Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2014 в 14:46, реферат
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдыстыруды талап етеді» - деген болатын.
Жалпы бiлiм беретiн мектепте химия пәнiн оқыту үдерісінде интерактивті оқыту құралы – зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін қолданудың тиiмдi жолдары мен әдiс-тәсiлдерiн талдап көрсетуге және оның артықшылығын дәлелдеуге тырыстық. Эксперименттiк-тәжiрибелiк жұмыстар үш кезеңде жүргiзiлдi.
I-кезең (2010 -2011 жж.) педагогикалық эксперимент сабақтары жүргiзiлу үшiн сыныптар таңдалынып, оқушылардың химиялық бiлiмдердi меңгеруi, теориялық бiлiмдi практикада пайдалана бiлуi, оқушының пәнге қызығушылығы, бiлiмдi есте сақтау қабiлеттiлiгi деңгейi анықталды. Сонымен қатар эксперименттiң I-шi кезеңiнде педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдебиеттермен танысып, оқулық мазмұнының өзгеруiне байланысты химия пәнiн оқытуға қазiргi кездегi қойылатын дидактикалық талаптарды анықтауға тырыстық. Оқушылар бiлiмiн байқау үшiн сауалнама, әңгiме, байқау, қорытындылау әдiстерiн пайдаландық.
II-кезең (2011 ж.) теориялық әдiстемелiк материалдар жинақтау жұмысы жалғасты. Эксперименттiң мақсаты айқындалды. Зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерінің ерекшелiктерi анықталды. Эксперименттiк сабақтардың тақырыптық жоспары жасалды.
III-кезеңде (2012 ж.) Қызылорда қаласындағы №171 және Қызылорда облысы Шиелi ауданы №228, Сырдария ауданы №147 мектептерiнде эксперименттiк жұмыстар жүргiзiлдi. Эксперименттiк топ пен бақылау тобы анықталып, эксперименттiк топта химияны оқыту кешендермен зертханалық және сарамандық жұмыс дәптерін, интерактивті әдіс-тәсілдермен кiрiктiре отырып пайдалану арқылы жүзеге асырылды. Ал, бақылау тобында бiлiм беру бұрынғы пайдаланылып жүрген оқулықтар, жұмыс дәптері негiзiнде дәстүрлі әдістермен ұйымдастырылды.
Негiзiнен ғылыми-зерттеу
Бiрiншiсi – анықтаушы бағыт. Мұнда – жеке оқушының химия пәнiне деген ынтасын және жалпы сынып ұжымының пәнге қызығушылығын зерттеп бiлуге тырыстық. Мектептiң педагогикалық үдерісiн, атап айтқанда, жалпы бiлiм беретiн мектеп бағдарламаларында (химия) және оқулықтарындағы химиялық ұғымдар мен түсiнiктердiң берiлуi және зертханалық білік, дағдыларының қалыптасуы тұрғысынан қарастырдық.
Екiншi бағыт бойынша оқу үдерісінде мектеп химиясы курсының оқу-әдiстемелiк құралмен қамтамасыздану деңгейiн және эксперименттiң оң нәтиже беруiне ықпал жасайтын педагогикалық мүмкiндiктердi айқындау, тиiмдi әдiс-тәсiлдердi саралау жүзеге асырылды.
Оқушылардың ой-өрiсiн дамыту мақсатында оқу құралдарын, кешендердi пайдалана отырып, зат туралы ұғымды толық игертiп, олардың белсендiлiгiн арттыру мақсатымен сабақ барысында тәжiрибе қою, бақылау жүргiзу, талқылау жасау, қорытындылау жұмыстары кеңiнен ұйымдастырылды. Бұл оқушылардың теориялық бiлiмдi дұрыс меңгерiп, оны қолдану бiлiктерiнiң қалыптасуына әсер еттi. Ұғымның мазмұнын, елеулi белгiлерiн, мәнiн ашу үшiн мысалдар келтiру, анықтама беру, ұғымдар жүйесiндегi орнын табу арқылы оны iс-жүзiнде қолдану бiлiктерiн дамытатын жаттығулар орындалды. Интерактивті оқудың түрлі : «Т-кестесі», «Үш қадамды сұхбат», «Кластерлер», «Шағын топтағы жұмыс», «Пікірталас», «Топтық зерттеу», «Эссе» сияқты тәсілдері оқушы жұмыс дәпетімен бірлікте пайдаланылып, сабақ барысында барынша пайдаланылды.
Үйретушi эксперименттiң алғашқы iздестiру бөлiмi 2011 жылдарда жүргiзiлдi. Бұл сатының мақсаты – теориялық зерттеу жұмысының нәтижесiнде анықталған, оқушыларда жаңа оқыту құралдары ерекшелiктерiн қалыптастыруға қойылатын талаптарды қанағаттандыратын оқу әдiстемесiн жасау.
