Шарттың ұғымы және түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2015 в 19:04, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстың өзектілігі. 2008 жылғы ақпан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтты бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез-келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті.

Содержание

I.Кіріспе................................................................................................................3-5
II. Негізгі бөлім
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1. Шарт туралы жалпы ұғым......................................................…....………6-10
1.2. Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………............................11-26
1.3. Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....…………..…......…27-37
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы…………….............….38-41
2.2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...…….........42-46
III.Қорытынды...............................................................................................47-48
IV.Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................49-52

Прикрепленные файлы: 1 файл

kurs_zhumys.docx

— 57.26 Кб (Скачать документ)

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің негізгі (басты) талаптарға қосымша сипаты бірталай жерде көрініс табады.

Біріншіден, тек заңды шарттық талаптар, яғни заңды негізде туындаған талаптар ғана қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, қамтамасыз етуші шарт талап ету құқығын беруге көнгенде және көптеген жағдайларда осы негізгі шарт бойынша аударғанда негізгі шарттың тағдырына ілеседі.

Үшіншіден, негізгі шарттың тоқтауы, ол қандай негізде тоқтаса да, әдетте, қамтамасыз ететін шарттың тоқтауына әкеп соғады.

Төртіншіден, негізгі шарттың заңсыз болуы оны қамтамасыз ететін шарттың заңсыздығына әкеп соғады, ал бұл норма императивтік, ол өзгедей шарттық салдарлардың болуы мүмкін екендігін қарастырмайды. Ал, қамтамасыз етуші шарттың заңсыздығы қамтамасыз етілетін шарттың заңдылығына еш әсерін тигізбейді, бұл басты шарттың тағдырының қосымша шарт тағдырына тәуелді еместігін көрсетеді.

Негізгі шарттың тағы бір артықшылығы сонда, ол қамтамасыз етуші шарттың тоқтаған-тоқтамағандығына тәуелді емес. Бірақ бұл ережеге кепіл затын ломбардтардың сатуы және жылжымайтын мүлік ипотекасының заттарын соттан тыс мәжбүрлеп сатқызудың кейбір жағдайлары кірмейді, бұл заң шығарушының кепіл берушілер мүдделерін мамандандырылған кәсіпкерлік ұйымдардың — кепіл ұстаушылардың қиянатынан қорғау ниетінен туындаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері

Шарттарды қамтамасыз ету шараларын қолдануды талқылап өтейік. Несие берушінің (қарыз немесе мүлік берушінің) алдында борышкердің (қарыз немесе мүлік алушының) шартты орындамағаны үшін жауаптылығы азаматтық-құқықтықтың принциптеріне негізделген, шарттың бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына қарағанда шарттарды қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды. Шарттарды қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір шарт белгілі бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, шартты қамтамасыз етудің кейбір әдістері заңнамада да, тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздық айыппұл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері — тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.

Шартты қамтамасыз етудің кейбір әдістері (тұрақсыздық айыппұлы, кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар шартты орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей шарт талаптарын орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік және т.б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен және қамтамасыз етілген шарттан, заңда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.

Зерттеп жатқан тақырыбымыздың өзегі шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларына жеке-жеке тоқталып, әрқайсысының атқаратын қызметтерін анықтап, талдау жасайық. Бұл шаралар шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері болып табылады. Олардың қатарына кепілпұл, тұрақсыздық айыбы, кепілдік пен кепілдік болушылық, кепіл және заңнамада көзделген өзгеде әдістер жатады. Біз шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің ішінен кепілпұлды қарастырайық.

Шартты қамтамасыз етудің әдісі кепілпұл дегеніміз — шарт жасасқан кезде бір адамның екінші адамға шарт талаптарынан туындайтын белгілі бір әрекеттер орындағаны үшін беруге жататын ақша сомасының бір бөлігін төлеуі. Кепілпұл — борышкер несие берушіге төлеуге тиісті қаңдай да бір ақша сомасының бөлігі.

