Құқық теориясының негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 21:52, реферат

Краткое описание

1. Құқықтың түсінігі және белгілері.
2. Әлеуметтік нормалардың түсінігі және түрлері.
3. Құқықтық нрмалардың түсінігі және оның құрылымы.
4. Құқықтық қатынастың түсінгі және құрылымы.
5. Құқық бұзушылықтың түсінігі және түрлері.
6. Заңи жауаптылықтың түсінігі және түрлері.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Құқық теориясының негіздері.doc

— 62.50 Кб (Скачать документ)

Құқық теориясының  негіздері.

Сабақтын жоспары:

1. Құқықтың түсінігі  және белгілері. 

2. Әлеуметтік  нормалардың түсінігі және түрлері. 

3. Құқықтық нрмалардың  түсінігі және оның құрылымы.

4. Құқықтық қатынастың  түсінгі және құрылымы.

5. Құқық бұзушылықтың түсінігі және түрлері.

6. Заңи жауаптылықтың  түсінігі және түрлері. 

Сабақтың мақсаты: Құқықтың мәнің терең зерттеу 

1

Құқық ұғымының көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында  және күнделікті өмірде қолданылады. Кең  мағыналық түсінік болғандықтан әрбір адамда қ ұқықтың мәні туралы қандай да бір пікір қалыптасады.

Заң ғылымында  қ. бірнеше мағынада қолданылады:

1. Құқық заң  ғылымында оқу пәнінің атауын  білдіретін ұғым ретінде қолданылады  (азаматтық құқық, конституциялық  құқық);

2. Құқық деген  ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі (білім алу, еңбек ету құқығы). Осы жағдайда құқық субъективтік мағынада қолданылады;

3. Құқық мемлекетпен  байланысты және мінез құлық  ережелерінен тұратын жүйе ретінде  түсіндіріледі (нормативтік акті, заңдар, кодекс). Осы жағдайда құқық объективтік мағынада қолданылады;

4. Құқық объективтік  және субъективтік құқықтың жиынтығы  ретінде қолданылады (құқық жүйесі).

Құқық теориясы көбінесе объективтік мағынада қарастырады. Оған сәйкес:

Құқық – бұл  жалпыға міндетті, формальді анықталған, қоғамның мүддесін білдіретін, м. бекіткен және қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың  жүйесі.

Құқықтың белгілері:

- жалпылығы; 

- міндеттілігі;

- нормативттілігі;

- құқықты бұзғаны  үшін, мемлекет тарапынан жауапкершіліктің  қолданылуы;

- мемлекетпен  байланысы; 

- формальді  анықтылығы, оның ерекше атауының  және нысанының болуы; 

- жүйелілігі  – оның саладан институттардан  және нормадан тұруы. 

2

Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы әлеуметтік нормалар: құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет, салт – дәстүр және ритуал нормалары.

Әлеуметтік  нормалар – бұл адамдардың мінез  – құлқын, және олардың ара –  қатынасындағы ұйымның қызметін реттейтін ережелер.

Оның белгілері:

1. Әлеуметтік  нормалар адамдардың мінез –  құлқы ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың  ұжымы, м. пікірі бойынша адамдардың  мінез – құлқы қандай болатындығын  көрсетеді. Бұл үлгілер оған сәйкес адамдар өз әрекеттерін қалыптастырады.

2. Әлеуметтік  нормалар – бұл жалпы сипаттағы  мінез – құлық ережелері. Оның  жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған.

3. Әлеуметтік  нормалар – бұл қоғамдағы міндетті  мінез – құлық ережелері. Құқықтық норма ғана сонымен қатар, басқа да әлеуметтік нормалар, оларды қолданатындарға міндетті. Қажетті жағдайларда әлеуметтік нормалардың міндеттілігі мәжбүрлеумен қамтамассыз етіледі.

Осы белгілерге сәйкес, әлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез – құлқына белсенді әсер етеді.

Әлеуметтік  нормалардың әр алуандығына байланысты, олар келесіде топтастырылады:

1. Құқықтық нормалары  – бұл мемлекет. бекітетін және  қорғайтын мінез – құлық ережелері. 

2. Мораль нормалары  – бұл қоғамдағы адамдардың жақсылық пен зұлымдылық, әділеттілік пен әділетсіздік, қадір қасиет, ар – аждан туралы моральдік түсініктеріне сәйкес қалыптасқан және қоғамдық пікір, немесе ішкі сенім негізінде қорғалатын мінез – құлық ережелері.

3. Қоғамдық ұйымның нормалары – бұл қоғамдық ұйымдардың өздері бекітетін және бұл ұйымның жарғысымен көзделген қоғамдық әсер ету шаралары көмегімен қорғалатын мінез – құлық ережелері.

4. Әдет нормалары  – бұл адамдардың бірнеше рет  қайталаудың нәтижесінде адамдардың  әдетіне байқалған белгілі бір қоғамда қалыптасқан мінез – құлық ережелері.

5. Салт –  дәстүр нормалары – адамның  өмір сүруінің белгілі бір  саласында уақытқа сәйкес прогрессивті  ережелерді қолдаумен пайда болған  тұрақты мінез – құлық ережелері. 

