- Тәжірибелік бөлім
Nа, Са хлоридтерін
қосу арқылы мұнай немесе мұнай өнімдеріндегі
суды анықтау
Жұмыстың мақсаты: натрий
хлориді, кальций хлориді тұздарын және
бензол немесе ацетонды қосу арқылы мұнай
немесе мұнай өнімдерінің құрамындағы
суды анықтау.
Құрал – жабдықтар мен
реактивтер: мұнай өнімі,
натрий хлориді, кальций хлориді,ацетон,
бензол, бөлгіш құйғы, колба, тығын, стакан,
фильтр қағазы, өлшеуіш цилиндр.
Жұмыстың орындалу барысы: 100 мл мұнай
өніміне 10 мл су қосып, қабат түзілмейтіндей
етіп жақсылап араластырады. Алынған қоспаға
1 г натрий хлориді немесе 3 г кальций хлоридін
ұнтақтап қосады. Натрий хлориді, кальций
хлориді тұздарының орнына 5 мл ацетон
немесе бензол ерітіндісін алуға болады.
Пайда болған эмульсияның бөлгіш құйғыға
құйып тұндырады да, бірнеше минут өткен
соң су мен мұнай өнімінің қабаты байқалады.
Байқалған қабаттан суды бөліп алады.
Ал жеңіл
мұнайлар мен конденсаттарды бөлме температурасында
2-3 кун бойы кальций хлориді үстінде ұстайды,
ал шайырлы және ауыр мұнайларды керімұздатқышы
бар дөңгелек түпті колбада
су моншасында кыздырады. Сусыздандыруды тиімдірек жүргізу
үшін кальций хлоридін қосады. Егер сулы
мұнай құрамында жеңіл фракциялар жоқ
болса және де өте лас болса, оны бензолда
ерітіп, сосын сүзеді. Су моншасында
(100°С-қа дейін) еріткішті(бензолды)
қайта айдау кезінде бензолмен бірге су
да буланады [2].
Тәжірибе нәтижесін
талдау
Тәжірибені дәл жұмыстың
орындалу барысындай жүргізеді.Шикі мұнай
кұрамында көбінесе су болады, ол ерітілген
күйде немесе эмульсия түрінде болады.
Мұнайда судың болуы өте қолайсыз жағдай, себебі анализ жүргізуді қиындатады.
Көбінесе мұнайдағы су тұнғанда жақсы бөлінеді, сондықтан
оны мұнайдан бөлу үшін бөлетін сүзгіге
құяды да астыңғы су қабатын төгіп тастайды.
Мұнайдағы эмульсиялық суды бөлу үшін
сусыздандыруды көбінесе кальций хлоридімен жүргізеді.
Іс жүзінде кальций хлориді ең тиімді кептіргіш болғандықтан
тәжірибені кальций хлоридімен, орындайды.
Тәжірибеге сынама
ретінде АИ-80 мұнай өнімі алынды.
Кесте3.
Тәжірибе нәтижесі
Зерттелетін сынама
құрамы |
Анықталатын зат |
Алынған су көлемі |
Қателік
|
Теория бойынша,
мл |
Тәжірибе бойынша,
мл |
Атауы |
Мөлшері, г; мл |
АИ-80 |
100 |
су |
10 |
9,7 |
0,3 |
Су |
100 |
СаСІ2 |
3 |
|
Қорытынды
Курстық жұмыстың барысында
мұнай және мұнай өнімінің құрамындағы
суды анықтау әдістері мақсат етіп қойылды.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей
міндеттер орындалды:
- Мұнайды жер қойнауынан өндірілгенде құрамында серіктес газдар, қаттық (жер қыртысы) сулары, минералды тұздар, әр түрлі механикалық қоспалар (құм, топырақ, т.б.) және сол қоспалардың болуы оның тасымалдануын және өңдеуін айтарлықтай қиындататындығы туралы жазылды. Мұнайды даярлаудың бірнеше сатыларын, яғнимұнайдан газды сепарация және тұрақтандыру арқылы бөлу, механикалық қоспалардан тазалау, сусыздандыру және жартылай тұзсыздандыруға толық мәлімет берілді. Сонымен қатартасымалдау алдында мұнай мен мұнай өнімдерінің сапасына қойылатын ГОСТ-тың талабы мен мұнайды ректификациялау алдында қойылатын талаптар жазылды.
- Мұнай эмульсиясы деп бір-бірінде ерімейтін және ұсақ дисперсті бытыраңқы күйде болатын мұнай мен қабат суларының механикалық қоспасы екендігі және оның түзілуі, оған әсер ететін энергиялар түрлеріне тоқталынды. Сонымен қатар мұнай эмульциясының жіктелуі (дисперсті фаза, дисперсті орта)мен физикалық химиялық қасиеттеріне (диперстілік дәрежесі, дисперсті фазаның бөлшектері бойынша түрлері, тұтқырлығы, инверция нүктесі, тығыздығы, электрлік қасиеті, коагуляциясы, коалесценциясы, инверсиясы) сипаттама берілді.
- Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамындағы суды анықтау бірнеше әдістері - шайқауға арналған үлгі, Дина және Старк әдісі, Фишер тәсілі, хроматогрфиялық әдіс, Nа, Са хлоридтерін қосу арқылы анықтау тәсілдері толық жазылды.
- Тақырып бойынша зертханалық жұмыс жасалынып, қорытындысы анықталынды. Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамындағы суды анықтаудыңбірнеше әдістері бар. Соның іщінде ең тиімдісі натрий және кальций хлориді тұздарымен анықтау болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Бишімбаева Г.Қ., Букетова А.Е.. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы: Оқу құралы. - Алматы: «Бастау», 2007. -242б. 130 – 137 б.б.
- Бүркітбаева Б.Д., Малахова О.В., Ишкенов Э.Р.. Мұнай және мұнай өнімдері сапасының экспертизасы. Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқау. – Алматы, 2004. -30б. 4 – 6 б.б.
- Абдрахманова А.Г., Бегалиева Р.С.. Лабораторный практикум по «Химия и физика органических веществ». Учебно−методическое пособие для студентов очной, заочной и вечерней форм обучения специальности. – Орал: «ЗКАТУ им Жангир хана», 2011. -80с. 9 – 18б.б.
- Джиембаева Қ.І., Насибуллин Б.М.. Мұнай кен орындарында ұңғы өнімдерін жинау және дайындау. ЖОО-ға арналған оқулық. – Алматы: 2005. – 288б. 33 – 51 б.б.
- Суербаев Х.А. Мұнай – газ ісінің негіздері: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2008. – 376 б. 56 – 66 б.б.
- Омарәлиев Т.О. Мұнай мен газдан отын өндіру арнайы технологиясы. – Астана.: «Фолиант», 2005. -360 б., 74 кесте, 92 сурет. 21 б.
- Қайырбеков Ж.Қ., Әубәкіров Е.А., Мылтықбаева Ж.К. Жалпы химиялық технология: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 244 б. 143 б.
- Рябов В. Д.Химия нефти и газа. М.: «Техника», ТУМА ГРУПП, 2004. – 288 бет.
- Зайлалова В.Р. Учебное пособие по курсу «Химия нефти и газа». Уфа: УГНТУ, 2006. – 145 с.
- Ахметов С.А. Технология глубокий переработки нефти и газа. Уфа: Гилем, 2002. – 672 с.
- ГОСТ 2477-65 «Нефть и нефтепродукты. Метод определения содержания воды».
- Березин Б.Д. Курс органической химии. М.: Высшая школа, 2003. – 580 с.
- Каминский Э.Ф., Хавкин В.А. Глубокая переработка нефти: технологический и экологический аспекты. М.: Техника: ООО «ТУМА ГРУПП», 2001. -381 с.
- Левинтер М.Е., Ахметов С.А. Глубокая переработка нефти. – М.: Химия, 1992. – 223 с.
- Леффлер Уильям Л. Переработка нефти. / Пер. с англ. М.: ЗАО Олимп – Бизнес. 1999. – 224 с.
- Надиров Н.К. Нефть и газ Казахстана. В 2 – х т. Алматы: Ғылым. 1996.
- Сафиева Р.З. Физикохимия нефти. – М.: Химия, 1998. – 448 с.
- Сокова Н.А., Иванова Л.В. Учебное пособие. Органическая химия с основами химии и нефти газа. М.: РГУ нефти и газа им. И.М. Губкина, 1999. – 356 с.
- Утелбаева А.Б., Утелбаева Б.Т. Химия – 4.Көмірсутектер және синтез жолдары. Оқулық. Алматы; Қазақстан- Британ техникалық университеті. - 2007.- 450 б.
- Утелбаева А.Б., Утелбаева Б.Т. Химия – 4. Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері.Оқулық. Алматы; Қазақстан- Британ техникалық университеті. - 2007.- 392 б.
- Химия нефти и газа /Под.ред. В.А. Проскурякова, А.Б. Дробкина Л.: Химия, 1989.- 424 c.
- Эрих В.Н., Расина М.Г., Рудин М.Г. Химия и технология нефти и газа. Химия, 1985.- 436
- Утелбаева А.Б., Утелбаева Б.Т. Химия – 4. Органикалық химия . гетерофункционалды қосылыстар.Оқулық. Алматы; Қазақстан- Британ техникалық университеті. - 2007.- 411 б.
- Сюняев з.и., Сафиева Р.З., Сюняев Р.З Нефтяные дисперсные системы, М.:Химия, 1990.-226 c.
- Мановян А.К. Технология первичной переработки природных энергоносителей. М: Химия, КолосС, 2004. – 456 c.