Азот қышқылы өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 15:30, реферат

Краткое описание

Химия-Қазақстанның маңдай алды ғылымы.Біз химиялық орталықтарды дамыту арқылы ғана алдыңғы қатардағы елу елге қосыла аламыз.Химиясыз өмір жоқ.Біз экономиканы дамытуымыз керек.
Күнделікті жұмыста қолданып келе жатқан мата,пластмассадан жасалған бұйымдар, дәрі-дәрмектер, кір алғыш құралдар,жердің құнарын сақтайтын тыңайтқыштарды,асыл тастардан,бекзат маталардан жасалған әшекейлерді,көз тартар бояуларды,өсімдік зиянкестерімен күресетін гербицидтерді,иісі мұрныңды жаратын әтірлерді т.б айта келіп біз күніне дүние жүзі химиктері мыңдаған жаңа заттар синтездеп, оларды адамзат игілігіне жаратудамыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Химия.docx

— 19.32 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

                                Дайындаған:Төлеубекова Д.Р.

                                  Тексерген:Нұрбекова Р.Б.

                                  Тақырыбы:Химия-біздің болашағымыз

 

 

                                             

 

 

                   Уызбай ауылы 2012 жыл.

 

 

 

Химия-Қазақстанның маңдай алды ғылымы.Біз  химиялық орталықтарды дамыту арқылы ғана алдыңғы қатардағы елу елге қосыла аламыз.Химиясыз өмір жоқ.Біз  экономиканы дамытуымыз керек.

 Күнделікті жұмыста қолданып  келе жатқан мата,пластмассадан жасалған бұйымдар, дәрі-дәрмектер, кір алғыш құралдар,жердің құнарын сақтайтын тыңайтқыштарды,асыл тастардан,бекзат маталардан жасалған әшекейлерді,көз тартар бояуларды,өсімдік зиянкестерімен күресетін гербицидтерді,иісі мұрныңды жаратын әтірлерді т.б айта келіп біз күніне дүние жүзі химиктері мыңдаған жаңа заттар синтездеп, оларды адамзат игілігіне жаратудамыз.

   Химия өнеркәсібінің   өнімдарі ел байлығын құрап,  қазынаға түсетін басты үлесін  алып отыр.Әлемде теңдесі жоқ Қаратау бассейніндегі фосфор кеніші, Қарағанды мен Екібастұздың көмірін қоссақ, еліміздің болашығының дамуының кепілі тікелей химя, металлургия,тау-кен өндірістеріне тәуелді болып отыр,сіздер осыны неге ойламайсыздар!

   Адамзат қоғамы бұдан  мыңдаған жылдар бұрын кейбір  табиғи шикізаттарды мұқтажына  сай оңдеп,қажетіне пайдалана білген.Қазіргі заманда адамның өңдіргіштік әрекеттері саласында химияның атқаратын рөлі зор.Химия араласпаған бірде-бір өңдіріс, шаруашылық салалары жоқ.Табиғат бізге тек бастапқы шикізатты ағашты, кенді, мұнайды және т.б. береді.Табиғи материалдарды химиялық өңдеу арқылы ауыл шаруашылығына,өңдіріске,тұрмысқа қажетті тыңайтқыштарды, металдарды, пластмассаларды, бояуларды, дәрілік заттарды, сабынды, соданы және т.б. аса маңызды әртүрлі заттарды алады.

    Машина және аспап  жасау сияқты өңдіріс салаларына химиялық конструкциялық материалдар қандай қажет болса, қара және түсті металдарды,құймаларды,ағашты,шыныны алмастыратын берік, ыстыққа төзімді, оптикалық мөлдір, электроқшалауғыш,жемірілмейтін, т.б. қасиеттнрі бар полимерлер сондай қажет.

   Қазіргі қоғамда әрбір  адам өзінің химия ғасырында  өмір сүріп отырғаның жақсы  біледі.Өйткені химия адамды сырт  киіммен,аяқ киіммен қамтамасыз  етіп қана қоймай,тамақтандырып әрі емдейді.Олардың баспаналы болып,өмірін көркейтуіне көмектеседі.Адамдар химияның қызметін  әр сағат,әр  секундта көреді десек,артық айтқандық емес.Үйде отырып телевизор қарау немесе қолды сабынмен жуу,тіпті автоқаламмен жазудан бастап,ғарышқа ұшқанға дейін адам химияның өнімін пайдаланады.Химиясыз жасанды жер серіктері, зымырандар, планетааралық станциялар болмас еді.Сондай-ақ  адам жер тұңғиығына үңіліп,теңізбен мұхит тереңдіктерін зерттей алмаған болар еді.

  ХХ ғ 60 жылдарынан бастап  дәмді,хош иісті, қоректік  қасиеті мол жасанды тағамдар жасау қолға алынды.

    Өз заманында ұлы химик  Д.И.Менделеев:»Химияда қалдық жоқ,  тек пайдаға аспаған шикізат бар»-деген. Егерде қалдықсыз өндірістер іске асырылса, материалдық заттарды тиімді жұмсап,шикізатты толығырақ пайдалану, өңдірістің зиянды қалдықтарынан қоршаған ортаны сақтауға мүмкіндік береді.Өндірісте пайда болған қосымша өнімдер әрі қарай қолданылмаса, оларды қалдық суларда сәйкес қоспалар немесе микробиологиялық әдістермен зарарсыздандырады.Көптеген химиялық өндірістерде суды қолдану тұйық әдіспен жүзеге асады.Онда өндірісте қолданылған су тазартылып, өндірістік айналымға қайтадан жіберіледі, яғни қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

    Ұлы француз жазушысы  В.Гюго:»Кімге қауіп төніп тұр!Сіздерге.Сіздер  алдарыңыздағы таразыны көрмейсіздер ме? Оның бір жағында-сіздердің мүмкіндіктеріңіз, ал екінші жағында-сіздердің жауапкершіліктерің тұрған жоқпа?»-деген еді.Сондықтан табиғат байлығын ысырапсыз пайдаланып, адамның әл-ауқатын арттыру үшін қазіргі қоғамда барлық мүмкіншілдіктер қолданылуда.

    Өндіріс орындарына түтін  газдарын залалсыздандыратын тазартқыш  қондырғылар қойылып,өндірістің  санитарлық-гигиеналық талаптары  белгіленген.


Информация о работе Азот қышқылы өндірісі