6. Ритуал нормалары - әр түрлі саяттарды (отряд) жасаған кезде адамдардың мінез – құлық ережелерін анықтайтын және моральдік әсер ету шараларымен қорғанатын нормалар. Олар ұлттық мейрамдарды некені қиған кезде қолданады.

7. Діни, саяси,  отбасылық, іскерлік нормалар.

8. Техникалық нормалар - бұл табиғат заттары, еңбек құралдары, әр түрлі техникалық құралдар мен адамдардың қарым – қатынасын реттейтін мінез – құлық ережелері. Техникалық нормалардың мақсаты: табиғат, техника күштерін дұрыс пайдалану. Техникалық нормаларға құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, машина мен механизмдерді пайдалану нұсқаулары шикі затты, электроэнергияны, жағар майды жұмсау нормалары жатады.

3

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы  құқықтық бастапқы элементі. Сондықтан  да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән.

Сонымен, құқық  нормасы – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бкіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық ережелері.

Құқықтық норма  әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар:

1. жалпыға міндетті  сипатты – бұл құқық нормасының  көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті.

2. формальді  анықтылығы – ресми құжаттарда  жазбаша нысанда тиісті атаулы  болады.

3. мемлекетпен  байланысы – мемлекеттік органдармен  не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, және мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі.

4. ұсынушы және  міндеттеуші – адамдардың мүмкін  не міндетті мінез – құлқын  мемлекеттік үстем ережелері. 

5. микрожүйелігі  – бүртүрімен байланысты гипотеза, диспозиция және санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір  – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді.

Заңи норманың құрылымы –  бұл оның функционалдық дербестігін  қамтамассыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы:

1. гипотезадан; 

2. диспозициядан; 

3. санкциядан тұрады.

1. Гипотеза – бұл оның  қолданылу жағдайын (уақыт, орын  субъективті құрам) көрсететін қ. нормасының элементі.

2. Диспозиция – бұл  гипотезада көрсетілген заңи  фактінің туындағанда субъектілердің  мінез – құлқын білдіретін  құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі  реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық  құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тиым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді).

3. Санкция – бұл диспозицияны  іске асырғаны не асырмағаны  үшін субъектіге белгілі бір  салдарды көрсететін құқықтық  норманың бір бөлігі.

Олар жағымсыз – жазалау шаралары және жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді.

4

Қоғамда әр түрлі қатынастар бар. Егер бұл қатынастар құқық нормаларымен реттелетін болса, онда оларды құқықтық қатынастар деп атауға болады. Сонымен  құқықтық қатынастар деп құқықтық норма негізінде пайда болған, оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін білдіретін қоғамдық қатынастардың бір түрі. Құқықтық қатынастардың белгілері:

1.Құқықтық қатынастар  құқықтық норма негізінде пайда  болады;

2.Құқықтық қатынастарға  қатысушылардың құқықтары мен  міндеттерін болады;

3.Құқықтық қатынастар  саналы ерікті сипатта болады.

4.Құқықтық қатынастар  мемлекетпен кепілденеді және  қажетті жағдайларда оның күштеу  шараларымен қорғалады. 

Құқықтық қатынастардың құрылымы үш элементтен тұрады:

1) Құқықтық қатынастың  субъектісі;

2) Құқықтық қатынастың  объектісі; 

3) Құқықтық қатынастың  мазмұны. 

Құқықтық қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғалар және ұйымдар болады. Жеке тұлғаның өзі  үшке бөлінеді:

- ҚР азаматтары;

- шетел азаматтары;

- азаматтығы  жоқ тұлғалар.

Ұйымдардың  өзі:

- мемлекет;

- мемлекеттік  огандар; 

- мемлекеттік  емес органдар;

- қоғамдық ұйымдар  деп бөлінеді.

Жеке тұлға  мен ұйым құқықтық қатынастың қатысушысы болуы үшін олардың құқық субъектілігі болуы керек. Құқық субъектілік бұл жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерге ие болуы және оларды жүзеге асыру мүмкіншілігі. Құқық субъектілік екіге бөлінеді құқық кабілеттілік және әрекет кабілеттілік. Егер құқық кабілеттілік жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіншілігі болса, онда әрекет кабілеттілік жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мүмкіншілігі.

Жеке тұлғада  құқық кабілеттілік туғаннан пайда болады және ол қйтысболғанда жойылады. Ал әрекет қабілеттілік жеке тұлға белгілі бір жасқа толғанда пайда болады. Әрекет қабілеттілік үшке бөлінеді:

- толық, яғни 18 жастан басталады; 

- жартылай, яғни 14 пен 18 жас аралығын қамтиды,  бұл кезде тұлға тек ұсақ мәмілелерді ғана жасауға мүмкіндігі бар, ал ірі мәмілелерді жасау үшін ата-анасының рұқсаты керек;

- шектелген,  яғни адамның денсаулық жағдайына  байланысты, оның құқықтарын шектеу.