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдісі ретіндегі кепілпұлдың маңызы сонда, ол шартты қандай да бір тараптың орындамауынан сақтандырады.

Шартты орындамау оның орындалуына жауапты тарап үшін қолайсыз зардаптар әкеледі. Кепілпұл, негізінен, борышкердің қандай да бір ақша сомасын төлеу жөніндегі негізгі талаптары бойьшша шартты орыңдауын қамтамасыз етуге бағытталған, мысалы, сатып алушының сатылатын бағаны төлеу міндеті, жалгердің жалдау ақысын төлеу міндеті, т.б., ал қамтамасыз етуге сол кепілпұл берген адамның кейін шартты орындаудан бас тартқан жағдайда сол кепілпұлдан айырылып қалу қаупі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, кепілпұл алған адамның шартты орындамауы да оған алған кепілпұлды қайтару, сондай-ақ контрагентке алған кепілпұлдың сомасына тең сома төлеу түрінде қолайсыз зардаптгар алып келуі мүмкін[49].

Кепілпұл туралы келісімнің субъектілері олар ҚР АК-ның кепілпұл туралы жаңа ережелері кепілпұлмен қамтамасыз етілуі мүмкін шарттық міндеттемелердің аясын кеңейтті. Бұрын бұл тәсілмен тараптарының біреуі азамат болып келетін шарттар ғана қамтамасыз етілетін. Қазір, кепілпұлмен қамтамасыз етілетін шарттарды қатысушылар құрамына қарай шектеу жойылды, кепілпұлмен кез келген шарттық міндеттемелерді, оның ішінде тараптары азаматтардың қатысуынсыз тек заңды тұлғалар болып келген шарттарды қамтамасыз етуге болады.

Кепілпұл туралы келісімнің формасы ол кепілпұл туралы келісім, оның сомасына және негізгі міндеттеменің формасына қарамастан, заңсыз болады деген үреймен жазбаша түрде жасалуы тиіс. Егер жалпы шартты нотариус куәландыруы тиіс болса, кепілпұл туралы келісімнің зандылығы үшін жай жазбаша форма жеткілікті.

"Кепілпұл" ұғымында  бірнеше мәндік және заңдық  мағына бар. Көбіне "кепілпұл" ұғымы кепілпұл туралы келісімнің  өзін белгілеу үшін қолданылады - шарт жасасқанда және белгілі бір құқықтар мен міндеттерді, сондай-ақ осы келісімді қолдану барысында заңмен белгіленген зардаптарды анықтағанда ақша сомасының бір бөлігін төлеу туралы келісімді білдіреді. "Кепілпұл" ұғымы, тағы да, азаматтық құқық институтын білдіреді, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілпұл туралы келісімді қолданудың салдарын реттейтін материалдық құқық нормаларының жиынтығын береді.

Тікелей келісімді кепілпұл туралы келісім деп, ал құқық институтын- кепілпұл туралы келісім институты деп белгілеген дұрыс болар еді. Сонымен қатар кепілпұл бір адамның екіншіге төлейтін ақша сомасының бір бөлігін ғана білдіреді.

Кепілпұл туралы келісімге тоқталсақ. Жалпы кепілпұл айрықша келісім бойынша енеді, ол шарттан бөлек болады және шарттағы міндеттемені қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Кепілпұл туралы келісім шартқа қосымша болып келеді, ол шар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Кепілпұл туралы келісімнің ол үшін заңнама қажетті деп тапқан елеулі белгілері, ол — кепілпұлдың мөлшері, сондай-ақ орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілпұл төленетін негізгі міндеттемені анықтау. Кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы негізгі шарттың зандылығына байланысты. Негізгі шарттың заңдылығын бұл жерде кең түсіну керек. Негізгі шарттың зандылығы оның заңға сәйкестігін, сондай-ақ оның күшіне енуін, кепілпұл туралы келісім күшінде болған кезде негізгі шарттың күшінде болуын білдіреді.

