Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:53, реферат
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
I. Кіріспе........................................................................................................1
II. Негізгі бөлім.............................................................................................2
а) Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қызметіне тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу……………….....................................4
б) Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар……...4 в) Қазақстанда құқықтық мемлекет құру...................................................10
III. Қорытынды.............................................................................................14
IV. Пайдаланған әдебиеттер........................................................................15
Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік Фармацевтикалық
Қоғамдық пәндер кафедрасы
Тақырыбы: : Құқықтық мемлекет қызметтері және оның шығу тегі.
Шымкент- 2013жыл
I. Кіріспе.......................
II. Негізгі бөлім.........................
а) Қазақстан Республикасының құқықтық
мемлекет қызметіне тоқталу, мемлекеттік
функцияларын жіктеу………………..................
б) Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет
туралы теориялар……...4
в) Қазақстанда құқықтық
мемлекет құру..........................
III. Қорытынды.....................
IV. Пайдаланған әдебиеттер....................
Қазақстан Республикасы
заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы,
Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы
мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып
жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар
тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін
алдыға тартады.
Құқықтық мемлекет пайда болуы
қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті
түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен
байланысты. Құқықытық мемлекеттің пайда
болуының бірнеше түсіндірмелері бар.
Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің
пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады.
Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин
(354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып
табылады.
Сонымен, мемлекет – қоғамның ұйымдық
құрылымды объективті қажет ететін ұйым
ретінде жұмыс жүргізеді .
Негізгі бөлім. Құқықтық мемлекет – демократиялық
жолмен қабылданған заң үстемдік ететін,
оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке
адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін
мемлекеттік құрылысты айтады.
Құқықтық мемлекеттің негізі - тұлғаның
бостандығының, оның құқықтары мен мүдделерінің,
ар-ожданының бұлжымастығы, оларды қорғау
және кепілділігі.
Құқықтық мемлекет - бұқаралық билікті
жүзеге асыру формасы, бұл жағдайда азаматтардың
саяси ұйымы құқық және заңның үстемдігі
негізінде жүргізіледі, әрбір тұлғаның
құқықтары, бостандықтары және міндеттерін
қорғау және қамтамасыз ету құралы болып
табыладыҚұқықтық мемлекет билік органдарын
ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты
– «тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің»
болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын,
олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік
билікті тұтас иемденіп кете алматындай
етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады.
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың
ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық
қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің
қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің
жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың,
қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың
өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында
әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету
үшін антимонополиялық органның қызметін
қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық
құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып
отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату,
азаматтық қоғамды қалыптастыру. Құқықтық
мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын
жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік
актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын,
орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани
сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы
реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік,
қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
- бостандықты, теңдікті, әділеттікті,
демократияны дамыту;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң
сақтау. Құқықтық мемлекет орнатудың
негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын
жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік
актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын,
орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани
сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы
реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік,
қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
- бостандықты, теңдікті, әділеттікті,
демократияны дамыту;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң
сақтау.
Құқықтық
мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын
жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік
актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын,
орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани
сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы
реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік,
қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
- бостандықты, теңдікті, әділеттікті,
демократияны дамыту;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң
сақтау.
а) Қазақстан
Республикасының құқықтық мемлекет қызметіне
тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу. Құқықтық мемлекеттік қызмет
- азаматтардың мемлекеттік мекемелерде
қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет
қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы
заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат
тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен
толықтырылыпқұрылады. Мемлекеттік қызметтегі
лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке
тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын
келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса,
қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Мемлекет қызметінің негізгі мүдде —
мақсаты — адамның әлеуметтік, моральдық,
материалдық, рухани, мәдени, экологиялық
тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз
ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау
арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып
нығайтады, қарым — қатынастарды дұрыс
реттеп, басқарады. Мемлекеттің функциясы-қоғамды
әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің
атқаратын жүмыстарының негізгі бағыттары
мен әдістері. Дамыған елдердің біразы
мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп
бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау
қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады.
Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның
объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп,
жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл
мемлекетте адамның толық егеменді болуы
қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін
органдарын кұруға қатысуы заңды түрде
бекітілуі керек.
б) Азаматтық қоғам және құқықгық
мемлекет туралы теориялар.
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет
туралы толып жатқан ой-пікірлер, әр түрлі
теориялар бар. Бұл ой-пікірлердің, теориялардың
көп болатын себептері қоғамдағы барлық
таптардың, ұлттардың топтардың мүдде-мақсатына
қатысты болуы. Тағы да бұл мәселе әр түрлі
идеологиямен, саяси партиялармен байланысты
болуы.Бұл жерде ескерте кететін бір мәселе
Кеңес дәуірінде елімізде марксистік
мемлекетгік теория тұрғысынан зерттеп,
түсініп келдік. Ол кезде қоғам мен мемлекетті
таптық тұрғыдан зерттеуге тырыстық, басқа
теорияны, басқа бағытты сырып тастап
отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас
түзелді, дұрысталды. Тарих теориялардың
бәрінде аздап болса да шындық және тарихи
нақты дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды
білу, дұрыс жағын алу, пайдалану өте қажет.
Сол деректерді ескере отырып жүргізілген
зерттеудің ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескертетін мәселе «азаматтық
қоғам» деген алғашқы қауымдық қоғамда
да, құлиелену формациясында да, феодалдық
формацияда да болған жоқ. Себебі ол қоғамдарда
«азаматтық» деген ұғым болған емес. Бұл
ұғым тек буржуазиялық қоғамда өмірге
келді. Сондықтан біз теорияны тек құқықтық
мемлекет туралы қарастырамыз. Құқықтық
мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің
шынайы белгісі ғана емес, сонымен бірге
адамның бостандығын, қадір-қасиетін,
ар-намысын, теңдігін қорғайтын, демократияны
қалыптастыратын күш. Міне қоғамның алдында
тұрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің
міндеті, ал осы бағытта қалыптасқан құқықтық
нормаларды орындау, сол арқылы заңдылықты,
құқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес
қосу адамдардың міндеті. Құқыктық мемлекет
екі жақты жауапты объективтік процесс.Құқықтық
мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам
қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты
болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ,
Демокрит, Платон, Аристотель, Цицерон
құқық пен мемлекеттің өзара қатынасын
инабаттылық, парасаттылық, әділеттілік
жолмен дамуын армандады. Құқықтық мемлекет
орнату концепциясына пікір айтып,
өте зор үлес қосқан атақты ғалымдар:
Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье,
Д.Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон, Вольтер,
Гельвеций, Кант, т.б. Гроцкий - қоғам
тарихында қалыптасқан құқықты 2 бөлді:
Монтескье — мемлекет адамдардың саяси және азаматтық
бостандығын, теңдігін қатаң орындауы
керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк - Маркс құқықтың мазмұнын өте дұрыс,
ашық түсіндірді. Мемлекет адамдардың
құқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Құқықтық
мемлекеттің негізгі мазмұны халықтың
табиғи бостандығын, теңдігін қорғау.
Кант — құқықтық мемлекеттің философиялық
негізін ғылыми тұрғыдан зерттеді. Мемлекеттік
жұмыстың өзекті мәселесі жеке адамның
қадір-қасиетін, ар-намысын, бостандығын,
теңдігін қорғау, адамның қоғамда үстемдігін
калыптастыру деп түсіндірді. Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының
бірі құқықтық философия. Мемлекет дегеніміз
жан-жақты дамыған құқық деп түсіндірді.
Азаматтық қоғам құқық арқылы адамдардың
мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет құқықпен
моральдың бірлестігін дамытып халықтың
әлеуметтік жағдайын жан-жақты жақсартуы.
