Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2013 в 17:53, доклад
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін бастауышпен ұластыра,атау септігінің сұрақтарын қою арқылы білуге болтатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларына не жалғаусыз жақтық мағыналарда дәдме-дәл үйлесімді болып айтылған (не айтылатын) бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Біз елімізде коммунизм орнату программаларын бұлжытпай жузеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы- біз.
Жай сөйлемнің түрлері :Жақты сөйлем.
Грамматикалық бастауышы бар не бастауышы ерекше айтылмай, оның қай сөз екенін бастауышпен ұластыра,атау септігінің сұрақтарын қою арқылы білуге болтатын сөйлем жақты сөйлем болады.
Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларына не жалғаусыз жақтық мағыналарда дәдме-дәл үйлесімді болып айтылған (не айтылатын) бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Біз елімізде коммунизм орнату программаларын бұлжытпай жузеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы- біз.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Ондай жақты сөйлемдердің бастауыштарын түсіріп айту мынадай жағдайларда болыу мүмкін:
1.Ұзақ ойға қатысты болып,
өз ара мағыналық (кейде әрі
тұлғалық) байланыста айтылатын
жеке сөйлемдердің бастауышы
бірінде болса, екіншісінде
Асқар ұзақ уақыт ұйықтай алмады.Бірақ жатқан қалпында тырп етіп қозғалған жоқ. Бұл сөйлемнің бастауышы да (Асқар) алдыңғы сөйлемде айтылғандықтан, соңғы сөйлемде ерекше аталмаған.
2.Бастауыштың қай сөз екені баяндауыштық тұлғадан айқын болып тұрғанда (бастауышқа )
Ой екпіні түспесе), әсіресе I-II жақтық бастауыштар сөйлемде ерекше айтылмайды.
Отаным үшін отаным
Ақ семсерді қолға ала (А. Тоқтағанбетов)
Өлеңімді өрлеттім,
Өрге құлаш серметтім…
Зарын айтып сорлының,
Қайғылыны еріреттім. (Жамбыл)
Өз бойыңа болып саң,
Жан-жағыңа қараңдар.(Абай)
Мен, сен,біз, ол деген бастауыштарға ерекше мән беріліп,ой екпіні түсірілгенде, олар сөйлемде ерекше айтылатын болады. Ондай бастауыштарды түсіріп айтуға болмайды. Мысалы:
Менде қайта жасарған
Қарт ақынмын, даңғылмын (Н. Байғанин)
Күлкі болма, қой , жаным,
Сен бүйтесің, ол қайтті.(Абай)
Сен қайдан жүрсің?- деді Асқар сабырсызданып.(С.Мұқанов)
Мен бала емеспін, - деді Ботакөз даусын ширатып, - мен ауылдың надан қызы да емеспін. Мен, оң да болса, оң солымды, жақсы мен жаманды айыру дәрежесінде жеткен адаммын.( С.Мұқанов)
Сөйтіп, бастауыштың жақты сөйлемді дербес айтылу я айтылмауы баяндауыштың тиісті предикаттық жалғауда тұру я тұрмаумен ғана байланысты емес, бастауыштың сөйлемдегі қызметінің ерекше екендігімен де байланысты болады.
Есімдіктер сілтеме бастауыш болғанда, олардың сөйлем ішінде ерекше айтылу, айтылмауындық стильдік мүдде мен байланыстылығы көп тілге ортақ заң сияқты. Орыс тілі жайында ол туралы мына еңбектерге қараңыз:
А.А Тотебня.»Из список...», II, 246-бет.А.А Шахматов. Синтаксис русского языка, 45-46 беттер. Очерки по истории русского литературного языка...,
26,49,60,79,172,174- беттер.
Жақсыз сөйлемнің сипаттамасы.Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бір қатарын, жоғарғыдай, толымсыз сөйлемдердерден айыру үшін, мектеп грамматикаларында «жақсыз» сөйлем деп атап жүрміз.
Олардың үш жақтың біріне тән белгілі грамматикалық бастауышы болмайды.Мысалы: Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешігуге болмайды.Мысалы: : Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешігуге болмайды деген сөйлемдерде кім? Не? сұрақтарына жауап болатындай бастауыштар ерекше айтылмаған.Мұндайда сөйлеуші мен тыңдаушыга істі істеушінің кім екендігін дәлдеп көрсетудің қажеті болмайды да, тек іс- әрекетін хабарлау, істеуге я істелмеуге тиісті жайды білдіруге қажет болады.