Шартты қамтамасыз ету ретінде кепілпұл туралы келісім тараптардың кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттар бойынша жағдайларын, құқықтары мен мінеттерін өзгертпейді. Сонымен қатар кепілпұл туралы келісім тараптардың міндеттерін күрделендіреді, себебі олар бөлек келісім бойынша өздеріне қосымша міндеттемелер қабылдайды. Кепілпұл алған адамның құқығы азаймайды, қайта міндеттемені қамтамасыз ету салдарынан көбейеді, сондай-ақ ол кепілпұлмен қанағаттану керек пе, әлде міндеттеменің тиісінше орындалуын талап ету керек пе, осының біреуін таңдауы тиіс, егер шарт кепілпұлмен қамтамасыз етілмесе, онда ол талап етуге құқылы болады.

Кепілпұл берген адамда да қосымша міндеттемелер туындайды, кепілпұл алған адамның кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартты орындамағанына дейін қандай да бір құқық туындамайды. Кепілпұл туралы келісімнің өзіндік сипаты бар. Кепілпұл, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілі бола тұрып барлық басқа қамтамасыз ететін шарттардан өзін ерекшелейтін белгілерге ие.

Біріншіден, кепілпұлмен шарттардан туындайтын міндеттемелер ғана қамтамасыз етіледі және ол өзге шарт талаптарын қамтамасыз етуге пайдаланылмайды, мысалы, шарттан өзге негіздерден, атап айтқанда, әкімшілік актілерден, сот шешімінен жөне т.б. туындайтын міндеттемелерді.

Екіншіден, кепілпұлмен тараптардың біреуінің ақшалай міндеттемесі көзделген шарттың орындалуы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, себебі кепілпұл "уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа" беріледі (АК-ның 337-бабьшың 1-тармағы), мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша бағаны төлеу жөніндегі міндеттеме, жалдау ақысын төлеу жөніндегі міндеттеме және т.б. Бұл тұрғыдан алғанда кепілпұл, міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, бір жағынан шарт бойынша ақшалай міндеттемені бөлшектеп орындауы — шарт бойынша бір тараптың екінші тарапқа төлемінің бөлігі болып табылады.

Үшіншіден, кепілпұл, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып, шарт жасалғандығының дәлелдемесі рөлін атқарады. Бұл дегеніміз — егер шарт тараптардың біреуінің кепілпұл төлеуін көздейтін болса, онда бұл міндет орындалғаннан кейін ғана шарт жасалыңды деп саналады, мысалы, егер сатып алу-сату шартында кепілпұл төлеу көзделген болса, онда кепілпұл төленбей шарт күшіне кірмейді, ал кепілпұл сомасы төленгеннен кейін тараптардың біреуі шартты орыңдаудан біржақты бас тарта алмайды. Кепілпұлды төлеу тараптар арасыңда кепілпұлмен қамтамасыз етілген шарттың барық елеулі жағдайлары бойынша келісімге қол жеткендігінің және туын-дайтын барлық салдарларымен оның күшіне кіргендігінің дәлелдемесі.

Төртіншіден, кепілпұл, сонымен қатар, оны беруші тарап үшін де, оны алушы тарап үшін де жауапкершілік өлшемі болады, біріншісінің міндеті — өзінен алынатын төлемді төлеу, ол одан бас тартқан жағдайда кепілпұлды жоғалтады, екіншісінің міндеті — міндеттемені заттай орындау, себебі оны орындамаған жағдайда ол кепілпұлды қайтарады және соның мөлшерінде қосымша шығын тартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Егеменді еліміз Қазақстанда шарттың орындалуын қамтамасыз ету қоғамдық қатынастардың барлық үлкен топтарын реттей отырып кедергісіз кеңейіп келеді деп айтуға мүмкіндік туды.

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шартты орындауға немесе тиісінше орындауға әсер ететін мүліктік сипаттағы шаралар болып табылғандығы анықталған. Осы шарттың орындалуын қамтамасыз ету барлық шарттарға қолданылса болады.

