта, зығыр талшықтарынан ұзын және берік жіптер ширатылады. Ағаштан алынған Целлюлоза молекулалары да сызықты тармақталғанымен ретсіз орналасып, бірыңғай бағытталмайды, сондықтан ағаштан жіп ширатылмайды. Табиғи және синтездік үлкен молекулалы қосылыстар сияқты Целлюлоза да жартылай дисперсті. Оның себебі — кіші молекулалы фракциялардың болуы. Целлюлозаны химиялық  жолмен қайта өңдеу одан жасалатын бұйымдардың қасиеттеріне күшті әсер етеді. Целлюлоза молекулалары күшті созылған, бірақ мықты емес, молекуласының пішіні әр түрлі әдістермен өңдеу кезінде көп өзгереді.
    • Целлюлоза суда, сілті ерітіндісінде ерімейді, суда ісінеді, сілтілік металдар гидрототығының ерітінділерінде және кейбір тұздар мен қышқылдар ерітінділерінде күштірек ісінеді. Ағашты ауа қатыстырмай қыздырғанда Целлюлоза терм. жолмен ыдырап, органик. ұшқыш заттар және су, көмір түзеді. Түзілген органик. өнімдерде метил спирті, сірке қышқылы, ацетон болады. Табиғатта таза күйінде Целлюлоза кездеспейді. Целлюлоза азот қышқылы эфирлерінің маңызы зор, ол күкірт қышқылы қатысында Целлюлозаға азот қышқылымен әсер еткенде түзіледі. Целлюлоза мех. беріктігіне байланысты кеңінен қ<span style=" font-family: 'Times New Roman', 'Arial'; fon

Информация о работе Биополимерлер