Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2014 в 14:09, реферат
Энергетика бүгінде әлемдік өркениеттің мыңызды қозғаушы күшіне айналып отыр. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарын қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанындай, Қазақстанда ядролық энергетиканы қолданбастан жақын және алыс болашақта энергетикалық кілтипандарды шешуге болмайтын сияқты.
Экология
Өзінің өндірістік қызметін жүзеге асыра отырып «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы игілікті қоршаған ортаны сақтау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану бойынша қоғам алдындағы жауапкершілігін жете сезінеді.
Қызметкерлердң қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания жұмыс жүргізетін аймақ тұрғындарының денсаулығын қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаға мүмкін болған радиологиялық және химиялық әсерді болдырмау Қазатомөнеркәсіптің басым міндеттері болып табылады.
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы компания қызметі мына мақсаттарды көздейді:
өндірістік қызметті Қазақстан Республикасында қолданылатын экологиялық заңдылықтар және басқа да нормативті талаптарға сәйкес жүзеге асыру;
кәсіпорын қызметкерлері мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
өндірістік қызметтің кәсіпорын қызметкерлері мен қоршаған ортаға ықпалын мейлінше азайту;
еңбек жағдайын үздіксіз жақсарту және кәсіпорын жұмысының қоршаған орта жағдайына әсерін кеміту;
өндірістік апаттар мен экологиялық тәуекелдерді алдын-ала сақтандыру;
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;
техникалық және экологиялық қауіпсіздік қағидаларын ескере отырып қолданыстағы технологияларды ұдайы жетілдіру және жаңаларын енгізу;
еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік өкілетті ұйымдар мен халықаралық ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимылдар жасау;
еңбек жағдайы, қызметкерлер мен тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі және оның қоршаған ортаға мүмкін болған әсері туралы тұрғындарды хабардар ету.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін компания тұрақты түрде әдістемелік басшылық жасап, ядролық, радиациялық және техникалық қауіпсіздікке, сондай-ақ «Қазаитомөнеркәсіп» холдингі кәсіпорындарында еңбек пен қоршаған ортаны қорғау жайына талдау жүргізеді.
Қазатомөнеркәсіптің барлық құрылымдық бөлімшелерінде еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметі жұмыс істеп тұр.
Кәсіпорындар жыл сайын қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын жасап, оны өкілетті ұйымдармен келісе жүргізеді. Өндірістік нысандардың аттестациясы да уақтылы өткізіліп тұрады.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылатын өндірістік экологиялық және радиациялық бақылау тұрақты түрде жүргізіледі. Бұл жұмыстарды өндірістік экологиялық және радиациялық бақылаудың белгіленген тізбектемесіне сәйкес параметрлерге білікті өлшемдер жүргізу үшін сараптау, дозиметрлік және радиометрлік аппараттармен жабдықталған экологиялық және дозиметрлік қызметтер жүзеге асырады.
Қазатомөнеркәсіптің барлық кәсіпорындарында өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздігі Декларациясы жасалып, бекітілген. Мүмкін болған апат зардаптарын жою үшін аттестацияланған арнайы бөлімшелер құрылған, олардың қатарында компанияның бас кеңсесімен және ҚР Төтенше жайдайлар жөніндегі министрлігімен шұғыл байланысқа шыға алатын диспетчерлік қызмет те бар.
Кәсіпорындарда еңбекті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін ұдайы жетілдіру және экологиялық менеджменттің, кәсіби қауіпсіздік және қызметкерлердің денсаулығы менеджментінің озық халықаралық тәжірибесін енгізу жұмыстары қатар атқарылады. Қазатомөнеркәсіптің он бес кәсіпорны халықаралық ISO -14001 және OHSAS- 18001 стандарттарына сәйкестік сертификаттарына ие.
Табиғатқа пен адамдарға ұқыпты қарау – Қазатомөнеркәсіп қызметінің жемісті болуының басты кепілі.
Әлеуметтік жауапкершілік
Әлеуметтік сала, уран өндіруші аймақтарды дамыту Қазатомөнеркәсіптің басым бағыттарының бірі болып табылады. Сол мақсатта 2004 жылы мамандандырылған «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» әлеуметтік компаниясы құрылды.
Басты міндеттері – әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру және өркендету, мамандар дайындау, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті, мәдениет пен спортты дамыту және қолдау көрсету, сондай-ақ көркейту және көгалдандыру.
Қазатомөнеркәсіптің шетелдік әріптестермен, атап айтқанда, Франция, Жапония, Ресей және басқа да елдердің компаниялары қатысуымен құрған Жарғылық қор аталмыш әлеуметтік компанияның басты қаржы көзі болып табылады. Жарғылық қорға бөлінетін қаржы жер қойнауынан пайдалану келісім-шартында көрсетілген міндетті әлеуметтік төлемдер басқа ерікті жарналар.