Маркс — құқық пен мемлекетті қоғамның таптық
құрылысына сәйкес қараған. Таптар жойылса
құқық пен мемлекет те жойылады. Бұл процесс
қоғамда құқықтық мемлекет қалыптасып,
бостандық орнаумен аяқталуға тиіс. Бостандық
- Маркстің ұғымында, қоғамдағы мемлекеттің
үстемдігін жойып, оны қоғамға бағындырып,
халықтың мүдде—мақсатын орындайтын
органға айналдыру. Сонда ғана құқықтық
мемлекет болады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы
пікір жан-жақт дамып, дүние жүзінің ғалымдары
бір тұжырымға келіп, ортақ ғылыми көзқарас
қалыптасты деуге толық болады.Сонымен
құқықтық мемлекет туралы теорияны қорыта
келіп, оның негізгі мазмұны — халықтың,
адамдардың егемендігі, олардың табиғи
бостандығы мен құқықтары. Ол мемлекетті
қалыптастырудың негізгі күші — адам,
қалың бұқара. Сондықтан мемлекет пен
құқық демократияны дамытып, халықты қоғамның
барлық саласын басқаруға қатыстыру қажет.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет құру
қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға
айналды. Өйткені адам қоғамының даму
тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет
болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта
да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды
құқықтық мемлекет болуға мүмкін емес.
Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті,
әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты
бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың
географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.Сондықтан
болашақта құқықтық мемлекет бірнеше
дамыған елдерде қалыптасуы мүмкін. Бірақ
ол мемлекеттердің мазмұнында, әсіресе
нысанында объективтік ерекшеліктері
болады.
Құқықтық мемлекеттің мазмұнының негізгі
талаптары:
1) Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамның
объективтік даму процесіне сәйкес ескіріп,
жаңарып жататын көп қырлы кұбылыс. Бұл
мемлекетте адамның толық егеменді болуы
қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін
органдарын кұруға қатысуы заңды түрде
бекітілуі керек.
2) Құқықтық мемлекеттің экономикалық
негізі - өндіргіш күш пен өндірістік қатынас
және көп меншіктік шаруашылық арқылы
дамуы. Құқықтық мемлекетте меншіктің
басым көпшілігі - өндіруші мен тұтынушылық
билігінде болуы қажет. Бұл билік шаруашылықтың
жақсы, сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін
оларға толық бостандық беруі керек. Сонда
ғана қоғамның әлеуметтік, экономикалық
жағдайын көтеруге, нытайтуға болады.
3) Құқықтық мемлекеттің әлеуметтік негізі
— өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда
адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз
етіп, олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс
жұмыс жасауына мүмкіншілік беру. Қоғамның
әлеуметтік жағдайының жақсаруы құқықтық
мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен
тығыз байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен
бірге әлеуметтік мемлекет.
4) Құқықтық мемлекеттің моральдық негізі
- гуманизм, әділеттік, бостандық, теңдік,
адамдардың қадір-қасиетінің, ар-намысының
деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер
болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені
мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі
де жоғары дәрежеде болады.
5) Құқықтық мемлекеттің саяси негізі —
халықтың, ұлттық тәуелсіздігін қалыптастырып
қоғамдық билікті жан-жақты дамытып, адамдардың
бостандығын, теңдігін қорғап, әділеттікті,
демократияны орнату, қарым-қатынастарды
реттеп басқару.
Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене
отырып құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік
қалыптасады. Құқықтық мемлекеттің негізгі
белгілері:
- мемлекеттік билікті үш түрге бөлу, олардың
ара қатынасын қатаң сақтау; азаматтық
қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары дәрежеде құқықтық мәдениеттің
қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің
жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың, лауазымды тұлғалардың,
қоғамдық ұйымдардың, жеке адамдардың
өмірдегі қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның экономикалық, әлеуметтік бағытында
әділеттікті, теңдікті қамтамасыз ету
үшін антимонополиялық органның қызметін
қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі құқық нормалары мен халықаралық
құқықтың өзара қатынасын бақылап, жақсартып
отыру;
- қоғамда заңның үстемділігін орнату,
азаматтық қоғамды қалыптастыру. Адамдар
"заңның құлы" болмайынша құқықтық
тәртіпте, демократия да жақсы дамуға
тиіс емес. Бұл туралы өмір тәжірибесінен
қалыптасқан мынадай өсиет сөз бар: ’’Заң
— мемлекеттің ақылы.Сот — мемлекеттің
жүрегі.Мәдениет — мемлекеттің тәртібі’’.
