Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 20:49, доклад
Заңды тұлға дегеніз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым болып табылады.
Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері.............................5
Коммерциялық заңды тұлға................................................................8
Коммерциялық емес заңды тұлға.......................................................9
Қорытынды.....................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................12
АК-тің 34-бабының мазмұны бойынша заңды тұлғалардың 1) жеке меншікке негізделген және 2) мемлекеттік меншікке негізделген түрлері болатынын байқаймыз.
1) Жеке меншікке негізделген заңды тұлғалар болып қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздейтін коммерциялық ұйымдар танылады. Олар жеке тұлғаның немесе жеке тұлғалар тобының меншігіне негізделіп құрылады.
Коммерциялық заңды тұлға
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға:
Коммерциялық ұйым коммерциялық емес ұйымға қарағанда да азаматтық айналымда қызметтердің кең шеңберінде атқара алады, ал соңғысының әрекет ету аясы белгілі бір қызмет шеңберінде шектелген. Азаматтық айналымда өз мүлкімен тәуекелге түсетін жеке меншікке негізделген ұйымның табыс табуы үшін кез келген әрекетпен айналысуы, оған жалпы құқық қабілеттілігі тән екендігін білдіреді.
Жеке меншікке негізделген ұйымдар көбінесе шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғамдар нысанында әрекет етеді.
Шаруашылық серіктестіктерге тоқталатын болсақ олардың басқа шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы болуы мүмкін екенін, олардың акциялар шығаруға құқығының жоқ екенін айтып өтуіміз керек.
Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым – ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық санаткерлік қызмет нәтижесі құқығы және басқа мүліктер түрінде болады. Қандай түрдегі болсын салым ақшалай нысанда бағаланады.
Коммерциялық емес заңды тұлға
Мемлекеттік меншікке негізделген заңды тұлғалар болып қызметтің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көзделмейтін немесе табыс келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін коммерциялық емес ұйымдар танылады. Мұндай заңды тұлғалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысандарында және заңда көзделген өзге де нысандарда, ал олардың ішіндегі мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатындары тек мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес заңды тұлғалардың жекелеген түрлерін былайша сипаттауға болады:
Мекеме дегеніміз – басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және меншік иесі қаржыландыратын ұйым.
Мекеменің заттық құқығы ретінде жедел/оралымды басқару құқығы танылады.
Қоғамдық бірлестіктер болып қандай да бір мақсат (саяси, т.б.) көздеп құрылған ұйымдар танылады. Қоғамдық бірлестіктер ретінде саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған әртүрлі бірлестіктері танылады. Мұндай бірлестік қатысушыларының, яғни мүшелерінің осы бірлестіктерде өздері берген мүлікке мүшелік жарналарға құқықтары болмайды және де олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міндеттері бойынша жауап бермейді.
Қоғамдық қор ретінде әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін. Мүшелігі жоқ азаматтар, заңды тұлғалар, ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған коммерциялық емес ұйым танылады. Мұндай қорға құрылтайшылары берген мүлік оның меншігі болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтары болмайды. Қоғамдық қордың қаржы көзі болып – құрылтайшылардың ақшасы, басқа да мүлкі, демеушілік ерікті түрдегі жиналған жылулар және өзге де заңды түсімдер танылады.
Қоғамдық қор заңды тұлғаға жатады. Азаматтық айналымда қоғамдық қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банктік шоты болады.
Тұтыну кооперативтері болып қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестіктері танылады. Тұтыну кооперативінің мүшелері жыл сайынғы баланс бектілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай мерзім ішінде жабуға міндетті. Олай болмаған жағдайда кооператив несие берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін.
Діни бірлестік болып рухани қажеттерін қанағаттандырпу үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде біріккен азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі танылады. Діни бірлестіктердің өз қаражаты есебінен сатып алған немесе өздері құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретінде берген не болмаса мемлекет берген мүлікке меншік құқығы болады. Ал діни бірлестік мүшелерінің өздері берген мүлікке, соның ішінде жарналарға құқықтары болмайды.
Қорытынды
Сонымен қорытындылай келсек, заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым болып табылады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады (ассоциациялар, одақтар). Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады.
Азаматтық құқықтың тағы бірден-бір субъектілері коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Олардың құқықтық мәртебесін 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы реттейді. Қорытындылай келе, осы заңның 2-ші бабына сәйкес кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Информация о работе Заңды тұлға туралы түсінік және оның түрлері