Өзінің төрт жылдық қысқа тарихында «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының 11 елді мекенінде жалпы сомасы 9,9 млрд. теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырды: үлкен автомобиль көпірі, 500 шақырымдық автомобиль жолы салынып, 40 шақырымдық темір жол төселді; елді мекендердің жолдары қалпына келтірілді; бірнеше дәрігерлік-санитарлық бөлімдер мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды; арнайы дизайн-жобалар жасау жолымен жалпы саны бес балабақша жаңадан салынып, кейбірі қайта жаңартылды. Нақтырақ айтқанда, балдырғандар үшін бассейндер, қазіргі заманғы ойын бөлмелері қарастырылып, олардың әрқайсысы жас ерекшеліктеріне сай жиһаздармен жабдықталды. Мұндай балабақшалар Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында бұрын-соңды болмаған. Сол сияқты, жаңадан құрылғаны және қайта жаңартылғаны бар жалпы білім беретін 6 орта мектепте компьютерлік және лингафондық кабинеттер, тіпті автомобиль сыныптары мен еңбек кабинеттері жұмыс істеп тұр. Қазатомөнеркәсіп шағын және орта бизнестегі ондаған кәсіпорындардың ашылуына септігін тигізіп, олар ауыл адамдары үшін қосымша жұмыс орындарын ашып қана қоймай, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту жолында қызмет етуде; мұғалімдер мен дәрігерлердің біліктілігін арттыру бойынша да ауқымды бағдарлама басшылыққа алынған; балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру ісіне де ерекше көңіл бөлінген. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының кенттерінде салынған үш мәдени-спорт орталықта тұрғындарға тегін қызмет көрсететін бай кітапханасы, тренажер және спорт залдары, ойын бөлмелері қарастырылған. Аталмыш орталықтардағы 53 үйірме мен спорт секцияларына 1300 балдырған тұрақты түрде қатысады. Сондай-ақ кенттердегі боулинг-орталықтар, кинотеатрлар мен дискотекаларда қазіргі заманғы озық аудио-бейне аппараттары орнатылған.
Жүзеге асырылған жобалар – Қазатомөнеркәсіптің компанияны дамыту стратегиясының ажырамас бөлшегі саналатын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі ұстанымдарына адалдығының айқын дәлелі. Ұлттық атом компаниясы отандық экономиканың ту ұстаушысы ретінде азаматтардың өмір сапасын жақсарту бағытында өз алдына қойған міндеттемелерді алдағы уақытта да абыроймен атқаруға әзір. Атом саласының өркендеуімен бірге адамзат әлеуетіне салынған қаржы да еліміздің игілігіне қызмет ете бермек.
Геотехнология
«Геотехнология» Қырғыз-Қазақстандық аймақтық оқу-әдістемелік орталығы «ҚТКК» ААҚ Орталық ғылыми-зерттеу зертханасының (ОҒЗЗ) негізінде 2002 жылы құрылған.
Құрылтайшылары: «Қарабалта Таукен комбинаты» ААҚ («КТКК» ААҚ, Қырғызстан), «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, Қазақстан).
Негізгі міндеттері
«Геотехнология» АОӘО-ның негізгі міндеттері Сапаны Басқару Жүйесінің кәсіпорындарында халықаралық стандарттарға сәйкес орта техникалық қызметкерлерге тұрақты жұмыс істейтін оқуды, қажетті барлық басқару құжаттарын қоса, ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Оқыту Қарабалта қаласы («Геотехнология» АОӘО-ның оқу базасы мен өндірістік жайларында және «ҚТКК» ААҚ ОҒЗЗ-да), және сондай-ақ өндірістен қол үзбей тікелей тапсырыс берушінің кәсіпорындарында (жұмыс орындарында) жүзеге асырылады.
«Геотехнология» АОӘО-да бар Қырғыз Республикасы Білім және мәдениет министрлігінің АШ № 878, АШ № 675 лицензиялар, Қырғыз Республикасы Экология және төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Өнеркәсіп қауіпсіздігін бақылау және таукен бақылау жөніндегі Мемлекеттік инспекциясының № 01-03/1-557 арнайы рұқсаты, білім, еңбек қауіпсіздігі, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының Үкіметаралық келіссөздері мына мамандықтар бойынша қызметкерлерді дайындауға және біліктілігін көтеруге құқық береді:
Әр мамандықты оқыту үшін, көрсетілген мамандықтар бойынша лекциялар мен көрсетіп-үлестіретін қағаз және электрондық жеткізгіштерді (плакаттар, кестелер, суреттер, нобайлар) қоса, оқу-әдістемелік материал дайындалды.
Геотехнология» АОӘО-да оқу бағдарламасына мыналар кіреді:
Тапсырыс берілген мамандықтардың әрқайсысы үшін бейінді пәндері бойынша тереңдетілген курс беріледі.