Міне осы үш қағидалы өсиет өзара бірігіп
қалылтасып және мемлекеттің ішкі заңдары
көпшілік таныған халықаралық құқықтық
нормалар мен принциптерге сәйкес келсе,
елімізде мемлекет орнайды.Адам қоғамының
барлық дәуірінде құқықтық мемлекет кұру
мәселесі толастап көрген емес. Әсіресе
елді басқаруда абсолютизм, деспотизм,
тоталитаризм орнаған кезде құқықтық
мемлекет орнату — деген дауыс, талап
күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті
концепция феодализмге қарсы, буржуазияның
күресі кезінде қалыптасты. Күрестің саяси
ұрандары: «Бостандық!» «Тендік!» «Әділеттік!»
халыққа едәуір жақсылықтар әкелді. Бірақ
көп елде реакцияшыл буржуазияның кертартпа
саясаты демократиялық реформаны толық
аяқтауға мүмкшшілік бермеді.
Ірі буржуазия саяси билікке қолы жеткеннен
кейін құқықтық мемлекет орнату бағытынан
алшақтай бастады. Бұл елдерде буржуазияның
үстемдігін қорғайтын мемлекет пен құқық
орнап көп уақыт өмір сүрді.
XX ғ. қоғамды басқару тәжірибесін шынықтырып
капиталистік елдер жаңа экономикалық
саясатқа көшіп халықтың әлеуметтік жағдайын
жақсартып, бостандықтың шеңберін кеңітіп,
демократиялық мемлекетті дамытуда. Бұл
саясаттыңмазмұны:
1) Қазіргі заманда халықтың рухани сана-сезімі
қоғамдық басқаруға, қоғамдық меншік орнатуға
жетілген жоқ. Сондықтан меншіктің түрлерін
шектемей нарықтық экономикаға толық
бостандық беру. Осы жерде «Өзімдікі дегенде
өгіздей күшім бар...» деген мақал дұрыс
келеді.
2) Нарықтық экономика арқылы халықтың
еңбекке деген ынтасын көтеріп, шаруашылықтың,
өндірістің барлық саласында бизнесмендердің
бәсекесін дамыту.
3) Халыққа өздерінің әлеуметтік экономикалық
мүддесін-мақсатын орындаудағы іс-әрекетіне
толық бостандық беріп, мемлекет тек көмек
көрсетуге тиіс. Мемлекет нарықтық экономика
туралы заңды, құжаттарды дер кезінде
қабылдап олардың орындалуын қатаң түрде
бақылап отыруы керек. Әсіресе жеке меншікті
қорғауды, адамдардың бостандығын сақтауды
бірінші бағытқа алу керек. Осы жаңа экономикалық
саясат капталистік елдердің соңғы 40-50
жыл ішінде экономикасын дамытып, халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартып демократиялық
қоғам құруына мүмкіншілік беріп отыр.
Қазіргі заманда дүние жүзінің барлық
мемлекеттері капитализмнің жаңа экономикалық
саясатын қабылдап нарықтық экономиканы
дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан
кейін бұрынғы кеңестік республикадар
да осы жолға бет бұрып отыр.
Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да
бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты.
Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған
жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің,
қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне
белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен
гөрі кемшіліктері басым болды. Енді капиталистік
елдердің XX ғ. 30-50 жж. либералдық-демократияға
бет бұрып, дамуының себептеріне қысқаша
түсінік берейік.
Бірінші себебі - капиталистік елдер 1929-1938
жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстан
Кеңес Одағының бір орталықтан жоспарлау
тәжірибесінің жақсы жағын пайдаланып
экономиканың жақсы дамуына мүмкіншілік
жасады. Жеке меншіктегі шаруашылықтарға
мемлекет тиіспеді. Міне осы тәсілді капиталистік
мемлекеттер үздіксіз пайдаланып келеді.