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері шартты толық орындауға мүмкіндік береді. Сол әдістердің кең таралған, әрі танымал қолайлы түрі кепіл. Бірақ ол да терең, жан-жақты зерттеуді қажет ететін институт болып табылады. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ретінде кепіл институтына арналған, зерттеуге бағытталған әдебиеттер, мақалалар өте аз, саусақпен санап алуға болады. Мұның бір себебі кепіл құқығынан туындайтын даулы мәселелердің аздығынан болса керек. Сонымен қатар кепіл құқығын реттейтін нормативтік құжаттардың өзінде иеліктер байқалады. Мәселен, Азаматтық Кодекстің 311 бабының 2-ші тармағында “егер кепіл туралы шарттарда тыйым салынбаса, қайтадан кепілге салуға жол беріледі” деп көрсетілген. Біз бұл пікірді толық қолдаймыз, неге десеңіз шынында да кепілге салынған мүлікті кепіл берушінің басқа міндеттемесі бойынша қайтадан кепілге салуға кепіл туралы шартпен тыйым салынса, онда кепіл беруші кепілге салынған мүлікті қайталап кепілге салуға құқысы жоқ. “Затты кепілге беруші болып меншік иесі не меншік иесінің келісімімен оған шаруашылық басқару құқығы бар тұлға немесе заң құжаттарымен қарастырылған басқа тұлға да бола алады” деп ұсыныс жасайды.

ҚР заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, заттық меншік иесі не меншік иесінің келісімімен оған шаруашылық басқару құқығы бар одан заттың кепіл берушісі бола алады. Бұл норманың деспозициясынан түсінгеніміз, зат құжаттарымен мемлекеттік кәсіп орындарға мүлкін кепілге салуға тыйым салынуы мүмкін екен.

Сол себептен азаматтық құқықтағы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, шартты орындауға қамтамасыз ету әдістері туралы кейбір өзекті мәселелерді ашып кетуге тоқталдым.

Қазіргі уақытта шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері тек қамтамасыз етіп қана қоймай, жауапкершілікті жүктейтін немесе санкция түрінде көрініс тапқан ерекше құралдардың бірі болып саналады.

Осыған байланысты шартқа қатысушы тұлғалардың құқықтық жағдайларын анықтап алу керектігі көп назар аудартады, нақтырақ айтатын болсақ несие берушінің әрекетінің ұйымдық - құқықтық нысанын, олардың теориялық практикалық мәртебесін  анықтау және толық түрде бағалау бүгінгі күннің талабына жатады. 

Сонымен қатар қаралатын жағдайдың пәні ретінде көрініс тапқан шартты қамтамасыз ету әдістерінің бір жолға қойылып, осы әдістердің қолдану шараларында заң шығарушыларын практикалық және теориялық баға берілуі алынады.

Шартты қамтамасыз ету азаматтардың шарт еркіндігі принципіне негізделіп жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда елімізде көптеген шарттар, атап айтатын болсақ сатып алу-сату, кепіл (жер учаскілеріне және жер пайдалану құқықтарының кепілі, ипотека) сияқты шарттар өз табиғи жағдайларын жоғалтпай, қоғамда ерекше орын алуда. Сонымен қатар жаңа шарттардың түрлері (рента, факторант, франгайзнит, форфейтинг) пайда болуда. Осындай шарттарды реттеуде шартты қамтамасыз ету әдістері нарықтық экономиканы құқықтық реттеуде тиімді және ешқандай күмән тудырмайтын құрал ретінде көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 2008 жыл

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2008

3. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдер): 2007 жылғы 15 қаңтарға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген,-Алматы: Баспа,2007

4. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заң 24 наурыз 1998 жыл

5. Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) күшіне ендіру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысы. 27 желтоқсан 1994 жыл

6. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20 маусым 2003 жыл

7. Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар рыногы » туралы Заңы 2 шілде 2003 жыл

Информация о работе Шарттың ұғымы және түрлері