Үйретушi
эксперименттiң мақсаты - анықтаушы
эксперимент кезiнде байқалған
кемшiлiктiрдi ескерiп, химияны оқытуда
интерактивті оқыту құралдарын
пайдалана отырып, оқушылардың бiлiктiлiгiн
қалыптастыруға қойылатын талаптарды
қанағаттандыратындай оқыту әдiстерiн
ұсыну. Сондықтан да үйрету экспериментi
кезiнде оқу-әдiстемелiк
Үйрету экспериментi кезiнде әр тақырып оқушылардың материалды саналы меңгеруiне көмектесетiн бақылау жүргiзу, жеке дидактикалық карточкалармен жұмыс, үй тәжірибесі, шығармашылық тапсырмалары, тәжiрибе жасау оның нәтижесiн қорытындылау сияқты оқу-әдiстемелiк құралдарда берiлген бағыттар толығымен қамтылып отырылды. Сабақ барысында оқулықтағы материалдар мен есептер және жаттығулар жинағындағы тапсырмалар, оқушы дәптерiндегi оқушылардың өздiгiнен орындауға арналған тапсырмалар мазмұны кiрiктiрiлдi. Сонымен қатар, қай материалды сабақтың қандай бөлiмiнде пайдаланудың тиiмдiлiгi сараланды.
16 – кесте. Үйрету экспериментiнен кейiн оқушылар бiлiмiнiң нәтижесi
Топтар |
Оқушылар саны |
Жауаптар | |||
толық |
толық емес |
терiс |
жауабы жоқ | ||
1. Эксперимент |
96 |
63% (61) |
29% (29) |
4% (5) |
4% (5) |
2. Бақылау |
99 |
35% (34) |
28% (29) |
22% (22) |
15% (15) |
Бұл кестеден бақылау жұмысындағы бiлiм нәтижелерiнiң сандық көрсеткiштерi эксперимент сынып оқушыларында жоғары дәрежеге жеткенiн байқатады. 96 оқушы сабақта оқулықпен, оқу-құраладарымен интербелсенді әдістермен жұмыс iстеп, жаңа бiлiмдi жоғары дәрежеде игергендiгiн көрсеттi. Осыған қарап, химия сабағында оқу-құраладарын интербелсенді әдіс-тәсілдермен толық және жүйелi пайдаланылса, оқушылар ғылыми жорамал жасау, оны негiздеу және сынау жолдарын табуды толығымен меңгере алады деген қорытынды жасадық. Сондай-ақ, бақылау жұмысының оң нәтижесi деректi тақырыптарды ғана емес, кейбiр эмпирикалық заңдарды да осындай жұмыстар нәтижесiнде саналы меңгеруге болатындығын көрсеттi.
Осындай жұмыс түрлерiнен соң эксперимент және бақылау топтарына сұрақтар берiлiп, жауап алдық (кесте 17).
17 – кесте. Үйрету экспериментiнен кейiнгi оқушылардың бiлiм деңгейi
Берiлген сұрақтар |
Эксперимент сынып жауаптары |
Бақылау сыныбы жауаптары | |||||||
толық |
толық емес |
терiс |
жауабы жоқ |
толық |
толық емес |
терiс |
жауабы жоқ | ||
1. Физикалық құбылыстарды зерттеу кезінде оқушы шыны түтікті қатты қыздырып, оны |
66 |
29 |
19 |
12 |
42 |
37 |
33 |
10 | |
кафель плитканың үстіне қою салып, келесі тәжірибені орындауға кірісті. Ол қандай қауіпсіздік ережесін бұзды? Бұл қателік неге әкелуі мүмкін? |
|||||||||
2. Зертханалық тұрғымен қалай жұмыс жүргізіледі? |
79 |
38 |
5 |
4 |
33 |
51 |
27 |
11 | |
3. Заттарды тазартудың қандай |
83 |
37 |
6 |
- |
17 |
27 |
45 |
33 | |
4. Тұз қышқылы ерітіндісіне мырыш түйірін салу арқылы сутекті алу кезінде оқушының ебедейсіз қимылынан, сынауық үстел үстіне құлап, сынды. Оқушы не істеу керек? |
77 |
35 |
10 |
4 |
64 |
43 |
9 |
6 | |
5. Өртті көміртегі (ІV) оксиді көмегімен өшіруге болады. Бірақ та мұндай өрт сөндіргіштерді неліктен жабық бөлмелерде қолдануға тыйым салынған.Неліктен? |
87 |
25 |
10 |
4 |
58 |
30 |
26 |
8 | |
6.Спирт шаммен жұмыс істеу |
89 |
30 |
5 |
2 |
10 |
17 |
75 |
20 | |
Барлығы: |
576 |
190 |
61 |
28 |
288 |
246 |
226 |
94 | |
855 |
854 |
17-кестеде
келтiрiлген мәлiметтерге
18-кестеде эксперимент
Эксперимент жұмысы Қызылорда қаласының №171 мектеп, Қызылорда облысының Шиелi ауданы №228, Сырдария ауданы №147 мектеп оқушыларын қамтыды.
Бiрiншi бақылау
жұмысы кезiнде бақылау және экспериментке
алатын мектептердiң оқушылары
Екiншi және
үшiншi бақылау нәтижелерi кезiнде
эксперименттiк сынып
18 – кесте. Эксперимент жұмысының қорытындысы
Топтар |
Оқушы саны |
Толық |
Толық емес |
Терiс |
Жауабы жоқ |
1. Эксперимент |
96 |
60% (58) |
30% (29) |
7,5%(7) |
2,5 %(2) |
2. Бақылау |
99 |
35%(34) |
28%(27) |
22%(20) |
15%(18) |
7 – сурет. Эксперимент сыныбы
8 – сурет. Бақылау сыныбы
Интерактивті оқу құралы – оқушы
жұмыс дәптері мен
Информация о работе Бейорганикалық химияны оқытуға арналған интерактивті құралдар