Екінші себебі - Ресейде, Қытайда тағы
басқа Европа - Азия елдерінде социалистік
мемлекеттер орнап, қалың бұқараның мүдде-мақсатын
орындаймыз-қорғаймыз деген желдірме
«ұрандарынан» ірі буржуазия сескеніп
халықтың, саяси-әлеуметтік жағдайына
көңіл бөлуге мәжбүр болды. Бұл саясатты
дұрыс, жақсы дамытуға ғылыми-техникалық
революция экономикалық жағдай жасады.Құқықтық
мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш саласының жұмысын
жақсарту, әсіресе заңның, нормативтік
актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің дұрыс пайдалануын,
орындалуын қамтамасыз ету, халықтың рухани
сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы қатынастарды дұрыс, жақсы
реттеу-басқару бағытындағы мемлекеттік,
қоғамдық ұйымдардың жұмысын жақсарту;
-бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны
дамыту;
- заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң
сақтау. Қазақстан Республикасының Конституциясы
бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың
негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы,
құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру.
Демократиялық мемлекет — Қазақстанды
алдымен Конституция қабылдап, тікелей
басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті
мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға
халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық
құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын
ұғым. Республиканың жоғарғы органдары
арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін
шынайы анықтауға және мүддесін барынша
жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер
береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік
және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық
пен жекелеген азаматтардың мүддесін
білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер
береді, мемлекеттік қызметке араласып,
қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық
мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің
бірі — «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық»
Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында
діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен
бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы
ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық
ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде
партия құруға жол берілмейді. Наным немесе
атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының
шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы
мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі
заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.
Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық
органдары мен лауазымды адамдарының
қызметі құқық нормаларына байланысты,
соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет
жасайды. Құқықтың негізгі принцитері:
азаматгар үшін - «заңға тыйым салынбағанның
бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар
мен лауазым иелері үшін — «Заңда нақты
не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық
заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары
дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен
бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне
жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі
міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір
әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы
еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның
рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең
жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен
қатардағы азаматтарға дейін заңдардың
бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін
жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға
қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын,
адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі
қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін
еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға
жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.
Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс
арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында
көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда
жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет
пен құқықты дүниежүзілік заң ғылымдар
туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға
мүмкіншілік туды. Отандық кұқықтану,
философиялық, экономикалық, саяси ой,
сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет
туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет
бұрды.
Құқықтық мемлекет
- Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды
адамдарының қызметі құқық нормаларына
байланысты, соған бағынышты және соған
сәйкес іс-әрекет жасайды.
Азаматтық қоғам — мемлекетке
тәуелді емес, дербес, ашық.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық
құқық мемлекет тек
ҚР-ның азаматтары Ата Заңымызда көрсетілген
құқықтық мемлекет нормалар жатады.
Сонымен, қорыта келе,
құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына:
құқықтық, заңның жоғарылығы;
- қоғамдық өмірдің барлық саласында заңнын
үстемдігі;
- тұлға еркіндігінін бұлжымастығы;
оның құқығы мен мүдделерінің, ар-намыстың,
абыройдың мызғымастығы;
оларды мемлекет тарапынан қорғау және
кепілдік беру;
мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі
мен сенімі;
биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарына
бөлінуі;
заңның жүзеге асуын қадағалайтын тиімді
бақылау формалары саяды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы,
1995
2. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы.
1999. 237-б.
3. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының
Азаматтық құқығы, Алматы
4. Қазақстан Республикасының Заңы, 1999
ж. 1шілде
5. Қазақстан республикасының Азаматтық
Кодексі, Алматы – 1995
6. Гражданское право Республики Казахстан,
Алматы – 1999
7. Қазақстан республикасының Азаматтық
Кодексі, Жалпы бөлім,
8. Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексі, Ерекше бөлім, Алматы
9. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество.
–М., 1992,
10. Ғ.Маймақов. ҚР-ның саяси-құқықтық тарихы.
Алматы-2000 ж.
11. Б.Бюжеева. халықаралық қатынастар жүйесіндегі
адам құқы мәселесі
12. Ғ.Сапарғалиев, Агибраева. Мемлекет
және құқық теориясы. А.:1998
13.Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы,
«Болашақ –
14. Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н.,
Мемлекет
15. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Алматы – 2001