Ұйымда құқық  қабілеттілік және әрекет қабілеттілік мемлекеттік тіркеуден өткен кезде пайда болады. Осы арқылы жеке тұлғаның құқық субъектілігімен ерекшеленеді.

Құқықтық қатынастың объектісіне мыналар жатады:

- материалдық  құндылықтар (ақша, зат және т.б.);

- материалдық  емес құндылықтар (адамның құқықтары,  оның беделі және т.б.);

- жеке тұлғаның  әрекеті (жұмысқа орналасу және  т.б.);

- рухани қажеттіліктер  (театрға, кітапханаға және т.б.).

Құқықтық қатынастың мазмұнына қатысушылардың субъективті  құқықтары мен заңды міндеттері жыйынтығы жатады.

5

Құқық бұзушылық - қоғамның, мемлекетпен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субьектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға кауіпті әрекеті. Құқық бұзушылықтың белгілеріне мыналар жатады:

- іс-әрекет немесе  әрекетсіздік;

- қоғамға зиян  әкелуі (моральдық және материалдық,  өлшенетін және өлшеусіз, мәндік және рухани, елеулі және болмашы, қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін);

- құқыққа қарсы; 

- кінә дегеніміз  субьектінің қоғам, мемлекет, жеке  адам мүдделеріне іштей теріс  көзқарасының құқыққа қарсы әрекет  жасаумен білдірілген көрінісі. Кінә негізгі екі нысанға: қасақана және абайсыздықпен жасалған болып бөлінеді;

- құқық бұзушылық  үшін заңды жауапкершіліктің  қолданылуы.

Құқық бұзышылық  құрамын құрайтын белгілердің тіпті  біреуінің болмауы заң жүзінде  жауапкершілікті болғызбайды.

Құқық бүзушылық  құрамына мыналар кіреді:

1) құқық бұзушылық  субъектісі - заңмен құқық бұзушылыққа  қабілетті деп танылатын жеке  адамдар немесе сондай әрекет  жасаған әлеуметтік ұйымдар; 

2) құқық бұзушылық  объектісі - құқықпен реттеліп, қорғалатын және құқық бұзушылық араласатын нәрсе. Тектік обьект -қоғамдық қатынастар, олардың саласы және түр объектісі - өмір, денсаулық, ождан, мүлік және т.б.;

3) құқық бұзушылықтың  субъективті жағы - субъектінің өз  әрекеті мен оның зардаптарына  ішкі, психикалық көзқарасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы.

4) құқық бұзушылықтың  объективтік жағы- әрекеттің өзі  немесе әрекетсіздік, құқыққа қарсылық (әрекетті заңда көрсету), зиянды  нәтиже (мағыналы аспект), әрекет (себеп)  пен одан туындайтын зиянды  нәтиже (салдар) арасындағы тікелей (кездейсоқ емес) себеп - салдарлы байланыс сияқты, құқық бұзушылықты сипаттайтын сыртықы белгілердің жиынтығы

Қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі бойынша құқық бұзушылық  қылмыс және теріс қылық деп бөлінеді. Қылмыс - қоғам үшін мейлінше қауіпті және қылмыстық заңмен тыйым салынған құқық бұзушылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9-бабында қылмыс ұғымына мынадай анықтама беріледі: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады».

Сипаты мен қоғамға  қауіптілік дәрежесіне қарай барлық қылмысты әрекеттер қазір төрт санатқа  бөлінеді, олар: а) онша ауыр емес қылмыстар; ә) ауырлығы орташа қылмыстар; б) ауыр қылмыстар  және в)ерекше ауыр қылмыстар.

Теріс қылық қоғамдық қауіптілігінің азырақ дәрежеде болуымен сипатталады. Ол қоғамдық қатынастардың түрлі  салаларында және қол сұғұшылықтың әртүрлі обьектілерінде жасалады, тиісінше зандық салдарға әкеп соғады.

Құқық бұзушылықтар қоғамның саласына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

- әкімшілік теріс қылық  бұл мемлекеттік басқару мен  қоғамдық қауіпсіздік, тәртіп  саласында жасалған құқық бұзушылықтар.

- азаматтық теріс қылық  бұл мүліктік немесе мүліктік  емес қатынастар саласында, өз  міндеттерін орындамаумен сипатталатын құқық бұзушылықтар.

- тәртіптік теріс қылық  бұл жұмыс бабында жасалаған  құқық бұзушылықтар.

6

Зандық жауапкершіліктің мағынасы мен мақсаты субьектілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау мен қорғау болып табылады. Зандық жауапкершіліктің міндеттері осыдан туындайды. Біріншіден, құқық бұзушылыққа кінәліні жазалау (жазлау міндеті). Екіншіден, құқықты қалпына келтіру және келтірілген зиянды өндіріп алу, ысырапты өтеу (қалпына келтіру міндеті). Үшіншіден, құқықтық санада занды мінез-қүлық мотивтерін қалыптастыру және зандық жауапқа тартылушы субъектінінің де (жеке ескерту), құқық қатынастарының басқа субъектілерінің де (жалпы ескерту) жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу.

Информация о работе Құқық теориясының негіздері