Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 17:56, реферат
1. Жер құқығының қайнар көздерiнiң түсiнiгi және белгiлерi.
2. Жер құқығының қайнар көздерi мен жер заңнамасының ара-қатынасы.
3. Жер заңнамасының мақсаты мен мiндеттерi.
4. Жер құқығы қайнар көздерiнiң жiктелуi. (заң күшi бойынша; әрекет етуi бойынша; құқықтық қатынастарды реттеу шеңберi бойынша; актiнi қабылдаған орган бойынша).
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРI
1. Жер құқығының қайнар
2. Жер құқығының қайнар көздерi
мен жер заңнамасының ара-
3. Жер заңнамасының мақсаты мен мiндеттерi.
4. Жер құқығы қайнар көздерiнiң жiктелуi. (заң күшi бойынша; әрекет етуi бойынша; құқықтық қатынастарды реттеу шеңберi бойынша; актiнi қабылдаған орган бойынша).
1. Жер құқығының қайнар
«Құқықтың қайнар көзi» ең алғаш екi мың жыл бұрын пайда болған, оны Тит Ливий он екi кесте заңдарын сипаттай отырып, рим құқығының қайнар көзi ретiнде пайдаланған.
Жер құқығының қайнар көзi болып жер қатынастарын реттейтiн нормативтiк актiлер табылады. Мұндай нормативтiк құқықтық актiлер келесiдей белгiлерге жауап беруi тиiс: алдымен, аталған актiлер мемлекеттiк билiктiң тасушысы болуы қажет, екiншiден, бұл актiлер нормативтiк сипатта, яғни бiрнеше рет қолданатын сипатта болуы қажет, үшiншiден, бұл актiлер бiрнеше субъектiлерге бағытталған болуы тиiс және барлық субъектiлер орындауы тиiс.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 9-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы бiртұтас мемлекет болып табылады, сол себептен жер заңдары да Республиканың барлық аймағы үшiн бiрдей болып табылады.
Жергiлiктi органдар жер заңдарына жататын нормативтiк-актiлер шығаруға құқылы және олар барлық әкiмшiлiк бөлiнiс-терiнде бiрдей күшке ие болады. Бұл жер құқығы субъектiлерiнiң құқықтық дәрежесi, басқа аумақта орналасқан жер құқығы субъектiсiнiң құқықтық дәрежесiне тек Республикалық заңдарда көрсетiлген жағдайларда ғана ерекшеленуiн бiлдiредi. Жалпы құқықтың қайнар көздерi мемлекеттiң құқық шығармашылық қызметiнiң сыртқы нысаны болып табылады. Мемлекеттiң еркi құқықтың қайнар көздерi арқылы барлығына бiрдей сипатқа ие бола алады.
Жер құқығының қайнар көздерi дегенмiз – өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк билiк органдарымен қабылданған жер құқығы қатынастарын реттеуге бағытталған нормативтiк-құқықтық актi-лердiң, халықаралық келiсiмшарттардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың негiзгi мақсаты – мемлекеттiң жер саясатын бiлдiре отырып оны жүзеге асыру. Бұл жерде сот прецедент-терiнiң әдет-ғұрып ережелерi есепке алынбайды.
Белгiлерi:
· Жер қатынастары саласындағы мемлекеттiң саясатын жүргiзудi қамтамасыз етуге бағытталған;
· Жер қатынастарын реттеуге бағытталған;
· Бiрнеше рет қолданылады;
· Жер құқық қатынастары субъектiлерiмен орындалуға мiндеттi болып табылады.
2. Жер құқығының қайнар көздерi мен жер заңнамасының арақатынасы
Жер құқық теориясында жер құқығының қайнар көздерi мен жер заңнамасы деген ұғымды өзара ажырата бiлген дұрыс. Себебi жер құқығының қайнар көздерi кең мағынада қарастырылатын ұғым болса, жер заңдары тар мағынада қарастырылады. Жер құқығының қайнар көздерi ретiнде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi, Азаматтық кодексi т.б. жер құқық қатынас-тарын реттеу барысында қолданылатын өзге де актiлер де болуы мүмкiн. Ал, жер құқық заңдары жер құқық қатынастарын рет-теуге бағытталған және тiкелей аталған салада қолданылады. Мәселен, Жер кодексi, Шаруа (фермер) қожалығы туралы заң, т.б. Жер құқығының қайнар көздерiне қарамас бұрын, жер заңдарының мақсаты мен мiндетiн анықтап алу қажет. Қазақстан Республикасының қолданыстағы жер заңын саралай отырып, келесi жайттарды бөлiп алуға болады. Жер құқығы заңдарының мiндеттерi мен мақсаттары заң актiлерiнде айтылғанымен, ғылыми зерттеулерде және оқулықтарда арнайы зерттелмеген. Осы ұғымдардың анықтамасы мен мәнiн ашу ғылым үшiн де, бiлiм үшiн де өзектi мәселе болып саналады.
