Сақтау шарты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2013 в 19:31, курсовая работа

Краткое описание

Сақтау шарты қоғам және шаруашылық өмірінің көптеген аумағында қолданылатын кең ауқымды құжаттар тобының бірі болып табылады. Қазіргі кезде, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің көбейген кезінде, шарттық қатынастың ерекше дамуы орын алды. Сондықтан да шарттың жасалуы мен рәсімделу ережелерін ұғынуға көп көңіл бөлу керек.

Содержание

КІРІСПЕ .....3
1 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ.........6
1.1 Сақтау шартының ұғымы және шарт жасасу тәртібі ..............................6
1.2 Сақтау шартының елеулі жағдайлары ....15
1.3 Сақтау шартының мазмұны мен оның жарамдылығын қамтамасыз ететіжағдайлар.......................................................................................................................18
1.4 Сақтау шартын өзгерту және бұзу ..25
2 САҚТАУ ШАРТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ ..31
2.1 Ломбардта және құндылықтарды банкте сақтаудың ұғымы, құқықтық реттелуі..................................................................................................................31
2.2 Көлiк ұйымдарының сақтау камераларында және ұйымдардың киiмiлгiштерiнде, қонақүйде сақтаудың ұғымы мен ерекшеліктері.................36
2.3 Даулы заттарды сақтау (секвестр) ұғымы ..42
2.4 Тауар қоймасында сақтадың түсінігі мен жалпы жағдайлары..................43
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................48
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...............................................................50

Прикрепленные файлы: 1 файл

Сактау шарты.docx

— 161.69 Кб (Скачать документ)

1) шарттың нысаны . Шарт нысаны  анъқталмайынша бірде-бір шарт жасалган болып саналмайды;

Егер тараптар белгілі  бір нысанда шарт жасауға уағдаласса,заң  бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де ,шарт оған уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі.Шарт жасасу жөніндегі жазбаша ұсыныс Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 396-бабының 3-тармағында көзделген   тәртіп   бойынша   қабылданса,    шарттың   жазбаша   нысаны сақталған болып табылады.

2)   шарттъң бағасы;

Шарттың орындалуы тараптардың  келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкілдік берілген мемлекттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады. Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі.

Ақылы шартта баға көзделмеген  және шарт ережелерін негізге ала  отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар , жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есептеледі.

3. шарттың мерзімі;

Егер зандарда немесе шартта шарттың  қолданылу мерзімі көзделсе осы  мерзімнің аяқталуы, шарт бойынша  тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады. Қолданылу мерзімі көрсетілмеген шарт тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауы аяқталып біткен кезге дейін қолданылады.

4.тараптардъң  құқықтары мен міндеттері;

Тараптардың қүқықтары мен міндеттері шартта өзгеше көзделмесе заң бойынша реттеледі .Екі жақты міндеттеуші шарттарда шартқа қатысушы тараптардың біреуіне тиесілі құқықтар екіншісінің міндеттері болып табылады. Ал, бір жақты міндеттеуші шарт түрлеріне қатысушы тараптардың біреуінде тек құқықтар, ал екіншісінде тек міндеттер болады. Мысалы, сыйға тарту шартында бір тарап, екіншісіне шарт объектісін сыйға беруге тек міндеттенеді, ал екіншісі оны алуға немесе одан бас тартуға тек құқылы.

5.заңнамада елеулі деп танылган  ережелер, мысалы, брокер- диллер мен  онъщ клиенті, арасында жасалган   шартта мыналар болуга тиіс;

а) шарт нысаны:  Номиналдық     ұстаушы  ретіндегі       клиенттің тапсырмасы бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;

б) тараптардың, оның ішінде брокер - диллерлердің, клиенттердің есепшоты туралы     коммерциялық құпияны сақтау   міндеттемесін   қоса алғандағы, құқықтары мен міндеттері;

          в) брокер-диллердің қызметіне ақы төлеудің мөлшері мен тәртібі;

г) брокер-диллердің   клиент алдында   есеп беруінің   нысаны мен кезеңділігі;

           д) тараптардың шарт ережесін бұзғандық үшін жауаптылығы;

е) бағалы қағаздар   бойынша табыс алудың , және оны клиенттің есепшотына  аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын   клиенттің   бұйрығы бойынша төлеудің шарттары мен тәртібі.

6. шарттардың осы түрі үшін қажетті  ережелер;

7. тараптардың біреуінің талабы бойынша оған қатысты келісім болуға тиіс жағдайлар. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен жеткізу туралы ереже болуын талап етвді. Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп танығандай салдарларга әкеледі.

Елеуліден басқа шартардың  дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға болады. Олардың ерекшеліктері сонда, бұл ереженің болған-болмағандығы шарттардың зандық күйіне әсер етпейді.

Шарттың құрылымы

Шарт жасасу үшін оның төменде көрсетілген  құрылымын білу өте қажет және маңызды болып табылады.

