Құқық нормаларының ерекшеліктері, жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Қоғамдағы көптеген негізгі құрал – әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогресстік жолмен дамып жатады.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................3-4
1 Құқық нормаларының түсінігі
1.1. Құқықтық норманың ұғымы, түрлері, құрылымы.........................5-10
1.2 Әлеуметтік нормалар ұғымы, қызметтері, түрлері.......................10-13
2 Құқық нормаларының ерекшеліктері, жіктелуі
2.1 Құқықтық нормалардың ерекшеліктері........................................14-17
2.2 Құқық нормаларының жіктелуі......................................................17-21
Қорытынды...........................................................................................22-23
Пайдаланған әдебиеттер.............................

Прикрепленные файлы: 1 файл

кукык норма курсавой.docx

— 44.68 Кб (Скачать документ)

1.2 Әлеуметтік нормалар ұғымы, қызметтері, түрлері

Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси – экономикалық, мәдени – әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әр түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым – қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар; әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т.б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.

Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативистік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас; құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік.  
Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздінше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттген мәселесі – құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма абстрактік түрде қарастырып іс – әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандықтары мен құқықтарын бөліп қарауға блмайды – деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн – анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.

Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі- қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді – заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі- бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды. Ниглизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.  
Заңды көзқарас көне дәірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан- жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қортынды тұжырымдар жасалады. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ – ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесті құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттуші негізгі әлеуметтік факторлардың бір екенінпе ешкім күмән келтірмейді.  
Қоғамның объективтік тарихи даму құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екеніндәлелдеп отыр. Заңды нигилизм пікірін қазір ешкім қолдамайды.

Мемелекеттік құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын, өзара қарым – қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін іске асыруы мүмкін емес. Міне, осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Мемлекетке қажетті қоғамдық қатынастар құқық негізінде ғана орнай алады. Бұл мемлекет пен құқықтың қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп,жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш қуаты, абыройы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді.

1.Құқықтық нормаларды  мемлекеттік органдар ресми түрде  қалыптастырады; әлеуметтік нормалардың  басқа түрлерін қоғамдық ұйымдар  қабылдайды, мемлекеттің оған қатысы жоқ.

2.Құқықтық нормалардың  мемлекеттің барлық аумағына, барлық  халықтарына міндетті күші бар  басқа нормалардың міндетті күші  тек ұйымдардың мүшелерін қамтиды.

3.құқықтық нормалар жеке  адамдардың және қоғамдық мүдде  – мақсаттарды қамтиды; басқа  нормалар жеке ұйымдардың, бірлестіктердің мақсатын қамтиды.

4.Құқықтық нормалардың  орындалуын мемлекеттік органдар  бақылап отырады; басқа нормаларға мемлекеттің қатысы жоқ, олардың орындалуын ұйымдар, бірлестіктер бақылайды.

Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык кесім аркылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда кателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді.

Нормативтік талқылауда құқықтық норманы талқылаған түсініктің өзі бәріне міндетті нормаға айналады, көп рет қолдануға мүмкіндіктер туады. Мысалы, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер туралы заңында» заңға сәйкес қабылданған кесімдер ресми түрде өзі қабылдаған органмен талқыланады деп атап көрсетілген. Сонымен қатар нормативтік талқылаудын субъектісі болып әділсот органдары, атап айтқанда Қазақстан Республикасыиың Жоғарғы Соты бола алады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының пленумының қаулылары соттардың тәжірибелерінде қолданылатын заңдар мен заңға сәйкес кабылданған нормативтік-құқықтық кесімдерге түсініктеме береді және оларды тек сот органдары ғана пайдаланады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 81-бабында: Қазакстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі Жоғарғы Сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысанасында олардың кызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады», — деп атап көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Құқық нормаларының ерекшеліктері, жіктелуі

2.1 Құқықтық нормалардың ерекшеліктері

1)  Құқықтық  нормалар  бекіткен үлгі, талаптар бәріне бірдей қолданылады. Құқықтық нормаларының  мәтінде көрсетілген  информация  ситуацияға түскен  субъектілердің  әрекеттерін реттейді , шешімін бекітеді. Мысалы ,  Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 23-бабы (нормасы) он тқрт  жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандар үшін  мәселелердң олардың  атынан ата- анасы  , асырап алушылары  немесе қорғаншылары  жасайды деген ережені бекіткен.  Яғни , бұл  норма 14 жасқа толмағандардың  бәріне бірдей болып табылады.

