Адам
ағзасындағы элементтер мен қосылыстар.
Йод.
Орындағандар:
7«Е» сынып оқушылары Ануарбекова
Айгерім, Мулдагалиева Аселя, Сабиева
Ақмарал, Сайлауханова Мөлдір.
Жоспар:
- Химиялық элементтерге жалпы сипаттама(Кіріспе)
- Адам ағзасын құратын химиялық элементтер
- Химиялық элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының бұзылуы
- Йод дегеніміз не?
- Йодтың маңызы
- Қортынды
Химиялық
элементтерге жалпы сипаттама (Кіріспе)
- Химиялық элементтер — ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі. Химиялық элементтер аты латынша атауының бір немесе екі алғашқы әріптерімен белгіленеді. молекуласы бір ғана элемент атомдарынан құралған зат — жай зат, молекуласы әр түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген зат — күрделі зат деп аталады. Кейбір элементтер бос күйінде молекула немесе кристалды тор құрылысы айрықша әр түрлі жай зат түрінде кездеседі. Химиялық реакция нәтижесінде әрекеттесетін заттардың молекула құрамында химиялық элементтер қайта топтасады, яғни жаңа зат пайда болады. Химиялық элементтер атомдарының басқа атомға айналуы, атомдардың ыдырауы не күрделі атомдардың құрылуы ядролық реакциялар нәтижесінде ғана жүреді. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиетін анорганикалық химия зерттейді.
Адам
ағзасын құратын химиялық элементтер
- Адамның ағзалары химиялық элементтерді әр түрлі концентрлейді, яғни микро-және макроэлементтер мүшелер мен ұлпаларда әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш – қарын асты безінде, йод – қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий – шашта, кадмий, сынап, молибден – бүйректе , қалайы – ішек ұлпаларында, стронций – қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий – көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде және тағы басқаларда жиналады.
Химиялық
элементтердің жетіспеуінен адам ағзасының
бұзылуы
- Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро- және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны әр түрлі болып келеді. Макроэлементтер — ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл– негіздік құрамын реттеушілер. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро – және микроэлемент-тер – кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады.
Йод дегеніміз
не?
- Йод, I – элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент. Галогендер тобына жатады, ат. м. 126,9; ат. н. 53; тығыздығы 4,93 г/см3; балқу t 113,60С; қайнау t 184,350С. Йодты 1811 ж. француз химигі Б.Куртуа ашқан. Табиғатта тұрақты бір изотопы бар, бос күйінде кездеспейді. Қара сұр түсті, күлгін жылтыр, өткір иісті. Лаутарит,дитцент минералдарында, мұхит суы, мұнай кендеріндегі ілеспе суда, балдырларда кездеседі. Суда нашар, органикалық еріткіште жақсы ериді. Көптеген металдармен және сутекпен жоғары температурада әрекеттеседі. Сілтімен әрекеттесіп йодатты тұз түзеді, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш сипат көрсетеді. Йод мұнайдағы ілеспе судан хлормен, натрий нитратымен немесе қышқыл қатынасатын марганец қос тотығымен тотықтыру арқылы өндіреді. Йод және оның қосылыстары медицинада, металл өндіруде, фотосурет өңдейтін химиялық реактив жасауда, т.б. қолданылады. Адам организмінде Йодтың жетіспеушілігі қалқанша бездің ұлғаюына, бұғақ ауруына шалдықтырады.
Йодтың
маңызы
- Йод – бұл маңызды микроэлемент, ол жер бетіндегі тірі ағзалардың өсуі мен дамуына қажет. Қазақстанда йод жетіспеушілігі “жасырын аштық” деп саналады. Осыған байланысты йод жетіспеушілігінің медициналық-әлеуметтік және экономикалық маңызы денсаулық, интеллект, білім сапасына әсер етіп отыр, уақыт өте келе халықтың кәсіби әлеуетіне әсер етеді. Адам ағзасындағы йод – тиреоидты гормондар үшін құрылыс материалы. Тиреоидты гормондар ағзадағы барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысын реттейді және жақсартады. Балалар үнемі өсу мен даму үстінде болады десек, йод жетіспеушілігі салдарынан әлсіздік бірден байқалады.
Адам
ағзасына күніне қажетті йод мөлшері: |
Кішкентай бала(0-6
жас) |
Мектеп оқушысы
(7-11 жас) |
Жас өспірім (12-ден үлкен) |
Ересек адам |
100-80мкг |
80-70мкг |
50мкг |
200-250мкг |
Қортынды
- Біздің ойымызша йод адам ағзасында аз болғанына қарамастан, маңызы өте зор. Себебі, йод қалқанша бездің қалыпты қызмет ету үшін негізгі элементтердің бірі.
1