3. Жер заңнамасының мақсаты мен мiндеттерi
Қазақстан Республикасы жер заңнамасын теориялық тұрғыдан зерделей отырып, жер заңнамасының келесiдей мақсаттары мен мiндеттерiн бөлiп қарастыруға болады. Жер заңдарының мақсатына мыналар жатады:
– өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметiн басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;
– тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;
– жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады.
Қазақстан Республикасы жер заңдарының мiндеттерi:
– жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн;
– жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
– жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
– шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
– жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;
– жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту;
– жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
4. Жер құқығы қайнар көздерiнiң жiктелуi (заң күшi бойынша; әрекет етуi бойынша; құқықтық қатынастарды реттеу шеңберi бойынша; актiнi қабылдаған орган бойынша)
Жалпы жер құқығы нормалары олардың көпшiлiкпен қабылдануы үшiн ерекше жазбаша мәтiнде болуы керек. Оған құзыреттi органдармен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер жатады.
Жер құқығының көпшiлiк нормалары, нормативтiк құжаттарда жазбаша бекiтiледi: заңдар, Президент жарлықтары, ҚР Үкiме-тiнiң қаулылары және т.б. Нормаларды былайша жеткiзу құжатпен мүдделi тұлғалардың немесе орындаушы органдардың толық танысуына мүмкiндiк жасайды. Бұл нормалардың негiзгi жүзеге асыру құралы болып және оны сақтауды қамтамасыз етуге қызмет жасайды. Өйткенi жазбаша мәтiн құқықтық норманың мазмұнын анықтап ашып бередi және кез келген мүдделi тұлға нормасының нақты мазмұнымен танысуын жеңiлдетедi. Сондай-ақ мұндай көрсету нысаны әртүрлi нормаларды қарама-қайшылықтарды салыстыра отырып, жоғары деңгейде кемшiлiктерiн түзетуге мүмкiндiк бередi.
Ең алдымен, құқық пен заңды ажырата бiлуiмiз қажет. Құқық – юридикалық нормалардың жиынтығы, ал, заң – осы нормалардың көрiнуiне қызмет ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы. Сонымен қатар, құқық пен заң құрылымына қарай ажыратылып көрсетiледi. Негiзiнен заңдар, заң актiлерiнiң мақсат-мiндетiн, оларды қолдану жағдайын есепке ала отырып, субъективтi түрде құрылады. Мiне, сондықтан нақты жер заңдары немесе басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердiң өзiнде азаматтық, экологиялық, әкiмшiлiк, iс жүргiзу құқықтарының және т.б. құқық салаларының нормаларын қамтуы мүмкiн, яғни кешендi сипатқа ие болады. Бұған бiз ғылыми зерттеуiмiзде негiзге алып отырған Қазақстан Республикасының Жер кодексi жатады.
Өзiнiң қызметiн орындау үшiн жер заңдары белгiлi бiр талаптарға жауап беруi керек. Олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы наурыз айының 24-жұлдызындағы нормативтiк-құқықтық актiлер туралы заңына сәйкес негiзгi және туынды деп бөлiнедi. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1. Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2. ҚР
Президентiнiң Конституциялық
3. Қазақстан
Республикасы Парламентi мен оның
палаталарының нормативтiк
4. Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң
5. Конституциялық кеңестiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулылары;
6. Қазақстан Республикасы Министрлер мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк бұйрықтары;
7. Мемлекеттiк
комитеттердiң нормативтiк
8. Мәслихаттар
мен әкiмдердiң нормативтiк
Туынды нормативтiк құқықтық актiлердiң түрлерiне регламент, ереже, қағида, нұсқаулар жатады.
Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түр-лердегi нормативтiк-құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi /немесе/ олармен бiртұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк-құқықтық актiнiң нормативтiк-құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады (нормативтiк-құқықтық актiлер туралы заңның 3-бабы).