2) Құқықтық   норма  халықтың ,  таптардың , топтардың , тіпті жеке адамның  еркі де бекітіледі.  Адамзат   тарихында   жеке адамның  еріктерінің  құқықтық норма  бекітілуі көп болған. Мысалы , коммунизм идеологиясының  негізін қалаушы Карл Маркс  өзінің « Коммунистік  партияның монифистері» деген  еңбегінде  буржуазиялық  қоғамдағы  мұрагерлік туралы  заңның өте қатаң талаптарын  жоюды өз өмірінен алған . К.Маркс  өзінің құдай қосқан әйелі бола тұрып , отбасында қызметші  болған Ленхен  деген әйелмен көңілдес болып , бала туғызған. Әйелінен сескенген К.Маркс  Ф.Энгельске  сәбиді «менікі» дегізеді,  бірақ оған өзінің мұрасын бөліп беруді  армандайды .  Өкінішке  орай  сол кездегі заң бойынша  заңды некеден туған  балаларға ғана  иүрагерлік берілген. Социалистік  идиологияны  жазу барысында К.Маркс «Коммунистік  партияның манифесінде» қатаң мұрагерлік заңын жоққа шығаруды талап етті.

3)  Құқықтық норма  қажет болған  жағдайда мемлекет  күшпен қамтамасыз етіледі. Сот, прокуратура  полиция  және басқа да  мемлекеттік органдар  құқықтық норма  бұрмаланған, немесе орындамаған  субъектілерге  күш қолданылады, жауапқа тартады.

Сөйтіп, осы нормаға сәйкес заң шығарудың және заң қолданудың басты өлшемі олардың жеке адамның құқықтары мен бостандықтарына сәйкестігі болып табылады. Яғни, осы тармақ мемлекет саясатындағы жүйелік орталықтандырудан жеке бастық орталықтандырудың басымдығын ресми түрде орнықтырды. Ол мемлекеттің бұрынғы кеңестік режимі кезінде үстемдік еткен ұжымдық демократия тұжырымдамасынан ресми түрде бас тартуды білдіреді. Аталған қағиданың іс жүзінде қолданылуына әр заңды және әр заң жобасын гуманитарлық, оның ішінде қоғамдық сараптамадан өткізу және мемлекеттік органдардың қызметіне конституциялық бақылау жасау үшін іргелі негіздер қалау мүмкіндігін жатқызуға болады. 
Құқықтық норма жайлы Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабында былай делінген:

  1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
  2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешікім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
  3. Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
  4. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады
  5. Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.

Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 27 бабында былай айтылған: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті».

Бұл талапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс табады.

Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау. Мысалы, салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және тағы басқа. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор.

Көлемі бойынша құқық нормаларын талқылау сөзбе-сөз, кеңейтілген және шектелген болып бөлінеді.

1.      Сөзбе-сөз талқылауда қүкық норманың мәтіні оның мазмұнын дәлме-дәл көрсстеді. Осыган байланысты онын мазмұнын түсінуде ешқандай қиындықтар болмайды.