 



Шарт құрылымы



Премабула

  1. Шарттъң заты (мәні).
  2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
  3. Орындау мерзімі.
  4. Төлемдер мерзімі және баға жөніндегі жағдайлар.
  5. Үшінші тұлғаның қатыспайтындыгы жөніндегі көрсетпелер.
  6. Саны және сапасы.
  7. Тауарды орау және маркерлеу.
  1. Сапаның сақтандырылуы және кепілдігі.
  1. .Тараптардың жауаптылығы.
  2. Форс-мажорлық жағдайлар.
  3. Шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
  4.   Шарттьң бұзылуы

Кіріспе бөлім. Қызметтік қатынастардың тәрбиелік және әдет-ғұрыптық  негізіне сәйкес кез келген шарт реквизиттерден және  шарт түрін көрсетуден басталады. Одан  әрі оның жасалған мерзімі мен жасалған  жері көрсетіледі.

Кіріспе бөлімде  шартқа қатысушы субъектілер анықталады. Бұл жерде  тараптардың  құқықтық мәртебесі ,олардың шарт мәтінінде  аталатын шартты қысқартылатын атаулары (мысалы «Сақтаушы» және «жүк беруші» , т.б.) көрсетіледі.

Шарт жасаушы  тұлғалардың  қызметтік мәртебесі  мен құзыретіне  ерекше назар  аудару қажет. Сонымен  қатар, кез  келген контрактінің кіріспе  блөімінде  шартқа қатысатын тұлғаның  құзыретін  белгілейтін  құжат атауы міндетті түрде  көрсетілуі керек.

Ұйымдар, кәсіпорындар және қоғам жетекшілері  шартқа жарғы  негізіне  сәйкес сенімхатсыз қатыса алады.  Ал, басқа тұлғалар – жетекшінің орынбасарлары, вице-президенттер, филиал жетекшілері  рәсімделіп, бекітілген сенімхат негізінде қатыса алады. Шарт жасасу кезінде бұл талапты сақтамау оны жарамсыз деп тануға әкеп соғады.

Осымен  қатар, шарттық қатынасқа түсуші тараптар, жасалынатын шарттың жарғы құжаттарына   қайшы келмейтіндігін  және олардың  рұқсаты мен  лицензияларының  бар  екендігін, анықтап біліп  алулары қажет.

Шарттың мазмұндамалық бөлімі

Бұл шарттың  ең негізгі бөлімі болып табылады. Мазмұндама  көлемі ,

құрылымы  шарттың   түрімен  нақты жағдайларына байланысты болады. Шарттың сауатсыз жасалуы салдарынан болатын кемшіліктерді болғызбау  үшін  төменгі жағдайларды ескеру қажет.

  • шарттың мазмұны дұрыс болу үшін,барлық қосымшалардың (жұмыс жоспары,мүліктер тізбесі,құралдар,графиктер, сызбанұсқа) байланысы болу міндетті;
  • шарт  мәтіні нақты жағдайлардан  тұру керек ,сондықтан да шарт мәтініне мазмұны анық емес сөздерді қосуға жол бермеуі қадағаланады. (Мысалы, уақытында орындау, дереу жеткізу, кешіктірмей ескерту т.б.)

 

Осындай сөздер шартта  күрделі түсініспеушілікті  тудыруы мүмкін. Өзге пиғылдағы тарап  ондай кемшіліктерді өз пайдасына  тиімді етіп  пайдалануға тырысады;

  • шартта қолданылатын  терминдер, соның ішінде  арнайы сипаттағы терминдерді қолдану  тараптар  арасында  бір мағынада  келісілуі тиіс. Бұл терминдерді қысқарту қажет болған жағдайда мазмұндамалық  бөлімнің бірінші тармағында немесе қосымшада  көрсетілуі қажет;
  • шартта  шарт талаптарын  бұзушыға  қолданылатын  санкциялар түрін көрсетумен қоса шарттың барлық кезеңдерінің әсер ету өлшемі сипат алуы міндетті. Көп жағдайларда жауаптылыққа декларативті жіберудің істе реттелмеуі , оның анықталмағандығына байланысты болатындығы  тәжірибе жүзінде дәлелденген;
  • түсініспеушіліктерді болдырмау үшін шартта орындалатын жұмыстың жолы мен  сапасын анықтау  тәртібі, сонымен қатар тапсырма берушінің орындаушыдан қабылдау тәртібі көрсетілуі тиіс.

Шарттың мазмұндамалық  бөлімінің «Есеп айырысу тәртібі  мен  жағдайлары» деп аталатын  маңызды тармағына көп көңіл  бөлу керек.Онда аванстың және толық  төлемдер мөлшерінің мерзімі жөнінде  мәліметтер сипатталады. Өзге  де  мазмұндамалық  бөлімдегі «тараптардың құқықтары мен міндеттері » деп  аталатын  тармақты  атап айтқан жөн. Бұл тармақ  толығымен   жасалынатын  шарттың түріне  байланысты болады.

Одан  басқа шарттың мақсаты,бағасы,тараптардың  жауапкершілігін  қамтамасыз ету  тәсілі, дауларды шешу тәртібі, ерекше  жағдайлар көрсетіледі. Орындалмаған  шарттық міндеттемелерге жауапкершілік   негізі мен мөлшерін  қарастыратын  тармақ , сауатты жасалған шарттың бір негізін құрайды.

