Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 11:32, курсовая работа
Жұмыстың мақсаты: Құқықтық қатынастар туралы толығырақ мағлұмат беру.
Міндеті: Құқықтық қатыстардың қоғамдық қатынастардағы орнын анықтау, ол үшін құқықтық қатынастарды түсініу оның мазмұны мен түрлерін қарастыру. Құқықтық қатынастардың объектісі мен субъектісін білу және занды фактілердің классификациясы нақты білу.
КІРІСПЕ 3
І. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР - ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ БІР ТҮРІ
1.1. Құқықтық қатынастардың түсінігі мен мазмұны 5
1.2. Құқықтық қатынастардың түрлері 9
1.3. Қоғамдық қатынастар 12
ІІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС ОБЪЕКТИВТІ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
2.1. Құқықтық қатынастардың субъектілері 15
2.2. Құқықтық қатынастардың объектісі 22
2.3. Занды фактілер (айғақтар) және олардың классификациясы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
Азаматтар заң рұқсат беретін өзге де лауазымды қызметтерді атқаруы мүмкін (айталық, мұғалімдік, ғылыми қызметкерлік).
Құқық қабілеттіліктің мынадай түрлері болады: жалпы (заңда көзделген кез келген құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіншілігі), салалық (қандай да болмасын құқық саласындағы құқық пен міндеттерді қабылдап алу мүмкіншілігі) және арнаулы (лауазымдық, кәсіпкерлік), яғни арнайы білімді, іскерлікті немесе талантты талап ететін қабілеттілігі судьялар, дәрігерлер).
Жеке тұлғаның құқық қабілеттілігінен әрекет қабілеттілігінің өзгешелігі сол, соңғысы белгілі бір жасқа жеткеңде ғана туындайды. Осыларды бір-бірінен ажырату қажеттілігі жеке тұлға үшін өте маңызды. Өйткені, ұйымдардың әрекет қабілеттілігі мен құқық қабілеттілігі бір-бірінен ажыратылмайды.
Жеке адамға
құқықтық қатынастың
Құқықтық мемлекеттің
азаматтары құқықтық заңдармен
белгіленген барлық толық
Ұйымдарға құқықтық қатынастардың ұжымдық субъектілері мемлекеттік, қоғамдық жекешелеген ұйымдар және тұтасымен мемлекет жатады. Жекелеген субъектілермен ұйымның құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігінің айырмашылығы мақсаттары мен міндеттеріне байланысты тежеледі, себебі сол үшін құрылып қызмет істейді. Әр түрлі ұйымдардың қызметі заңдармен не болмаса олардың меншік ережелерімен белгіленеді. Ережелер мемлекеттік билік органдармен рұқсат етілген және оның құқықтық негіздеріне қайшы болмауы қажет. Әржақты осындай қызметтеріне қарамай ол жалпы не болмаса жекелеген адамдардың мүдделерін құқықтық қатынас субъектілері ретінде қанағаттандыруға бағытталған. Ұйымдардың құқығы және міндеттері қатаң түрде олардың атқаратын қызметтеріне қарай анық белгіленген. Сол қалыпта ұйымдардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі іске асырылады. Ұйымның әрекеттілігі тікелей ұйымның атынан шыққан өкілдер лауазымды адамдардың белгілі қимылдарынан көрінеді. Мемлекеттік ұйымдардың өкілдері ретінде парламент мүшелері, министрлер, прокурорлар, соттар, мемлекеттік мекеменің не болмаса ұйымдардың директорлары болуы мүмкін. Ондай өкілдердің қимылы ұйымдардың өздерінің қимылындай есептеледі.
Ұйымдардың субьектілерінің
ішіндегі ерекше орынды заңды
тұлғалар алады. Заңды тұлғаларға
өздерінің мүліктері бар, өз аттарынан
мүліктік және жеке мүліктік
емес құқықтарды қабылдап, міндеттерді
атқарып, сотта арбитражда арызданушы
және жауап беруші бола алатын
ұйымдар жатады. Заңды тұлғалар
ең алдымен, мүліктік, азаматтық
құқықтық қатынастардың
Базар экономикасының жағдайында көптеген ұйымдардың субьектілеріне заңды тұлғалар жатады. Олардың қызметтері жалпы құқықтық принциптермен жүргізіледі, дегенмен олардың арасында белгілі айырмашылықтар бар. Заңды тұлғалар функцияларын орындауына байланысты көпшілік, не болмаса жекелеген болып бөлінеді.
Мемлекеттік ұйымдар
және мекемелер (парламент, үкімет,
сот, милиция, мемлекеттік мекеме, жергілікті
өкімет орындары және басқалар)
әдеттегідей, жалпы, көпшілік мақсатын
көздейді. Бұл олардың үлкен
Мемлекеттік оқу орындары,
оның басшысы зейнеткерлікке
кетуіне байланысты жабылмайды.