Кеңейтілген талқылауда құқық норманың толық мазмүны онын создік мағынасынан кеңірек болып ұғынуды талап етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының бірінші тармагы: «Судья сот торелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады», деген норманы бекіткен. Бұл жерде судьялар іс қарағанда тек ғана Конституция мен зандарға ғана емес, сонымен қатар басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге бағынады. Бұл норма кеңейтілген талқылауды талап етеді. Сонымен қатар кұқық нормаларының мәтінінде «және басқалар», «өзгеше көзделмесе», «басқа құжаттар», «басқа да мүлік» және т.б. сөздер құқық нормалар мәтінде пайдаланғаңда кеңейтілген талқылау пайдаланылады.

Шектелген талқылауда кұқық нормасының толық мазмұны оның сөздік мәтінінен кеңірек болып қабылданады. Мысалы, Казақстан Республикасынын Конституциясының 36-бабы:

«Қазақстан Республикасын корғау — оның әрбір азаматының қажетті борышы және парызы» деген норманы бекіткен. Бірақ, бұл борышты барлык азаматтар орындай алмайды. Атап айтқанда әрекет қабілеттілігі жок азаматтарға отанды корғау борыш және парыз бола алмайды. Немесе Конституцияның 27-ба-бының 3-тармағы «Кәмелетке толған еңбекке кабілетгі балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамкорлык жасауға міндетті» деп атап көрсетеді. Бұл жерде шектелген талкылаудың корытын-дысы мен балаларына қамқорлык жасамаған және тастап кеткен ата-анаға көмек көрсету міндетті емес екенін аңғарамыз.

2.2 Құқық нормаларының жіктелуі

Құқық нормаларының  негізгі функциялары  қоғамдық қатынастарды  реттеу және  құқық бұзушылықтан  сол қатынастарды  тиімді қорғау болып табылады  құқықтық нормаларды реттеу  функцияларына  байланысты  топтастырып қарағанда  арнайы бір қоғамдық  қатынастарды реттейді . Кейбір құқықтық  нормалар мүліктік қатынастарды  реттесе, басқалары  экологиялық, қаржы  отбасы, әкімшілік , банк , сайлау  , инвистиция, жер сияқты қатынастарды реттейді.  Осыған байланысты  құқықтық нормалар  реттеу пәніне байланысты  конституциялық – құқықтық , әкімшілік құқықтық , азаматтық -  құқықтық ,   және т.б. болып жіктеледі. Ал , құқықтық нормалар  өздерінің іс жүзіне   асырылуына байлансты мынадай түрлерге бөлінеді:

1)    Міндеттейтін норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы  әрекеттерді  жасау  міндетін  жүктейтін норма.

2)   Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір  әрекеттерді  жасаудан бас тартуды  міндеттейтін норма.

3)   Құқық беруші норма – бұл  субъектіге   белгілі бір әрекеттерді жұзеге асыруға  байланысты  құқықтарды реттейтін норма.

4)  Дефинитивті норма – нормада заң ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде  бір ұғымның  анықтамасының берілуі. Бұл нормада  субъектілердің  құқықтары мен міндеттері нақтылы  дәрежеде  не мағынада  көрсетілмейді. Бір дефинитивтік   нормалар  пәнінің  негізгі категорияларын  анықтайды , үлкен  маңыздық рөл атқарады және  Қазақстан Республикасының  құқықтық жүйесінде  , құқық салаларында  жиі кездеседі.

Мысалы ,  Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің  9-бабы қылмыстық  ұғымының  мына анықтама  мағынасында бекіткен : « Осы Кодексте  жазалау қатерімен тыйым  салынған   айыпты қоғамдық  қауіпті әрекет ( іс- әрекет  немесе әрекетсіздік ) қылмыс деп танылады»

«Неке және отбасы туралы заңның» 1-бабында  некенің ұғымын , «неке ерлі- зайыптылар арасында  мүліктік және мүліктік емес  жеке қатынастарды туғызатын  , отбасы құру мақсатымен  заңдарда белгіленген  тәртіппен тараптардың  ерікті және толық келісімді жағдайда жасалған  еркек пен әйелдің  арасындағы тең құқықтық  одақ», — деген  дефинициямен берілген .

Информация о работе Құқық нормаларының ерекшеліктері, жіктелуі