Барометр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2014 в 18:32, реферат

Краткое описание

Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) —атмосфералық қысымдыөлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер. Олар ыдыстарыныңпішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) жәнесифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекетіатмосфералық қысымныңбарометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі — 1Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барографқолданылады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Барометр.docx

— 24.12 Кб (Скачать документ)

 

 

 Барометр

 

Барометр (гр. baros — ауырлық және metreo — өлшеймін) —атмосфералық қысымдыөлшеуге арналған құрал. Ең көп таралғаны — сынапты барометрлер. Олар ыдыстарыныңпішініне қарай табақшалы (а), сифонды (ә) жәнесифонды-табақшалы (б) болып ажыратылады. Сынапты барометрдің жұмыс әрекетіатмосфералық қысымныңбарометрлік түтіктегі сынап бағанасы қысымымен теңгерілуіне негізделген. Барометрдің сезгіштігі — 1Па. Атмосфералық қысымның өзгерісін жазу үшін барографқолданылады.

Барометр (грекше ауырлық өлшеу) — атмосфералық қысымды өлшейтін аспап. Сынапты барометр, анероид және дифференциалды барометрлер деп бөледі. Құрылысы бойынша сынапты барометр шыны аяқты және сифондық болып бөледі. Барометрлік нивелирлеу - барометр арқылы жер бетінің белгілі бір нүктелеріндегі атмосфералық қысымды өлшеп және ауа температурасын ескере отырып нүктелердің биік айырымын анықтау әдісі. Үйлесімді байқау әдісін екі байқаушы жүргізеді. Бастапқы нүктеде барометрлердің, термометрлердің және сағаттардың көрсеткіштерін салыстырып, бір байқаушы сонда қалады да, уақыттың тең аралығы сайын, мысалы, 30 мин. сайын барометрден,термометрден және сағаттан есептеу алады және жазады. Екінші байқаушы анықталатын нүктелерде өлшеу уақытында осындай есептеулер алады және жазады. Биік айырымын есептеу үшін бірінші байқаушының барометрінің және термометрінің көрсеткіштеріекіншінің өлшеу мерзіміне интерполяцияланады. Аудандардынивелирлегенде аудан ортасында таңдалған станцияда келіскен мерзімде байқаулар жүргізіледі, одан анықталатын нүктелерге дейін бағытжолдар салынады да, аспаптардың көрсеткіштерін тексеру мақсатымен станцияға қайтып келеді. Нивелирлеудің ең дәл әдістерінде изобаралық беттердің еңістігін және температуралық градиенттің өзгеруін ескереді.

Барометр-анероид


Э. Торричелли тәжірибесіндегі сынапты түтікке вертикаль шкала орнатса, қарапайым сынапты барометр пайда болады. Сынапты

 

 

барометрдегі сынап бағанының биіктігі 1 метрге жуық әрі оны тік етіп орнату немесе іліп кою керек. Сондықтан ондай барометрді алып жүру қиын әрі ыңғайсыз және қауіпті де, өйткені сынаптың буы - улы.

Әсіресе кемеде, ұшақта, барометр өте қажет болған басқа да жағдайларда оны қолдану тіпті мүмкін емес. Сондай кездерде атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероидтар (грекше анероид - сұйықсыз) кеңінен колданылады. Барометр-анероид беті толқын тәрізді қатпарланған дөңгелек жұқа металл қорапшадан (1) тұрады (1-сурет). Оның ішіндегі ауа сорып шығарылған. Атмосфералық қысымның әрекетінен қорапша қабысып қалмауы үшін оны серіппе (2) арқылы керіп қояды. Атмосфералық қысым өзгергенде қорапшаның көлемі де өзгереді. Соның салдарынан серіппе созылады немесе сығылады. Мысалы, атмосфералық қысым артқанда қақпақ төмен қарай майысады да, серіппе керіліп ұзарады. Ал қысым кемігенде қақпақ қайтадан орнына келеді де, серіппе, керісінше, жиырылады. Беріліс тетігі (3) серіппенің осы қозғалысын құралдың шкаласы бойымен жылжып отыратын көрсеткішке (4) береді. Шкала (5) миллиметр сынап бағанымен (мм сын.бағ.), кейде килопаскальмен (103 Па) градуирленеді. Атмосфералық қысым атмосфералық құбылыстармен байланысты болғандықтан, барометр шкаласына қарап ауа райын да болжауға болады

 


Информация о работе Барометр