Отставкаға кеткен министрлер
кабинетінің орнына жаңа
Құықтық қатынастардың арнайы субьектісі-мемлекеттің өзі болады. Ол мемлекеттік құқықтық және әкімшілік құқықтық қатынастардың басты қатынасушыларының бірі болып табылады. Қылмыспен күресу жолында, мемлекет қылмыстық-құқық қатынастарының субектісі болады. Халықаралық арнада елдің арнайы өкілі ретінде, мемлекет халықаралық құқық қатынастарының негізгі субьектісі болады.
2.2. Құқықтық қатынастардың объектісі
Құқықтық қатынастардың обьектісі құқықтық қатынастың не нәрсеге бағытталып ықпал етуі. Құқықтық қатынас неге ықпал ететінін білу үшін, ең алдымен құқық нормаларының обьектісін анықтау қажет. Олардың ықпал жасайты обьектісіне, адамдардың ерікті тәртібі жадатады. Құқықтық қатынас құқық нормаларымен белгіленген, жеке субьектілерге арналған жалпы құқықпен міндеттілікті анықтайды. Сондықтан, құқықтық қаынастың обьектісіне оған қатынасушылардың шын тәртібі жатады. Субьективті құқықтың мазмұндарына және заңды міндеттеріне байланысты құқықтық қатынастардың мүшелері өз тәртіптерін құрайды.
Құықтық қатынастың обьектісіне мазмұндары әр түрлі адамдардың тәртіптері де жатады. Мүліктік құқық қатынастарындағы белгілі өмір жағдайын қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тәртібі обьектіге жатады. Мысалы, сатып-сату құқықтық қатынастардағы обьектіге, сатуға және сатып алуға қатынасушылардың тәртібі болып есептеледі.
Барлық құқықтық қатынастар мүліктік болмайды, мүлік туралы субьективтік заңды құқықтар және міндеттер барлық уақытта пайда бола бермейді. Мүліктік емес құқықтық қатынастарда обьектіге, шын мәнісіндегі оның қатынасушыларының тәртібі жатады. Құықтық нормалармен белгіленген әр түрлі қимылдарды жасап құқықтық қатынастың мүшелері өздерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Басқа сөзбен айтқанда, заңды құқық және міндеттер мүліктік емес қатынастардың қатынасушыларына ықпал етіп құқықтық реттеудің мақсатына жетеді. Мысалы, еңбек жөніндегі құқықтық қатынастардың обьектісіне мекеме, ұйым әкімшілігінің жұмысқа жұмысшыларды және қызметкерлерді қабылдауы, еңбектерін төлеуі. Қылмыстық процессуалдық қатынастарда обьектіге алдын ала қылмыстық істі сотық тексерудегі процеске қатынасушылардың заңды және адал, үкім шығаруға арналған мақсат қимылдары жатады. Әр түрлі шын мәніндегі қимылдар арқылы мемлекеттік құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастардың мүдделері қанағаттандырылады .
Құқықтық қатынастардағы обьект мәселелеріне заң ғылымында бірдей көзқарас жоқ. Обьект туралы көп көп жайылған анықтамаға оның құқықтық қатынасқа қатынасушылардың мүдделерінің аясындағы әр түрлі материалдық немесе материалдық емес жайлардың жиынтығы, деген тұжырымдар жатады. (Г.Ф.Шершенович, Е.Н.Трубецкой, Н.М.Коркунов, С.С.Алексеев).
Жоғарыдағы түсініктеме бойынша, обьект заңдылық мазмұндарына байланысты құқықтық қатынастардың сыртьында болады, яғни субьективтік құқықтық және міндеттердің сыртында деген сөз. Бұл бізді қоршап тұрған дүниелік құбылыс, соған бағытталған субьективтік заңды құқықтар мен міндеттер. Қазан ревалюциясына дейінгі орыстың заң ғылымы, құқықтық қатынастардың обьектілерін мүліктік және әрекет деп бөлді. Жеке құқықтық қатынастардың обьектісіне әдеттегідей мүлік, ал көпшілік құқыққа құқықтық қатынастарға мүше болғандардың әрекеті жатады.