Міне, шарттың  нақты  осы бөлімі тараптардың  мүддесін қорғайтын және заңға бағынатын  серіктің өзінің құқығына нұқсан келген кезде, оны сот алдында қорғауына  кепіл болады. Сондықтан да, аталған  бөлім шарттың негізгі  бөлімі  болып  табылады және бұл жерде  құқықтық нормаларды  сақтау  өте  маңызды  болып  келеді.

Шарттың қорытынды бөлімі

Қорытынды  бөлімде  міндетті түрде  мына жағдайларды көрсету көзделген:

  • шарттың мерзімі және оны  ұзарту, өзгертулер мен  толықтырулар жағдайлары. Бұл жерде келесі жағдайларды атап өтуге болады:шартқа енгізілген кез келген өзгертулер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде  рәсімделіп  және екі жақ тараптың  да  қолы қойылған  кезде  ғана күшіне енеді. Тараптар шарттың мәтініне қосымша енгізу қажет деп тапса және оны  мәтінге  жазбалар арқылы толықтырса, онда тараптардың екеуі де міндетті түрде қол қоюлары арқылы бекітулері қажет.

Төмендегі жайттарды атап көрсетулері  тиіс:

  • Жасалған шарттардың даналары және оларды сақтау орыны
  • Шартқа енгізілген қосымшалардың мазмұны  мен саны;
  • тараптардың қолдары мен төлем реквизиттері, заңды мекен-жайлары;

Шартқа қол  қояр алдында тараптар бір – біріне реквизиттерімен сәйкес келетін  құжаттарын көрсетулері қажет.

Форс мажор

Шартқа қатысушылар  «бой бермейтін күш», яғни форс –  мажор  жағдайлары  жөнінде шартқа нақты  анықтамалар  енгізуге тиіс. Форс – мажор жағдайлары  тәжірибелік  қызмет қатынастарында сирек кездескенімен,  олар жөнінде  ұмытпау керек. Сондықтан  да шартта  мына жағдайлар көрсетіледі:

  • Төтенше жағдайлар  туындаған кезде, нақтырақ айтқанда: әскери іс-әрекеттер, көтерілістер, тәртіпсіздіктер, мемлекетік органдардың тыйым салатын  және шектейтін  заңды шешімдері , апатық жағдайлар кезінде  нақты шартқа қол қойғаннан кейін  және шарт бойынша қандай да бір міндеттеменің толық немесе ішінара  орындалу мерзімі  уақытьша созылады.

 

  • Жоғарыда   көрсетілген жағдайлардың күші әсерінен  нақты шарттағы қандай да  бір  міндеттеменің  орындалуы  мүмкін болмаған  жағдайда , шартқа қатысушы тарап екінші  тарапқа дереу (10 күн ішінде) ескертуге міндетті. Мұндай фактілер компоненті мемлекеттік органдармен  бекітілген құжат түрінде  болуы керек.
  • Тараптардың біреуінің  төтенше жағдай жөнінде уақытында ескертілуі немесе уақытында ескертілмеуі осы аталған жағдайдың негізінде оны шарттың міндеттемені орындау жауапкершілігінен  босату құқығынан  айырады.

егер  төтенше жағдай үш ай және одан  да  көп  мерзімге созылса,тараптардың  кез келгені  екінші тарапқа ескерте  отырып, шартты толығымен немесе  ішінара жоққа шығару туралы шешім  қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда тараптардың  ешқайсысы да мүмкін болатын шығындарды өтеуге міндетті емес[6].

Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар құрастырған ережелер жиынтығы қүрайды. Шарт ережелерін,егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.

Шарт ережелерін анықтаудың жалпы қағидасы шарт еркіндігінен туындайды.

Азаматтық Кодекстің 382 - бабының   1-тармағында императивтік жэне диспозитивтік нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.

Тиісті    ереженің    мазмұны         заңда    тікелей    міндеттелген    болса (императивтік норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол

нормаларды шартта қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан, оны олар заңда көрсетілген  қалпында орындауға міндетті.

Мысалы, 282-бапта ақша міндеттемесі Қазақстан аумагында теңгемен көрсетілуге тиіс делінген. Немесе, 304-бапта ортақ меншік болып табылатын мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін деп көрсетілген. Сондықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен басқа реттерде) есеп-қисапты доллармен жасау туралы немесе мүлікті кепілге басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете алмайды.

Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма көзделген  болса, тараптар оны қолданбауға немесе оларды өзгеше белгілеуге құқылы.

Мысалы, Азаматтық Кодекстің 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау қүкығы беріледі. Сондықтан,тараптар балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.

Егер тараптар шартта осы  ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса, онда заңмен белгіленген норма қолданылады.

Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып, тараліардың оның барлық срекшеліктерін өздері аііыктай алатындығымен байланысты. Тараптар шартта кез-келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар қолданылады.

Қандай да бір ережені  тараптардың өздері де, диспозитивтік  нормалар да қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса , сол жагдайда дағды басшылыққа алынады.

Информация о работе Сақтау шарты