Ондай сөйлемдерді орысша «безличные предложения» дегенің аудармасы ретінде «жақсыз сөйлем» деп атағанымыз болмаса, қазақ тілінде дәл орыс тілдегідей жақсыз сөйлем де, ондай сөйлем жасайтын,стемнело, мне не спится сияқты өзгеше жақсыз етістіктерде жоқ. Дұрысында, біздің жақсыз сөйлем деп жургеніміз баяндауыштарының белгілі жағы болады. Сөйтеді де, олар кейде бастауышы жоқ сөйлемнің баяндауышы болып жұмсалады. Ол кезде көмірді қауғамын тартатын. Не істеу керек? Көне біреуге тағы болмайды.(Ғ.Мұстафин).
Орыс тілі синтаксисінде арналған еңбектердің өзінде, мысалы, А.А Тотебня, А.А Шахматов, А.М Пешковский т.б «Безличные предложения» деген терминнің шартты екенін көрсетеді.
Қалайша жыр төкпессің, ән соқпассың, шаттықтан нөсер құйған өмірде енді. (Жамбыл).
Әрине, бұл сөйлемдердің бастауыштардың айтылмауы
Сабақтан қалуға болмайды деген сөйлемнің баяндауышы үшінші жақта айтылған.Бірақ оның грамматикалық бастауышы III жақтық ол, лоар деген есімдіктер емес, өйткені бұл сөйлем бір адамға айтылуы да, көп адамға айтылуы да, өзіне, тыңдаушыға айтылуы да мүмкін.Ондай сөйлемдер:
Маған сабақтан қалуға болмайды.
Саған сабақтан қалуға болмайды.
Оған сабақтан қалуға болмайды.
Бізге сабақтан қалуға болмайды т.т делініп те айтыла алады.
Сөйтіп, бастауышы жоқ, оның орны жоқталмайтын, айтылған іс-әрекетінн баяндауыш арқылы үш жаққа бірдей ортақ ұғымда жұмсалатын сөйлемдер жақсыз сөйлем болады.
Жақсыз сөйлемдердің түрлері: Жақсыз сөйлемдердің түр-түрі бар олардың баяндауыштарына қарай айрылады. Олардың баяндауыштары көбінесе күрделе болады да, мынадай құрамда жұмсалады:
1.-у,-мақ жұрнақты тұйық рай тұлғалы қимыл есімі мен керек сөздерінен құралған баяндауышы бар сөйлемдер көбінесе жақсыз сөйлем болады:
Бізге көбірек оқу керек.Әркімге де тезірек өту керек.(Ғ.Мұстафин)
Бұл жұмысты тез қолға алу керек. Қол қусырын босқа отырмау керек.Формалин буын шығару үшін тұқымды күрекпен аударыстыру керек.(Газеттен).Мезгілсіз шақырған қораздың басын жұлмақ керек. (Мақал).Елді аралап отырып мән-жайын білу керек еді ғой.(Ғ.Мустафин). Ақмола облысынан оған кету керек.(С.Мұқанов).Осы мысалдардағыдай, керек сөзі бар жақсыз сөйлемдерді «жақты етіп те айтуға болады».Біз көбірек оқуымыз керек. Ол бүгін кетуі керек.
2.Барыс септікті тұйық рай тұлғалы етістікке, ес, есімше, көсемше, тұлғалы етістікке бол етістігі көмекші болу арқылы жақсыз сөйлем жасалады.
Тұқымды құрғатпай- ақ себе беруге болады.Мұндай жағдайларды босқа артельдерден де көп кездестіріге болады.(Газеттен).Омырықшы дегендердің өздерін де көшпелі деп есептеуге болады.(С.Мұқанов). Қызынған аттың делбесін бос қояр болар.(Ғ.Сыланов).Аузына келгенде айтпас болар.(Ғ.Мустафин). Жиінді олай кумас болар.(Ғ.Мүсірепов).Қомарға кінә қойып болмайды.(С.Торайғыров). Мына жұмысшыларды пәледен құтқармай болмайды.(Ә.Сәрсенбаев). Бұл елдің егінге су беретін арыған жыл сайын тазалап тұрмаса болмайды.(С.Мұқанов).
Күрделі баяндауыш кұрамында барыс септшкті тұйық рай тұлғалы етістіктен кейін тура келу көмекші айтылу арқылы да жақсыз сөйлем жасалады:
Саған аздап досыңның желігін басуға тура келер. (С.Мұқанов). Насыбайды қайта атуға тура келеді. (Ғ.Мүсірепов).Қаланы қайта құру жоспары бойынша бұл жерден көшуге тура келіп тұрғаны.(Ғ.Мустафин). Сендермен хош айтысуға тура келіп тұр.(Фадеев).
4.Барыс септіктегі тұйық рай тұлғалы етістіктен болған күрделі баяндауыштың құрамында мүмкін (мүмкін емес) сөзі айтылу арқылы да сөйлем жақсыз болады. Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып жүруге мүмкін емес еді.(М.Иманжанов). Әрине, мұндай жағдайда маған мұнда оқытушы болып қалуға мүмкін емес еді.(С.Көбеев).
Кейбір есімді
сөйлемнің құрамында барыс
5.