Материалдық не материалдық емес жағдайлар құқықтық қатынасқа түскендердің басты мақсаты болмауға тиіс. Театрдағы операны тыңдауды құқықтық қатынастардың обьектісіне жатқызу дұрыстыққа жатқызу мүмкін емес сияқты, себебі оны көруге мүмкіндік мүмкіндік берген билетті сатып алу сату келісімі негізінде болғаны анық. Құқықтық қатынастар қимылы билетті сатып алғаннан кейін бітеді, яғни адамдардың белгілі рухани қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай туады. Қажеттілікті қанағаттан-дырудың өзі құқықтық қатынастардың сыртында болады. Материалдық дүниенің мүліктері, заттары философиямен, әлеуметтанумен, экономикалық ғылымдармен және өндіріс тәжірибесімен зерттеледі. Құқық теориясы болса тек қана құқықтық қатынастар субьектілерінің мүдделеріне сай келетін заттардың заңды қасиеттерін анықтайды.
Құқықтық қатынас мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық қатынас сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
2.3 Занды фактілер (айғақтар) және олардың классификациясы
Құқық катынастарының пайда болуы үшін жалғыз құқық нормаларының болуы жеткіліксіз. Құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген нақтылы өмірлік жағдайлардың тууы қажет. Мысалы: ерлі-зайыптылардың арасында отбасылық құқық қатынастарының тууы тек занды түрде отбасылық зандарға сәйкес некеге тіркелгенде ғана пайда болады. Бұл жағдайда некені тіркеу - занды факті болып табылады. Сондықтан, занды фактілер дегеніміз құқық нормаларының гипотезасында көрсетілген әр түрлі зардаптарға әкелетін нақтылы өмірлік жағдайлар. Бұл - құқық қатынастарының пайда болуы ғана емес, оның тоқтатылуы (қатысушылардың біреуінің өлімі) немесе өзгертілуі (мысалы, қызметкерді басқа жұмысқа ауыстыру), өзге де болуы мүмкін.
Занды фактілердің мынадай белгілерін атауға болады: 1) өзінің мазмұнына қарай бұлар шынайы өмірлік фактілер (құбылыс); 2) мұндай өмірлік жағдайлар құқық нормаларында көрсетілген; 3) нақтылы заң зардаптарын тудырады, оның ең бастысы – құқық бұзушылықтың пайда болуы, өзгертілуі немесе тоқтатылуы (жойылуы).
Занды фактілерді әр түрлі негіздерде жіктеуге (классификациялауға) болады. Барлық занды фактілерді субъектінін, еркіне қарай уақиғаға және іс-әрекетке бөлуге болады (субъектілердің еркіне байланысты).
Оқиға - адамның еркіне байланысты емес жағдайлар - табиғат апаты, тууы, өлімі.
Іс-әрекет - керісінше, адамдардың еркіне байланысты, яғни құқық қатынастарына қатысушылардың біреуінің ғана болса да еркіне байланысты фактілер. Іс-әрекеттердің түрлері - құқыққа сәйкестік (заңды актілер, занды негізінде туындайтын әрекет) және құқыққа қайшылық (құқық бұзушылық - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық).
Құқық нормаларыңда көзделінген кейбір занды зардаптардың тууына бір факті ғана емес, олардын нақтылы жиынтығы қажет. Оны нақтылы (заңдық) құрамы деп атайды. Демек, заңдық құрам дегеніміз құқық қатынастарының пайда болуына қажетті зандық фактілердің жиынтығы. Мысалы, жоғары оқу орнына түсуі үшін мынадай фактілер қажет: орта мектепті бітіргендігі туралы куәлік, конкурс бойынша түсу емтихандарын тапсырып тиісті балл жинауы, оқуға қабылданғаны жөніндегі ректордың бұйрығы.
Барлық занды фактілер, мұнымен бірге, зардаптардын болу сипатына қарай бөлінуі мүмкін, Олар: құқық құраушылык, (еңбек шартын жасасу, оқуға түсу); құқық түзетушілік (тұрғылықты үйді айырбастау, еңбек заңына сәйкес мерзімді еңбек шартын мерзімсіз еңбек шартына көшіру); құқық тоқтатушылық (еңбек шартын тоқтату, жоғары оқу мектебін бітіру).
Көрініс нысанына қарай - жағымды (құқық қатынастарының тууына, өзгеруіне немесе тұрақтылуына байланысты фактілер) және жағымсыз (құқық қатынастарының тууына, өзгертілуіне немесе тоқтатылуына қажетті фактілердің болмауы) болып бөлінеді.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, құқықтық қатынастар адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңейеді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым қатынастарға шектеу қойылды.
Құқықтық қатынастардың өмірге
келуінің, өзгеруінің, ескіруінің, жаңаруының,
дамуының заңды себептерінен
басқа үш бөлімнен тұратын
негізі болады: нормативтік актілер,
заңды себептер, субъективтік кұқық.
Осы күрделі үш негіздер
Қорғайтын құқықтық қатынастар субьектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.
Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндеттітарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.