Жер заңдарының жүйесi де осы ережелерге бағынады. Жiктеу негiздерi бойынша:
заң күшi бойынша;
қолданылатын аумақтық кеңiстiк бойынша;
реттелетiн қатынастардың түрiне байланысты;
Заң күшiне байланысты заңдар және заңға негiзделген актiлер болып бөлiнедi.
Заңдар. Заңдардың өзi кодекстер және жай заңдар болып бөлiнедi. Кодекстер белгiлi бiр жүйеге келтiрiлiген, яғни кодификацияланған және белгiлi бiр қатынастардың бiрыңғай тобын реттейтiн заңның бiр түрi олып табылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының Жер кодексi, Экологиялық кодексi, Орман кодексi, Су кодексi т.б. Ал жай заңдардың қатарына Қазақстан Республикасының Шаруа (фермер) қожалығы туралы заң, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң, т.б.
Президент жарлықтары. Президент жарлықтары өз кезегiнде Конституциялық заң күшi бар, заң күшi бар және жай жарлықтар болып үш түрге бөлiнедi.
Мысалы: «ҚР-ның Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Заң күшi бар жарлығы, «Жекешелендiру туралы» Заң күшi бар жарлығы т.б.
Үкiмет қаулылары. Мысалы: Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 2 қыркүйектегi № 890 Қаулысы», Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөнiндегi сауда саттықты /конкурстарды, аукциондарды/ ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 қаулысы, «Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiне әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктер бойынша жеңiлдетiлген бағаның мөлшерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 қыр-күйектегi № 918 Қаулысы, т.б.
Конституциялық Кеңестiң қаулылары. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестiң 23 сәуiр 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының 3-тармағын ресми талқылау (түсiндiру) туралы қаулысы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 2-тармағы мен 6-бабы 3-тармағына түсiнiктеме беру барысында Конституциялық Кеңес сұралған мәселелерге қатысты бiрiншi сұраққа мыналардан шыға отырып, түсiнiк бердi.
Мемлекеттiң өз аумағының тұтастығын, қолсұғылмаушылығы мен ажырамастығын қамтамасыз етуi экономикалық, әскери, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы мыналарға бағытталған кешендi iс-шараларды жүзеге асыруды көздейдi:
– экономикалық өзара iс-қимылда мемлекет иммунитетiн нығайту;
– Қазақстан Республикасының басқа мемлекетке өз аумағының бiр бөлiгiн бiржақты беруге көнуi заңды түрде мүмкiн еместiгi;
– республика аумағын жаулап алуды, қосу не бөлiсудi болдырмау;
– мақсаттары немесе әрекеттерi Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың әрекет етуiне тыйым салу;
– мемлекеттiң жергiлiктi органдарының мемлекет құрамынан шығу және өздерiнiң құқықтық мәртебесiн бiржақты тәр-тiпте өзгерту туралы мәселе қоюға құқықтарының жоқтығы;
– мемлекет органдарына республиканың аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн қорғау және сақтауға қажеттi және жеткiлiктi шараларды қабылдауда мiндеттер жүктеу.
Аумақтық тұтастық – Қазақстанның ұлттық қауiпсiздiгiнiң айқындаушы шарты. Республиканың бiрлiгi мен аумақтық тұтастығын өзгерту Конституцияға өзгерiстер мен қосымшалар енгiзудiң себебi бола алмайды.
Жоғарғы соттың нормативтiк күшi бар қаулылары. Мысалы, Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шiлдедегi № 6 нормативтiк қаулысы, т.б.
Орталық атқарушы органдардың нормативтiк актiлерi. Ол ережелер, нұсқаулар, бұйрықтар, т.б.
Әдебиеттер
1. Архипов И.Г. Земельное право Республики Казахстан. Алматы: БОРКИ, 1997. 295-бет.
2. Ә.Е. Бектұрғанов. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынас-тары. Алматы: Жетi жарғы, 1997. 240 бет.
3. А.С. Стамқұлов. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң әдебиетi баспасы, 2005.
4. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть: Учебное пособие. Алматы, 2001.
5. Абдраимов Б.Ж. Земельное законодательство и судебная практика. Алматы, 2002.
6. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан (проблемы совершенствования, перспективы развития). Алматы: Жетi жарғы, 1995. 88-бет.
7. Хаджиев А.Х. Проблемы теории земельного права Республики Казахстан в условиях становления и развития рыночных отношений: Дисс. д-ра юрид. наук. Алматы, 2005. 326-бет.