Барлық мамандықтар бойынша тәжірибе, бақылау және реферат жұмыстарын орындау қарастырылған.
Көрсетілген мамандықтар бойынша оқыту нәтижелерін бағалау үшін әр мамандық бойынша, әр нұсқасында 8 ден 12 сұраққа дейін, тестер дайындалған. Сұрақтарға 3-4 жауаптар берілген, тек олардың біреуі ғана дұрыс. Әр тесте міндетті түрде химия немесе технология бойынша есептеулер орындауды қажет ететін есептер және қауіпсіздік техникасы бойынша сұрақтар бар. Сапа жүйесі бойынша тестер бөлек жасалған.
Мамандардың 'Геотехнология' АОӘО-да оқуын аяқтағанда кадрлар бойынша мамандармен бірлесіп орындарда қортынды тестілеу өткізіліп, оның қортындысы бойынша атаулы сертификаттар беріледі.
«Геотехнология» АОӘО-ның білім беру қызметін қамтамасыз ету үшін «ҚТКК» ААҚ, Геология және минералдық ресурстар жөніндегі Мемлекеттік агенттігінің (Қырғыз Республикасы), «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК (Қазақстан Республикасы), Томск политехникалық университеті (Ресей Федерациясы) және басқа ұйымдардың жоғарғы кәсіби мамандары шақырылады, сондай-ақ Орта Азия республикаларындағы, Ресей Федерациясындағы және Қытайдағы уран, алтын және басқа злементтердің кен орындары, жерасты ұңғылап сілтілендіру технологиясы, уранды, алтынды және сирек металды шикізаттарды гидрометаллургиялық өңдеу жөніндегі мәліметтер бар «ҚТКК» ААҚ ОҒЗЗ-ның бай мұрағат материалдары пайдаланылады.
«Геотехнология» АОӘО-да техникалық әдебиетінің жалпы көлемі 30 мыңнан аса дана кітабы, қызметкерлер әдебиетпен жұмыс істеу үшін оқу залы бар үлкен техникалық кітапханасы бар. Кітапханада бір мезгілде 10-15 адам жұмыс істей алады. Ақпаратты өңдеу үшін жеке компьютерлер, сканерлер, принтерлер бар. Кітапханада керек кітапты тез табуға көмектесетін каталогтар жұмыс істейді.
«Геотехнология» АОӘО-да оқытумен қатар мынаны іске асырады:
Істеп тұрған және жаңадан құралған ЖҰС кәсіпорындарының басшыларына физика-химиялық зертханаларда, қайта өңдеу қондырғыларында (УППР) мен ЖҰС полигондарында жұмысты ұйымдастыру, таукен өңдіру өнеркәсібі кәсіпорындарының, оның ішінде кіші және орта бизнес, мамандары мен кәсіпкерлеріне, семинарлар, лекциялар мен өткізу және «дөңгелек стол» ұйымдастыру арқылы, сондай-ақ әртүрлі технологиялық зерттеулер ұйымдастыру мен жүргізуді, барлық қажетті басқару құжаттарымен қоса, Сапаны Басқару Жүйесінің Халықаралық стандарттарын (ИСО 9000) ендіру мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсетеді;
Өндірістік процестерді жүргізу үшін әдістемелік әдебиет дайындау:
Өндірістік процестерді жүргізу үшін технологиялық регламенттерді дайындау;
Қажет болған тақырып бойынша әдебиеттік шолу, рефераттар шығару, патенттік ақпарат іріктеу;
Жұмыс істеп тұрған өндірістердің технологиялық көрсеткіштеріне талдау бойынша қызмет көрсету, процестерді жақсарту жөнінде ұсыныстар берумен;
Ғылыми-өндірістік есептерді ресмилеуге көмек көрсету;
Сапа бойынша жаңа халықаралық стандарттарға сәйкес өндірістерді аккредитациялау және аттестациялау үшін құжат дайындау жөнінде қызмет көрсету.
Толық ЯОЦ құру
Қазіргі кезде әлемдік атом энергетикасы ерекше кезеңді бастан кешуде. Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттік болжамына сәйкес, жақын арадағы 25 жылда энергияға деген сұраныс екі есеге дейін артпақ. Дәстүрлі энергия көздері – мұнай, көмір және газ адамзаттың энергияға деген сұранысын қанағаттандыра алмайды. Әлемдегі экологиялық ахуалдың күн санап нашарлауын ескерсек, атом электр стансасының тиімділігін түсінеміз. Ал органикалық энергия көздерінен жұрдай елдер үшін, атом энергетикасын дамыту – тығырықтан шығатын жалғыз жол. Уранды тасымалдау әдісі аса қарапайым, оның үстіне ураннан энергия алуға жұмсалатын шығын көмір мен газбен салыстырғанда 4-6 есе арзан түседі.